Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себеті және күнкөріс минимумы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себеті және күнкөріс минимумы

Орындаған: Оразғалиев Н. А.

Топ: ТФ-205

Тексерген: Нуралина К. Т.

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

1 Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс себеттерін салыстыру4

2 Қазақстандағы ең төмен күнкөріс деңгейі туралы заң6

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер9


Кіріспе

Мен осы өздік жұмысымда қазақстандағы тұтыну себеті туралы жаздым. Сонымен қатар оны басқа дамыған елдердегі тұтыну себетімен салыстырып қысқаша мағлұматтар енгіздім.

Қазақстандағы тұтыну себеті дамыған елдердікімен салыстырғанда, мысалы АҚШ-пен, жеті есе аз екендігі және олардың себетіне көптеген тауарлар мен қызметтер кіретіні туралы да қысқаша айтып өтемін.

1 Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс себеттерін салыстыру

Қазақстандағы ең төменгі күн көріс құны биыл 16 983 теңгеге дейін (113 долларға жуық) өсті. Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деген нақты өмірге қатысы шамалы термин болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл - саяси өлшем.

Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың минималдық мөлшері анықталады.

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік, тауар және қызмет түрлерінің мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын тұтыну қоржынының құнымен шамалас. ​​ Қазақстанда тұтынушы қоржынының параметрлері қайта қаралмағанына алты жылдан асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді.

Соңғы уақытта қоғамда бұл қоржынның жұтаңдығы мен оны қайта қарау қажеттігі жиі айтылып жүр. Тұтыну қоржыны - азық-түлік және оған жатпайтын тауарлар, ең қажетті ақылы қызмет түрлеріне жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Қоржынның азық-түлік бөлігін Қазақ тағамтану академиясы үкімет бекіткен тізім бойынша құраған. 2005 жылы бекітілген бұл тізімге 43 тағам енді.

Былтыр Қазақ тағамтану академиясы тізімге құрамында «шаттық гормоны» - В6 витамині бар азық-түлік түрлерін, яғни бұрынғы тізімдегі жүзімді бананға, қарбызды асқабаққа ауыстырып, сәбилерге арналған тамақты қосуды ұсынған болатын. Академия мамандарының есебінше, жаңа қоржынның калориялық құндылығы 2175-тен 2250 килокалорияға ұлғаюы тиіс.

Парламент депутаттарын жаңа тұтыну қоржыны жобасымен таныстырған Қазақ тағамтану академиясының сарапшысы Мұса Айтжанов «43 тағам түрі кірген қазіргі азық-түлік себеті 10 мың теңге тұрса, жаңасының құны 15 мың 926 теңге болады» деп хабарлады .

Демек, азық-түлікке жатпайтын бөлігімен қоса есептегенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңгеге жуықтайды.

Былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұтыну қоржынының осы екі бөлігінің арақатынасын қайта қарау туралы өз идеясын ұсынды. Қазір екеуінің үлесі 60 және 40 пайыз шамасында, ал шенеуніктер 55 және 45 пайыздық пропорцияны ұсынады.

Әдетте азық-түлікке жұмсалатын қаражаттың пайызы төмендеген сайын халықтың тұрмыс деңгейі түзеле түседі деп есептеледі. Дамыған елдерде тұтыну қоржынының азық-түлік бөлігі 18-25 пайыз ғана.

Бір кездері еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақ тағамтану академиясына тамақтану стандарттарын құрастыруды тапсырған. БҰҰ деректеріне сүйенген ғалымдар мысал ретінде Африканың ең кедей елдерінің төменгі күнкөріс деңгейін үлгі ретінде алған.

«Наша газета» басылымы Дариға Назарбаеваның «Бұл елдердегі көрсеткіштер министрлікке мысал ретінде ғана көрсетілген. Ал олар Африка елдерінің стандарттарын алып, «автоматты түрде» заңға енгізіп жіберген. Енді әлеуметтік саланың тарифтері ұзақ жылдар бойы осы өлшемдермен белгіленіп, ол ең төменгі күнкөріс шегі ретінде есептеліп жүр» деген сөзін келтіреді.

Тұтыну қоржынын ұлғайту мен азық-түлік және оған жатпайтын бөліктердің ара салмағын қайта қарау мәселесі әзірше талқыланып жатыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы жылғы жолдауында үкіметке жаңа әлеуметтік стандарттар құрып, тұтыну қоржынына білім алуға жұмсалатын шығынның төменгі мөлшерін енгізуді тапсырған болатын.

АҚШ-та тұтыну себетіне - 300 түрлі, Францияда - 250 түрлі, Англияда 350 түрлі азық-түлік пен қызмет түрі енеді. Қоржын тізімі 475 пункттен тұратын Германия бұл елдерден көш бойы озық тұр.

Ал америкалық қоржында демалыс, білім алу, тұрмыстық техника, бензин мен көлік жөндеу, кітап, жеке бастың күтіміне арналған заттарды сатып алуға жұмсалатын шығындар қарастырылған. Англияда тұтыну қоржынының тізіміне шарап пен шампан сусыны енгізілген. Франция үкіметі тұтынушы қоржынына сұлулық салондарына бару, косметикалық құралдар сатып алу, бала күтушінің еңбекақысы, көлік жалдау, таксимен жүру, тіпті үй жануарларының тамағына дейін енгізген.

2 Қазақстандағы ең төмен күнкөріс деңгейі туралы заң

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiн анықтау және пайдалану үшiн құқықтық негiз белгiлейдi.

1-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi

1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.

2. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады.

3. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:

  1. жан басына;
  2. халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005. 12. 15 N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2010. 03. 19 № 258-IV Заңдарымен.

2-бап. Ең төмен тұтыну себетi

  1. Ең төмен тұтыну себеті адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады.
  2. Ең төмен тұтыну себетi:
  1. азық-түлiк себетiнен;
  2. азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен тұрады.
  1. Азық-түлiк себетiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.
  2. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнына арақатынасы арқылы белгiлеп отырады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005. 12. 15 N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2010. 03. 19№ 258-IV; 29. 09. 2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң белгiленуi

Ең төмен күнкөрiс деңгейi жыл сайын:

  1. тұрмыс деңгейiн бағалау мен кедейлiк шегiн анықтауға;
  2. әлеуметтiк саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
  3. айлық жалақының ең төмен мөлшерін, зейнетақының ең төмен мөлшерін және базалық әлеуметтiк төлемдердiң белгiленетiнең төмен мөлшерiн негiздеуге арналады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005. 12. 15 N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

4-бап. Кедейлiк шегi

  1. Кедейлiк шегi - республикада экономикалық мүмкiндiктерге қарай белгiленетiн, адамның ең төмен қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi кiрiс шегi.
  2. Кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің негізінде айқындалады. Ол республика бойынша, сондай-ақ өңірлер деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тоқсан сайын есептеледі.
  3. Кедейлiк шегi табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшiн өлшем болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Күнкөріс минимумы
КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Кедейшілікпен күресу және Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жөнінде
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖАЙЛЫ
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz