Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерлік түрлері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"

Орындаған: Оразымбеков А. М.

Тобы: БЖ-415.

Қабылдаған: Есенбекова З. Ж.

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Кестесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Шетелдік тәжірибеде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады: «Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Кәсіпорын табыстылығының экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады. Бизнестің кез-келген түрімен айналысқан кәсіпорын табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т. б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.

Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық - бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту қажеттігі артады. Осыған орай кәсіпорынның табыстылығын арттыру мәселелері айрықша көкейтестілікке ие, бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның табыстылығын және оны талдау көрсеткіштерінің жүйесін экономикалық тұрғыдан ашып көрсету болып табылады.

Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз. Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады. Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады. Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі. Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т. б. Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі. Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді. Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:

1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.

2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып, қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.

3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. (Рамазан л_х) . Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген. Бірлескен кәсіпкерлік - екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу. Жеке кәсіпкерлік -кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік - көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

C:\Users\Алмас\Desktop\rId8.jpg

Кәсіпкерлік түрлері

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық. Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық. Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер. Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты. Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады. Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім. Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі. Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.

Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Азаматтық кәсіпкерлік

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:

а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;

ә) табыс алуға бағытталған;

б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;

в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;

2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады. Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелержасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:

а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;

б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың: елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға; кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар. Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік түрлері. Салыстырмалы талдау жайлы мәлімет
Кәсіпкерлік түрлері және салыстырмалы талдау
Кәсіпкерлік түрлері "салыстырмалы талдау" туралы
Кәсіпкерлік түрлері туралы мәлімет
Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік түрі "салыстырмалы талдау"
Кәсіпкерлік жайлы мәлімет
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері
Кәсіпкерлік. Салыстырмалы талдау
Кәсіпкерлік түрлері. Шағын кәсіпкерлікке салыстырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz