Экологияның қысқаша тарихы



"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым дсген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен

Экологияның қысқаша тарихы
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және
logos - ғылым дсген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-
дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді
білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе
олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын
ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология -
ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе
тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн
өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ
таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының
өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір
аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес,
бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне
азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай
жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады.
Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б.
жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай
деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет
ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар
көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.
Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың
дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі,
50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері
сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср
де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі
әдістері мен тәсілдсрі келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде
егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II
ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып,
олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
Дәл осындай мәліметтер антик дүние ғалымдары Гераклиттің (б.д.д. 530-
470 жж.), Гиппократтың (б. д. д. 460-370 жж.), Аристотельдің
(б. д. д. 384-322 жж.) еңбектерінде келтіріліп, экологиялық факторлар
қозғалып, талданады. Мысалы, Аристотель өзінің "Жануарлардың тарихы" деп
аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, түсін
түстейді, мінез-құлқына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы
шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірибесі
осылай жүзеғе асады.
Теофраст Эрезийский (б. д. д. 372-287 жж.) болса, қазіргі Жерорта
теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістік бойынша өзі байқаған
өсімдіктерге топырақтың және ауа райының тигізер әсерлерін баяндайды.
Философтың бұл еңбеғіндс сонымен қатар, әртүрлі ағаштардың, бұталардың және
жартылай бұталардың да қандай топырақта жақсы өсіп-өнетіндігі туралы
бірінші рет деректер келтіріледі.
Орта ғасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар жүргізу
біршама тоқырап қалады. Өйткені, бұл кезде Құдайға құлшылық етуге едәуір
баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің
ой-пікірін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермейді. Жалпы қоршаған орта
мен организмдердің құрылымдық байланысы бар екендігін ешкім ашып айта
алмайды. Барлық нәрсе тек құдайдың жаратушылық құдіретімен жасалған деген
ұғым көптеген көкірек көзі ашық, көңіл көкжиегі жүйрік адамдардың өзінің
"қол-аяғын" байлап, "ерік-жігерін" тұсап тастаған болатын. Басқаша ой
ойлау, өзге идеяны насихаттау былай тұрсын, тіпті ежелгі философ
ғалымдардың еңбектерін оқығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің
көрініс табуы осының айғағы болса керек.
Бұл кезең осылай мың жылдай мерзімдік уақытқка созылды. Осы уақыт
аралығында саусақпен санарлықтай ғана ғылымдық мәні бар еңбектср жазылды.
Олардың да басым көпшілігі Разестің (850-923 жж.), Авиценнаның (980-1037
жж.) дәрілік шөптердің қасиеттері туралы айтылған еңбектеріне, Марко
Полоның (XIII ғ.), Афанасий Никитиннің (XV ғ.) алыс елдердің табиғаты,
мәдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы қол-жазбаларында көрсетілген
түсініктемелеріне, танымдық материалдарына сүйеніп жазылды.
Орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ғана ғылымға жаңа серпін, соны
бетбұрыс жасауға Альберт Великийдің (Альберт фон Болынтедттің, 1193-1280
жж.) еңбектері қозғау салды. Ол өзінің өсімдіктер туралы кітабында
өсімдіктердің өсуіне топырақтан басқа оларға "күн жылуының" да әсері ерекше
роль атқаратындығын және олардың "қысқы ұйқыға" кетуі өсімдіктердің өніп-
өсуіне, көбеюіне айрықша игі ықпал тигізетіндігін, бұл
құбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашьш
көрсетіп берді.
Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын
белгісіз болып келген жерлердің елдендірілуі әсіресе биологиялық ғылымның
күрт дамуына кең жол ашты. Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп,
сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына
айналды. Алайда, соған қарамастан, табиғаттанушылардың еңбектерінде табиғат
туралы метафизикалық көзқарастар басым болумен қатар, экологиялық факторлар
өз орындарын тауып жатты. Бұл еңбектерде өсімдіктер мен кейбір жан-
жануарлардың белгілі ортаға бейімделуі баса көрсетілді. Өсімдіктердің,
жануарлардың жерсіну ерекшеліктері, су тасқынының орын алу себептері туралы
ой-пікірлер кеңінен қозғалды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы "жан-
жануарлардың тарихы" деп атады. Танымал ағылшын химигі Р. Бойль (1627-1691)
тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байланысты тәжірибелерді жүзеге асырды.
Ол әр алуан жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әр түрлі әсер
ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді.
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-
жануарлардың, өсетін өсімдіктердің өліміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен
қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз жәде жанды құрауыштардың өзара
тығыз байланысты екендігін XVІІI ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне
өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В. Ломоносов "Жер қыртысы
туралы" трактатында: "... адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі
жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер..." деп атап көрсетті.
Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей
қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін
зсрттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым
жасады.
XVLLI ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қоршаған ортаның
құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде
экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші
кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты.
Өсімдіктер экологиясының бірден-бір негізін қалаудың мәртебесі биолог ғалым
А. Гумбольдтің (1769-1859) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық жонс
Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдық зерттеуі негізінде "Өсімдіктердің
географиясы туралы ойлар" еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым
өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа райының жағдайына, әсіресе
температуралық факторға байланысты екендігін жан-жақты ашып көрсетіп
берді.
Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К.Ф. Рульенің (1814-1858),
Н.А.Северцевтің (1827-1885), А.Н. Бекетовтың (1825-1902) еңбектерінде одан
әрі жетілдірілін, тереңдетіле түсті. Экология ғылымының одан әрі дамуы
ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде
жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В.В. Докучаевтың (1846-1903),
В.И. Вернадскийдің (1863-1945), В.Н. Сукачевтің (1880-1967), Н.Ф.
Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері мол. Олардың ішінен В.И.
Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін
қалап, казіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді.
Биосфераны әлемдік экожүйе деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы
экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мсн энергия балансына
байланысты екенін тұңғыш рет ашып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологияның даму тарихы
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Экология даму тарихы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Жалпы экология және оның даму тарихы
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Пәндер