Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныстың мәні


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы: . Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныстың мәні.

Орындаған:Смаилова Д

УА- 405

Тексерген: Қуантқан Б. Б

Семей 2015

Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өнім өндірісіндегі тауарлар нарығы мен активтер нарығының тепе-теңдігін көрсетеді.

Біз енді жиынтық сұраныс қисығының неліктен қарама-қайшы икемді екендігін түсіндіре аламыз. Мәселен, тауарлар және активтер нарығы осы берілген баға деңгейіне Рв өндіріс көлемі деңгейіне Үв тепе-теңдікте болады. Еңді баға деңгейі төмендеді делік. Берілген номиналды ақша ұсынысында баға деңгейінің түсуі нақты баланстық өсуіне әкеледі. Нақты баланстардың ұлғаюына процент ставкасын азайтатындығын, инвестициялық сұранысты арттыратындығын, сәйкесінше жиынтық шығындарды ұлғайтатындығын еске түсірейік. Баға деңгейі төмендегенде шығындардың теңдік деңгейі өседі, сондықтан АD қисығы қарама-қайшы иіледі. Төменде мұны толығырақ қарастырамыз.

Макроэкономикада «AD-AS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық үлгі болып табылады. Бұл үлгінің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.

Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша, ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Жиынтық сұраныс (AD) - бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.

AD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда - жабық және ашық экономика тұрғысынан қарастырылады. Жабық экономикалық жүйеде сыртқы ортамен ешқандай байланыс болмайды.

Жиынтық сұраныстың құрауыштары дегеніміз - AD-ны ашық экономикалық жүйеде үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С), фирмалардың инвестициялық шығындары (І), мемлекеттік шығындар (G) және таза экспорт тұрғысынан толық сипаттайтын агрегатталған компоненттер жиынтығы. Ал AD-ның формуласы негізгі макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады:

Y_D (AD) =C+I+G+X_n

Жиынтық сұранысқа бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға AD-ның аса маңызды детерминантасы болып табылады.

Жиынтық сұраныс қисығы - бұл бағаның берілген әрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын қисық.

Жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі AD қисығының бойындағы өзгеріске байланысты сипатталады.

AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш әсер (эффект) арқылы түсіндіріледі.

1. Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері) ;

2. Пигу әсері (нақты кассалық қалдықтар әсері немесе байлық әсері) ;

3. импорттық сатып алымдар әсері .

Кейнс әсері, бұл бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында пайыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлемесінің өсуінен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады.

Пигу әсері, бұл жағдайда бағалар деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, олай болса, тұтыну көлемі қысқарады, сәйкесінше, жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады.

Импорттық сатып алымдар әсері, бұл жағдайда импорттық бағалардың өзгермеуі кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қысқаруына алып келеді, сәйкесінше, ұлттық экономикада жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады.

Осы аталған бағалық факторлардан басқа жиынтық сұранысқа бағалық емес факторлар да әсер етеді. Бұл факторлардың өзгеруі жиынтық сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжытады.

Жиынтық сұраныстың өзгеруі

Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары дегеніміз - сол жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштарына, яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға және таза экспортқа әсер ететін барлық факторлар.

1) Тұтыну шығындары;

2) Инвестийиялық шығындар;

3) Мемлекеттік шығындар;

4) Таза экспорт.

Сондай-ақ, жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына ақшаның сандық теориясына сәйкес, ақша ұсынысы және ақша айналымының жылдамдығы деген факторлар да жатады.

Жиынтық ұсыныс (AS) - бұл экономикада бағалардың әртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты ЖІӨ деп те атайды.

Жиынтық ұсыныс қисығы - бұл ұсыныс көлемінің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тәуелділігін көрсететін графикалық көрініс.

Жиынтық ұсыныс қисығының сипатына бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Біріншісі жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді (жиынтық ұсыныс қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы, ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлеміндегі, фирмаларға салық салудағы, нарықтар құрылымындағы өзгерістер және т. б. ) жиынтық ұсыныс қисығын оңға немесе солға өзгертеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық ұсыныс
Жиынтық сұраныс қисығы
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
Жалпы макроэкономикалық теңдестік
Жалпы макроэкономика
Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz