Микроклимат түсінігі, жіктелуі туралы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
СӨЖ №1
Тақырыбы: Микроклимат түсінігі, жіктелуі
Орындаған: Бликс Айгерім
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Жұмабеков С. Ж.
Семей-2015
Жоспары:
1. Микроклимат туралы жалпы түсінік
2. Микроклиматтың жіктелуі
3. Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
4. Микроклиматты нормалау
5. Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері
Микроклимат (грек. mіkros - кіші және климат) - жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т. б. ) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Қолайлы (комфортный)
- Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
- Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
- Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
- Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын - қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан - адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде - артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су - тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары - неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
- жылы арнайы киімдерді пайдалану;
- жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері :
- орталықтандырылған
- немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату - желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
- жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
- жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) - ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді) ;
б) - сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) - немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
- желдің қысымы арқылы;
- сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
- желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда - адамдарға жағдай жасау әдістері.
- Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0 С тан 50 0 С қа дейін төмендетеді) .
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал - жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.
Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.
Микроклиматтың параметрлері мен олардың адам организміне әсері
Қауіпсіз, жоғары өнімді және сау еңбектің бірден бір қажетті шарты болып өндірістік ғимараттардағы жұмыс зонасының қалыпты микроклиматын қамтамассыз ету табылады.
Жұмыс зонасы - жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12. 1. 005- 88) .
Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12. 1. 005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер) .
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы.
Адамның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның тез өзгеруі байқалғанда білінеді.
Микроклиматтың аталмыш параметрлері жекелей немесе кешенді түрде бірінші кезекте адам мен өндірістік ғимараттың қоршаған ортасы арасындағы жылу алмасу шарттарын анықтайды.
Кез келген жағдайларда (өндірістік немесе тұрмыстық) адамның жылу реттегіш жүйесі адам денесінің температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға тырысады. Бұл температура екі үдерістің нәтижесі болып табылады: денедегі жылудың ішкі өндірісі және сыртқы жылуалмасу.
Организмнің жылу реттегіші - орындап жатқан жұмыстың сыртқы ауырлық шарттарынан тәуелсіз дене температурасының тұрақтылығын қамтамассыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы.
Адам организмі мен оны қоршаған ортаның арасындағы жылулық баланс болғанда аталмыш микроклимат адаммен жағымды (кофортты) сезім ретінде қабылданады. Жылуалмасудың бұзылуы организмнің қызуы немесе сууына әкеп соқтырады, ол өз кезегінде адамның денсаулық жағдайы мен еңбек өндрісіне кері әсер етеді, организмдегі бірқатар физиологиялық өзгерістердің себепкері болады, кәсіби ауруларға да әкеп соқтырады.
Қоршаған ортаға организмнен жылу берілу әдетте әртүрлі жылуалмасу жолдары арқылы жүзеге асырылады: қоршаған ауаға конвективті жылу берілу; қоршаған беттермен сәулелік жылуалмасу; адам тікелей жанасатын беттер арқылы контактілі жылу берілу (орындық, еден, аспап және т. б. ) ; тері бетінен ылғалдың (терінің) булануы; тыныс алатын ауаның жылынуы. Өндірістік шарттардағы жылуалмасу негізінен конвекция, сәулелену және булану жолдары арқылы жүреді. Жылуалмасудың барлық түрлері айтарлықтай метеорологиялық шарттардан тәуелді.
Конвекция арқылы жүретін жылуалмасу қоршаған орта ауасы мен тері бетінің температурасының айырмасына тура пропорционал. Сонымен қатар ауа қозғалысының жылдамдығы да үлкен мәнге ие, себебі, жылуөткізу коэффициенті ауа қозғалысы жылдамдығының түбір астындағы мәніне тпропорционалды өседі.
Сәулену арқылы жылу берілу қоршаған беттер мен терінің абсолюттік температураларының төрттік дәрежелерінің айырмасынан тікелей тәуелді болып келеді.
Бірақ, ауа мен беттердің 30-33 °С температурасы кезінде конвекция мен сәулелену арқылы жылуалмасу негізінен тоқтатылады, ал ауа температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болған кезде жылу ағыны қоршаған ортадан адамға бағытталады.
Контактілі жылуөткізгіштік кезіндегі жылудың жоғалуы жанасатын беттердің температуралары мен көлемдерінің айырмасы бойынша анықталады.
Булану арқылы жылу берілу ауаның ылғалдылығы (ылғалдылық неғұрлым жоғары болса, булану арқылы жылуберілу соғұрлым төмен) мен оның қозғалыс жылдамдығынан тәуелді. Ауаның қозғалмалылығы адам денесінен ылғалдың әкітілуі мен оның одан кейінгі булануын анықтайды. Ауаның жоғарғы температурасы мен ауыр физиологиялық жұмыс кезінде терінің шығуы организмнің термореттеуінің басты факторы болып табылады. Жеңіл жұмыс және 18-22 °С температурасы кезінде адам 50 г/сағ тер бөліп шығарса, ауыр жұмыс кезінде ол сан 200-250 г/сағ дейін жетеді. «Ыстық» цехтарда булану арқылы жылуберілу 95 % дейін жете алады және адам мен қоршаған орта арасындағы жалпы жылуалмасу кезінде одан артады. Бірақ ылғалдың булануы арқылы жылуберілудің артуы қажетсіз физиологиялық үдеріс болып табылады, себебі тердің қарқынды шығуы кезінде адам 1 % жуық минералды тұздар мен дәрумендердің біраз бөлегін жоғалтады екен. Сондықтан «ыстық» цехтарда қызмет ететін жұмыскерлерге газдандырылған тұз қосылған су мен дәрумендендірілген сусындарды ішуге ұсынылады. Ауа ылғалдылығы жоғары болған кезде булану арқылы жылуберілу күрт төмендейді, ол өз кезегінде жылуалмасудың әсіресе жоғары температура шарттарында бұзылуына әкеп соқтырады.
Тыныс алу кезінде ауаны жылытуда жылуберілу, сонымен қатар жалпы жылу алмасуда тағамды жылытуда жылуберілу үлкен емес. Бірақ, ауаның төмен температурасы кезінде ыстық тағам жеу организмге қосыиша жылу береді, ол әдетте жылулық комфорттың ұзақ болуына септігін тигізеді.
Жылуалмасу шарттарын сипаттау кезінде киімнің жылуқорғаныш қасиеттерін де ескереді, олар жылуөткізгіштік коэффициентінің өлшемімен анықталады.
Адамның термореттеу жүйесі жылулық балансты ауаның 14-23 °С температурасы кезінде ұстау жағдайы бар, басқа да температуралар бұл балансты бұзуға мүмкіншіліктер туғызады. Жоғарғы температура кезінде ауа қозғалысының жоғарылауы организмнің термореттеуін жақсартады, ал төмен температура кезінде жылуберілуді жоғарылатады, әсіресе қысқы уақыт шарттарында ашық ауада шамадан тыс сууына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, 6-7 м/с жоғыра ауа қозғалысының жылдамдығы адамға тітіркендіргіштік әсер етеді. Жоғары температура кезінде ауа ылғалдылығының жоғарылауы тері бетінен тердің булануын қиындатады, ол организмнің шамадан тыс қызуына әкелуі мүмкін. Төмен температура кезіндегі жоғары ылғалдылық термореттеуге жағымсыз әсер етеді, себебі, суық ауадағы сулы будың болуы жылуберілуді жоғарылатады. Бірақ, төмен ылғалды ауа (25 % төмен) тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшаларының кептіріп жібереді.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, адамның өзін өзі қалыпты жылулық сезінуі (сәйкес киім мен термореттеудің бұзылмаған функциялары кезінде) барлық микроклимат параметрлерінің белгілі бір үйлесуімен қамтамассыз етіледі.
Ауа ортасының метеорологиялық параметрлері адам организміне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін айтарлықтай арттыра алатынын атап өту керек. Мысалы, ауа температурасы жоғары болған кезде, тері ұлпалары ұлғаяды, тер бөлу артады, тыныс алу жиілейді, осының барлығы зиянды заттардың организмге тез енуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жоғары температура кезінде булану мен заттардың ауада қалқу жылдамдығы артады, ол жұмыс зонасы ауасындағы ластаушылар концентрациясының өсуіне әкеп соқтырады. Осыған қоса ауа қозғалысы зиянды заттардың ғимарат ішінде орын ауыстыруларын анықтайды, шаңның тұнуына кері әсерін тигізеді. Ауаның төмен температурасы кезінде дірілдің жағымсыз әсері артады. Басқа да факторлармен қоса жоғары температура мен қатысты ылғалдылық адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігін арттырады.
Микроклиматты нормалау
Микроклимат параметрлерін нормалау 12. 1. 005-88 МемСТ арқылы жүзеге асырылады, бұнда ғимараттың жұмыс зонасы үшін оңтайлы және рұқсат етілетін микроклиматтық шарттар бекітілген. Сонымен қатар стандартпен келесілер қарастырылған:
- жыл мезгілі - жылдың сыртқы ауаның орташа тәуіліктік температурасы +10 0 С төмен суық және ауыспалы кезеңдері мен +10 0 С мен одан жоғары жылы кезеңдер болып бөлінуі;
- жұмыс категориясы - организмнің жалпы энергия жұмсау негізінде жұмыстардың ауырлық бойынша келесідей категоряларға бөлінуі: І - жеңіл физиологиялық жұмыстар - отырып, тұрып және жүрумен байланысты атқарылатын, бірақ жүйелі физиологиялық жүктеме немесе жүкті көтеру мен тасымалдауды талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172 Дж/с (150 ккал/сағ) аспайды; ІІа - орта ауырлықты физиологиялық жұмыстар - ылғи жүріспен байланысты, тұрып немесе отырып орындалатын, бірақ жүктің тасымалдауын талап етпейтін жұмыстар; энергошығындар 172-232 Дж/с (150-200 ккал/сағ) құрайды; ІІб - жүріспен және ауыр емес (10 кг-ға дейін) жүктерді тасымалдаумен байланысты физиологиялық жұмыстар; энергошығындар 232-293 Дж/с (200-250 ккал/сағ) құрайды; ІІІ - жүйелі физиологиялық жүктемемен байланысты, атап айтқанда, тұрақты түрде айтарлықтай жүкті (10 кг-нан жоғары) тасымалдау мен қозғаумен байланысты жұмыстар; энергошығындар 293 Дж/с (250 ккал/сағ) астамын құрайды;
- ғимараттың жылулық сипаттамасы (өзіндік жылу шығындары бойынша*) - өндірістік ғимараттардың өзіндік жылу шығындары 23 Дж/м З (20 ккал/сағ) шамасына тең, жоғары немесе кем болып бөлінуі. Стандартпен талмыш шарт тек қана жылдың жылы периоды үшін ғана ескеріледі.
*Өзіндік жылу - инсоляция нәтижесінде жұмыс ғимаратына құрылғылардан, жылу беру құралдарынан, жылыту материалдары, адамдар мен басқа да жылу көздерінен берілетін, және ғимараттағы ауа температурасына әсер ететін жылу. Өзіндік жылудың шығындары - өзіндік жылудың қалдықты санын азайту бойынша барлық технологиялық, құрылыстық, көлемді-жобалық, санитарлы-техникалық шаралары (ысыған беттердің жылулық оқшаулануы, құрылғылардың гермитизациясы, ысытылған ауаны жергілікті сорудың құрылғысы) жүзеге асырылғаннан кейін, сыртқы ауа параметрлерінің есебі кезінде ғимаратқа келіп түсетін өзіндік жылудың қалдықты саны.
Микроклиматтың оңтайлы шарттары деп адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің қалыпты функционалды және жылулық жағдайын термореттеу реакциясының ешқандай жүктелуінсіз сақталуын қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің үйлесуін түсінеміз. Олар жылулық комфорт сезімін қамтамасыз етеді және жоғары деңгейлі еңбек қабілеттілігі үшін шарттар жасайды.
Адамға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде организмнің термореттеу реакциясының жүктелуінің функционалды және жылулық жағдайының болатын және тез қалыпқа келтірілетін өзгерістерін тудыра алатын микроклимат параметрлерінің үйлесуін рұқсат етілетін деп атаймыз. Бұл ретте денсаулық жағдайының бұзылу немесе жарақаттануы пайда болмайды, бірақ дискомфорттық жылулық сезімдер, өзін өзі нашар сезіну мен еңбек қабілеттілігінің төмендеуі байқалуы мүмкін.
Микроклиматтық параметрлерді бақылаудың әдістері
Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz