Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Орындаған: Шідербаев Айдар
Тобы: ВМ-501
Тексерген: Билялов Е. Е
Семей 2015 жыл.
Жоспары:
I. Кіріспе
1. 1 Фармацевтикалық терминология туралы түсінік
II. Негізгі бөлім
2. 1 Фармацевтикалық терминдердің түйіткілдер
2. 2 Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Фармацевтикалық терминология туралы түсінік
Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы.
2. 1 Фармацевтикалық терминдердің түйіткілдер
Қоғамның дамуына байланысты әр ғылым саласындағы терминдердің саны көбейіп, қолдану аясы кеңейе түсті. Сондықтан да белгілі бір түсінікті дәл белгілеп, сөз мәнін нақтылы көрсететін терминдерді жасау маңызды үрдіске айналды. Осыған байланысты латынның Oleum және Unguentum деген сөздерін қарастыратын болсақ, осы сөздер медицина, фармация және биология ғылымдарында кеңінен қолданылады әрі осы сөздерді барлық фармацевтер, медицина саласындағы азаматтар біледі. Латынның Oleum сөзі орыс тіліне масло, қазақ тіліне май деп аударылған және Oleum сөзінің орыс тіліндегі әрі қазақ тіліндегі баламаларының нақтылығы еш талас тудырмайды. Ереже бойынша майлар деп глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады.
Қалыпты жағдайдағы майлар сұйық және қатты болады. Ал латынның Unguentum деген сөзін қарастыратын болсақ, бұл сөз латынның Unguere - жағу (мазать) сөзінен алынған. Мұндағы Unguentum сөзі зат есім де, Unguere сөзі - етістік. Сондықтан Unguentum сөзі латын тілінде термин ретінде қолданылған және орыс тіліне мазь деп аударылған. Осы сөздің қазақша аудармасын қарастыратын болсақ, Unguere -жағу етістігінің жақ түбірінің әсерінен қазақшаға бір сөзбен жағылма және екі сөзбен жақпа май деп аударылып, даулы мәселе қалыптасқан. Осындай теке-тірестің салдарынан аударушыларға, оқытушылар мен оқушыларға күні бүгінге дейін үлкен ыңғайсыздық туып отыр. Енді осы сөздің аудармасын келесідей жазып көрейік.
Латыншасы - Oleum, орысшасы - масло, қазақшасы - май.
Латыншасы - Unguentum, орысшасы - мазь, қазақшасы - жағылма.
Oleum және Unguentum деген латынша терминдер заттардың бір-біріне ұқсамайтындығын және екі зат екенін білдіреді, ал осы сөздердің орысша баламалары да заттардың екеу екенін көрсетеді. Енді қазақшаға Oleum - май, ал Unguentum - жақпа май деп аударылған нұсқасын қарастырайық. Oleum сөзінің қазақша баламасы май болса, онда май сөзі екінші рет тағы да Unguentum сөзіне балама бола алмайды. Бұл аударма (жақпа май) екі сөзден тұрғандықтан, термин болмай тек сөз тіркесі болады. Сондықтан латынның Unguentum деген сөзін жақпа май деп аударуды ғылым тіліне жатқызуға болмайды. Жақпа май сөзі тоң май, сұйық май, сары май, өсімдік майы, жануар майы, қарын майы деген атаулар қатарында болғаны орынды болар еді. Осыдан туындайтыны, Oleum терминінің - май, ал Unguentum терминінің баламасы ғылыми тұрғыдан жағылма болады. Сонымен жағылма деп сыртқа қолданылатын тұтқыр пластикалық қасиетті, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан және негізден тұратын жұмсақ дәрілік қалыптарды айтады.
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі Құрылу ережелері
1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары -um-ға аяқталаын n тектік
түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік
септігінде -i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы
буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз
аударылады - ампициллин. .
2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы -ium
жалғауына аяқталады. Олар -ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий -
Natrium, хлороформ - Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде -ii-ға
аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы) . Екпін
соңынан санағанда үшінші буынға түседі.
3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:
Levodopa, Methyldopa
Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n
тектік түрінде аударылады: глюкоза - Glucosum, лидаза - Lydasum (бірақ: -
Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады) .
4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген
болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі -і
жалғауы арқылы жазылады: Magurol - Maguroli, Taktivine - Taktivini.
5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы
жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra . . .
6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:
Solutĭo Lidocaīni - лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni - тетрациклин
7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің
соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa - майлы гексэстрол ерітіндісі
(бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae - шілтер
(плёнка), mixtura - микстура, suppositorium -балауыз, сын есімдер дəрілік зат
формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale
“Anusolum”) .
8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың
атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік
септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz