Салықтар және олардың атқаратын функциялары



Кіріспе
1 Салықтың экономикалық мәні мен қаржы қатынастары жүйесінде алатын орны
1.1 Салықтардың әлеуметтік.экономикалық мәні
1.2 Қазақстанның қаржы жүйесінде салықтың алатын орны
1.3 Салық жүйесіндегі салықтардың атқаратын қызметтерінің мәні
2 Салық саясатын салық қызметі органдарымен жүзеге асыру механизмін талдау
2.1 Салық саясатын салық қызметі органдарымен жүзеге асыру заңдылықтарын бағалау
3 Қазақстан Республикасының салық қызметінің жағдайы және оны жетілдіру болдары
Қорытынды:
Курстық жұмыстың тақырыбы – “Салықтар және олардың атқаратын функциялары”. Бұл тақырыпты алғандағы басты мақсат – экономиканың тұрақты дамуындағы салықтардың атқаратын басты қызметтерін, олардың мемлекетке тигізетін пайдасы мен зиянын, халыққа қолайлылығы мен маңызын көрсету.
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2012 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп қарастырылған.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
1. ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы;
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Назарбаев. Астана – 28.01.2011ж.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Астана, 01.01.2011 ж.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы, «Қаржы қаражат», 2012 ж.
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Алматы, «Бико», 2011 ж.
5. «Қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысына салық салу туралы Салық кодексі» (Салық кодексін түсіндіру сериясында шығарылған), Алматы, «Бико», 2011 жыл.
6. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Жетісу №26, 2012 жыл 4 наурыз, 1-2 бб.
7. „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексі,- Алматы: 2013, 13-17 бб.
8. Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”- Алматы: 2012, 208-211 бб.
9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ө.С., Комягин Б.И. „Жалпы экономикалық теория”,- Оқулық. Алматы: 2013, 17-21 бб.
10. Ілиясов Ң.Қ., Нұрлыбаев С. „Қаржы” Алматы 2013 ж.
11. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә. „Макроэкономика”,- Оқулық Алматы: Экономика, 2012, 392-395 бб.
12. Әубәкіров Я, Нәрібаев К. „Экономикалық теория негіздері”,- 2011,126-131 бб.
13. Ермекбаева Б.Ж. “ Шет мемлекеттер салығы”,- Алматы: 2012, 121-125 бб.
14. Найманбаев С.М. “Салықтық құқық”, - Алматы: “Жеті жарғы” 2013,
198-230 бб.
15. Смағұлова Г.С. “Аймақтық экономиканы басқару мәселелері”,- Алматы: Экономика 2012, 61-63 бб.
16.Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. “Налоги и налогообложение”,- Алматы: Рауан 2011, 132-134 бб.
17.Искакова З.Д. “Реформирование налоговой системы в разрешении проблемы формирования доходов государственного бюджета Казахстана”,- Вестник. Серия экономика. Алматы: №3(43) 2012, 4-9 бб.
18. Сахариев С.С., Сахариева А.С. „Жаңа кезең – экономикалық теориясы”,- Алматы: „Данекер” 2012, 7-13 бб.
19. Карагусова Г. “Сущность налогообложения”,- Алматы: 2011,22-23 бб.
20. Сейдахметов Ф.С. “ Налоги в Казахстане”,- Алматы: 2012, 115-119 бб.
21. Масаимова С.Ж. „Мировой опыт налогового стимулирования развития производства” –Вестник КазЭУ 8/2012, 16-20 бб.
22.Туралыкова Е. “Совершенствование налоговой системы РК”,- // Бухгалтер и налоги №6-2011, 31-33 бб.
23. Алибеков М.О. “ О главном налоговом реформировании”,- // Аль-Пари, №9, 2012, 52-56 бб.
24. „Қаржы қаражат” экономикалық журналы. 12/2011 „Салық жүйесін жандандыру жолдары”, 3-8 бб.
25. ”Қаржы қаражат” экономикалық журналы 5/2011 “Налоговые проблемы”, 28-29 бб.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы – “Салықтар және олардың атқаратын
функциялары”. Бұл тақырыпты алғандағы басты мақсат – экономиканың тұрақты
дамуындағы салықтардың атқаратын басты қызметтерін, олардың мемлекетке
тигізетін пайдасы мен зиянын, халыққа қолайлылығы мен маңызын көрсету.
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады.
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма)
мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық
мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық –
нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық
реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген
салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын,
проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір
көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті
мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және
жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап,
дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2012 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей
үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты
болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе
жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым
бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама
өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-
тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы
жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп
қарастырылған.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің
бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан
түсетін табыстан ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың
мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, салық салу саясатының даму жағдайын,
оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен
ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан республикасының салық қызметіне толық
сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық
экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын
қарастырылды.
Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің
экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар
қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі
мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік
органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар
ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық
рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге
болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс
процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда.
Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның қаржы
жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын қызметтері қарастырылған.
Екінші бөлімінде салық қызметін жүзеге асыру механизмі мен
заңдылықтарына экономикалық талдау жасалған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық қызметінің даму
жағдайы, салық салуды жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, мемлекеттің
нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық
тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.

