Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету рөлі және адам физиологиялық кейбір мәселелері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
БАӨЖ
Тақырыбы: Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету рөлі және адам физиологиялық кейбір мәселелері
Топ: ТК-321
Орындаған: Темірова А. Р
Тексерген: Нұрымхан Г. Н.
Семей қ. 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
I. Киімнің адам өміріндегі негізгі қызметтері
Негізгі бөлім
II. Киімнің адам өміріне қажеттелігіне сай топтастырылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
- Киім - утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этникалық ортасын танытады. Ұлттық талғамдар мен дәстүрлер әсіресе киімге тағылатын зергерлік бұйымдардан айқын сезіледі. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Қазақтардың ұлттық киімі халқымыздың негізгі кәсібі - мал шаруашылығына байланысты көшіп - қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Орта Азиямен, Қытаймен сауда - саттық жасаудың нәтижесінде жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады. Ал XVIII ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады. Бұл ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады. Қазіргі киімдердің мынадай түрлері бар: 1) ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдері; 2) жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен курорттарға киетін киімдер; 3) әскери адамдардың, теміржолшылардың, т. бт адамдардың киімдері; 4) спорттық киімдер. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын « костюс » ұғымы кең мағынаны қамтиды. Костюм - адам денесіне киетін киімдерінің ( аяқ киім, бас киім, қолғаптар және т. б. ) оларға қосымша сән беретін заттармен, сондай - ақ шаш қою үлгісі, бет - әлпетті әрлер сияқты элементтермен біртұтас утилитарлық - көркемдік тұтастықты құрайтын тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын кешен. Қазіргі заман костюмінің атқаратын қызметі сан алуан. Киім адам баласының бірінші кезектегі қажеттіліктерінің бірі болғандықтан, ең алдымен қорғаныш қызметін атқарады. Өйткені, киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістік ортаның әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Сол сияқты адамның денесіне киген киімі қимыл - әрекетіне ыңғайлы да ықшам болып, физиологиялық - гигиеналық қызмет атқаруы керек. Ақпараттық қызмет киім туралы ( қолданылуы, заманауилығы, жаңалығы ) және адам туралы ақпарат ( мамандығы, талғамы, мәдениеті және т. б. ) береді. Киімнің адамның сыртқы келбетіне жарасылымдығы, бұйым композициясы элементтерінің жеткіліктілігі және киім дайындаудағы сапа деңгейі ( тауарлық түр ) оның эстетикалық қызметі арқылы айқындалады. Киімнің негізі атқаратын қызметтері 1. 1 - суретте көрсетілген. Сызбадан көріп отырғанымыздай, атқаратын қызметтерінің бірінші деңгейі утилитарлық және ақпараттық - эстетикалық болып бөлінеді. Утилитарлық қызмет екінші деңгейінде қорғану және физиологиялық - гигиеналық қызмет болып, ал ақпараттық - эстетикалық қызмет - ақпараттық және эстетикалық болып бөлінеді. Киімнің атқаратын қызметі оның тағайындалуына да байланысты. Мысалы, тұрмыстық киімдер қызметінің спорттық костюмдер, ұлттық киімдер және өндірістік киімдер және өндірістік киімдер қызметіне қарағанда бірталай айырмашылығы бар. Спорттық киімнің атқаратын қызметтері айқындалған: утилитарлық, қорғаушы, белгілеуші, теңеуші, дәстүрлі және эстетикалық. Бұл аталған қызметтер спорт түрлеріне байланысты спорттық киімдердің барлығында да көрсетілген. Мысалы, спорттың кейбір түріне арналған костюмде ( футбол, баскетбол, волейбол, хоккей ) қорғаушы және белгілеуші қызметі, ал басқа түріне ( мәнерлеп сырғанауда ) - эстетикалық және белгілеуші, ал тағы бір түрінде ( жүзу, суға секіру ) утилитарлық, төртінші түрлерінде ( сайысу, ат спорты ) - дәстүрлі және т. б. қызметтері жетекші орын алады. II. Қазіргі заманғы киімдер жіктелімінің ( классификация ) негізіне өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қабылданған топтау мен кодтаудың жалпы принциптері алынған. Киімді қорғаныш қызметі тұрғысынан екі класқа бөлуге болады:1) тұрмыстық; 2) өндірістік. Тұрмыстық киім - адам ағзасын түрлі климаттық әсерлерден қорғау үшін тұрмыстық және қоғамдық жағдайларда киюге арналған. Өндірістік киім - адам ағзасын климаттық ортадағы ғана емес, сонымен қатар өндірістік ортадағы қолайсыз әсерден қорғау үшін өнеркәсіптің өнеркәсіптің түрлі салаларында киюге арналған. Киім кластарын пайдаланым шарттарына сәйкес класс тармақтарына, түрлерге, топтар мен шағын топтарға бөледі. Тұрмыстық киім класы көп салалы болып келеді, оны келесі класс тармақтарына бөледі: 1. 1 - сыртқы киімдер; 1. 2 - костюмдік бұйымдар; 1. 3 - көйлектік бұйымдар; 1. 4 - іш киім бұйымдары; 1. 5 - формалық киімдер; 1. 6 - бас киімдер; 1. 7 - қолғаптар. Әрбір киім класы тармақтары іштей топтарға бөлінеді. Мысалы, костюмдік бұйымдар класс тармағы келесі түрлерге бөлінеді: 1. 2. 1 - пиджактар; 1. 2. 2 - жакеттер; 1. 2. 3 - курткалар; 1. 2. 4 - жилеттер; 1. 2. 5 - шалбарлар; 1. 2. 8 - көйлектер; 1. 2. 9 - костюм - көйлектер; 1. 2. 10 - белдемшелер және т. б. Жыныс ерекшеліктеріне қарай киімді мынандай топтарға бөледі: Е (М) - ерлер, Ә(Ж) - әйелдер және Б(Д) - балалар киімдері. Балалар киімі бірнеше түрлерге бөлінеді: нәресте киімі, ясли жасындағы балалар киімі, мектеп жасына дейінгі балалар киімі, бастауыш сынып оқушылар киімі, жоғары сынып оқушылары киімі және жасөспірімдер киімі. Жыл мезгілдеріне және климаттық аймаққа байланыстыкиім топтарын мынандай шағын топтарға бөледі: К/К(В/О) - көктемгі - күзгі; Ж(Л) - жазғы; Қ(З( -қысқы; БМ(В/С) -барлық маусымдық. Барлық маусымдық киімге жыл мезгілінің кез келген уақытында киілетінкиім жатады. Тұрмыстық киімдернақты жағдайда қолданылуына байланысты былайша бөлінуі мүмкін: күнделікті киетін, салтанатқа киетін, үй киімі және т. б. Спорттық киімдер- спорт түрлеріне қарай класс тармақтарына, жыныс ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді. Өндірістік киімдеркласы атқаратын қызметтеріне қарай үш класс тармағына бөлінеді: 3. 1 - арнайы киімдер; 3. 2 - ведомстволық (формалық ) киімдер; 3. 3 - технологиялық ( санитарлық - гигиеналық ) киімдер. Арнайы киімадам денесін тек қоршаған климаттық ортаның әсерінен ғана емес, сонымен бірге өндірістік әсерден де ( шаң, батпақ, балқытылған металл бүркіндерінен және т. б. ) қорғайды. Олар мынадай түрлерге
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz