Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу



Жоспар:
1. Жалпы ережелер
2. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3. 2.бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi
саласындағы заңнамасы
4. 3.бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
5. 4.бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс.шараларды жүзеге
асыру принциптерi
6. 2.тарау. Өсiмдiктер карантинi саласындағы
мемлекеттiк реттеу
7. 5.бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк
реттеу
8. Пайдаланған әдебиеттер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен тектi түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулi экономикалық және экологиялық залал келтiруi мүмкiн жәндiктiң, өсiмдiк ауруларын қоздырушының және арамшөптiң түрi;
2) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантиндi объектiлердiң және басқа да ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жасырын жұғуын анықтау үшiн арнайы жабдықталған көшеттiктер;
3) импорттық карантиндiк рұқсат - карантинге жатқызылған өнiмдi уәкiлеттi орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретiн құжат;
4) карантинге жатқызылған өнiм - өздерi арқылы карантиндi объектiлердi таратуы мүмкiн кез келген материалдар (жүктер);
5) карантиндi аймақ - карантиндi объектiнiң анықталуына байланысты белгiленген тәртiппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ
6) карантиндi объект - бекiтiлген карантиндiк түрлер тiзбесiне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулi таралған, өсiмдiктерге және өсiмдiк өнiмiне айтарлықтай зиян келтiруi мүмкiн өсiмдiктер зиянкесi, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантиндi объектiнiң таралу ошағы - карантиндi объект анықталған және өсiмдiк карантинi жөнiнде iс-шаралар жүзеге асырылуға тиiс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ
8) карантиндiк сертификат - мемлекет iшiнде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
9) карантиндiк шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантиндi объектiлердiң енуiн немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсiм;
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар - карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлiк құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге бағытталған мемлекеттiк iс-шаралар жүйесi;
12) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын мемлекеттiк кәсiпорын;
13) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14) өсiмдiктер карантинi (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiктен алынатын өнiмiн карантиндi объектiлерден қорғауға бағытталған, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
РҚАО-ның ескертпесi!
15) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15) фитосанитариялық бақылау бекетi - шекара және кеден пункттерi аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзетiн пункттер) орналасқан, уәкiлеттi орган ведомствосының өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелдi бағалау - қолданылуы мүмкiн фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкiлеттi орган жүргiзетiн, карантиндi объектiлердiң ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуеттi биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негiзделген бағалау;
18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнiмдi уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша газбен дезинсекциялау әдiсiмен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның бөлiмшелерi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантиті туралы Заң кітабы.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Өсімдіктер карантині саласындағы
мемлекеттік реттеу

Орындаған: Болатбек Еркежан
Тобы: АГ-413
Тексерген: Каламов Бахытбек

Семей, 2015ж

Жоспар:
1. Жалпы ережелер
2. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3. 2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi
саласындағы заңнамасы
4. 3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
5. 4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге
асыру принциптерi
6. 2-тарау. Өсiмдiктер карантинi саласындағы
мемлекеттiк реттеу
7. 5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк
реттеу
8. Пайдаланған әдебиеттер

1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен тектi түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулi экономикалық және экологиялық залал келтiруi мүмкiн жәндiктiң, өсiмдiк ауруларын қоздырушының және арамшөптiң түрi;
2) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантиндi объектiлердiң және басқа да ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жасырын жұғуын анықтау үшiн арнайы жабдықталған көшеттiктер;
3) импорттық карантиндiк рұқсат - карантинге жатқызылған өнiмдi уәкiлеттi орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретiн құжат;
4) карантинге жатқызылған өнiм - өздерi арқылы карантиндi объектiлердi таратуы мүмкiн кез келген материалдар (жүктер);
5) карантиндi аймақ - карантиндi объектiнiң анықталуына байланысты белгiленген тәртiппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ
6) карантиндi объект - бекiтiлген карантиндiк түрлер тiзбесiне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулi таралған, өсiмдiктерге және өсiмдiк өнiмiне айтарлықтай зиян келтiруi мүмкiн өсiмдiктер зиянкесi, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
7) карантиндi объектiнiң таралу ошағы - карантиндi объект анықталған және өсiмдiк карантинi жөнiнде iс-шаралар жүзеге асырылуға тиiс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ
8) карантиндiк сертификат - мемлекет iшiнде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
9) карантиндiк шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантиндi объектiлердiң енуiн немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсiм;
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар - карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлiк құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге бағытталған мемлекеттiк iс-шаралар жүйесi;
12) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын мемлекеттiк кәсiпорын;
13) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14) өсiмдiктер карантинi (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiктен алынатын өнiмiн карантиндi объектiлерден қорғауға бағытталған, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
РҚАО-ның ескертпесi!
15) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15) фитосанитариялық бақылау бекетi - шекара және кеден пункттерi аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзетiн пункттер) орналасқан, уәкiлеттi орган ведомствосының өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға қажеттi жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлiмшесi;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
17) фитосанитариялық тәуекелдi бағалау - қолданылуы мүмкiн фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкiлеттi орган жүргiзетiн, карантиндi объектiлердiң ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуеттi биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негiзделген бағалау;
18) фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнiмдi уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша газбен дезинсекциялау әдiсiмен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның бөлiмшелерi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi
саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүргiзу.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге
асыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.02.18 N 293, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. Өсiмдiктер карантинi саласындағы
мемлекеттiк реттеу
5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк
реттеу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде фитосанитариялық бақылау бекеттерi бар ведомствосымен қоса алғанда уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк жүйесi
Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлеттi орган;
3) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк мекемелер:
республикалық, аймақтық карантиндiк зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерiнiң жанындағы зертханалар;
жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер;
республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы;
4) фитосанитариялық зертханалары және фумигациялық отрядтары бар өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын кiредi.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсiмдiктер карантинi саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi;
3) өсiмдiктер карантинi саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережелердi бекiтедi;
5) өздерiне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетiн және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер мен бөтен тектi түрлердiң тiзбесiн бекiтедi;
6) екi немесе одан көп облыстар аумағында карантиндiк режим енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;
7) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердi және республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды құрады.
Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырып, iске асырады;
1-1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленiп, жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн айқындайды;
3) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы деректер базасын құрады және мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
4) өсiмдiктер карантинi саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
5) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi бекiтедi;
6) карантиндi объектiлер залалдаған залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнiмдердi алып қою және жою жөнiндегi ережелердi бекiтедi;
7) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантинi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
8) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстеменi, ұсынымдарды келiседi;
9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалар талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелдi бағалаудың ғылыми принциптерi негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
10) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
11) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi ұйымдастырады және олардың жүргiзiлуiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
12) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
13) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады;
14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
15) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледi;
16) фитосанитариялық бақылау бекеттерiнде карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiмдi тұрақты бастапқы карантиндiк тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн, көлiк құралдарын, қол жүгi мен багажды iрiктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргiзедi және әкелiнетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмге карантиндiк құжаттарды қарайды;
17) карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiм келiп түсетiн соңғы пункттерде осы өнiмдi тұрақты қайтадан карантиндiк тексерудi, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерiн, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндi объектiлерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгiлерiн iрiктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргiзедi және карантиндiк құжаттарды қарайды;
18) карантинге жатқызылған әкетiлетiн өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн iрiктеу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
19) фитосанитариялық бақылау бекеттерiнде әкетiлетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк құжаттарының болуын және дұрыс ресiмделуiн тұрақты негiзде қарайды;
20) Қазақстан Республикасының iшкi сауда объектiлерiнде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдердi тұрақты тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн iрiктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргiзедi және карантиндiк құжаттарды қарайды;
21) өсiмдiктен алынатын өнiмдердi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, iшкi сауда объектiлерiнiң, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерiн жүргiзедi;
22) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
23) мынадай:
анықталған Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы нұсқама бередi және оның орындалуын бақылайды;
23-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жiбередi;
24) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
25) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық, карантиндiк сертификаттар және импорттық карантиндiк рұқсаттар бередi;
26) Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарға карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi, сондай-ақ осы аймақтарда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi және олардың жүргiзiлуiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
27) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
28) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
29) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
30) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады.
Ведомствоның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiстi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды тiкелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган өз қызметiн шекаралық, кедендiк, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi органның өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмi лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
5. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкiлеттi органның өзiне жүктелген мiндеттердi шешуiне жәрдемдесуге мiндеттi.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-1-бап. Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi
мемлекеттiк мекемелердiң функциялары
1. Республикалық, аймақтық карантиндiк зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерiнiң жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келiп түсетiн үлгiлердегi карантиндi объектiлер мен бөтен тектi түрлердiң түрлiк құрамын айқындайды.
2. Жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер тексеруге келiп түсетiн импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.
3. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдiстемелiк орталығы карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. Бұл ретте осы қызмет түрi мемлекеттiк монополияның аясына жатады.
Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi
республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның
функциялары
Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорын:
1) карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргiзедi. Бұл ретте осы қызмет түрлерi мемлекеттiк монополияның аясына жатады;
2) карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды, оның iшiнде фумигациялауды жүргiзедi.
Ескерту. 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторлардың құқықтары
Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
1) карантинге жатқызылған өнiм мен өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау және қадағалау объектiлерiн тексерiп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру кезеңiнде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық не карантиндiк сертификатсыз тасымалдау кезiнде немесе басқа мемлекеттерден импорттық карантиндiк рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кiдiртуге;
1-1) басқа мемлекеттерден әкелiнетiн, өзiнiң фитосанитариялық жай-күйi туралы мәлiметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған, сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа мемлекеттер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда өнiмге қатысты уақытша карантиндiк шаралар қолдануға (енгiзуге);
2) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында ұйымдарға кедергiсiз баруға және оларда зерттеп-қарау жүргiзуге, белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат алуға;
3) зертханалық сараптама жүргiзу үшiн карантинге жатқызылған өнiм үлгiлерiн iрiктеп алуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарында және көлiкте өсiмдiктер карантинi жөнiндегi қажеттi iс-шаралар жүргiзу туралы нұсқамалар шығаруға;
5) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
6) карантиндi объектiлер анықталған ерекше жағдайларда дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде сотқа қызметтi тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арызды мiндеттi түрде ұсына отырып, тоқтата тұруға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1999.11.29 N 488, 2002.02.18 N 293, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
8-1-бап. Карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын
оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер
(улы химикаттар) қоры
1. Карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндiк объектiлердiң анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
3. алынып тасталды.
Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.03 N 463, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап. Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдермен
байланысты тұлғалардың мiндеттерi
Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының талаптарын және уәкiлеттi органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi тиiстi iс-шараларды жүргiзу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;
2) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткiзу үшiн ұсынуға;
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкiлеттi органды дереу хабардар етуге мiндеттi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) карантиндi объектiлердiң таралуының есебiн жүргiзедi және уәкiлеттi орган мен мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
2) темiр жол станцияларындағы, теңiз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), iшкi сауда объектiлерiндегi, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектiлердегi карантиндi аймақтарда осы объектiлердiң иелерi жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды өткiзуiн ұйымдастырады;
3) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 9-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
1. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Ауыл шаруашылық дақылдарының карантинді зиянкестері
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Қаладағы ағаштар мен бұталардың маңыздылығы
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Карантиндік қызметін ұйымдастыру
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Пәндер