1 Салықтың экономикалық мәні мен қаржы қатынастары жүйесінде алатын орны

1.1 Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор.
Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар
әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде
көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты
қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып
табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен
әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,
олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі –
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер
болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық
категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін
көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының
негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне
мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері
мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру
салық механизміне жатады.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер
болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен
тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық
ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық
төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының
құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан
Республикасының салық төлеушілері:
1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын
табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа
көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық
жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық
ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып
бөлінеді.
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып
отырады.
Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың
мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне
қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық
объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.
Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем
бірлігі.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төленетін
салық сомасы.
Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні бірітіндеп немесе
салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық
босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын
төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту тағы да басқалары жатады. Салық
төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды
растайтын құжаттары болған кезде жүргізіледі.
Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке төлену уақыты.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Қаржы Министрлігінің салық комитеті салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуіне мемлекеттік
басқаруды қамтамасыз ететін және салық қызметі органдарын басқаратын
орталық атқарушы орган болып табылады. Салық қызметі органдарына салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын
қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық
міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі
міндеттер жүктеледі. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі
органдарына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы
органдарға жатпайды.

1.2 Қазақстанның қаржы жүйесінде салықтың алатын орны
Мемлекеттік құрылымының дамуы мен өзгеруі бойынша салық жүйесі және
салық саясатының қызметі әрқашан жаңарып отырады. Өркениетті қоғамдағы
салық - мемлекеттің негізгі кіріс көзі болып табылады. Қаржы қызметімен
бірге салықтың тетігі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайына, қоғамдық
өндірістің қарқыны мен құрылуына мемлекеттің экономикалық әсер етуіне
қолданады.
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Салық жүйесі мемлекет қаржы
көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта
құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың
толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңда біздің мемлекеттік қаржы саясатының негізгі бағыты,
өндірістің даму деңгейін, инвесторлардың кең көлемде қамтып, Казақстанның
табиғи байлықтарын жан-жақты пайдалануға қол жеткізетін салық жүйесін құру
болып табылады.
Бүгінгі күні барлық салық жүйелерінің міндеті салық жинау жұмысын одан
әрі жақсарту болып табылады. Салық органдары қазір осы шараларды өзге де
тиісті бақылаушы ұйымдармен бірлесіп жүзеге асыру үстінде.
Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа
бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Бұнда дүниежүзілік
тәжірибеде қолданылып келген салық принциптері сақталмады. Сондықтан бұл
салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге
мүмкіндігі болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай
ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы, яғни
салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылды.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді
концепциясын қабылдады. Осы концепцияны жүзеге асыру негізінде Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылдаған "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар жарлығы
нарықтық қатынастарды дамытудың бағдарында белгілеп қана қоймай, салық
салуды жетілдірудің дүниежүзілік жаңа жүйесіне жақындата негіз қалады.
Үйлестірілген бұл жаңа жүйе бюджет пен шаруашылықты жүргізуші
субъектілердің тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, салықтардың өзге де
ауыртпалықтарын азайту арқылы өнім өндірушілер мен кәсіпкерлердің істегі
белсенділіктерін арттыруға игі ықпалын тигізді. Оның үстіне салық және
басқа да міндетті төлемдердің санын бастапқы қырық екі түрінен он бір
түріне дейін қысқарту төлемшілердің міндетті төлемдерді уақытылы өтеп
тұруына бақылауды жақсартып, олардың жауапкершілігін де күшейте түсті.
Сонымен қатар көптеген өркениетті елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
салық заңдарын жетілдіре түсудің тұрақты тәртібі қалыптасты.
Жаңа жүйеде бұрынғыға қарағанда көптеген ерекшеліктердің бар екенін
мынадан айқын байқауға болады. Мысалы: заңды тұлғалардың табыс салығының
мөлшерлемесі салық кодексі бойынша 30% болып белгіленген. Ал жеке
тұлғалардың табыс салығын есептеу үшін оның мөлшерін тұрғындардың кірісі аз
және ауқаты орташа бөліктердің деңгейінде 5-тен 40%-ға дейін кемітіп,
әлдеқайда өсімді салық ұстаудың шкаласы енгізілген.
Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес
табыстан салық алынатын болды. Жаңа салық заңы бойынша салықтық
әкімшіліктің жаңа ережелері енгізілді. Олардың ішіндегі ең маңызды
шешімдердің бірі салық заңдарын бұзған үшін жауапкершілікті күшейту. Осы
жарлыққа байланысты салық мемлекет алдындағы борыш болып есептеліп, бюджет
кірісіне төленуге жатады.
Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың бірі халықаралық салық
салудың енгізуі болып табылады.
Қазіргі кезеңде, салық салу механизмі біздің республикамызда
қалыптаспаған жағдайда қалып отыр. Қазірдің өзінде оның мәні мемлекеттік
реттеудің әкімшілік-биліктің сипатын алып көрсете алмайды, сонымен бірге ол
әлі де экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама немесе тікелей тиімді
кұралы бола алмай отыр.
Сондай-ақ, соңғы жылдары нарықтық қайта құру тәжірибесі, бюджеттік
қаржыландырудың негізгі көзі - салық салу механизмі, өте мардымсыз күйде
екенін көрсетеді. Ал бұл салықтардың аздығынан немесе жиынтық. көлемінің
азайғанынан емес, салық төлемінен, жалтару жағдайларының жиілеп
кездесетінен туып отыр. Бұған салық жүйесінің өзі көп мүмкіңдіктер
туғызады, өйткені соғұрлым салықтық жеңілдіктер көп болған сайын, оларға
түрлі заңды және заңсыз жолдармен жетуге ұмтылатындардың саны көбейе
түседі. Бұған қоса, салық салудың тәртібі жөніндегі заңның жетілмегендігі
және салық кызметкерлерінің кәсіби жағынан және жеке бастарының білім
қабілетінің жеткіліксіздігінен салық салу көптеген қиыншылықтарға келіп
тіреледі. Осыдан қазынаға салықтар аз түсуде, ал халықтың әлеуметтік және
саяси жағдайларына тікелей әсерін тигізеді. Өйткені халықтың бюджеттен
алатын алымы, осы бюджетке келіп түсетін салықтардың көлеміне байланысты.
2013 жылдың бірінші жартысында республика бюджетіне 43,2% салықтар
түспеген, ал 2012 жылмен салыстырғанда 5,4 есе көп деген сөз.
Нарық жағдайына енді бейімделе бастаған елдің бүгінгі талапқа сай
салық төлемдерін уақытылы төлеуді жүзеге асыра алмай отырғандығы. Салық
қызметінің бүгінгі жұмысы бізді шын мәнінде қанағаттандырмайды. Оны
жетілдіру, тереңдету қажет, әйтпейінше бірде-бір реформаны, білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет саласында да, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
саласында да жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың бәрі қалай салық төлеп, оны
жинауымызға байланысты болмақ.
Салық қызметтерінің күшін қалалар мен аудандар аумағына бөлу қажет.
Бұл күнде селоның жетекшісі фермерлер болып отыр, олар тұрғын үй, техника,
мал қоралары және басқа жері де тұрақлы пайдалануға алған. Олар жер салығын
уақытылы төлейді, бөлінген жерді тиімді пайдалануға ұмтылады. Мүмкіндікті
бағаламайтын ұқыпсыз фермерлер бар. Жекешелеген техникаларын әлі күнге
тіркеуден өткізбеген, жерді дұрыс пайдаланбайтын шаруалар салықты уақытылы
төлемейді. Ондай немқұрайлылыққа салықтар тарапынан белсенділік көрсету
керек. Әрекетсіз отырған кәсіпорындар мен мәселенің басын ашып, олар кезеңі
туды.
Көптеген өндірістік ұжымдар белшеден шығынға батқан, олардан салық
жинаудан болжау өзі қиын. Барлық заңды тұлғалардың қаржы жұмысы қатаң
есепке алынбаса болмайды. Соңғы уақытта коммерциялық нүктелерді айтпағанда,
жанармай құятын станциялар көбейіп кетті. Бұлар салық төлемейді. Олар жерді
жалға алу құқығының өтемін және жер салығын төлеуге міндетті. Салық
түсімдерін ұлғайту мен бюджеттің кіріс базасын нығайту өндірістік саланың
қаржылық қалыпты жағдайына тікелей тәуелді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салық кодексінен, сондай-ақ
қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден
тұрады. Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

1.3 Салық жүйесіндегі салықтардың атқаратын қызметтерінің мәні
Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан
алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен
салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі
ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі әдебиеттерде салықтардың төмендегідей функцияларын
қарастырады:
Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық
мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет
қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра
түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра
отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді. Тауар-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция
мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін
айқындайды.
Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы
түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл
функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын
үлесі арқылы анықталады.
Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін
бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін
қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына
қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық
және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік
береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары
жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады,
әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен
әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап
беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып,
мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық
түсімдеріне бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде
бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Бұл шараның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба
отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды
жаба білу.
Мемлекет салық жинау арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін
тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары
арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді
және тағы басқа қызметтерді жүзеге асырады. Соңғы жылдардағы мәліметтер
бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі салықтардың үлес
салмағы 40%-дан көбірек. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда
жоғары.
Салықтардың үшінші функциясы – реттеушілік. Ол мемлекеттің
экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты
бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың
дамуына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың
мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер
қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен
үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Реттеушілік функциясы салық механизмі арқылы іске асырылады. Осы
функциясымен реттеуші тұтқалар арқылы ел экономикасына ықпал жасалады.
Реттеуші тұтқаларға мыналар жатады:
- салық түрлері;
- салық преференциялары;
- салық санкциясы;
- салық мөлшерлемесі;
- салық салу әдістері.
Салықтың реттеуші тетіктері тек қана өндіріс сферасына ықпал жасап
қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясатына, шетелдік инвесторларды
ынталандыруға, шағын және орта бизнеске ықпал жасайды. Әрине салықтық
реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық
тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан үшін салықтық және оларға теңестірілген
төлемдердің төмен үлес салмағы сипатты болып отыр, бұл олардың жеткіліксіз
жиналымдығымен – салық салудан жалтарынумен түсіндіріледі.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана
отырып, еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету
жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық
саясатын анықтайды.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді
және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни
салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін
салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның
салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына
байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана
әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің
табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша
маңызды емес игіліктерге жұмсайды.
Сонымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі кезінде (50%-дан
жоғары) жалпы фирмалар мен халықтың іскерлік белсенділігі шұғыл
төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор А.Лаффер бас болып америка
экономистері теория жүзінде дәлелдеуге тырысып бақты. А.Лаффер бюджетке
түсетін салықтар сомасының табыс салығының мөлшерлемелеріне тәуелділігін
анықтады (Лаффер нәтижесі деп аталады).
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың
кағидаттарын пайдалану салык мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың
өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

2 Салық саясатын салық қызметі органдарымен жүзеге асыру механизмін талдау

2.1 Салық саясатын салық қызметі органдарымен жүзеге асыру
заңдылықтарын бағалау
Қазақстан салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы Қазақстан
Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы" заңы болып табылады. Бүл еліміздің
экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап
ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды
атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-
біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет
арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т.б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың
түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат
болып есептеледі.
Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған кұнға
салынатын салық және т.б. салықтар құрады. Бұл заңның ел экономикасын
реформалаудағы маңызы мен олардың алатын орны ерекше.
Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға
психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Бұнда дүниежүзілік тәжірибеде
қолданылып келген салық принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық
жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі
болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай ықпал
етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы, яғни салық
көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылды.
Салық саясаты қызметтерінің күшін қалалар мен аудандар аумағына бөлу
қажет. Бұл күнде селоның жетекшісі фермерлер болып отыр, олар тұрғын үй,
техника, мал қоралары және басқа жері де тұрақлы пайдалануға алған. Олар
жер салығын уақытылы төлейді, бөлінген жерді тиімді пайдалануға ұмтылады.
Мүмкіндікті бағаламайтын ұқыпсыз фермерлер бар. Жекешелеген техникаларын
әлі күнге тіркеуден өткізбеген, жерді дұрыс пайдаланбайтын шаруалар салықты
уақытылы төлемейді. Ондай немқұрайлылыққа салықтар тарапынан белсенділік
көрсету керек. Әрекетсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың түсінігі, элементтері және функциялары
Салық Басқармасы ұйымының қызметі
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Корпорация пайдалануына салынатын салық
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы салық салу
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
Пәндер