Кәсіби қазақ тіліндегі психолингвистика



Қазақ тілін өздік жұмыс арқылы мамандыққа қатысты қатысымдық тұрғыдан оқытуда тәрбиелеп оқыту ұстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру және тұтастық ұстанымдарын басшылыққа алып, өз тұрғымыздан оқытуды үйренушілердің өзіндік жеке қабілеттеріне сәйкестендіру ұстанымын, оқытудың жағдаяттылық ұстанымын, жүйелілік және сатылылық ұстанымдарын ұсынамыз. Біздің бұл таңдауымыз қазақ тілін үйренетін топтың құрамы әр түрлі болуына байланысты. Нақты тоқталатын болсақ, бір топта тек қана орыстілді студенттер отырса, екіншісінде орыстармен аралас қазақ студенттері де отырады, кейбір топтарда орыстілді студенттермен бірге тіпті қазақ мектебін бітірген студенттер де бар, үшінші топтың құрамында қазақ тілін үлдем оқымаған студенттер де бар, төртінші ерекшелік – тіпті бір ұлтты студенттердің қазақ тілін меңгеру деңгейлері әр түрлі болады. Кәсіби қазақ тілін меңгертуде басшылыққа алынған және ұсынылған ұстанымдар мемлекеттік тілді түрлі мамандықта оқитын орыс топтарына оқытуда тиімді рөл атқарады. Әдебиет, мәдениет, тіл – кез-келген ұлттың алтын қазығы, арқауы. Мәдениеті, әдебиеті, тілі болмаған ел халық ретінде, ұлт ретінде өмір сүруі мүмкін емес. Жаһандану әлсіз ұлттардың жойылып кетуіне қауіп төндіреді десек, ұлттың тамырсыздану қаупінен үрейленгендер бүгіндері тіл тағдыры-ұлт тағдыры екенін нақты мойындап, әр ел тілі мен мәдениентінің жан-жақты дамуына бар мүмкіндігін туғызып, мәдениет пен тіл саясатын мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналдырып отыр. Жаһандану үрдісі үрей туғыза отырып қарым-қатынастың жаңа тәртібін, жаңа үлгісін ұсына бастады. Яғни, мәдениеттердің тоғысуы жөніндегі үлкен мәселе. Мәдениеттердің тоғысуы дегеніміз не? Ол бізге не береді? Адам баласының шыққан тегі бір болғанымен, ұлты, түр-түсі, әл-ауқаты, тарихы, тілі, әдебиеті әртүрлі болып келеді. Бірақ бәрінің үйі бір, ол-Жер ана. Сондықтан да, бір-бірімен санасуға мүдделі. Адам өзге
Әдебиеттер:
1. «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені. - Қарағанды 2008.
2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы. 2005.
3. Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. - Астана, 2008.
4. Қараев Қ.А. Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар. «Арман» баспасы. 2009.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ГУ им.Шакарима

Сөж
Кәсіби қазақ тіліндегі психолингвистика

орындады: Абенова С.М
тексерді: Тезекбаева М.Ж

семей 2015

Қазақ тілін өздік жұмыс арқылы мамандыққа қатысты қатысымдық тұрғыдан
оқытуда тәрбиелеп оқыту ұстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте
сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру және
тұтастық ұстанымдарын басшылыққа алып, өз тұрғымыздан оқытуды
үйренушілердің өзіндік жеке қабілеттеріне сәйкестендіру ұстанымын, оқытудың
жағдаяттылық ұстанымын, жүйелілік және сатылылық ұстанымдарын ұсынамыз.
Біздің бұл таңдауымыз қазақ тілін үйренетін топтың құрамы әр түрлі болуына
байланысты. Нақты тоқталатын болсақ, бір топта тек қана орыстілді
студенттер отырса, екіншісінде орыстармен аралас қазақ студенттері де
отырады, кейбір топтарда орыстілді студенттермен бірге тіпті қазақ мектебін
бітірген студенттер де бар, үшінші топтың құрамында қазақ тілін үлдем
оқымаған студенттер де бар, төртінші ерекшелік – тіпті бір ұлтты
студенттердің қазақ тілін меңгеру деңгейлері әр түрлі болады. Кәсіби қазақ
тілін меңгертуде басшылыққа алынған және ұсынылған ұстанымдар мемлекеттік
тілді түрлі мамандықта оқитын орыс топтарына оқытуда тиімді рөл атқарады.
Әдебиет, мәдениет, тіл – кез-келген ұлттың алтын қазығы, арқауы. Мәдениеті,
әдебиеті, тілі болмаған ел халық ретінде, ұлт ретінде өмір сүруі мүмкін
емес. Жаһандану әлсіз ұлттардың жойылып кетуіне қауіп төндіреді десек,
ұлттың тамырсыздану қаупінен үрейленгендер бүгіндері тіл тағдыры-ұлт
тағдыры екенін нақты мойындап, әр ел тілі мен мәдениентінің жан-жақты
дамуына бар мүмкіндігін туғызып, мәдениет пен тіл саясатын мемлекеттік
саясаттың маңызды бөлігіне айналдырып отыр. Жаһандану үрдісі үрей туғыза
отырып қарым-қатынастың жаңа тәртібін, жаңа үлгісін ұсына бастады. Яғни,
мәдениеттердің тоғысуы жөніндегі үлкен мәселе. Мәдениеттердің тоғысуы
дегеніміз не? Ол бізге не береді? Адам баласының шыққан тегі бір
болғанымен, ұлты, түр-түсі, әл-ауқаты, тарихы, тілі, әдебиеті әртүрлі болып
келеді. Бірақ бәрінің үйі бір, ол-Жер ана. Сондықтан да, бір-бірімен
санасуға мүдделі. Адам өзге адамдарды құрметтеуге, оларға түсіністікпен
қарауға тиіс. Өйткені адамға адамдықпен қарау- аталық дәстүріміз. Нақтылап
айтсақ, қазақтың данышпан ойшылы, ұлы Абай Атаның баласы болма, адамның
баласы бол, адам баласын сүй, Адам баласы – бауырың деген қағиданы
ұстанып, өзінің бүкіл шығармашылығында, бар ғұмырында дәл осы Батыс пен
Шығыстың терезесін тең ұстай отырып, мәдениетін, әдебиетін дамытуға
арналған концепциялар-ды ұсынып өткен. Біздің мақсатымыз–қазақ тілін оқыту
арқылы тіл үйренушінің адамгершілік қасиетін дамыту, жеке тұлға ретінде
қалыптастыру. Олай болса, тіл оқытуда мәдениетаралық қатысымның алатын орны
ерекше. Адамдар бір тілде сөйлесіп тұрса да, бірін-бірі дұрыс, толық
түсінбеуі мүмкін, бұның себебі олар екі басқа мәдениеттің өкілі.
Мәдениетаралық қатысым–түрлі мәдениеттердің екі не бірнеше өкілдерінің
коммуникациясының ерекше формасын көрсетеді, оның барысында өзара әрекет
етуші мәдениеттердің ақпаратпен және мәдени құндылықтарымен алмасуы жүреді.
Мәдениетаралық қатысым үрдісі-іс-әрекеттің спецификалық формасы, онда шетел
тілдерін білумен шектелмей, сонымен бірге басқа халықтың материалды және
рухани мәдениетін, дінін, құндылықтарын, адамгершілік құрылымдарын,
дүниетанымдық көріністерін т.б. білуді талап етеді. Халықаралық қатынас
құралы ретінде шетел тілдерін біле отырып, сол тілде сөйлейтін халықтардың
мәдениетін, дәстүрін т.б. білмеу, меңгермеу мүмкін емес. Білімнің осы екі
түрін сәйкестендіру ғана–тіл мен мәдениеттің әсерлі және жемісті байланысын
қамтамасыз етеді. Мәдениетаралық қатысымның негізгі мақсаты – адамзаттың
мінез-құлқын түсіну, сол арқылы адамдардың өмірін өзгерту. Тілдегі мағына
мен мазмұн – адамның өмірлік іс-әрекетінің түрлі саласынан жинақталған бай
ақпарат екендігі мәлім Осы мәселеге қазіргі кезде аса ден қойылып, тілді
зерттеудің лингвомәдениеттанымдық аспектісі дамып келе жатыр.
Лингвомәдениеттанудың даму барысы енді тілді оқытуға да өзінің игі ықпалын
тигізуде Әдіскер-ғалымдар өзге ұлт өкілдеріне тілді сапалы оқытудың
неғұрлым тиімді, рационалды әдістерін тануды, үйренілуі керек тілді сол
тілді тасушы халықтың мәдениетімен байланыстыру жолдарын анықтауды, ауызша
сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін тану жолдарымен үйретудің
сапалы әдістерін жүйелеуді зерттеу мақсаттары етіп қарастырып келеді.
Профессор Қ. Қадашева соңғы жылдарға дейін тілді үйретуде қазақ халқының
тарихы мен мәдениетінен, тілдік байлығынан хабар ету негізгі ұстанымдардың
бірі болып келеді. Тілді лингвоелтану аспектісінде оқыту, сөз жоқ, маңызды
әрі қажетті фактор дейді. Тілдің әлеуметтік ерекшелігін танытатын
лингвистикалық зерттеулердің бір саласы – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американдық саяси дискурс
Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау).
Ғылыми революциялардың құрылымы
Қате және қате сөйлеу мәселелері
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Шетел тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулер
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Пәндер