Тілдің грамматикалық жүйесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

Филология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тілдің грамматикалық жүйесі

Орындаған: Әблез М. С

Тексерген: Самекбаева Э. М

Семей 2015ж

Грамматика- әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері

  1. тілдің ішкі (граммат. ) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
  2. тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
  2. морфология - сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
  3. синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сез жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диапектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған Грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми Граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.

Қазақ тілінің алғашқы Грамматикалары XIX ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрді.

Тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамып, жетіліп отырады, әрі даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Осы тұрғыдан, тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі сипаттамалы немесе синхрониялық тіл білімі деп, ал тілдің шығу тарихы мен дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі салыстырмал- тарихи немесе диахрониялық тіл білімі деп аталады.

Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл фактылары мен материалдарын зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың бас кезінде қаланды. Бұл әдістің негізін қалаушылар - неміс лингвисті Франц Бопп, Дания ғалымы Расмус Раск, неміс ғалымы Яков Гримм. Аталмыш әдістің қалыптасуына себепкер жайт - санскрит тілінің зерттелуі еді. Санскрит - ертедегі Үнділердің әдеби тілі. Зерттеу негізінде санскрит тілінің ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қарым-қатынас құралы болып отырған көптеген тірі тілдермен ұқсастығы бары анықталды. Азияның бірсыпыра территориясын мекендеушілер тілінен бастап, бүкіл Еуропа, Америка тұрғындары тілдерінің бәрі дерлік бір атаумен - үндіеуропа тілдері деп аталатын болды. Мысалы: сан есімдердің еуропа тілдеріндегі сәйкестігі орысша - два, три; латынша - дуо, трэс; санскритше - двау, трауас және т. б.

Нақты бір тілдің жүйесін құрылымын, ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын зерттейтін жеке тіл білімі (қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі, ағылшын тіл білімі, француз тіл білімі) бар да, ғылым ретінде тіл білімінің теориялық, әдіснамалық негізі болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Мысалы: Қазақ тіл білімі дербес ғылым ретінде Ұлы Қазан революциясынан бергі дәуірде қалыптасты. Қазақ тіл білімі қазақ тілінің жүйесін, құрылымын, ерекшелігін, барлық байлығын зерттейді, қазақ тілінің қарым-қатынас, пікір алысу, өзара түсінісу, ойды жеткізу құралы ретіндегі қызметін (функциясын), басқа тілдермен қатынасын, баю, толығу, даму жолдарын т. б. тексереді. Жеке тіл біліміне жеке тілдермен қатар туыстас тілдердің (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, түрік, алтай, чуваш т. б. туыстас тілдерді зерттейтін - түркология/түркітану, орыс, украин, белорус, чех, поляк, болгар т. б. тілдерді салыстыра, салғастыра зерттейтін - славистика/славянтану, ағылшын, неміс, дат, швед, голланд т. б. тілдерді зерттейтін - германистика, испан, португал, итальян, румын, молдаван т. б. тілдерді - романистика/романтану және т. б. ) заңдылықтарын, ортақ жайттарын, шығу, даму ерекшеліктерін жатқызамыз. Ал жалпы тіл білімі деген терминнің ұғымы тіпті кең. Бұл ғылым жеке, нақты тілдерді, туыстас тілдер тобы мен семьяларын егжей-тегжейлі зерттеу, солардың ортақ заңдылықтарын ашу, айқындау негізінде жасалынған. Жалпы тіл білімі жеке тіл білімдерінің жетістіктері мен қол жеткен табыстарын басшылыққа алады, айқындалып-анықталған ортақ жайттардан теориялық қорытынды шығарады.

Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең негізгі, өзекті деген мәселелеріне көңіл бөліп, солар туралы мағлұмат береді, тілге қатысты ірі-ірі мәселелерді қарастырады. Ол мәселелердің басты-бастылары мыналар:

  • тілдің мәні, табиғаты, қызметі;
  • белгілі бір әдіснамалық негізі;
  • тілдің құрылымы мен жүйесі;
  • тіл мен ойлаудың шығуы, дамуы, әр түрлі дәуірлердегі тілдердің қарым-қатынасы;
  • тілдердің туыстық қарым-қатынасы, құрылымы;
  • жазу-сызу тарихы, жазу атаулының шығуы, олардың түрі;
  • тіл мен сана және тіл мен ойлаудың байланысы;
  • тіл - тарихи құбылыс.

Осыған орай, жеке тілдер мен топтар, семьялар тілдері неғұрлым жете, жан-жақты зерттелініп, қыр-сыры толығырақ ашылса, жалпы тіл білімі де соғұрлым тілдік бай материалдар мен фактыларға ие бола алады; тіл атаулыға тән ортақ белгілер жөнінде дұрыс қорытындылар - тұжырымдар шығара алады. Яғни, лингвистика дербес ғылым ретінде осы екі бөлімнің негізінде құралады екен.

Үйге тапсырма:

Сөздіктер:

Түркология/түркітану, романистика/романтану, славистика/славянтану синхрония, диахрония, әдіс, әдістеме, әдіснама, санскрит, фонетика, лексикология, грамматика

  1. Тіл білімінің практикалық мәні.
  2. Тілдің анықтамасы және оның қызметі.
  3. Тіл және ойлау.

Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады»
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, С. Аманжолов т. б. ) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды

Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.
Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика - тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы - Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V-VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі - көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Ислам дінінін енуіне байланысты IX-X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:
Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:
Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.
Латыннан крилл жазуына кешу.
Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады.
Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов, . Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.
Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика - тілдің құрылысы туралы ілім
Тілдің грамматикалық жақтарына үйретудің теориялық негізі
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілінде грамматика ілімінің қалыптасу кезеңдері, негізгі бағыттары
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Түркология және қазақ тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz