Өнімнің өзіндік құнын төмендету пайда рентабельдікті артыру әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей Қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырып: Өнімнің өзіндік құнын төмендету пайда рентабельдікті артыру әдістері

Орындаған: Аманова С. Б

Тексерген : Нуралина Қ. Т

Семей 2015

Жоспар

  1. Өнімнің өзіндік құны
  2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету
  3. Пайда
  4. Рентабельділік
  5. Қолданылған әдебиет тізімі

Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны , яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар . Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар . Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т. б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі

Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі .
Оның негізгі көздеріне:

  1. бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
  2. бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
  3. әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
  4. бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.

Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады

Пайда - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т. б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т. б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т. б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т. б. ) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.

  • Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайдакәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86, 1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Ұйым табысының экономикалық мәні
Ұйым кіріс есебінің экономикалық мәні
Құрылыс компанияларындағы шығындар есебі мен аудитін ұйымдастыру
Қаржы менеджменті туралы
Бағалар және қаржылардың өзара байланысы
Шығындардың эканомикалық элементері
Ортадан тепкіш компрессор
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау ( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz