Комедия. Драмадағы тарихи тұлға


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы: Комедия. Драмадағы тарихи тұлға.
Орындаған: Солтанова Б. Қ-213
Тексерген: Құрманбаева Қ. С
Семей, 2015 жыл
Комедия (гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән ) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм. шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т. б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б. з. б. 445 - 385) . Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У. Шекспир, Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж. Б. Мольер, П. Бомарше, Италияда- К. Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д. И. Фон-визиннің "Тоғышары" А. С. Грибоедовтің "Ақылдың азабы", Н. В. Гогольдің "Ревизоры" шебер жазылған туындылар қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б. Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б. ) . М. Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж. Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә. Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ. Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С. Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т. Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т. б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналдыДрамадағы қомедия жанрын ежелгі грек әдебиетінде алғаш негізін қалаған Аристофан болса, оны орыс әдебиетінде шың басына Гоголь шығарды. Ал қазақ әдебиетінде оның негізінің қалануы Б. Майлиннің атымен тығыз байланысты. Осыны ескерген академик Р. Нұрғали әлемдік тәжірибе мен ұлттық әдебиетіміздің материалдарына сүйене отырып қазақ әдебиетіндегі комедияны сатиралық комедия және лирикалық комедия деп екі топқа бөледі. Тұңғыш қазақ комедиясының үлгісі ретінде Б. Майлиннің «Шаншар молда» шығармасы аталады. Ал сатиралық комедия ретінде Бейімбеттің осы шығармасымен қатар «Ауыл мектебі», «Қос қақпан», «Неке қияр», «Жасырын жиналыс», «Келін мен шешей», «Көзірдірік», «Талтаңбайдың тәртібі» комедиялары талданады.
«Бейімбет комедияларындағы драмалық әрекетті өрбітудің бір тәсілі сахнаға жаңа кейіпкерлерді шығару. Бұдан кейін тартыста өзгерістер пайда бола бастайды», - деп жазады ғалым.
Осы жанрда алғаш қалам тербегендердің қатарында Ж. Шаниннің де есімі аталады. Оның «Торсықбай», «Айдарбек» комедиялары қазақ әдебиетіндегі драматургия саласына олжа салған туындылар болып саналады. «Драматургияның шағын түрін алсақ, Жұматтың «Торсықбайы» Бейімбеттің «Шаншар молдасымен» тақырыптас болу үстіне, идея жағынан сарындас, екеуінде кермек күлкі, ащы сықақ бар», - дейді академик-ғалым.
Қазақтың тұңғыш музыкалық театрының шымылдығы М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен ашылған. Тамырын халық жырынан алған комедия кезінде біраз сын садағына да ілінген. Халық жырында нобайы ғана көрінген кейбір кейіпкерлер комедияда тереңдетіліп, тұлғасы айқындалған. Бұл фольклорлық шығармадан комедия жасаған М. Әуезовтің терең ізденісінің жемісі деп түсінгеніміз жөн.
Қазақ комедиясының сатиралық үлгісін қалыптастырған Б. Майлиннің қолтаңбасы осы дәстүрдің дамып, кемелдену кезеңдерінде айқын көрініс тауып отырады.
Ғалым лирикалық комедия жанрына дарынды драматург Қ. Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті» комедияларын жатқызады. Академиктің тұжырымы бойынша лирикалық комедияның сатиралық комедияға қарағанда кейіпкерлердің ішкі сырлары мен сезім иірімдеріне мол орын беріледі. Мысалы «Бөлтірік бөрік астында» комедиясы туралы: «Бұл шығарманың сахнада табысқа жетуінің бірнеше себебі бар еді. «Тартыссыздық теориясы» дейтіннің шырмауына іліккен шақта театрларда, әсіресе комедияға орын қалмаған. Эпос материалдары негізінде жазылған пьесалар қаншалықты көркем, талантты болғанмен, қауымның қазіргі уақыт проблемаларына жауап іздеуі, сахнада замандасын көргісі келуі заңды талап еді», - деп жазады. Яғни лирикалық комедияның белгілері заман талабынан туған жаңа сипаттағы шығармалардың өн бойынан көрінді. Тағы осы санатқа Ә. Тәжібаевтың «Той боларда», Қ. Сатыбалдинның «Қабаған ит», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай», т. б. туындыларды жатқызады.
Сатира (лат. Satira ) - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т. б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 ғасырда дүниеге келді. Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. 1956 жылы сатиралық "Ара" журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары сатириктер легіне Б. Қыдырбекұлы, М. Рашевтер келіп қосылды. Кейін С. Адамбеков қазақ тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман "Атылған қыз туралы анызды" жазды. Сатиралык әңгімелер жанрын дамытуға "Талпақ танау". "Этнографиялык әңгіме". "Тарғыл қауын", "Сілекеевтердің кенжесі" атты шығармалары арқылы Ғ. Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70- жылдары О. Әубәкіров, О. Иманәлиев, Ғ. Қабышев, С. Әлжіков, Ү. Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына С. Кенжеахметов, К. Әмірбеков, М. Шерім, Ғ. Ахметчин, Қ. Ілясов, т. б. келіп қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде Т. Қожакеевтің монографиялары бар.
Қазақ сатирасы дегенде ең алдымен еске түсетін жандардың бірі Толымбек Әлімбеков. Осы жанрдағы 35 жылдық тәжірбиесіне сүйенген ол сатираны - әдебиеттегі, өнердегі өмірбақилық оппозиция жанры, бірақ, бүгінгі саясаттағы оппозицияға қарағанда, барынша «таза» дейді. оғамның дамуы барысында, қоғам мен адамның кемшілігін сынау сатираның маңдайына жазылған. Сондықтан Толымбек Әлімбеков сатираны әдебиеттегі оппозиция жанры деп атайды. Тіпті, сөз бостандығы мен демократия деген ұғымдардың иісі сезілмеген Совет Одағының тұсында да бұл жанрға ерекше мән берілген дейді сатирик. Оған дәлел ретінде «Ара» және «Крокодил» журналдарын атайды. «Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Сатира ежелгі заманда қоғамдағы әлеуметтік құрылыстың пайда болуымен пайда болды. Журналистикадағы сатиралық жанрлар суреттеудегі шыншылдығымен, деректерінің нақтылығымен өзгешеленеді.
Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т. б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді.
Фельетон - бұл ауқымды сатиралық жанр, үш бастаудың синтезі: публицистикалық дерек нақты, көкейкесті, өзекті ғана емес, сондай-ақ жедел болуы тиіс, сатиралық дерек әзілді мазмұнмен анықталады, оның бағасы сатиралық талдауды қарастырады сатиралық бейнені жасау, фельетонды сатиралық қысқа жазбамен айырады.
Фелъетон. Сатиралық жанрдың бір түрі - фельетон. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.
Қазақ басылымдарының соңғы бетіне басылатын сатиралық шығармалар ішінде фельетон талантарын қанағаттандыратын ойлар ұшырасып жатады. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылдың 22-28 шілдесінде шыққан санында «Қалжыңқалта» айдарындағы «Бас-бизнес» атты Г. Құрбанбаеваның жазған фельетон-мақаласының мазмұны әзіл арқылы бастағы биттердің ереуіл жасағанын жеткізіп, бас иесінің битке көнген шаруасы битті дәріханаға өткізу бизнесіне айналғанын жеткізеді. Материал көркем-публицистикалық сарынға бой ұрмаса да, өмір шындығы шағын әңгіме түрінде жазылған. Ал, әдеби шығармаға жататын фельетон-рецензия туралы зерттеуші Д. Ысқақов біршама ой өрбітеді. Фельетон-рецензияға мысал ретінде «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жылгы 27 сәуіріндегі санында Т. Әлімбекұлының Бекежан Тілегеновтің «Күйкі өмірдің шикі өсегі» кітабына жазылған фельетон-рецензиясьнда: «Құдай салмасын, бір керемет кітап жарық көріпті. Айтылмай келген шындықты шырқыратып отырып, судың бетіне сүйреп шығарған көрінеді» сияқты жолмен басталады.
Комедия- грек тілінен аударғанда көңілді сауық, әуезді ән дегенді білдіреді. Комедия- өмір құбылысының немесе мінездің, іс әрекеттің күлкілік жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарманың бір түрі. Комедия жанрлық жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Олар: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс. Комедияның алғашқы элементі Ежелгі Грецияда жүзім шарап тәңірі Диониске құрмет ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді өткізу, еңбек қуанышын атап өту дәстүрінен басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі аристофан болды. Комедия- өмірдегі және адам әрекеті мен мінез-құлқындағы сан алуан жағымсыз жайтты шенеп, әшкерелеп күлкі ететін күшті құрал. Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады.
Водевиль- француз тілінен аударғанда-әдетте тақпақпен өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл- оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде водевиль 18 ғ/а қалыптасып, кейін бүкіл Еуроапаға тарады.
Водевильдің ерекшелігі- адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ басында кең тарады. Оның дамуы А. И. Писарев, А. С. Грибоедов, А. П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б. Майлин, С. Байқожаев т. б водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал.
Абылай хан туралы сөз қозғалған жағдайда тарих ғылымы да, көркем әдебиет те аттап өте алмайтын, бағыт-бағдар сілтерлік ең бағалы екі құжатқа алдымен көз салады. Біріншісі - Шоқан Уәлихановтың «Абылай» атты зерттеуі, екіншісі - Бұқар жырау толғаулары. Шоқан Уәлихановтың мақаласынан Абылайдың өмір жолы туралы ғылыми ақпармен қаруланса, Бұқар жырау жырлары ханның идеологиясы мен рухани әлеміне қанықтырады.
Тарата түссек, Шоқан Уәлиханов мақаласы ірі прозалық шығармалардың оқиғалық шеңбері іспетті. Ал, Бұқар жырау жырлары Абылай характерін ашатын кілті болады. Екеуі жиылып туындының тақырыбы мен идеялық-эстетикалық мазмұнына тиісті әсерін тигізбек.
Абылай хан «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған алай-дүлей заманда өмір сүрді. Сондықтан тағдыры шытырман оқиғаларға, қиян-кескі ұрыс-соғыстарға толы болды. Бала кезінде жетімдік тақсіретін тартты. Біреулердің есігінде құл іспетті күнелтті. Он бесінде атой салып жауға шапты. Қан майданда жекпе-жекте жеңіп шығып, батыр атанды. Тағы бір шақта басына қара бұлт қайта үйіріліп, екі дүркін тұтқынға түсті. Босасымен, бағы қайта жанды. Ақ киізге көтеріп хан тәжін кигізген халқының үмітін ақтады. Бұқар жырау айтқандай, «Алтын тақтың үстінде үш жүздің басын» құрады. Қазақ елі даңқын әуелетті. Дандайсыған ата жауды туған жерден түріп шықты. Дана саясатының арқасында екі алып - Ресей аюы мен Қытай айдаһарына бірдей қадірлі болды. Ә. Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз:
Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т. б. ) .
Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан…
Әбіш - әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп - тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы - халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да - «Ұйқыдағы арудың оянуы», т. б. - халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш - барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы.
Әбекеңнің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын. Осы шығармасының өзі оның үлкен сөз зергері екенін көрсеткен-ді. Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді. «Күй» классикалық туынды болатын. Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г. Бельгер: “…«Күй» стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты, бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерімен құнды”, - деген болатын.
«Күй» артынан «Ханша дария хикаясы» жарыққа шықты. Осы еңбегі алдымен орыс, сонсоң басқа тілдерге аударылып жарық көрді.
Әбекеңнің тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі - Ақсақ Темір туралы. Одан соң - «Үркер» романы. Демек, Әбекең шығармаларындағы тарихы тұлғалар - Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би - біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болғандықтан, оларды кеңінен жіктеуге міндеттіміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz