Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; Қазақ орфоэпиясы; Қазақ жазуы және орфографиясы; Пунктуация мәселелері
Орындаған: Берікболова А. Б
Тексерген: Қалиева С. Е
2015 жыл
Жоспары:
- Ассимиляция құбылысы және диссимиляция;
- Қазақ орфоэпиясы;
- Қазақ жазуы және орфографиясы;
- Пунктуация мәселелері.
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция
Ассимиляция (лат. Assimilative - ұқсасу, сіңісу, сіңу, т. б. ) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика - артикуляциялық жақтан біріне - бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін - бірі дауыстың қатысы ( ат - ты, ат - қа, қа - ғаз - ға, қар-ға, қан-ды) және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады. Соңғыға мысалы: қаңға (қан-ға), баш-шы(бас-шы), жамбады (жан-бады), қаммен (қан-мен) т. б
Дауыссыз дыбыстардың бір - біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн.
- Прогрессивті ассимиляция
- Регрессивті ассимиляция
- Тоғыспалы ассимиляция
Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. Бұл әсіресе сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.
Мұны өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға да тікелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:
- Үнді дауыссыздарсөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың текұяң, үндіденбасталуын талап етеді: мал - дың, ар-мен, ай-лы, ай-ға, тау-ға.
- Қатаң дауыссыздардансжәнеш-дан басталатын қосымшалар: мал-шы, мал-сыз, р-сыз, жау-са, ағар-т, қарай-т.
- Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан текж, здыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзіндеждыбысына аяқталған сөздер санаулы-ақ(лаж, мұқтаж, уәж) . Ал орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздердің соңындаж, зәріптері жазылса, олар дыбыс болып айтыла да береді: гараж, тираж, фиксаж, колхоз, гипноз, шлюз.
Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляцияның күшті екендігі айтылады. Бұл заң бойынша алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстың қатысы жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады. Алайда бұл заңға кейбір қосымшалардың басында кездесетін с, ш қатаңдары көне бермейтіні ескертіледі. Сондай-ақ прогрессивті ассимиляция кезінде артикуляциялық жақтан да игерілмей қалатын дыбыстар бар. Әсіресе мұндай оралымсыздықтар сөз бен сөздің аралығында көбірек ұшырайды.
Алайда тіл, яғни үндестік заңы мұндай сәйкессіздіктерге жол беріп отыра алмайды. Сөйтіп прогрессивті ассимиляция кезінде акустика -артикуляциялық жақтан игерілмей қалған дыбыстардың арасындағы сәйкессіздіктерді регрессивті ассимиляция керісінше, яғни кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттейді. Мұны алдыңғы морфеманың соңында кездесетін үнді, ұяң және қатаң дауыссыздар түрінде қараса да жеткілікті. Өйткені регрессивті ассимиляция сөз соңындағы дауыссыздарға кейінгі морфеманың басқы дауыссыздарының ықпалы түрінде ғана болады.
Үнді дауыссыздар да дауыстылар сияқты басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да, оларға ықпал етіп тұрады. Прогрессивті ассимиляция кезінде үнділер алмасуға ұшырамайды. Ал регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір - ақ дыбыс бар. Ол - тіл алды н.
Сонымен н мынадай жағдайда регрессивті ассимиляцияға ұшырап, алмасады.
- Соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алдынтіл артыңдыбысына алмасады. : күңгө (күнге), қаңға (қанға), жаңға (жанға), оңға (онға) . Мұнда ғ, г дыбстары өзінен бұрынғы н дыбысын артикуляциялық жақтап игеріп тұр. Орфографиялық норма бойынша жоңқа (жон-қа), жоңғы (жон-ғы), сеңгенге (сенген-ге), алдыңғы( алдың-ғы) түрде жазылатын сөздеріндегі ң дыбысы да осы заңның көрінісі деп түсіну керек.
- Соңындыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымшаб, мдыбыстарынан басталса, онда тіл алдынқос ерінмдыбысына айналады: қаммаен (қан - мен), жаммен (жан-мен), әммен (ән-мен), келгеммен (келген-мен) . Мұндай құбылыс сөз бен сөздің аралығында да байқалады: омбір (он-бір), омбес(он-бес), әммен жыр (ән мен жыр), жамбота (жан бота)
Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы одан әлдеқайда актив. Бұл жіктік (-сыз, -сіз, -мыз, - міз, -пыз, - піз), тәуелдік (-ңыз, -ңіз, -мыз, -міз) жалғауларында да кездеседі.
Алдыңғы морфема з, ж дыбыстарына бітіп, кейінгі морфема с, ш және з, ж дыбыстарынан басталса ілгеріңді, кейінді ықпалдың нәтижесінде бірсыпыра дыбыс алмасулары болады. Оның ішіндегі регрессивті ассимиляция мынадай болып келеді:
- Алдыңғы морфемазұяңына бітіп, кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталса, ондазқатаңсдыбысына алмасады: сөссүз (сөзсіз), жүссом(жүз сом), сіссіз (сізсіз)
- Кейінгі морфемаждыбысынан басталса, алдыңғы морфеманың айналады. Бұл сөз бен сөздің арасында ұшырайды. Өйткеніждыбысынан басталатын қосымша жоққа тән. Мысалы: жүжжыл(жүз жыл), ажжылда (азжылда), жүжжаса (жүз жаса), божжорға (боз жорға) .
Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Олардың ішінде регрессивті ассимиляция кезінде алмасуға икемділері к, қ, п, с.
Сонда:
- Алдыңғы морфемақ, к, пқатаңдарына бітіп, кейінгі морфема үнді және ұяңд, ж, здауыссыздардан басталса, онда сөз соңындағық, к, пұяңданып, ғ, г, бдыбыстарына алмасады: ағжауұн (ақ жауын), ағдала (ақ дала), көбзауыт (көп зауыт) .
- Алдыңғы морфемасдыбысына бітіп, кейінгі морфемашдыбысынан басталса, сдыбысышдыбысымен алмасады: жұмұшшұ (жұмыс-шы), ашшы (ас-шы), көбжер (көп жер)
Тез айтқан кезде осы жақ және осы шақ, ошшақ болып кетуі де мүмкін.
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды .
Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) - Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы.
- Мысалы: алла - алда, молла - молда, балалар - баладар, коридор - колидор
Бұл - әдеби тілде сирек құбылыс, көбіне нормаланбаған тілде (диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрде айту ұшырайды. Яғни б мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы «аласталып», оның орнын тіл алды н алады. Сондай-ақ коридорды колидор түрде айту бар. Бұлар регрессивті диссимиляция.
Ал февральді феврарь түрде айту - прогрессивті диссимиляция .
Қазақ орфоэпиясы
Орфоэпия (гр. ' orthos' - дұрыс, epos - сөз, сөйлеу) - сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т. б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш] -мен с-йлеу: [шаш] -[чаш] емес, [ұш] -[үч] емес, [ж] -мен сөйлеу: [жарқын] -[джарқын] емес, [жақсы] - [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал. ) жылқылар (жы- лқыдар диал. ) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б. ) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды] -[қолқойды] емес, [кәсібодақ] -[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады. [ 2. ]
Қазақ жазуы және орфографиясы
Орфография - жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Ережелер жүйесі :1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады) . Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Морфологиялық принцип - сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну қажет.
Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. Араб графикасын реформалау идеясы бойынша нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Ғалым «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Ғалым араб жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылым-білім дүниесіне ұсынады. Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынов тәртіпті жазу деп атаймыз деді: «Тәртіпті жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арналған белгісі (әрпі) бар болса» деп анықтайды. Графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. Ахмет Байтұрсынов енгізген «Жазу тәртібі» термині «Қазақ жазба дүниесіне қажет алфавит» деген ұғымды береді.
А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Сөйтіп, нағыз ғылыми дәлелдермен орын алған үлкен тартыстан кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу - латынға көшті. Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25-августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді. Осы ережелердің негізінде Қазақ тілінің үлкенді-кішілі бірнеше орфографиялық сөздіктері жарық көрді.
Пунктуация
Графика әріптері мен қатар пунктуацияға да үлкен мән береді. Пунктуация (лат. Punktum - нүкте сөзінен) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі
Қасиеттері
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б. ) өзгеріске түсуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz