Кейіннен сараптау патенттеу жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ қаласының МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«СТАНДАРТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
МӨЖ
Тақырыбы: "Кейіннен сараптау" патенттеу жүйесі
Орындаған : Турдиева А. М.
Тексерген: т. ғ. к. Толеубекова С. С.
Семей 2015 жыл
Жоспары:
- Кейіннен сараптау патенттеу жүйесі;
- Сараптау және патенттеу жүйесінің міндеттері мен функциялары;
- Сараптау және патенттеу жүйесінің жұмыс істеу тәртібі:
Сараптау жүйесі (білімдерге негізделген жүйе) (экспертная система (система, основанная на знаниях) ; expert system, knowledge-based system) - ережелер мен шығару механизмдерінің жинағы бар білім базасын қамтитын жасанды интеллект жүйесі. Бұл жинақ ережелер мен пайдаланушыға ұсынылатын мәліметтердің негізінде жағдайды білуге, диагноз қоюға, шешімді тұжырымдауға немесе әрекетті таңдауға нұсқау беруге мүмкіндік тудырады; белгілі бір ғылым саласындағы маманның (мысалы, медицина, энергетика саласында) білімі мен тәжірибесін компьютерде жинақталған білімдер базасы арқылы модульдеп көрсететін зерделік программа. Осындай программа көмегімен маман емес адамның өзі сарапшымен ақылдаспай-ақ, шешім қабылдай алады. Білімдер базасын оңын ережелерімен және нәтиже алу, шешімге келу тәрізді мүмкіндігімен бірге пайдаланатын, осы заңдылықтар көмегімен практикадан алынған нақты мәліметтерді енгізіп, солардың негізінде жағдайды болжауға, мысалы, диагноз қоюға, белгілі бір шешім қабылдауға ұсыныс жасауға мүмкіндік беретін программа немесе жүйе. Берілген ақпаратты бұрын енгізілген ережелер арқылы талдаудан кейін шешім қабылдауды жасақтайтын программалар кешені.
Патент - бұл заңды құжат, өнертапқыштың мүдделік құқын көрсетеді, меншік құқын қорғайды, өз идеясын пайдалану құқын сатудан түсетін материалдық сыйдың көлемін анықтайды. Автор мен патент иегерінің құқы мен мүддесін жақсы қорғайтын, формуланың ерекшелену бөлімін, формула әрекетін неғұрлым кең қолдануға мүмкіндік беретіндей құрастыру қажет.
Патент алу Патент туралы заң, берілген ережелер мен тәртіп бойынша орындалады. Қазақстан Республикасында идеяның иесі мен пайдаланушы арасындағы патенттік қарым-қатыныстар баяғыдан бері орын алған, ол қатынастың құқықтық базасы жақсы ойластырылып, көп жылдан бері тексерістен өткен шет елдердің патент заңдарының негізінде жасалған, Патент туралы заң қабылданған. Шет елдерде патент туралы түсінік көп жылдар бойы қалыптасып келеді, мысалға Францияда алғашқы патент туралы заң 1844 жылы қабылданған.
Патент алу үшін ең алдымен барлық қажетті құжаттарды қамтитын өтінішті Патент ведомствосына өткізу керек. Оны өтініш берушінің өзі немесе сенімді адам арқылы жасауға болады. Шет елдік өтініш беруші тек қана сенімді адам арқылы өткізеді. Егер мемлекеттер арасында тиісті келісім сөз бекітілген болмаса, онда өтініш сенімді адамның қатысуынсыз да беріледі. Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында мұндай келісім 1994 жылы 28 наурызда кабылданған, сондықтан екі елдің азаматтары ойлап тапқан идеясына, пайдалы моделіне, т. б. өтініш беруде бірдей құқыққа ие, яғни Қазақстаннан шыққан өтініш беруші Ресей патент ведомствсында Ресейлік өтініш берушімен тең құқылы, керісінше де солай. Бұл келісімнің 5 жылдық мерзімге дейін күші бар, белгіленген уақыттан соң автоматты түрде тағы да 5 жылға созылады, егер екі жақтың бірі келісімді бұзу туралы жазбаша өтініш жасамаса. Қазіргі күнде бұл келісімнің күші бар. Патенттік сенімді адам - бұл заңды тұлға: патентке байланысты іс-әрекетпен айналысуға құқы бар, тиісті білімі және емтихан тапсырып алған лицензиясы бар кісі. Патенттік сенімді адам өтініш беруші мен патент иегерімен келісімге отырып, кұжаттарды өткізуге, сарапшы жасауға, патент алуға қатысты барлық жұмысты өз жауапкершілігіне алады. Ол сонымен қатар патент күші бар мерзім бойы патент иегерінің пагенттік құқын қорғайды, өз клиентінің патенттік құқығының орындалуын бақылайды, сенімді тұлға ретінде патентке байланысты сот немесе келіс сөздерді жүргізеді. Патент ведомствосына түскен өтініш тіркеледі де, оған жеке нөмір тағайындалады. Казахстан Республикасы кезінде өтініш түскен уақытында нөмірлері сан ұлғаю ретімен тіркелетін, КР - ның соңғы өтініш нөмірлері 5 млн. асқан. Қазақстанда ВОИС ұсынысы бойынша өтінішті тірекеудің өзгеше нумерациялау жүйесі кабылданған. Өтініш нөмірі 6 цифрдан тұрады 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8 цифрден: алғашқы екі цифр өтініш беру жылын белгілейді, ал соңғы төрт цифр осы жыл бойындағы рет санын көрсетеді. Нүктеден кейін өтініштің қызметтік цифрасы қойылады: 1 - ойлап тапқан жасалым, 2 - пайдалы модель; 3 - өндірістік үлгісі, мысалға, өтініш №970458. 1. Өтініш бойынша жүргізілетін істер барысында өтініш беруші міндетті түрде оның нөмірін көрсету керек. Пакет туралы заңда ендірістік меншік объектілеріне, яғни жасалу, пайдалы модель, өндірістік үлгісіне өтініш берудің тәртібі қарастырылған. Пакет құқы патенттеуді өтініш берушілік немесе авторлық жүйесін қамтыған. Өтініш берушілік жүйесінде патент өтініште патент иегері ретінде керсетілген кез келген тұлғаға беріледі. Авторлық жүйесінде патент тек қана авторға, яғни патент объектісін шығармашылық еңбегімен ойлап тапқан тұлғаға тапсырылады. Қазақстанда патенттеудің коммерциялық енгізу бағытында сипаты бар өтініш беру жүйесі қабылданған. Бұл жүйе патент құқын жасалымға ешкандай катысы жоқ, бірақ қаражат немесе әкімшілік мүмкіншілігі болып оны өндіріске тез арада енгізуге дайын тұрған тұлғаға тапсырылу карастырылған. Патент құқы мен іс жүргізу тәжірибесінде патент тапсырудың екі жүйесі бар - тікелей қатысу және тексеру. Өтінішті тікелей қатысу жүйесі екі сұрақты шешуде ғана қолданылады:
1) Өтініш берушінің формальды талаптарды орындауы (құжаттарды дұрыс безендіруі, олардың толылығы т. б, ) ;
2) Патенттеуге рұқсат жоқ объектіге патент сұралуы. Өтініш жаңалығын ведомство тексермейді, ал бірақ кең таралған, белгілі шешімдер қабылданбайды. Идея жаңалығы үшін жауапкершілік өтініш беруші мен патент иегеріне артылады.
Сараптау кеңесі кеңесші орган болып табылады. Оның шешімі белгіленген тәртіппен БҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасымен келісе отырып мұрағат бекіткеннен кейін күшіне енеді.
Мұрағат директорының бір орынбасарының төрағалық етуімен, мамандардан жасақталған СК құрамы басшының бұйрығымен (өкімімен) бекітіледі. Комиссия құрамына міндетті түрде іс жүргізу қызметінің және ведомстволық мұрағатының қызметкері ендіріледі.
Сараптау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және Қазақстан Республикасы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық колтанба туралы» (2003 жыл) Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары » (21. 12. 2011ж. №1570), «
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары» (22. 12. 2011ж. № 1583), «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалану қағидалары (26. 12. 2011ж. №1604), « Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі» (26. 12. 2011ж. № 1605), мұрағат бұйрықтарымен және комиссия туралы ережені басшылыққа алады.
Мұрағаттың СК туралы ережесі БҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының келісімі бойынша бекітіледі.
2. Сараптау кеңесі міндеттері және функциялары
СК-нің негізгі міндеттері:
1) Мұрағат іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру жөніндегі әдістемелік және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
2) құжаттарды мұрағат мұрағатында одан әрі сақтау, есепке алу және пайдалану мақсаттарымен олардың өңделуін ұйымдастыру және нәтижелерін қарастыру болып табылады.
Негізгі міндеттерге сәйкес СК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
іс жүргізу және мұрағат ісінің мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
құжаттардың құндылығына сараптама жасауды ұйымдастырады;
құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару жөніндегі мұрағат қағидаларын;
мұрағат істер номенклатурасын;
қолданыстағы тізбеде ескерілмеген құжаттарының сақтау мерзімдерін және жекелеген құжаттардың сақтау мерзімдерін өзгерту туралы ұсыныстарын;
тұрақты уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын істердің жиынтық тізімдемесінің жылдық бөлімдерін, жеке құрам бойынша істерді және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілерді;
ғылыми-тарихи құндылығы мен практикалық мәнін жоғалтқан құжаттарын жоюға туралы актісін;
сақтандыру қорының аса құнды істері мен құжаттарының тізімдемелерін;
іздестіру жолдары тамамдалған, табылмаған істер туралы актіні;
істердің түзетілмейтін зақымданулары туралы актіні келісу туралы шешім шығарады.
- Сараптау кеңесі жұмысының тәртібі
Сараптау кеңесі құзыретіне жататын мәселелер, қажеттілігіне қарай, жылына кем дегенде екі рет өткізілетін отырыстарда қаралады. Сараптау кеңесі шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
Сараптау кеңесі отырыстары хаттамаланады, отырыстардың хаттамаларына комиссия төрағасы, хатшысы қол қояды және мұрағат директоры бекітеді.
Сараптау кеңесі іс жүргізуін жүргізу және оның құжаттарын сақтау комиссия хатшысына жүктеледі. Мұрағат қызметкерлерінің Сараптау кеңесіндегі жұмысы жылдық жоспарда көзделеді және қосымша ақы төлеуге жатпайды.
Қорытынды: Патент - бұл заңды құжат, өнертапқыштың мүдделік құқын көрсетеді, меншік құқын қорғайды, өз идеясын пайдалану құқын сатудан түсетін материалдық сыйдың көлемін анықтайды. Автор мен патент иегерінің құқы мен мүддесін жақсы қорғайтын, формуланың ерекшелену бөлімін, формула әрекетін неғұрлым кең қолдануға мүмкіндік беретіндей құрастыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz