Оспанхан Әубәкіровтің сықақ әңгімелері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Конспект

Тақырыбы: Оспанхан Әубәкіровтің сықақ әңгімелері.

Орындаған: Иманбаева М. Е.

Тобы: Қ-317с

Тексерген: Тоқсамбаева А. О.

Семей 2015

Оспанхан Әубәкіровтің сықақ әңгімелері

Жоспар

1. Оспанхан Әубәкіровтің өмір жолы

2. Сатира және сатирик

3. Сықақ әңгімелерден үзінді

4. Пайдаланған әдебиеттер

Оспанхан Әубәкіровтің өмір жолы

Әдебиет-бір халықты екінші халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара табыстыратын, бір-бірін өзара шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім. Осыған орай әдебиеттің көтерер жүгі мен атқарар міндеті зор. Сондай ауыр жүкті арқалаушы-сатира жанры.

Қазақ сатирасының дамуындағы сатириктердің орны ерекше. Себебі, солар арқылы әдебиетке ысқақ, сарказм жанрлары келіп, оқырманды жадыратып, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Қазіргі қазақ сатирасы жаңа ғасырдың жаңаша талаптарына сәйкес адамды жан-жақты жетілдіруде тәуелсіз еліміздің алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін кесір-кесепаттарға қарсы күресте айбынды қаруға айналып отыр.

Сатира - әлем әдебиетінде ерекше орын алған жанр. Сатираға қалам тербеген қаламгерлердің ішінде өзіндік ерекшеліктерімен, көркемдік шеберліктерімен әлем әдебиетінен орын алған сатириктер бар.

Сондай ақын-жазушылардың бірі- Оспанхан Әубәкіров. Сатирик шығармаларындағы қоғамның ащы шындығын, ауыр ақиқатын ашатын уытты қысқа әңгімелерінің сюжеттік- композициялық құрылымына, көркемдік-идеялық тәсілдеріне баса көңіл аударылады. Жазушының дүниетанымы, көзқарасы өзі өскен ортасының жемісі екені ақиқат. Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы 4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келіп, 1986 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті. Ол Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ысқақшы республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Тек ол ғана емес, сатириктің бұдан өзге өлеңдер жинақтары да бар. Мәселен, Ол «Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Өзіміз білеміз» сықақ әңгімелер мен өлеңдер жинақтарын жариялап, «Чемпион Қожанасыр», «Бөтен адам», «Милау сиыр» комедияларын жазған. Еңбектері:

  • Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963;
  • Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964;
  • Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
  • Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
  • Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;
  • Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971;
  • Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973;
  • Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978;
  • Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;
  • Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983;
  • Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984. [

Оның осындай еңбектері үшін сықақшыға арнап көшенің атын берген. Көше Алатау ауданындағы «Шаңырақ-2» шағынауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 3500 метр.

Жеке басына келетін болсақ, ол өзінің жұбайымен консерваторияда бірге оқып, Озпанхан актерлікті, әйелі әншілікті бітіріпті. Сол студент шағында отау құрғанымен, бірақ алты жылдай баспанасыз жүріпті. Осекең Консерваторияны жақсы бағаға аяқтағанымен, актер болмады, сатира жолына түсіп, жұмыс істеп, шығармаларын жарыққа шығарыпты. Бірақ, оқырман қолына тимеген еңбегі де бар екен. Ол- ешқашан жарияланбаған қолжазбасы «Батыр бала» деген поэма. « Бұл өзі туралы. Соғыс аяқталған соң, жеткіншек кезінде жазғаны осы»- дейді жұбайы. Бірақ, неге екені белгісіз, бұл поэма жарыққа шықпай қалыпты.

2. Сатира және сатирик

Әдебиет әлеміне қоңыраулатып келген сатира сардары Оспанхан Әубәкіровтың аты естілгенде-ақ оны білетіндердің жан-жүрегі жібіп, жүздері күлімдеп қоя береді. Ал жаңа буын жастар оны қолына алып оқи бастағаннан астарлы ой мен әдемі әзілдерге тереңдей берері сөзсіз. О. Әубәкіровтың жинақтары қазақ әдебиетіне қосылған үлкен қазына деуге лайық ескірмейтін және естен кетпейтін туындылар.

  • Сықақшымен талай жыл қатар жүргенқаламдас әріптесі, жазушы Ғаббас Қабышұлы:«Мен Оспанхандай жайдары, кішіпейіл жанды сирек кездестірдім. Прозасында да, поэзиясында да әзіл-сықақтың теңдессіз әдемі көрінісі: өрімі келіскен оқиға, құнары мол көркем тіл, тайталасып тұрған не түрлі теңеу соның нәтижесінде төгілген күлкі бар ондаған өлең-әңгіменің, пьесаның авторы, анау «Тамашаның» кіндік атасы, анау «Сүзеген сөздің» («Лениншіл жас» «Жас Алаштағы») әкесі де шешесі, алты алашқа мәлім, атақты Осекең жаңа жазып жүрген жастардай именшек еді, кеудемсоғы жоқ-ты»-дейді.
  • Алжұбайы болса, оның шығармашылық жолын былай еске алады: «Ақын-жазушының жары болу оңай емес. Аталарыңның бар еркелік мінезін көтеруге тырыстым. Халқына еңбек етіп жүрген азамат ретінде бағаладым. Әлі күнге әр шығармасын көзімнің қарашығындай сақтап келем. Аз ұйықтап, көп еңбектенетін. Қайран, Осекең, әр шығармасын рахаттана күліп отырып жазушы еді… Бір қызығы, таңғы уақытта жазатын. Сиясы кеппеген туындысын жаза сала, ең алдымен маған оқып беретін. Ұйқылы-ояу тыңдаймын. Әрбір шығармасының алғашқы тыңдаушысы да, сыншысы да өзім болдым»-дейді.
  • Жолдастарынан естелік: Үшбұлақ ауылында бастауыш мектепті бітірген соң, он шақырымдай жердегі Қарақастекте онжылдықты жаяу барып оқыпты. Ұзақ жолда балалар әңгіме айтып, ойнап барады ғой. Бір күні жанындағы досы: «Оспанхан, сенің орысшаң бізден гөрі тәуір ғой. Осы қамшының орысшасы қалай болады?», − деп сұрапты. Сөйтсе, Осекең «Атти-и-н жанин шыгаргыш» депті.
  • Отбасынан естелік: «Осекең елу екі жасында көз жұмды. Ауыр дертке шалдыққанын кештеу біліппіз. Өзі де білдіртпеді. Емханада бір күн жатпай, шығып алды. Жазылмасын сезді ме екен?. . Соңғы сәті есімде. Балаларының бәрін шақырып алып, беттерінен сүйді. «Ақтық сағатым екенін сезіп жатырмын. Аяқ-қолым суып барады. Бәріңнен кешірім сұраймын. Нұрсұлу, осы бала-шағаға өзің ие бол. Шығармаларыма да өзің ие бол. Әсіресе, Беделіме бас-көз бол. Әлі жас бала ғой», − деп бетін құбылаға бұрды».
  • Өзі жайында . . . «Консерваторияда оқығаным рас. Оған куә - ақын Жұмекен Нәжімеденов, жазушы Сайын Мұратбеков, композитор Шәмші Қалдаяқов, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов. Осылардың бәрі менімен бірге оқыған. «Кино және драма актері»деген қарағайдай дипломым бар, бірақ әртіс бола алмадым. Әртіске керегі бой екен, бойым болды. Ой екен, ойым болды. Ажар, көрік, шырай екен, онысы да болды. Сөйлеген сөз мірдің оғындай болу керек екен… Мұғалімдерім де байқамапты, өзім де байқамаппын, бұ не болды деп қарасақ, мен сөзімді адам түсінбейтін быдық екенмін. Төрт жыл оқыған оқу зая кетті де, мен сол быдық қалпымда қалып қойдым. Дипломдық спектакльде «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» пьесасындағы Жантықты ойнап едім, көрген достар «қатырдың» дейді. Меніңше, сол Жантық мені қатырып кеткен шығар…».

Сатирик көзі тірісінде кішкентай балаларға үнемі былай деп кеңес беретін болған екен:

1. Бала көп сөйлемей, көп тыңдау керек;

2. Тілалғыш болу керек;

3. Көп ұйықтамау керек;

4. Қантты көп жемеу керек. Қарап отырсаңыз, жай сөздер сияқты, бірақ жай сөздің өзінде салмақты ой жатыр.

3. Сықақ әңгімелерден үзінді

Кілт

(әзіл әңгіме)

- Әлөу, горгаз ба?

- Иә, горгаз.

- Ендеше мәселе де - сол газ . . .

- Иіс шыға ма?

- Иә, иіс шығады.

- Ненің иісіне ұқсайды?

- Оны өзіңіз келіп иіскеп көрмесеңіз, күлімсі деуге болмайды, жылымшы деуге болмайды, әйтеуір бір естімеген иіс.

- Түсінікті, адресіңізді айта қойыңыз.

Тақпақ айтқандай тақылдатып айтып салдым.

- Ертең кісі жібереміз, қаңғып кетпей үйде біреулеріңіз болыңыз.

- Апыр-ай, бәріміз жұмыстағы жұрт едік . . .

- Ендеше кілтіңізді кісісі бар көршілеріңіздің біріне қалдырып кетіңіз. Кемпір-шалы бар үй бар ма еді?

- Бар ғой, бірақ . . . Иіс іздеймін деп келген кісіңіз иесіз үйде басқа бірдеме іздеп жүрмей ме?

- Үйіңізде алтын шашылып жатыр ма еді?

- Апыр-ау, енді алтын-күміс домалап жатпаса да, қашып-пұсып жүріп жинаған көр-жер бар ғой.

- Сіздің көр-жеріңіз кімге керек?

Бұларға керегі алтын екен. Ондай алтын бізде жоқ. Ал көр-жерге тимесе, кілтті қалдырайық деп келістік.

- Әлөу, ендеше кілтті қарсымызда тұратын қара шалдың мойнына кигізіп кетеміз.

- Құп!

- Құп болса, құп!

БАТЫР БАЛА

(Поэмадан үзінді)

Біздің бейбас Мәдиді,

Бүкіл ауыл таниды.

Ондай сотқар таппайсың,

Қыдырсаң да бар үйді.

Төбеті бар қабаған,

(Талай итті талаған) .

Қарсы келсе кісіні,

Алады кеп жағадан.

Оның аты Майтабан,

Танадай деп айта алам.

Бірталай ит көрдік қой,

Мұндайды кім байқаған.

Қасқырменен қағысқан,

Жолбарыспен алысқан.

Майтабаннан әуелі,

Таяқ жейді арыстан.

Мәди мен бұл бір өскен,

Белдесіп те күрескен.

«Итжығыс» боп екеуі

Талай-талай тірескен.

Мәди де өжет тас табан

Қулығы асқан басқадан.

Майтабанды сан рет,

Жатаберіс тастаған.

Кейде Мәди төбетін

Жайдақ мініп көретін.

Атша желіп Майтабан,

Бұған-дағы көнетін.

Салпылдап қос құлағы

Өзі сондай қырағы.

Қысқасы, бұл Майтабан

Бүкіл жұртқа ұнады.

Мың тоғыз жүз қырық бір

Азан айтып ұлып тұр.

Менің бейбіт елімнің,

Төбе шашын жұлып тұр.

Бәле шықты батыстан,

Аяқ асты қапыстан,

Бір-бірімен адамдар

Жаман-ақ қой атысқан.

Тоқалдан туған бүркіт

Қарға жапалаққа ішкен-жегенін айтып, масайрап отырғанда көк аспан өрт қойғандай шатырлап ала жөнелді.

- Ойбай аспаннан тас құлап келеді, - деді жапалақ сонау зеңгір көктен зеңбіректің оғындай зырқырап келе жатқан қыранды көріп.

- Тастан садаға кетсін, бүркіт деген қояншық осы болады, қырыққа келгенше қырыққа дейін сан білмейді, ептеп ғана кешке дейін аспан мен жердің арасын өлшеймін деп әуре. Бала күнімзде-ақ әлемді қаттап-шоттап есебін алып қойғамыз, жер мен көктың арасы пәленбәй шақырым десем сенбейді де кеудесі сырлдап, құйрығы шұрылдағанша көз жетпес биікке шығады да қайта бұрылып бір, екі, үш деп санай бастағанда-ақ басы айналып, осылай домалайды. Өлсін, қызталақ!- деп қарға тісінің арасынан шырт түкіріп қойды.

Осы кезде жер әлемді көшіріп зырқырап келе жатқан қыран қыр астына жайдың оғындай шаншыла түскен еді.

- Жүрші, барып көрейік, - деді қираған, бұзылған, жарылғанды қызық көретін жапалақ.

- Қой, құрысын, жәпаке, пәледен аулақ «қарға бүркітті сабап кетіпті» деген сөзге қалдырмақсың ба? «Тек жүргенің теңге, ағаң үйленсе-жеңге» дейді біздің қарғалар теңгең болса, жеңгең болса, дауда нең бар? Баяғы бала кезде бір бүркітті тартып жіберем деп сөзге қалғаным бар.

Қарға қыран аттанғанша ымды білмес жапалақты әңгімеге айландырып бөгей тұрмақшы еді.

- Алайда, өз бауырыңды жамандағанмен біреу саған жақсы бауырын бере ме, қанша айтқанмен түбіміз бір. Әкем марқұм тоқсанға келгенде тоқалы тауып берген екен осы бүркітті. Тоқалдан туған бала қай бір оңған дейсің? Есі болса жер мен көктің арасын өлшегенше аузымен құйрығының арасын біліп алар еді, құдай жынды ғып қойған соң не шара, аман болсын әйтеуір, бәрінен бары жақсы, - деді қарға езуіне қатқан бірдемені алып тастап.

Осы кезде тояттаған қыран қыр астынан қиялай шығып, тауларға қарай бет алды.

Қарғаның манадан бері иегі қышып, сарғая күтіп отырған шағы осы еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О.Әубәкіровтің сықақ әңгімелері
Көпен Әмірбек
Сатира сипаты және белгілері
Қазақ поэзиясында бірқақпай өте дамыған шағын жанр
Сатира жанры
Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы
Фельетон - сатиралық жауынгер жанр
Ғаббас Қабышұлының әдеби мұрасы
Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик
Көпен Әмірбек- сатирик
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz