Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жүйесі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

СРО

Оқу пәні : «Бцхгалтерлік есеп негіздері»

Тақырыбы : « Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жүйесі»

Шифр, мамандық : 5В070300, «Ақпараттық жүйелер»

Орындаған : ИС-303 Толеуханова Л. Е.

2015 жыл

Жоспар:

Кіріспе

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен түрлері

2. Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) шоттары

3. Екі жақты жазу жүйесі

4. Шоттарды жүйесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қыз-

метінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің

барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:

1. Құжаттау

2. Шоттардағы қосарлы жазу

3. Калькуляциялау

4. Бағалау

5. Түгендеу

6. Баланс

Бухгалтерлік есеп шоттары - ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі.

Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің - әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) - дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) - кредит бойынша жазылады.

Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысанының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба - көбеюді, ал дебет бойынша жазба - азаюды білдіреді. Есепті кезеңдегі шаруашылық операциялар жазбаларының қорытындысы (сальдоны есептемегенде) шоттар бойынша айналымдар деп аталады. Олар дебеттік және кредиттік болады. Актив шоттардың ақырғы сальдосы бастапқы сальдоға дебеттік айналымның сомасын қосып, кредиттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады, пассив шоттардың сальдосы бастапқы сальдоға кредиттік айналымның сомасын қосып, дебеттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады.

Шаруашылық операциялар Бухгалтерлік есеп шоттарында қосарлы жазба қағидасы бойынша көрсетіледі, бұл қағидаға сәйкес бір операция бірдей сомада бір шоттың дебеті бойынша, екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Шоттардың барлық ұйымдар үшін бірегейлендірілген жоспарын елдің қаржы министрлігі бекітеді. Шоттардың бекітілген жоспары шегінде әрбір ұйым есеп саясатына сәйкес шоттардың жұмыс жоспарын қабылдайды және талдамалы шоттардың тізбесін әзірлейді. Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесіндегі бухгалтерлік жазбаларды қорытындылау және тексеру жұмысы айналым тізімдемелерінің көмегімен жүргізіледі.

Қаржылық кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді. Аналитикальщ есеп - есептің алғашқы түрі, синтетикалық есептің базасы болып табылады. Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол экономикаға салынған несие көлемін, жүргізілген қолма-қол ақша айналымын, банкте сақталған ақша айналысындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

Несиелік есеп айырысу, кассалық және басқа операциялардың күнделікті бөлшек есебі дербес шоттарда жүргізіледі. Әрбір кәсіпорынға немесе ұйымға дербес ашылған шоттардың саны олардың банкпен байланысы сипатына байлансты. Синтетикалық есептің әрбір баланстық және баланстан тыс шотында аналитикалық есепте ескерілетін кұралдардың түріне, олардың белгілері мен иесіне байланысты бөлінетін дербес шоттар ашылады. Берілген несиелер, несиелердің мақсатты пайдалануы және несие алушы бойынша ашылған дербес шоттарда көрсетіледі.

Дербес шоттар ашылған дербес шоттар классификаторы болып табылатын арнайы кітаптарда тіркеледі. Онда кәсіпорындар мен мекемелер ашатын есеп айырысу және басқа шоттар тіркеледі.

Аналитикалық есептің дербес шоттары есеп айырысу ақша құжаттарының сәйкестендірілген жуйесіне кіретін белгіленген стандартты нысанда басылады.

Қаржылық кәсіпорындарындағы дербес шоттар бірыңғай ереже бойынша нөмірленеді. Дербес шоттың нөмір саны есепке алынатын құралдар мен құндылықтар сипатына байланысты 3 пен 9 аралығында болуы мүмкін. Баланстық шотқа сәйкес келетін екінші ретте нақты аналитикалық есептің қажеттігі жоқ болғанда үш санды нөмірлер қолданылады.

Аналитикалық есепте жазбалар есеп айырысу-ақша құжаттарының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады.

Баланстан тыс шоттардағы аналитикалық есептің дербес шотында корреспонденттік шоттың нөмірі және шартты цифрлы белгілер деректемелері, сондай-ақ операциялардың түрлері толтырылмайды. Операция жүзеге асырылған күннен келесі күні клиентке сенімхат бойынша дербес шоттың көшірмесі, онымен бірге операциялардың сипаты жайлы қажетті мәліметтері бар құжаттар ұсынылады. Бұл құжаттар болмаған жағдайда шот менеджері сома түскен банкке хабарлама жібереді.

Қосарлы жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң) . Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін - екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есептің шоттары
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу
Аналитикалық шот
Бухгалтерлік есеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz