Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы



Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткiншектер тәрбиесi. Алматы: Рауан, 1990
2. Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения человека.
3. Маркова А.К. Психология профессионализма.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ

Тақырыбы: Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері .

Орындаған:Мұратова М.Н
Тексерген: Бураханова А.Т

Семей 2015 жыл
Мотивация (ағылш. motіvation) - қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив - субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады .
Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар - адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады.
Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті .
Бұл концепцияға сәйкес адам дүниеге келгеннен есейгенге дейін төменде көрсетілген қажеттіліктер класы пайда болып және дамып отырады: 1) физиологиялық (органкалық) қажеттіліктер; 2) қауіпсіздік қажеттіліктері; 3) махаббат қажеттіліктері; 4) сыйластық қажеттіліктері; 5) танымдық қажеттіліктер; 6) эстетикалық қажеттіліктер; 7) мақсатқа жетудегі қажеттіліктер.
Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады.
Мотивацияның оқу іс-әрекетіне және оның нәтижесі болуына тигізетін әсері өте зор. Оқу іс-әрекетінің табыстылығы психологиялық әлеуметтік және педагогикалық факторларға байланысты екендігі мәлім. Оқу іс-әрекетінің табыстылығына оқу мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше. Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп ашып көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі.

Психологиялық мәселелердің бірі, онсыз оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін дұрыс шешу мүмкін емес болып келетін, бұл адам қажеттіліктері мен мотивтердің құрылу мәселесі. Көбінесе, кіші жастағы оқушыларда ғана оқуға қызығушылық болмайды, сонымен де орта және жоғары сыныптарда болмады. Оқу-танымдық мотивтердің амоффорттіліг, қалыптаспауы-оқушылардың оқу материалын меңгеруде қиындық келтіреді және оқу іс-әрекетін толық иеленуге кедергі болады.
Оқу мотивациясының мәселесі өте өзекті болып келеді, өйткені мектепке аяқ басатын әр бала интелектуалды, психикалық, физикалық және ішкі отбасы өмірінде өзінің спецификасы бар. Олар мектепте қандай мотивация түрімен келетіні осыған байланысты.

Кіші мектеп жасы - оқуда жағымды мотивацияның құруының маңызды аралығы болып табылады. Дәл осы кіші мектеп жасында негізгі оқу іс-әрекетінің компоненттері қалыптасып, оқушылардың мотивациялы қажеттіліктері ортасы қайта құрылуы-көптеген психологиялық жағдайлармен және себептермен анықталады. Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкіндіктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезіңде, есейген шақ кезендеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қалыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың негізгі ерекшеліктері
Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Кәсіптік бағдар тұжырымдамасы
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аспектісі
Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру
Пәндер