Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы тіл және мәдениет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы

Тіл және мәдениет

Тұлға - индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т. б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.

Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың - философия, социология, психология, педагогика т. б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Мыс. Философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» - деген ұғым, адамзат баласының қасиеттерін сипаттайтын, жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи - биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз - байланыс, қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Зигмунд Фрейд «психоанализ» терминін алғаш енгізген. «Психоанализ» терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерінің зерттеу әдісі.

К. Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:

1) саналы;

2) индивидуальды бейсаналық;

3) ұжымдық бейсаналық.

Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын ұжымдық бейсаналық бөлім. Бұл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.

Альфред Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. Оның өз теориясын «индивидуалды психология» түсінігін енгізуі (бөлінбейтін) . Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. А. Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары жалпы түрде екі топқа бірігуі мүмкін:

  1. әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;
  2. белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.

В. Г. Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофактор, мезофактор, макрофактор), механизмдері мен құралдарын көрсетті.

Микрофактор - жанұя, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар;

Мезофактор - этнос, аймақтық шарттар, елді мекен типі, жаппай қарым-қатынас құралдары;

Макрофактор - мемлекет, қоғам, ел, мәдениет.

Адамның тұлға болып қалыптасуы этностан тыс мүмкін емес, онда э-я пәніне «этнос және тұлға» мәселесі кірген маңызды.

Сонымен, Бороноев ұсынған контекске мұндай түсінік, э-ның пәндік ауданы - этностық сананы оның барлық тарихи формаларында және тұлғаның бағаларын құрастыруға әсер ету жолдары болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің, жоғарғы оқу орындарының басты мақсаты, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізгі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелденген.

Атап айтсақ, әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адамға боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінжолын білуге керек», - деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.

Абай этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа шашпақ», - деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөске жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол : «Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейшілік - бәрі осыдан шығады», - деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.

Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір - өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады.

Данышпан ақынның этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалық және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған әмбебеп тұлғаға айналу жолын ол өнер, сөз, поэзия арқылы эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.

Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-кемі өмір тәжірибесі, білімі, өзіне тән жеке-дара өзгешеліктері (мінез, темперамент, қабілет, қызығу) өзгешеліктері болады. Жаңа туған бала, есі кіресілі-шығасылы, жүйкесі ауру кісі, ойын баласы жеке адам атқа ие бола алмайды. Өйткені онда өзіндік сана, жеке тәжірибе, тиянақты білім, нақтылы әрекет түрі жөнді байқалмайды. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүние танымы мен сенімінен, талғам-мұраты, ұстанған бағыт-бағдарынан, өмірдегі атқаратын рөлінен, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік, қоғамдық прогрестің туындысы. Жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүретін ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, идеологиялық) тәуелді. Оның жеке дара қсиеттері бір сыдырғы тұрақты келеді. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психологиялық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түсіп отырады. Жеке дара қасиеттердің дамып, қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады . . .

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі, оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді. Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген. Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В. В. Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп, жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды. Б. Г. Ананевтің Л. С. Рубенштейннің, А. Н. Леоньтевтің т. б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған. Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады. Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И. С. Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда, ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

Өзіндік сананың табиғаты жайлы, оның қалыптасуы, қызметі мен механизімдері жайында А. Н. Леонтев қарастырған . Оның айтуынша, өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің ) мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады. Г. А. Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.

С. Л. Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі - басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ С. Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады. Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады. Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады. Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады. Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.

В. С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И. И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И. С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді. Оның пікірінше, «Мен» бейнесі -бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан, 3 компоненттен тұрады:

1 танымдық (когнетивті)

2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен, біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған. (В. Джеймс, В. М. Бехтеров, В. А. Ядов және т. б)

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі көмектеседі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып, адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді. Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші, ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.
Адамдар бойындағы конструктілер - саньша, олардың сипаты, өзара байланыстарьша тәуелді бір-бірінен ерекшелінеді деп тошпыланады. Осындай белгілердің жиынтығы - адамның когнитивті күрделілігінің белгілі деңгейін қүрайды. Адамның когнитивті күрделілігі мен қоршаған өлемді талдау қабілетінің арасында төуелділік бар екені эксперимент жолымен дөлелденген. Неғүрлым когнитивті күрделілеу адамдар қабылдағандарды тезірек интеграциялай алады, тіші объектілерде қарама-қарсы қасиеттері болған күнде де, ягаи мөселені шешуде "когнитивті қарапайым" адамдарға қарағанда қателіктерді аз жасайды. Топ 8 ішіндегі қарым-қатынас процесі " когнитавті күрделі" жөне * "когаитивті қарапайым" больш, топ мүшелерінің өзара санының сөйкестігіне байланысты анықталады. Әрине, бірлескен іс-. өрекетте когаитивті күрделілііі әртүрлі адамдар жолыққаңда, олардың өзара түсінісуі қиын болатыны түсінікті: біреуі бөрін тек ақ пен қара ден түсінсе, ейншісі олардың арасында түрлі нюанстар (өзгешелік, реңк, түр) болатынын біліп, бірішдінің квзқарасын қабылдамайды. Тіпті "күрделіліктің" өзі де екі түрлі өлшемде болатыны анықталған: адамның ішкі жан дүниесі күрделі (немесе қарапайым) болса, екіншіден, сыртқы ортаны қабылдауы да не күрделі, не қарапайым болады.

Алпысыншы жылдардан Батыстағы гуманитарлық ғылымдардағы аса маңызды бағыттардың бірі постмодернизм болып табылады. Оның пайда болуына әсер еткен негізгі идеялар лингвистика мен жалпы тіл тану ғылымдары аясында пайда болады. Белгілі швейцарлық тілтанудың маманы Фердинанд де Соссюр (1857 - 1913) айтуынша тіл ол ұғымды білдірудің бейтарап және пасық түрі емес. . Және сөз бен заттар біртекті үйлесетін екі тілді де кездестіре алмайсыз. . Осыдан Соссюр сөз бен жазуды өзіндік заңдары бар лингвистикалық құрылым ретінде қабылдау керек деген қорытынды жасады., Тікелей цитатасын келтірсек: «язык - это не окно в мир, а структура, определяющая наше представление о нем». Бұл егер тілдің құрылымы мұндай беделге ие болса, онда мәтіннің мағынасы одан кем емес байланыста. Автор өзінің ойын оқушыға нақты жеткізе алады деген түсінік төңірегінде мәселелер туындады. Мәтіннен тыс тұрған обьективті тарихи методтың болуы іс жүзінде мүмкін емес және тек лингвистикалық ресурстардан құралған санақ нүктесінің интерпритациясы ғана болады. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Адамның этномәдени даму мәселелері
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Этнопсихология туралы түсінік
Еуропаның кейбір халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz