Қалаларда маркетингтік стратегияны қалыптастыру сипаттамасы


Seven
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
OӨЖ
Тақырыбы: Қалаларда маркетингтік стратегияны қалыптастыру сипаттамасы
Орындаған: Мұхатбек Т. Қ
ГМУ-209
Тексерген: Тойкин С. Х
2015
Қазақстан экономикасында кең қанат жайып отырған нарықтық қатынастардың дамуы мен тереңдеуі, еліміздің әлемдік экономикаға қадам басуы, оның жаңа қызмет түрлерінің: жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, банктік бизнес, халықаралық бизнес, логистиканың дамуына әкеліп соқтырды. Мұндай жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы нарықтық инфрақұрылымның жаңа түрлерін, ең алдымен нарық сұрақтарымен: оны қалыптастыру, даму жағдайын талдау және болжамдаумен айналысатын саланы дамыту мәселесі алға қойылды.
Жалпы нарық немесе қазіргі экономика үш тағанға сүйенеді. Оның бірі - қаржы, екіншісі - менеджмент, үшіншісі - маркетинг. Қаржы - кәсіпорын қызметінің басты ресурсы болса, менеджмент - осы ресурспен қатар материалдық, еңбек ресурстарының дұрыс ұйымдастырылу жүйесі. Ал маркетинг - кәсіпорынның тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі болып табылады.
Маркетингтің эвалюциялық даму тарихы бір ғасырдан астам уақытты қамтиды. Ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропада пайдалана отырып, нарық жағдайында өндірістің тиімді қызмет ету әдісі ретінде кең қолданыла бастады. Қазіргі заманғы менеджменттің әйгілі маманы Питер Друкердің пікірі бойынша: «Бизнес мақсатының тек бір ғана дұрыс анықтамасы бар, ол - тұтынушыны жасау. Фирманың болашағы мен табыстылығы үшін тұтынушы оның тауарлары туралы не ойлайды, тауар құндылығы деп нені қарастырады, осының бәрі бизнестің мәнін анықтап, түпкілікті маңызын білдіреді, фирманың табысқа жету жолын айқындайды.
Экономикалық әдебиеттерде маркетингтің табиғаты, оның қазіргі замандағы рөлі жөнінде әр түрлі анықтамалармен қатар, әр түрлі көз қарастар қалыптастырылған. Ең біріншіден маркетинг бұл экономикалық білім саласы. Дей тұрғанмен әлеуметтік, тарихи, психологиялық сала тұрғысынан да қарастырсақ ол нарық, тауарлар мен қызметтер, сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік мәселесімен қатар әр мемлекеттің тарихын, менталитеті мен нарықтық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізілетін ғылыми сала [1] .
Өзінің эвалюциясы кезінде маркетинг тұжырымдамасы көптеген өзгерістерге ұшырады, соған сәйкес маркетинг мәніне деген көзқарастар өзгерді, оның көптеген анықтамалары пайда болды. 1-кестеде қарастырылған анықтамалар бір-біріне қарама-қайшы келмегенімен, маркетингтің әр түрлі қызмет ету аспектілерін жан-жақты етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Авторлар сан қилы маркетингтің бөліктеріне талдау жасай отырып, өз көз қарастарын айқын көрсете білді.
Сонымен айтылған анықтамаларға сүйене, маркетинг дегеніміз тауар мен қызметті тұтынушыға ұсыну арқылы пайда табу мақсаты мен тауарды нарыққа шығару жолдарын қарастыратын шаралардың жиынтығы.
Дамыған елдерде маркетинг қызметінсіз бір қадам да жасалмайды. Маркетинг шығарылған өнімді қозғалысқа түсіреді. Яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар беретін барометр сияқты. Сол барометрді қозғалысқа келтіретін маркетолог болып табылады. Бұл маман тек тауарды нарыққа жылжыту, нарықты талдау, оны сегменттеу және тауарларды сатумен ғана айналыспайды, сонымен қатар, кәсіпорынның даму стратегиясын, оның тауар және баға саясатын анықтайтын маман болып табылады.
Маркетологтың қаншалықты өзгермелі нарықтық жағдайды дұрыс бағалайтындығына байланысты қысқа және ұзақ мерзімге нарықтың дамуы болжамданады, әрбір нақты нарықта кәсіпорынның тауар және баға саясаты негізделеді. Потенциалды сатып алушылардың тұтыну талғамдарын алдын-ала анықтаудан дакәсіпорынның болашағы тәуелді. Кәсіпорынның экономикалық негізделген нарықтағы өз маркетингтік стратегиясы мен тактикасын жасау нәтижесінде нарыққа тауарды ұтымды жылжыту жүйесі, оны жарнамалық қамтамасыз ету және тиімді баға саясаты құрылады. Бұл кәсіпорынның, тауардың бәсекеге қабілеттілігі, бәсекелестермен қатал күресте жеңіп шығу мүмкіндігіне тәуелді. Бұл кәсіпорынның, тауардың бәсекеге қабілеттілігі, бәсекелестермен қатал күресте жеңіп шығу мүмкіндігінен тәуелді. Әлемде ең танымал LG, Samsung, Procter&Camble, Pepsi, Сoca-Cola сияқты компаниялар жыл сайын өз тауарларын маркетингтік қамтасыз ету үшін және нарықты маркетингтік зерттеумен айналысатын мыңдаған қызметкерлерді ұстап тұру үшін миллиондаған доллар қаржы жұмсайды. Ұлттық экономиканың дамуындағы оң өзгерістер өзінің алғашқы нәтижесін беруде: халықтың табысы өсуде, соған сәйкес тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктері мен талаптары күшеюде. Бүгінде халықтың жақсы киініп, нәрлі тамақтанғысы келеді, олардың әлеуметтік және мәдени қажеттіліктер шеңбері кеңейді. Егер сатып алушыны бұрын ең алдымен баға қызықтырса, бүгінде тұтынушы тауар сапасына ерекше көңіл аударады. Бүгінде халық қарапайым киінгісі келмейді, олар әдемі киініп сымбатты, сұлу көрінгісі келеді, қауіпсіз азық-түлік тұтынғысы келеді, экологиялық таза қалалар мен үйлерде тұрғысы келеді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы көптеген тұтыну тауарларының нарығы отандық және негізінен шетелдік өндіріс тауарларымен жеткілікті қамтылған.
Белгілі бір топтағы тауарлар бағасының деңгейі неғұрлым кең аралықта сапасы мен ассортиментіне байланысты өзгереді. Кейбір жағдайда айлакер сатушылар дамушы елдерде жасалған, тауарларды алдыңғы қатарлы фирмалардың нақты маркасының атауымен өткізуге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманғы нарық жалған тауарлармен толтырылған, бұл жағдайда тұтынушы маманның: маркетолог-нарық жөніндегі маманның көмегінсіз нақты тауарды жалған тауардан, сапалы тауарды төмен сортты ұқсас өнімдерден ажырата алмайды. Алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-на кіруі отандық тауар өндірушілер мен тауарлардың әлемдік және халықаралық нарықтарға шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл отандық маркетингтің теориясы мен практикасын ғана емес, халықаралық маркетинг элементтерін меңгерген маман- маркетологтарды дайындау қажеттілігін тудырады. Қазіргі заманғы жағдайда мәселе болып тиімсіз өндіріс табылмайды, өйткені өндіріс бақыланатын және реттелетін ішкі факторлардан тәуелді. Бүгінгі таңдағы мәселе - тиімді сату, яғни тауарды максималды тиімді бағамен сату. Әсіресе маркетингтің рөлі мен мәні Қазақстандағы кәсіпорындарға ISO халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізуге байланысты күшееді. Дегенмен, тәжірибе жүзінде барлық қазақстандық кәсіпорындар халықаралық стандарттарға көшуге мүмкіндігі жоқ. Мұндағы негізгі мәселе - моральдық көнерген құрал-жабдық, технологияның төмен деңгейі, сонымен қатар қажет деңгейдегі мамандардың, әсіресе маркетологтардың жетіспеуі, сонымен қатар кейбір кәсіпкерлердің өз өндірісіне ISO сапа менеджменті жүйесін енгізуге мүдделік танытпауы. Ал БСҰ Ережелерінің басты талаптарының бірі кәсіпорында ISO халықаралық сапа жүйесінің міндетті енгізілуі болып табылады, сертификатсыз кәсіпорынның өнімі әлемдік нарыққа тіпті жіберілмеуі мүмкін. Бұдан кәсіпорынға ISO халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізуді жүзеге асыратын маркетинг мамандарының рөлінің артуы туындайды. Қазақстанның БСҰ-на енуімен байланысты тағы бір мәселе - ел аумағына шетелдік тауарлар мен капиталдың еркін кіруі үшін шекараның ашықтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz