Қазақ өлеңдерінің құрылымы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Тақырыбы: Қазақ өлеңдерінің құрылымы
Орындаған: Солтанова Б. Қ-213
Тексерген: Ақтанова А. С
Семей, 2015 жыл
Қазақ өлең құрылысы бойынша іргелі еңбек - З. Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы» мен «Казахское стихосложение» атты зерттеулері екендігінде дау жоқ. Бұл еңбектер ұлт өлеңінің құрылымдық жүйесі жан-жақты зерттелген теориялық тұжырымы нық, айқын монографиялар. Қазақ өлең құрылысы ғылымының негізін салушы академик З. Ахметов өзіне дейінгі қазақ өлеңінің ырғақ жүйесі бойынша жазылған азды-көпті ғылыми жұмыстарды зерделеп, солардың негізінде қазақ өлеңінің тарихы мен қазіргі үдерісін тереңінен, жан-жақты тексерген ғалымның концептуалды еңбектері әдебиеттанудың маңызды, іргелі бағдары ретінде ғасырдан-ғасырға көше берері хақ.
Өлең құрылысы дамымай, бірқалыпта өзгермей қалатын сала емес. Жаратылыс пен қоғам сияқты поэзия да даму эволюциясынан өтетіндіктен оның мазмұны мен түрі де дәуір тынысына сай түрленеді. Қазақ поэзиясының бастауында тұрған халық өлеңдері әуендік сипатына сай екі түрлі өлшемге жеті-сегіз буынды жыр үлгісі мен он бір буынды қара өлеңмен шектелсе, дана Абай реформасының арқасында өлең жүйесі сан түрлі интонациялық мәнер тауып, ауызекі, шешендік және аралық сияқты мәнер үлгісінің дамуына жол ашты. Уақыт өте келе өлшемдердің жаңа түрлері қолданысқа еніп, поэзияда тамыр жайып, әбден бекінгені белгілі. Олар бес, алты, жеті буынды өлшемнің 3+4 кестесі, сегіз буынды өлшемнің 3+3+2 және 4+4 өрнектері, тоғыз буынды және он, он екіден басталып, жиырма бес буынға жетіп жығылатын өлшемдер еніп, қазақ өлеңінің тақырыптық-мағыналық жүгін лайықты көтеріп жүр. Еркін өлеңдердегі өлшемдердің сан алуан сабақтастығы әр ақынның шығармашылығында жеке сипат алып келеді. Бұл дәстүрлі ырғақтық-интонациялық құрылымдардан өзге талантты ақындардың жеке ізденісі ретінде танылып, жалпылық сипат ала алмай келе жатқан жаңа жүйелер: ақ өлең, прозалық өлеңдер, верлибрлер өлең жүйесінің ерекше мүмкіндіктерін танытып келеді. Өлең құрылысының теориялық тұжырымдарының өз еңбектерімен бітпейтіндігін, қазақ поэзиясы қаншалықты жасаса, соншалық жалғасатынын академик зерттеу еңбектерінде аңғартып кеткен-ді. Қазақ өлеңтануы оның поэзиясымен бірге даму, түрлену жолынан өтеді. Сондықтан өлеңтанушылар өлең өрісіндегі жаңа құбылыстарды дер кезінде байқап, теориялық байыптаулары ұсынылып отыруы тиіс.
Өлең теориясы - әдебиет салаларының ішінде ең дамыған түрі. Әдебиеттану ғылымында да оның зерттелуі оның өзге салаларынан озық тұрды. Бір кемшілігі қазақ поэзиясы тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік тұрғыдан аса мұқият зерттелгенмен, құрылымдық жағын зерттеуде мазмұнның пішіні ретіндегі оның орнын анықтауда жеткіліксіз сараланғаны жасырын емес. Сондықтан қазақтың ақындары өлеңнің техникасына екі түрлі көзқараста. Бірқатары мазмұн мен көркемдігі күшті өлеңге техниканың қажеті шамалы деп, өлең архитектоникасының мәнін бағаламағанмен, бірқатары өлеңінің өзгеше өрісін өрнектерді түрлендіру арқылы тауып жүрді. Өлеңінің ырғақтық-интонациялық жүйесін мазмұнға сай түрлендіру Абай шығармашылығында ерекше мәнге ие болып, мақсатты түрде жасалған үрдіс еді.
Қазір өлеңнің құрылымдық жүйесі өз деңгейінде бағаланып, ақындардың шығармашылығын зерттеуде көңіл бөлініп, ден қойылып жүр. Өлеңнің құрылымдық саласындағы жемісті ізденістері ақындардың қалтқысыз шеберлігі ретінде танылып, шығармаларының ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылды, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында талданды. С. Елікбаев «60-80 жылдардағы өлең құрылысы» атты кандидаттық диссертациясында осы кезеңдердегі ақындардың шығармаларына тән ерекшеліктерді іздейді. Зерттеушінің өлең құрылымын талдаудағы ізденістерін айта отырып, өлең теориясының ұғымдарына қатысты мәселерді айқындап алған дұрыс. Ізденуші өз жұмысында өлеңдегі ұғымдарды атауда еркіндікке жол берген. Зерттеу жұмысында «құлдима тармақты шумақ» « бағанды тармақ», «60-80 жылдар арасындағы ақындарда бағанды тармақ қана емес, сырғалы тармақтар да жасалды», «Мағына үшін бөлген сынған тармақтар пайда болды, үстеме жамылған сырғалы тармақтар, сүйретпе тармақтар, сөйлем немесе сөз тіркестері қосылған, аралары нүктемен бөлінген құрама тармақтар, қайталанып келіп отыратын балдақты тармақтар шықты. Шумақ басында басқамен ұйқаспайтын буыны бөлек « ерке тармақтар», ортасынан ажыратылған « топтама тармақтар» дүниеге келді. Тек бас әріптерден тұратын « ерекше тармақтар», ортасынан бөлінген « буындалған тармақтар» жасалады. » деген ұғымдар қазақ өлең теориясында бұрын кездеспеген. Қазақ өлеңі бойынша келелі ойлар айтқан зерттеушілер С. Мұқанов, Е. Ысмаилов, Б. Кенжебаев, З. Ахметов, С. Негимовтардың еңбектерінде жоғарыдағы ұғымдар ұшыраспайды. Олар зерттеуші сияқты тармақтарды түрлерге де жіктемейді. Себебі қазақ өлеңінде әр ақында түрліше көрінетін тармақтардың түрінің барлығына ат беру мүмкін де емес, және ол өлеңтанушылардың өзін де жаңылыстырары сөзсіз. Бұл тармақтардың сыртқы кескіндері оның ырғақтық жүйесіне ықпал етпейтіндіктен оларды жіктеп, термин жасау артықтық етеді. «Бұрынғы салттық ұйқастар сақталып қалды» Қазақ өлеңінің құрылысы бойынша жазылған жұмыстарда салттық сөзінің орнына ұғым ретінде қалыптасқан дәстүрлі ұйқастар деген нақты атау бола тұра, зерттеушінің осындай сөз қолданысын түсіну қиын.
«Біз де өз тарапымыздан тіліміздің мағыналық реңктерді жіктеп, бейнелеуге икемділігін пайдаланып, толымсыз ұйқастың жоғарыда сөз болған соңғы түрін бұрынғы толымсыз ұйқас түрінен айырмалауды, сөйтіп Т. Шапаевтың бейнелі түрде айтқан сөзін нақтылы терминдік атауға айналдырып, шартты түрде кетік ұйқас деп атауды ұсынамыз. Өйткені, соңғы ұйқас үлгілері - тек қана Темірхан Медетбековтің жеке ұйқас ерекшелігі емес, қазақ поэзиясына 1960-70 жылдары келген Қадыр Мырзалиев, Жұмекен Нәжімеденов сияқты ақындардың шығармашылықтарында жеке элемент - нышандардың бой көрсетуімен басталып, қазіргі поэзиямызда орнығып келе жатқан тұтас бір тенденция деуге тұрарлық белгі». Қабош Батырболаттың қазіргі қазақ өлеңінің бейнелілік және түрлік мәселелерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясында ұсынылып отырған кетік ұйқас ұғымына қатысты пікіріміз де жоғарыда айтқан ұғымдарды ұсынуда сөз талғамына ерекше қарау қажеттігі байқалады . «Кетік, ақсақ, балдақты» деген ұғымдарға телінген поэзияда сымбат бола ма?
Екі зерттеушінің жаңа ұғымдары өлең құрылысының жаңа ізденіс нәтижелерінен туындап отырғаны анық. Қазіргі қазақ өлеңінде ақын дәуірлеріндегі құрылымдық жаңа үрдістердің пайда болуымен жаңа ұғымдар еніп жатады. Мұндай мәселелерді зерттеушілер өздігінше шешуге тырысатындықтан ондағы тұрақты ұғымдарға әртүрлі атау беріліп, кей жұмыстарда еркіндікке жол беріліп жатады. С. Елікбаев атаған тармақтар олардың ырғақтық-интонациялық жүйесіне қатысты емес, сыртқы графикалық суретіне қатысты болғандықтан, зерттеуші «еркіндігін» түсінуге болады дегенмен қазақ өлең құрылысының соңғы, яғни, 70-жылдардан кейінгі қазақ өлең құрылысының теориясында шешілмеген мәселелердің барлығы анықталады.
Оның алғашқысы қазақ өлең құрылысын зерттеуге қатысты. Орыс өлең құрылысын зерттеуде екі түрлі бағыт бар: оның бірі - статистикалық, яғни есептік, екіншісі - ырғақтық-интонациялық. Қазақ өлең құрылысының негізін салушы академик З. Ахметов өз еңбектерінде екі зерттеу түрін қоса алып жүрді. Қазақ өлең өлшемдерінің буындық, бунақтық және ырғақтық сипатын, сабақтасу мүмкіндіктерін айта келіп, оның интонациялық ерекшелігіне, өлең мазмұнын ашудағы айтылу мәнеріне зор көңіл бөлді. Қазақ өлеңін интонациялық тұрғыдан әуендік, ауыз екі сөйлеу және декламативті деп бөлді. «Өлең теориясы саласында қордаланған тәжірибелер бір аса маңызды қорытындыға алып келеді. Өлең құрылысын зерттеуде статистикалық, ырғақтық өрнектерді схемалау, суреттеу мәселесі игеріліп болуы тиіс. Біржақты құрылымды өрнектермен шектелу өлең өрнектерінің терең зерттеу ырғақтардың алуан түрлі комбинацияларын санамалап берумен шектеледі. Бұл бағыт аса өнімді емес, сондай-ақ өлеңнің құрылымдық негіздерінің өзара сабақтастығының күрделі қырлары, өлеңнің ырғақ өрнектерінің көркемдік бай мүмкіндіктері толық ашылмайды». Ғалымның бұл пікірі орыс өлеңтанушысы Б. Гончаровтың «К проблеме интонации в стиховедении» деген еңбегінде де көрініс табады. «Әдебиеттану ғылымының алдында көркем интонацияны көркем тілде туындайтын ерекше құбылыс ретінде зерттеу міндеті тұр. Интонациялық категорияларға жүгінбей, көркем тілді, оның ішінде өлеңді зерттеу мүмкін емес» деген пікір статистикалық зерттеулердің өлеңнің құрылымынан толық сипаттап бергенмен, шығарманың ішкі логикалық жүйесімен байланыспай, өлең құрылымының көркемдік мәні ашылмай қалатынын алға тартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz