Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі



Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
В.С. Леднев, Т.Д.Макарова, М.М. Поташник, С.Е. Шишов және т.б. зерттеушілердің пікірінше, адамның әлемдік стандарттарға сәйкес білім алу құқығын кепілдікпен қамтамасыз ету үшін білім сапасын бағалау қажет[1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалаудың әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды» деп көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру – қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібі білім мекемелерінде қайта қаралып жатыр.
Білім беру процесі мен нәтижесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастыру бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Педагогикалық-психологиялық көрсеткіштер жиынтығына келесілерді жатқызуға болады:
1. Білім алу мотивациясы мен оның динамикасы.
2. Оқушыларда ақыл-ой дамуы мен оқу әрекеттерінің қалыптасуы.
3. Оқушылардың құндылықтарға бағытталуы және оның даму динамикасы.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің оқыту процесіне қанағаттануы.
Аталған әрбір көрсеткіштерден сандық ақпараттарды алуға болады:
• оқушының қандай да бір сипаттамасының даму деңгейі;
• белгілі бір мерзімдегі оқушы сипаттамасындағы «өсу» дәрежесі;
• оқушы жетістігінің нақты деңгейін бағалау[2].
1. В.Г.Горг. Теоретические основы мониторинга образовательной деятельности . Журнал Педагогика, 2003 г.
2. Т.Н. Макарова. Учебный процесс: планирование, организация и контроль. Москва, центр «Педагогический поиск», 2001 г.
3. А.Ә. Жайтапова, Ф.Ж. Нәметқұлова. ТQМ негізінде білім сапасын басқару. ББЖ КБАРИ, 2009 ж.
4. Современные тенденции в развитии системы образования. Сборник научных трудов. ИПК ПРО. 2006г

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мониторинг - бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі.

Орындаған: Жұмағазинов Б. Қ.
П - 225 топ
Тексерген:Серикова Н. У.

Семей 2015ж.
Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
В.С. Леднев, Т.Д.Макарова, М.М. Поташник, С.Е. Шишов және т.б. зерттеушілердің пікірінше, адамның әлемдік стандарттарға сәйкес білім алу құқығын кепілдікпен қамтамасыз ету үшін білім сапасын бағалау қажет[1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалаудың әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды деп көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру - қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібі білім мекемелерінде қайта қаралып жатыр.
Білім беру процесі мен нәтижесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастыру бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Педагогикалық-психологиялық көрсеткіштер жиынтығына келесілерді жатқызуға болады:
1. Білім алу мотивациясы мен оның динамикасы.
2. Оқушыларда ақыл-ой дамуы мен оқу әрекеттерінің қалыптасуы.
3. Оқушылардың құндылықтарға бағытталуы және оның даму динамикасы.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің оқыту процесіне қанағаттануы.
Аталған әрбір көрсеткіштерден сандық ақпараттарды алуға болады:
* оқушының қандай да бір сипаттамасының даму деңгейі;
* белгілі бір мерзімдегі оқушы сипаттамасындағы өсу дәрежесі;
* оқушы жетістігінің нақты деңгейін бағалау[2].
Оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесін жасауда біз жүйенің біртұтастығы, оқушының дамуын қолдау, оқыту нәтижесін бағалауды кешенді қарастыру, кемшіліктерді болжау сияқты принциптерді ұстанып, бағалау моделін құрастырдық. Бұл модель оқыту бағдарламаларының талаптарын орындауды бағалауға бағытталған. Модельдің негізгі компонеттері:
-бағалаудың мазмұны және объектісі: оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалау;
- бағалаудың әдіс-тәсілдері: субъективті (жобалар, практикалық жұмыстар, жазбаша, ауызша сұрау, портфолио, т.б.) және объективті (тестілеу, сауалнама; оқушылар, мұғалімдер, мекеме аттестациясы, мониторингтік зерттеулер) ;
- тұтынушылардың негізгі топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар, қоғам мүшелері, т.б.);
- нәтиженің қолдану мақсаттары: оқытудың келесі сатысына көшу, білім беру сапасын бағалау, мазмұнды қайта қарастыру, түзету жұмыстары [3].
Оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, контингенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгірімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап, озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг дегеніміз - мұғалім-оқушы жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі [2].
Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.
Мониторингтің түрлері өте көп:
* өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі);
* ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді);
* қарым- қатынас формалары бойынша ( сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау);
* оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды).
Мониторингтің құрылымы:
1. бақылау
2. бағалау
3. талдау
4. нәтижені болжау
5. коррекция [1]
Зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымның нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады.
Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады.
Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.
Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі жайлы
Білім беру сапасын арттыру қоғамды жаңғыртудың шарты ретінде
Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Окыту сапасын бағалау объектілері
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Білім беру сапасын басқарудың теориялық негіздері
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау
Білім сапасының мониторингі
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Пәндер