ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты туралы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты.

Жоспар:

  1. ҚР-сында Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
  2. Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi
  1. ҚР-сында Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі

Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрология комитеті». Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:

  1. Мемлекеттік стандарттарды және ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
  2. Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
  3. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
  4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
  5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
  6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
  7. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
  8. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
  • бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
  • Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын отандық, шетелдiк ғылым мен техника жетiстiктерi, озық тәжiрибе негiзiнде өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер және (немесе) басқару органдары әзiрлейдi.
Өнiмдердiң бекiтiлген номенклатурасы (қызмет аясы) бойынша техникалық комитеттер мен басқару органдарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Техникалық комитеттердiң құрамына өнiм әзiрлеушiлердiң, дайындаушылардың, тұтынушылардың (тапсырыс берушiлердiң), тұтынушылар қоғамдарының, ғылыми-техникалық және инженерлiк қоғамдардың өкiлдерi, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган мен оның ұйымдарының мамандары енуге тиiс.
Техникалық комитеттердiң жұмысына Қазақстан Республикасының жетекшi ғалымдары мен мамандары тартылуға тиiс.
2. Мемлекеттiк стандарттар бiртектес өнiм топтарына және қажет болған реттерде нақты бiр өнiмге, өнiмдi әзiрлеу, өндiру, пайдалану, қолдану кезiнде техникалық бiрыңғайлылықты қамтамасыз ететiн ережелерге және басқа да жалпы техникалық ережелер мен нормаларға талаптар белгiлейдi.
3. Мемлекеттiк стандарттарда мiндеттi және ұсыныс ретiндегi талаптар белгiленедi.
Мiндеттi талаптарға:
адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн;
айналадағы ортаны қорғауды;
үйлесiмдiлiк пен өзара алмастырушылықты;
қаптау, таңбалау ережелерiн және мiндеттi талаптарға сәйкестiктi бақылау әдiстерiн қамтамасыз ететiн талаптар жатады.
Ұсыныс ретiндегi талаптарға өнiм сапасының тұтынымдық сипаттамаларын қамтамасыз ететiн талаптар жатады.
Тапсырыс берушiнiң қалауы бойынша оның мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ететiн мiндеттi талаптардың номенклатурасы кеңейтiлуi мүмкiн.
4. Техникалық шарттарды кәсiпорындар, ұйымдар жасайды да нақты өнiмге (үлгiлерге, маркаларға) талаптар белгiлейдi, бұл орайда техникалық шарттардың талаптары мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс.
5. Мемлекеттiк стандарттардың талаптары мен техникалық шарттар өнiмдi (бұйымды) жасаушы, дайындаушы берушi (өткiзушi), сақтаушы, тасымалдаушы, пайдаланушы (қолданушы), жөндеушi және қызмет орындаушы барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн мiндеттi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарын бекiту және тiркеу
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган өз қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын бекiтедi.
Техникалық шарттарды бекiтудi басқару органдары, өнiмдi дайындаушы және тұтынушы Заңды ұйымдар мен жеке адамдар жүзеге асырады.
2. Стандарттар, техникалық шарттар мен оларға өзгерiстер, сондай-ақ оларды жою жөнiндегi шешiмдер стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға мiндеттi түрде тiркеуге жатады.
Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген стандарттар мен техникалық шарттар және оларға енген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
Қазақстан Республикасының стандарттары мен техникалық шарттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттары олар күшiне енген кезден бастап қолданылады.
2. Өнiм дайындаушыларға, егер олардың талаптары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген стандарттарына қайшы келмесе және тұтынушылардың мүдделерiне сай келсе, шет елдердiң халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын тiкелей қолдану құқы берiледi.
3. Тiркелген стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын бұзып өнiм (бұйым) жасауға, дайындауға, беруге (өткiзуге), сақтауға, тасымалдауға, пайдалануға (қолдануға) және жөндеуге, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, айналадағы ортаны қорғауға әсер ететiн өнiмдердi тиiстi нормативтiк құжаттарсыз шығаруға тыйым салынады.
Стандарттарды басып шығару және қайта басып шығару
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, сондай-ақ шет елдердiң мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттарын, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын басып шығару және қайта басып шығару құқы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органға берiледi.
Нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк қоры
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк орган нормативтiк құжаттар қорын қалыптастырады және мыналарды жүзеге асырады:
мемлекеттiк тiркеуден өткен стандарттарды, техникалық шарттарды мемлекеттiк сақтау;
шет елдердiң халықаралық және аймақтық стандарттарын, стандарттау, сертификаттау және метрология жөнiндегi ережелерi мен ұсыныстарын, ұлттық стандарттарын алу және сақтау;
ақпаратпен қамтамасыз ету.

  1. Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi

Сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесi сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi және сертификаттаудың негiзгi қағидалары мен ережелерiн, жүйенiң принциптерi мен құрылымын, сертификаттау жөнiндегi органдарға, лабораторияларға (орталықтарға) талаптарды және оларды аккредиттеу тәртiбiн, сертификатталатын өнiм өндiрiсiн аттестаттау әдiстемесiн, сертификатталған өнiмге және сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдардың. лабораториялардың (орталықтардың) қызметiне инспекциялық

бақылауды, сертификаттау мақсаттарын жүзеге асыруға қажеттi басқа

да ережелер мен талаптарды белгiлейдi.

Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық құрылымы

Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң ұйымдық құрылымы мыналар құрайды:

стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк орган;

бiртектес өнiмдi сертификаттау жөнiндегi органдар;

сынақ лабораториялары (орталықтары) .

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекеттiк органның сертификаттау саласындағы құқықтары

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

мемлекеттiк органның мынадай құқықтары бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты жайлы
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
ҚР стандарттау мен сертификаттау саясаты
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Халықаралық стандарттар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Стандарттау жөніндегі құжаттарды өзектендіру
Сапа жүйесінің аудиті
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz