Салықтық жоспарлау ұғымы, әдістері, этаптары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Салықтық жоспарлау ұғымы, әдістері, этаптары.
Орындаған:Оразбаева А. М. (ФН-305)
Тексерген:Омарова А. К.
Семей 2015 ж.
Жоспар:
1. Салық төлемдерін жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары және түрлері.
2. Салық кірістерін жоспарлау кезеңдері.
3. Негізгі салық түрлерін болжамдау және жоспарлау әдістері.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты салықтардың функциялары кеңейді, олардың бюджеттік процестегі және жалпы ұлттық экономикадағы ролі мен маңызы айтарлықтай өсті. Осыған байланысты бөлек шаруашылық субъектілер деңгейінде де, сол сияқты макро деңгейде де салықтық жоспарлау мәселесі ерекше өзекті бола бастады.
Салықтық жоспарлау - мемлекет және басқарудың шаруашылық субъектілерінің деңгейінде жоспарлаудың құрамдас бөлігі.
Салықтарды жоспарлау - тиісті немесе шоғырландырылған бюджетке белгілі бір уақыт аралығында салықтардың экономикалық негізделген мөлшерінің түсуін анықтау бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының және салық төлеушінің қызметін бейнелейтін салық процесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ нақты шаруашылық субъектілерінің төлеуге тиісті салықтарының көлемі. Сонымен, салықтарды жоспарлауды мемлекет және жергілікті билік органдары тұрғысынан олардың уәкілетті органдары атынан, сол сияқты нақты шаруашылық субъектісі тұрғысынан, яғни макро және микро деңгейде қарастыруға болады.
Салықтық жоспарлау мен болжамдау тек салық процесінің ғана емес, жалпы жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Жалпы жоспарлау макро және сол сияқты микро деңгейде салықтық жоспарлауға негіз болып табылады. Салықтық жоспарлаудың нәтижелілігі мен дәлдігі жалпы жоспарлаудың ғылыми негізділігіне байланысты.
Салықтық жоспарлау келесі функцияларды атқарады:
- жедел (оперативті),
- бақылау,
- жоспарлау
Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады.
Салықтық жоспарлау жекелеген ерекшеліктеріне байланысты келесідей жіктеледі:
- жоспарлау түрі бойынша;
- басқару деңгейіне қарай;
- салықтық жоспарлауға қатысушы субъектілеріне байланысты;
- заңнамалық негізіне қарай;
- қарастырылатын мәселенің маңыздылығына байланысты;
- жүргізілу мерзіміне байланысты;
- қамту ауқымына қарай, т. б.
Басқару деңгейіне қарай салықтық жоспарлау мынадай түрлерге бөлінеді:
- жалпымемлекеттік (мемлекет деңгейінде) ;
- корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейінде) ;
- жеке (жеке тұлғалар деңгейінде) .
Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлау мемлекет қолындағы басқару жүйесінің және нәтижелі шешім қабылдаудың қажетті құралы болып саналады. Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлаудың негізгі мақсаты салық төлеушілердің қаржы ресурстарының бір бөлігін бюджетке орталықтандыру мақсатындағы іс-шаралардың жиынтығымен сипатталады.
Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың негізгі міндеті мемлекет қабылдаған салықтық тұырымдамаға сәйкес, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына болашақ бағдарламалар мен бюджеттік жоспарлардың сандық және сапалық параметрлерін қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпымемлекеттік салықтық жоспарлауды жүзеге асыру барысында өзара байланысты келесідей шаралар жүзеге асырылады:
- өткен кезеңдегі экономикадағы тенденциялар нәтижесінде салық режимінің оңтайлы нұсқаларын іздестіру;
- тиімді салық салу нұсқаларын бағалау және талдау;
- таңдалған салық режимінің болашақта тиімді болатынына көз жеткізу;
- өткен жыл бюджетінің орындалуын зерттеу нәтижесінде салықтық түсім мөлшеріне талдау жасау;
- бюджеттік сыныптамаға сәйкес парламент пен үкімет қабылдаған салық міндеттемелерін іске асыру, т. б.
Жоспарлауға қатысушы субъектілеріне байланысты салықтық жоспарлау ішкі және сыртқы (құрылтайшылар, кеңес берушілер, өкілетті орган ӛкілдері тәрізді үшінші тұлғаның қатысуымен) болып бӛлінеді.
Салықтық оңтайландыру әдістерін қолдану барысында жетекшіліке алынатын заңнамалық негізіне қарай салықтық жоспарлау мемлекеттік және халықаралық болып бөлінеді.
Мемлекеттік салықтық жоспарлау ел ішіндегі салықтық жоспарлау болып табылады, яғни мемлекет деңгейінде.
Халықаралық салықтық жоспарлау - ұлттық аумақтар шекараларынан тыс салықтық жоспарлау.
Ұлттық шекара ішінде салықтық орта мен салықтық тәуекел барлық салық төлеушілер үшін шамамен біркелкі. Сондықтан шешім қабылдау алдында бизнесте бірінші кезекте экономикалық және саяси ой пікірлер басшылыққа алынады. Халықаралық салықтық жоспарлау кезінде, керісінше, экономикалық-саяси ой пікірлер бизнеске шешім қабылдау кезінде басты рол атқармайды. Халықаралық салықтық жоспарлау елдер арасындағы салық салудағы ерекшеліктерге негізделеді. Тәжірибеде заңды және жеке тұлғалар ішкі де сол сияқты халықаралық салықтық жоспарлау әдістерін бірдей көлемде қолдана алады.
Қарастыратын мәселесінің маңыздылығына және шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы қызметінің соңғы нәтижесіне салықтардың тигізетін әсеріне байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық және жедел (оперативті) болып жіктеледі.
Стратегиялық салықтық жоспарлау салық салуды оңтайландыру тұрғысынан шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет етуінің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Стратегиялық салықтық жоспарлау шаруашылық жүргізуші субъектінің салық саясатының негізгі бағыттары мен принциптерін анықтайды және ұзақ мерзімді сипатқа ие.
Жедел (оперативті) салықтық жоспарлау салық ауыртпалығын анықтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымдағы қызметін реттеуге бағытталған жоспарлы шаралардың жиынтығын қамтиды. Жедел салықтық жоспарлау орта немесе қысқа мерзімді сипатқа ие әрі стратегиялық салықтық жоспарлау негізінде анықталған шаруашылық жүргізу және салық салу шарттарына негізделеді.
Стратегиялық және жедел салықтық жоспарлауды ұйымдастыру өзара байланысты жекелеген қадамдарды қамтиды.
Сонымен қатар салықтық жоспарлау өз алдына ұйымды қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Салықтық жоспарлаудың маңызы кез келген салық төлеушінің өзінің заңмен рұқсат етілетін қаражаттарын, өз салықтық міндеттемелерін барынша қысқарту үшін амалдар мен тәсілдерді пайдалануға құқылы. Салықтық жоспарлауды салық төлемдерін азайту мақсатында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлау ретінде анықтауға болады. Ол жеке бағытталған және атаулы сипатты болуы мүмкін, және қожалық ететін субъектілердің кең спектрлі қаржылық-шаруашылық қызметінде қолданылады. Салықтық жоспарлаудың негізгі мақсаттары салық төлемдерін оңтайландыру, нақты салық бойынша немесе салықтар жиынтығы бойынша салық ысырабын азайту, кәсіпорынның айналымды қаражатының көлемін арттыру, және соған нәтиже ретінде ұйымды одан әрі дамыту, оның жұмысының тиімділігі үшін нақты мүмкіндіктерді ұлғайту болып табылады. Ұйымның салықтық міндеттемелерін төмендетудің анағұрлым тиімді тәсілдерін іздеп табу жолымен салықтық қиындықтарды жеңілдету есебінен қаржылық-шаруашылық қызметтің табыстылығын барынша ұлғайту және өндірісті одан әрі тиімді дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.
Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz