Шағын және орта бизнесті дамыту туралы



Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі – орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әкімшілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субьектілерінен өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа фомаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда.Ал монопо-лизмге қарсы күресудің тиімді жолдардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.
Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелісекторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӨЖ
Тақырыбы:Шағын және орта бизнесті дамыту

Орындаған: Амантаева М.Б
Тексерген:Серекбаева Б.С

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ 2015 ЖЫЛ
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әкімшілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субьектілерінен өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметік топ қалыптасты. Осы орта топтың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа фомаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл - нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда.Ал монопо-лизмге қарсы күресудің тиімді жолдардың бірі - шағын және орта бизнесті дамыту.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары деген қаулысынан басталды. Одан кейін Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы, Жеке кәіпкерлік туралы Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.
Орта және шағын кәсіпкерлік - экономиканың ұтқыр әрі нәтижелісекторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!, деп айтқан болатын.
Елбасы ұстанып отырған стратегияық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы - олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі - шағын несиелендіру. Мен осы жұмысымда шағын және орта бизнестің біздің еліміздегі даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторларын көрсеткім келеді.
Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды.

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.
Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту.
Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:
Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;
Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:
Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау;:
Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
Оңтайлы салық режимін белгілеу;
Шағын бизнеске кредит берудің бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты еебінен гранттар мен займдар беру;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
-Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымдығы;
-Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
-Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын бизнестің барлық субъектілері үшін қажеттілігі;
-Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады:
-Қаржылық қолдау көрсету;
-Шағын бизнесті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;

Бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру
Бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын бизнес субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
өнеркәсіп саласын ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін немесе сенімгерлікпен берілген объектілерді шағын бизнес субъектілеріне 1 жыл өткен соң өтеусіз беру.
Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Жоғарыда аталған заңда (Жеке кәсіпкерлік туралы) алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз.

Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.
Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.

Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын бизнесті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 2001-2002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж.) қабылданып, жүзеге асырылды.Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.
Бағдарлама мақсаты - шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін барынша жандандыруға бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Жалпы алғанда елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау
Пәндер