Үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістер

Орындаған: Мансурова А.

Тобы: ТК-422

Тексерген: Муслимова Н. Р.

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе

  1. Бағалы үлбір шикізаты және жартылай фабрикаты
  2. Бағалы үлбір шикізатының терілерін алғашқы ретті өндеу

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал бо- лып есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігі және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады.

Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді.

Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал бо- лып есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.

БАҒАЛЫ ҮЛБІР ШИКІЗАТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТЫ

Қазахстанның кең территориясы әр түрлі бағалы аңдарға бай және аңшылық кәсібі дамыған, адамдар өмірінде алатын орны айтарлықтай, ал терілері үлбір өндірісінің тауар айырбасының маңызды саласын құрайды.

Алуан түрлі айлалы тордың көмегімен, өз беттерімен атудың және қақпанның көмегімен тиін, сусар, түлкі, ақ тышқан, сілеусін, бұлғын, қоян, қара күзен, кәмшат, су тышқан, құндыз, қасқыр және аюларды көптеп аулады.

Аса бағалы аңшылық аңдары - бұл бұлғын, сусар, кәмшат, сілеусін, күзен, өзендік құндыз, тиін, қара күзен, су тышқаны және ондатр.

Аңшылық арқылы жабайы бағалы аңдардың 40 жуық түрі ауланады.

Аңдарды өсіру, ұстау және жем беру тәсілдерін тұрақты жетілдіру, аң өсіру шаруашылығын жоғары дәрежеде ұйымдастыруға және рентабельді бағалы аң терісінің өндірісіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Бағалы аң терісін дамытумен негізінен арнайы маманданған аң өсіру шаруашылығы айналысады. Аң өндірісі көптеген елдерде бар, сондай-ақ аң өсіру шаруашылығы тұтынушылар арасында үлкен даму алды. Соңғы жылдары саз құндызын өсірумен аң шаруашылығы айна-лысуда.

Торда күзеннің алуан түрлерін түсті түрлерін, күмісқара, плати-на, ақ тұмсықты, ақшақарлы, қызыл түлкіні, көгілдір түлкі, бұлғын, саз күзені және күзен өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылықта жанат, уссуриялық жанатын, ондатр, көгілдір түлкіні, күміс-қара түлкімен будандастыру жұмыстары жүргізіледі.

Мал шаруашылығының барлық салалары: мал, қой, ешкі, бұғы, қоян шаруашылығы үлбір және қой ішігінің шикізатын алатын қайнар көз болып табылады.

Ірі мүйізді мал үй жануарларының аса көп тобының бірі.

Үлбір өндірісінде бұзау үлбірі деп аталатын ірі мүйізді малдың алғашқы түкті жабыны бар бұзау терісі қолданылады. Ең жақсысына биіктігі 1 см дейін болатын қалың, құлпырмалы немесе тегіс, жылтыр түкті қабаты бар терілер жатады. Түкті қабатының биіктігі 2, 5 см бо- латын терілер былғары өндірісінде қолданылады. Түкті жабынның үзындығы жон арқасының ортасынан миллиметрлік сызғышпен өлшенеді.

Біздің еліміздің кең территориясында сыртқы ортаның әсерінен қалыптасқан және будандастыру жүмыстарын жүргізу арқылы шығарылған - асыл түқымды ат түқымдарын өсіріледі. Түқымына қарай аттар: мінетін, жеңіл жегілетін және ауыр көтеретін деп бөлінеді.

Үлбірге биіктігі 2 см аспайтын қалың түкті қүлын терілері қолданылады. Үлбірлі қүлын терілерін жасына тәуелді келесі түрлерге жіктейді: қүлын түсік және жылбысқы терілері; қүлын еметін үш айға дейінгі қүлын терісі; қүлын өскінді үш айдан 6 алты айға дейінгі қүлын терісі.

Үлбірлі бүзау және қүлынның өңделген терілерін боялған және боялмаған түрде, ерлер және әйелдер пальтосын және жартылай пальтосын дайындау үшін қолданылады.

Қаракөл малын өсіретін негізгі елдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркмения, Украйна және Ресей болып табылады.

Қаракөл дайындамаларының жартысынан көбі қара түсті, 10%- сүр және 15% - қанық-сүр түсті, қалғаны будандастырылған қаракөл.

Үлбір шикізатын алу үшін, жас және өскен ешкі терілері қолданылады. Малдардың түлегеннен кейінгі қазан-қараша айында сойылған терілері қолданылады. Өңделген табиғи және боялған ешкі терілерінен, үлкен ешкі терілерінен балалардың және әйелдердің паль- тосын, жартылай пальтосын және бас киімдерді дайындайды.

Әдемі, жақсы жылу сақтағыштық, қажетті ылғал және бу өткізгіштік қасиеті бар табиғи үлбірлерді қысқы киімдерді дайындау үшін қолданылады (үстіңгі материал ретінде, сондай-ақ сәндік және жылытатын ретінде) .

Әр түрлі малдардың өңделмеген терілері бағалы үлбір шикізаты деп аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: бағалы шикізат, үлбірлі шикізат және теңіз аңдарының үлбірлі терілері.

Бағалы шикізат деп - аң аулау арқылы алынған жабайы аңдардың өңделмеген терілерін атайды.

Үлбір шикізаты деп - түкті қабаты жақсы дамыған кейбір үй жануарларының өңделмеген терілері (қаракөл, қоян, қүлын, елтірі және бүзау терілері) .

Теңіз аңдарының үлбірлі терілері деп - үлбір бүйымдарын жасауға жарамды, белгілі бір жастағы теңіз мысығының, итбалық және нерп терілерін атайды.

Үлбір бүйымдарын тігу үшін түкті жабыны жақсы дамыған, сыртқы түгін жақсартатын және қажетті қасиеттерін қамтамасыз ететін, сәйкес бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады. Бүндай терілер жартылай фабрикат деп аталады.

Бағалы үлбір жартылай фабрикатының ассортименті келесі топтарға бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат -өңделген бағалы аң терілері; қаракөл жартылай фабрикаты әртүрлі түқымдас қойлардың өңделген терісі; қой үлбір жартылай фабрикаты өңделген әр түрлі түқымдас үлкен қой терілері (үлбірлік қой терілері) ; үлбірлі жартылай фабрикат өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау, ешкі терілері; теңіз аңдарының терілері өңделген теңіз мысығының ит балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір.

БАҒАЛЫ ҮЛБІР ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕРІЛЕРІН АЛҒАШҚЫ РЕТТІ ӨҢДЕУ

Терілерді бірінші ретті өңдеу екі операциядан тұрады: терілерді сыпырып алу, яғни жануар денесінен бөліп алу, және консервілеу, яғни теріні өңдеуге дейін сақтауға болатын күйге келтіру.

Бағалы - үлбір шикізатын өңдеу келесі операциялардан тұрады:

- суға жібіту - терілерді сойылған кездегі күйге келтіру, суға белгілі бір уақыттқа орныластыру жолымен жүргізіледі. Суға жібіту нәтижесінде ылғалдау 70 % жетуі мүмкін;

- шел қабатын алып тастау және бөлу - бұл біріншісінде етті қабаты алынып тасталынады, ал екіншісінде - қопсытылады, нәтижесінде былғары өзеңі аса жұмсақ болады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары және үлбір шикізаттары
Теріні бояу және бояғыштар
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Үлбір не үлбір шикізаттарын консервілеу. Құрғақ кептіру(тұзсыз) әдісі
Үлбір ішкі заттарын консервілеу әдістері
Үлбір шикі заттарын консервілеу әдістері. Құрғақ кептіру (тұзсыз) әдісі
Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz