Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
Қаскенов. Қ
Семей 2015
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Мақсаты
Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден , жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден , анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден , талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.
Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.
Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.
Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері
Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан , объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан , субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді. Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады.
Бұқаралық көңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады.
Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері
Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындық , адамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету . Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі. Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады.
Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау) . Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады.
Саясаттағы гомеостазис
Саясаттағы гомеостазис - қандай да бір жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік жағдайы, ол осы тепе-теңдікті бұзушы ішкі және сыртқы факторларға қарсы әрекет жасау арқылы сақталады. Гомеостазис алғаш физиологияда ағзаның ішкі саласының тұрақтылығы мен оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылған. Бұл идея американдық физиолог У. Кеннонмен "дене даналығы" туралы ілімінде өзінің тұрақтылығын үздіксіз қолдайтын ашық жүйе ретінде дамытылған. Жүйеге қауіп төндіретін өзгерістер туралы хабарлар алысымен ағза оның тепе-теңдік жағдайын қалыпқа келтіргенше жұмыс жасайтын құрылысты іске қосады. Кейін келе гомеостазис принңипі психологияда, одан кибернетикада, ал 60 жж. саяси және әлеуметтік жүйе теориясында қолданыла бастады.
Саяси ғылымда гомеостазис қағидаты қоғам саяси жүйесінің қызметі мен әлеуметтік-динамикасын талдағанда қолданылады. Сонымен бірге, жүйе бөліктері ретінде қызмет жасаушы кейбір жүйелік ұйымдарды (мемлекет, партия, кәсіподақтар) талдағанда қолданылады. Саяси гомеостазис - саяси жүйенің қозғалыстағы тепе-тендік жағдайы, ол оның биліктік құрылымдары мен оған ықпалдасқан саясат субъектілерінің кез келген ішкі және сыртқы факторларға қарсылық әрекеттерімен сақталады.
Саяси гомеостазис негізін функңионалдық тәуелділік құрайды. Қоғамның саяси жүйесіне қатысты оның биліктік қызметтеріне көңіл бөлінеді. Яғни, ол өзінің дамуы үшін және өзін-өзі сақтауы үшін қандай да әрекет жасайды. Кез келген ашық жүйе сияқты қоғамның саяси жүйесі әлеуметтік ортаға кірісе оты¬рып, өзінің сапалық айқындылығын сақтайды. Саяси гомеостазис ашық жүйенің сыртқы әлеммен өзара қатынасы және саяси жүйенің әлеуметтік ортамен өзара қатынасы сыртқы әлемге икемделуіне екіжақты ықпал етеді: бір жағынан , ішкі өзгерістер, екінші жағынан , жүйелік объектінің ортаға белсенді ықпал етуі, оның өзіне қажетті ресурстарды игеру мен тартуға икемделуі. Осы икемделу қоғам саяси жүйесінің өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыру тетігінің негізін құрайды. Бұл күрделі ұйымдасқан объектінің ықпалдасу, мақсатқа жету сияқты функционалдық қасиеттерін анықтайды. Саяси жүйенің саяси гомеостазис белсенді қызметі дау-жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Саясаттағы жалғандылық
Саясаттағы жалғандылық - заттардың шынайы жағдайын мақсатты түрде бұрмалауды білдіретін қарым-қатынас құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын және мүмкін емес сөздік мәліметтер мазмұнынан көрініс табады. Жалғандылық - сөздік қызметгің саналы нәтижесі, оның мақсаты - аудиторияны адастыру. Жалғандылық өтірік алдаушының жеке, әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол жеткізуге ұмтылысынан туындайды.
Жалғандылық - алға қойған мақсатты немесе келеңсіз салдарларды болдыртпау үшін шындықты бұрмалаудан көрініс табатын мінез-құлық түрі. Жалғандылық әдетке айналған жағдайда ол жеке тұлғаның қасиетіне айналып бекиді. Саясаткер көп жағдайда шындықты бұрмалауы мүмкін. Жалғандылық себептері ретінде ұят сезімі, яғни саясаткер өзінің қандай да бір әрекетін жасырғысы келеді; жазаланудан қорқу, сталиндік нәубет кезінде құрбандар қорыққандарынан өтірік көрсетулер берген; өзін дәлелдеуге ұмтылудан көңіл аударту, таңқалдыру тілектерінен туын¬дайды.
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М. Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.
Саясаттағы интеллигенция
Саясаттағы интеллигенция - [лат. intelligenta - түсіну, intelligens - ойлаушы] - еңбек бөлінісі мен қоғамдық үйыммен анықталатын орынды алады. Өндірісті қатынастарының дамуына байланысты интеллигенция рөлі де артып отыр, ол саяси өмірдің маңызды факторына айналуда.
Саясаттағы интеллигенцияны екіге бөліп қарастыруға болады : жоғары деңгейде жіктелген жалдамалы жұмысшы күші және "еркін" ойлаушылар. Жалдамалы жұмысшы күш ретінде интеллигенция бүкіл саяси құрылымды қамтиды. Бұл - қызметкерлер, бюрократия, саяси партиялар мүшесі, идеологтар, элита өкілдерінің бір бөлігі. Сонымен интеллигенцияның бұл бөлігі қарама-қайшылықты жағдайда, себебі олардың сана еркіндігі саяси институттарға енулеріне байланысты корпорация заңдарымен шектеледі.
Интеллигенцияның екінші бөлігі сандық тұрғыдан көп емес, әрі олар идеологиялық міндеттерден еркін. Бұл әлеуметтік топ нақты әлеуметтік-саяси қатынастардан жоғары тұрады. Олардың саяси және әлеуметтік тәжірибені саналы түсінуге толық мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде бұл қоғамға өзін ұйымдастыруда, әлеуметтік сілкіністерді азайтуға көмектеседі.
Саясаттағы ислам
Саясаттағы ислам - ислам барлық болмыс пен фәни, адам өмі- ріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін - абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген дін. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы "сәлиме", "силм" етістігі. Бұл сөздер сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсыну, сенімділік дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, әсілі, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. Ислам - Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларга жіберілген иләһи (тәңірлік, құдайы) діндердің ортақ аты.
Құран Кәрім аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалага, оның елшісі Мүхаммедке (с. а. у. ) және мұсылман әміршілерге бағынуга міндетті. Мұсылмандардың істерін реттеуші басшы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. Ислам құқығында "бигат" деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдіруімен болады. Қоқан-лоқымен, яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басшының міндеті - аяттарда көрсетілген қағидалар негізінде және кеңесе отырып елді басқару. Кеңесе отырып басқару исламдагы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады. Ислам діні - барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін.
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар - XX г. екінші жартысында дамыған демократиялық мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі төңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық теледидар пайда болды. Саяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т. б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.
Интернет
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері. Ол XX ғ. 60 жж. АҚШ қорғаныс министрлігіндегі информатика мен компьютер саласындағы зерттеулер жобасының шеңберінде жүргізілген ізденістер нәтижесінде пайда болған.
Саясаттағы клиентализм
Саяси көшбасшының өзіне берілген жақтастарымен өзара қарым-қатынасының түрі; "патрон" мен төменде тұрған "клиентеллдік" (патрон қолынан "тамақтану") топпен қатынасы. Қатынастар қатаң сатылықпен ерекшеленеді әрі басқа жаңа мүшелер үшін жабық топ. Мұндай бейресми топты белгілі бір деңгейдегі көсем басқарады. Ал топ мүшелері оның жеке жетістіктеріне тәуелді. Клиентализм патриархалдық, жартылай патриархалдық және жартылай феодалдық қоғамдарға тән. Сонымен бірге ескі әлеуметтік-саяси жүйенің құлдырауы нәтижесінде пайда болған өтпелі түрдегі жаңа құрылымдарға да тән.
Дамыған елдердегі клиентализм саяси әмірде азаматтық қоғамның өмірлік заңдары мен ережелерімен шектелген қысым көрсету топтары мен лоббистік жүйе арқылы жасырын түрде өмір сүреді.
Саясаттағы қалжың
Саясаттағы қалжың - [ағылш. humour - көңіл-күй, таң- қалдырар жай] - маңызды және күлкілі жағдайды біріктіретін құбылыс қарама-қайшылығын бастан кешіру, адамдардың психикасына, эмоциялық күйіне ықпал ету тәсілі. Қалжың тек санаға ғана емес, сонымен бірге адамның мінезі мен темпераментін білдіретін психикалық қабілетіне де қатысы бар. Қалжың - маңызды құбылысты күлкілі және жетілмеген ретінде көре алу.
Саясаттағы қаскүнемдік
Саясаттағы қаскүнемдік - нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу немесе біреулерге қарсы саяси күштердің біріккен әрекет жасауы үшін бірнеше адамның құпия келісімі. Қаскүнемдік - теріс, бұзушы бағытымен ерекшеленетін саяси интриганың түрі. Қаскүнемдік барлық кезде "қарсы" бағытталады, еш уақытга "қарсы емес" болмайды. Сәтті болу үшін құпия келісімге отырушылар саны аз болып келеді.
Сондықтан "реакциялық күштердің қаскүнемдігі" деген сөз насихаттық-идеологиялық сипатта қолданылады.
Тарихтан танымал қаскүнемдік көбінесе жеке бағытталған сипатта болды, негізінен нақты бір жеке тұлғаларға, билік иелеріне бағытталған. Ал жеке тұлғаларға емес, идеяларға, жалпы жүйеге қарсы қаскүнемдіктер сәтсіз аяқталған. Мысалы, 1825 ж. патшалық Ресейдегі самодержавие мен крепостнойлық жүйеге қарсы ұйымдастырылған декабристер қаскүнемдігі.
Ӏс-жүзінде қаскүнемдік - билік және ықпал үшін күрестің тиімді құралдарының бірі. Тарихи алғашқы қаскүнемдік саяси қарсыластардың көзін жоюға, оларды өлтіруге бағытгалған. Бірақ саясаттың демократиялануы мен адамилануына байланысты қаскүнемдік өзінің түпкі мақсаттарын да өзгертті. Енді оппонентті саяси ысыру жеткілікті.
Саясаттағы либидо
Саясаттағы либидо - [лат. - libido - тілек, тартымдылық] - З. Фрейд психоанализінің негізгі ұғымдарының бірі, энергия, сексуалдық сипаттағы тартымдылық көзі. Психоанализ либидоны адам мінез-құлқының мотиві ретінде қарастырады. З. Фрейд либидоны өмірге ұмтылу синонимі ретінде қарастырды. Либидо - өркениет, соның ішінде саясат негізі. Қазіргі заманғы психоанализдік тұжырымдарда либидо билікке ұмтылудың қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Сонда саясаткер ләззаттық қанағаттанбаған, оның орнын саяси билік үшін күреспен толықтыруға тырысатын адам ретінде көрсетіледі.
Саясаттағы мақсат
Саясаттағы мақсат - саяси қызметтің тиімділігін айқындаушы маңызды құрылымдық элемент. Саясатта мақсат - саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізу бейнесі. Мақсатнақты саяси қызметтің бастауы емес, оның орталығы. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен мұқтаждықтарына сәйкес болашақ әлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастыру. Мақсат үш негізгі бөліктен тұрады: а) саясат субъектілерін қызықтыратын объекті мәні туралы білім; ә) өзінің негізі ретінде саяси мәселе; б) саяси қызмет нәтижесіндегі болашақ туралы түсінік.
Саясаттағы маргиналдылық
Саясаттағы маргиналдылық - [лат. marginalis - жақ, шет де¬генді білдіреді] - мемлекеттік шектеулер жеке тұлғалық қарым-қатынас мазмұнын индивидтің қалыптасу ортасы ретінде анықтайтын әлеуметтік өмір түрі. Саяси маргиналдықтың негізі - жалпы үйлесімділік пен жақсы өмір сүру идеясы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік трансформация.
Саяси маргиналдық саяси сана ерекшеліктерімен анықталады. Ол әлеуметтік шындықтан туындайды. Саяси маргиналдық жеке тұлғаның, топтың санасы мен мінез-құлқының әлеуметтік сапасы. Маргиналдық дегеніміз - жеке тұлға мен топтың мәнін анықтайтын алғашқы әлеуметтік субстраттан бөлінуі, қоғамдық байланыстарын тоқтатуы. Сонымен бірге, принципті түрде ықпалдастық байланыстарды қайта қалпына келтірудің мүмкін еместігі. Маргиналды жеке тұлға-аралық, шектелген адам. Ол әлемдегі өзінің орнын қандай да бір жалған бұқаралық топ, қозғалыстар мүшесі ретінде ғана сезіне алады. Маргиналдар ортақ мүдде немесе мақсатпен бірікпейді. Олар тарихи тамырдың, дәстүрдегі сабақтастықтың жоқтығымен сипатталады. Маргиналдарда қорқыныш, үрей, цинизм сияқты психологиялық сезімдер басым.
Жеке тұлғаларды маргиналға айналдыру құралдары: меншіктен аластату, қатаң мемлекеттік бақылау, жалпы ішкі миграция және қоныс аудару саясаты.
Саясаттағы мінез
Саясаттағы мінез - жеке тұлғаның, адамдардың әлеуметтік қауымдастығының саяси билікті жүзеге асыруға, өздерінің саяси мүдделерін қорғауға қатысу түрі. Саясаттағы мінездің екі негізгі түрін көрсетуге болады: саяси іс-әрекет және саяси әрекетсіздік.
Саясаттағы психологиялық қысым
Саясаттағы психологиялық қысым - үкіметтік органдарға, саяси және әлеуметтік құрылымдарға тікелей немесе жанама ықпал ету әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері формальды немесе формальды емес топтар, ұйымдар, қозғалыстар, т. б. Дж. Магдвик пікірінше, саясаттағы психологиялық қысым субъектілері - "үкімет саясатын, оның негізгі және әкімгершілік аспектілерін әр түрлі ықпал ету түрлерін қолдану арқылы өзгертуге ұмтылатын, әрі үкіметтік билікті қолына алғысы келетін топтар".
Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері тұрақты, белгілі бір құрылымы бар, күтпеген болуы мүмкін. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері өкілетті және атқарушы билік институттарына ықпал ете алады; олар саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен одақтаса немесе күресе алады.
Саясаттағы романтизм
Саясаттағы романтизм - белгілі бір әлеуметтік үлгіге қол жеткізуге бағытталған саяси түсініктер кешені, ол саяси қызметті сол мақсатқа бағындырады. Саясаттағы романтизм қоғам өмірінің барлық салаларын түбірімен өзгертуге бағытталған төңкерістік идеяларға тән. Төңкерістік романтизм - кез келген төңкерістік идеологияның негізгі элементі, ол ер жүректілік, құрбандықпен байланысты. Бірақ оның саяси тәжірибедегі өміршеңдігі идеалды жобаны жүзеге асыру қағидасының сақталуымен байланысты. Уақыт өте келе идеалды мақсат пен оған жету әдістерінен көңілі қалуына байланысты романтикалық көңіл-күй құлдыраушылыққа ұшырайды. Романтиктер прагматиктерге орын береді. Саясаттағы романтизм жеке әлеуметтік топтар, әсіресе, жастар санасында ұзағырақ сақталады. Көп жағдайда Саясаттағы романтизм теориядан аспайды. Саясаттағы романтизм нақты принциптерді, мінез-құлық үлгісін, шындықты әсіре қабылдау тәсілін білдіреді. Ол лексика мен символикадан да көрініс табады. Саясаттағы романтизм саяси тірлікті жоққа шығару, сайлау проңедуралары мен парламенттік күрес әдістерінің тиімділігіне күмәнмен қарау тән. Саясаттағы романтизм төңкерістік сипатта болуы міндетті емес, ол демократиялық, гумандық идеалдардан да тұруы мүмкін. Саясаттағы романтизм саяси тәжірибеде адам табиғатының жақсы қасиеттерін пайдалануға бағытталады.
Саясаттағы символдар
Саясаттағы символдар - [грек, symbolon - белгі дегенді білдіреді] - белгі, үлгі көмегімен саяси мазмұнды беру тәсілі. Символдар - көне дәуірден таным және коммуникация жолдары. Саясатта символдар қандай да бір саяси құбылыстарды білдіреді. Саясатта кең тараған символдар ту, жалау, әнұран, елтаңба. Бұл белгілер саяси жүйе, оның тарихы, қазіргі кезеңі мен болашағын толық білдіреді.
Саясаттағы стратегия мен тактика
Саясаттағы стратегия мен тактика - саяси үрдісті жоспарлау мен басқару деңгейлері. Стратегия қозғалыстың жалпы мақсаты, оған қол жеткізетін қағидаттары мен тәсілдері ретінде қалыптасады. Ол идеологиялық теориялар, манифест, саяси партиялар бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Тактика - стратегиялық үрдісті кезеңдер мен дәуірлерге бөлу. Тактика қадамдары стратегиялық мақсатқа сай келуі керек.
Қызмет мақсаты мен оған жету жолы, құралдары арасында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Саяси тарихта бұл қарама-қайшылықты шешудің бірнеше тәсілдері ұсынылған. Мысалы, Н. Макиавеллидің "мақсат құралды ақтайды", "ең бастысы - мақсат, ал қозғалыс түк те емес" деген сияқты танымал тезистері бар.
Саясаттағы субъект және объект
Саясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері - іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.
Саясаттың субъектісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz