Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)


Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРС
Тақырыбы: Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)
Орындаған: Оралбекова А. М.
Тобы: ХН-401
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Семей, 2015
Жоспар
1. Билл Гейтс
2. Уоррен Баффет
3. Бернар Арно
4. Лари Эллисон
5. Лакшми Миттал
6. Амансио Ортего
7. Пайдаланған әдебиеттер
Билл Гейтс - Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.
Баффет, Уоррен Эдвард (1931 жылы туған) - американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания немесе сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30, 5 миллиард доллар есебінде - Forbes тізіміндегі екінші адам. Әлемдегі ең бай инвестор, “Berkshire Hathaway” жарналық инвестициялық қордың басшысы, миллиардерлердің “дәреже бойынша табеліндегі” №1 адам, Соростың идеялық қарсыласы Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының үлкен қаласы Омахада туған. Уоррен мектеп- те жүргенде-ақ капиталист боламын деп шешкен, ал он екі жасында Уоррен миллиардер болуға бекем бел буған. Жас кәсіпкердің дарынды және қабілетті бала болғандығын айта кету керек. Санау жағынан оның таңғаларлық жадысы әлі күнге дейін сақталған. Қаржылық “гуру” өзі толық түсінбейтін салаларда іс жүргізуден аулақ жүреді. Және жалпы, ол өмірде “Кең болсаң, кем болмассың” деген ережені уағыздай жүріп, қарапайым ғана ауыл адамының рөлін ойнағанды жақсы көреді. Ол жеңілдікпен 700 долларға сатылған ескі “Хонда” (бір құшақ темір) жүргізеді, көне костюмдер киіп, елге осын- дай тақуа көрінгісі келеді. Магнат арзан пластик жиһазбен жасақталған кеңсесіне шашы ұйпа-тұйпа күйде келеді. Бірнеше ай бойы ауыстырылмайтын галстук пен шалбар тартқышының да әбден тозығы жеткен. Уоррен Баффет шындығында көп нәрсені керек қылмайды, өзіне көп ақша жұмсамайды. Қызы Сьюзи әкесінен автотұраққа төлейтін ақша сұрағанда, ол одан алынған 20 долларға қолхат сұраған. Говард атты ұлы фер- ма сатып алмақшы болып, әкесінің көмегін сұраған. Бірақ, әкесі бір қызық қылық жасады. Ол ферманы сатуын сатып алып, ұлына жалға берген! Ол фермаға алты жылда екі-ақ рет барып шыққан екен. Мүмкін, миллиардерлердің көзі тірі кезінде балаларын осылай ұстағаны дұрыс та шығар? Бірақ, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан. Дегенмен, ол өз абыройын да сақтаудан қашпайды. “Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді”, - деп ақыл айтады ол. Ол өз қызметкерлерін бір ғана сөзбен арқасынан қағып қояды екен: “Істеп жатқандарыңды жалғастырыңдар”.
Әрине, мұның бәрі көзбояушылық. Магнатты мезі қылатын адамдар мен журналистердің артық көзқарасынан қорғайтын, сәтті табылған бейне. Осылайша, акционерлер жиналысында мыңдаған адамдар алдында ол өзінің досы мен орынбасары болып келетін 77-жастағы Чарли Манжер мен өзін былай деп таныстырыпты: “Мен - Уоррен. Ал мынау - Чарли. Ол әлі естиді. Мен әлі көремін”.
Бірақ, Баффет өзі көрінгісі келетіндей осал, қарапайым адам емес. Бұл алып адам ақшаны төмендегілерге салу керек деп есептейді:
• түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік өндірісі немесе банк ісіне) ;
• жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”) ;
• халықаралық франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”) ;
• күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”) . 34
Ло́уренс Джо́зеф Э́ллисон (17 тамыз 1944) - Американдық кәсіпкер, Oracle компаниясының негізін қалаушыларының бірі және басқарушысы. NetSuite Inc компаниясының негізгі акционері. Ларри Лилия Спелман мен Льюис Спелманмен асыранып алынған болатын. Эллисон туған анасымен 48 жыл кездеспеген. Элллисон Чикагода өскен. ол жақта білім алған. Асырап алған анасының қайтыс болу салдарынан екінші жылғы экзаменді тапсырмайды. Жаздан кейін Ларри досымен Чикагодағы Чикаго университетінде 1 семестр оқиды, ол сол кездері бірінші рет есептегіш машинамен кездеседі. 1964 жылы, 20 жасында солтүстік Калифорнияға көшіп кетеді. 1970 жылдар басында Amdahl және Ampex компанияларында жұмыс істейді. Ол екі әріптесімен бірге 1977 жылы Oracle компаниясының негізін қалайды. 1979 жылы ең алғаш версиясы Oracle v2 шығады. 1980 жылдары Oracle жаңа СУБД шығарумен айналысты. 1986 жылы Oracle биржада пайда бола бастады, үш жылда компания өзінің тауарларының сатылуын 10 есе арттырды ($584 млн) . Бірақ та 1990 жылы компания қиындықтармен соқтығысты, компания өзінің қарыздарын жабу үшін жүздеген жұмысшыларын жұмыстан шығарды Алғаш рет Ларри Эллисон есімі Forbes-та 1986 жылы капиталы $185 млн жеткен кезде пайда болды. 2012 $44 млрд - АҚШ-та үшінші орын алды. Эллисон 4 рет үйленген болатын, оның әйелдері: Ада Куинн (Ada Quinn, 1967-1974), Нэнси Уиллер (Nancy Wheeler, 1977-1978), Барбара Бут (Barbara Boothe, 1983-1986), Мелани Крафт (2003-2010) .
Митталдар отбасы “АрселорМиттал” компаниясының 39, 34 пайыз акциясына иелік етеді. 2, 5 пайызы Люксембург үкіметіне тиесілі. Ал, қалған акциялары әлемдік биржаларға орналастырылған. Айта кету керек, 2015 жылы Лакшми Митталдың дәулеті $13, 6 млрд-қа бағаланған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz