Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында



Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
1. Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).
3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау,Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейінҚазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.
Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығыннығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында

Орындаған: Әблез М.С
Тексерген: Қадыроа А.Қ

Семей 2015ж
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
1. Жыраулар кезеңі (XV ғасыр -- XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы -- XIX ғасырдың бірінші жартысы).
3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері -- Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465 -- 1560 жылдары), Жиембет жырау,Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675 -- 1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706 -- 1778 жылдары), Бұқар жырау (1693 -- 1787жылдары), Шал ақын (1748 -- 1778 жылдары), Жанақ ақын (1770 -- 1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі -- жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII -- XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Асан қайғы -- XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейінҚазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы -- кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа -- Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.
Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығыннығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.
Қазақ халқының XV -- XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы -- қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV ғасырдың соңы -- XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы -- кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).
XV -- XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV -- XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
Қазтуған Сүйінішұлы -- халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері -- Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.
Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді.Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.
Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.
XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:
Алаң, алан, алаң жұрт
Аққала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған
Батыс болып туған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жырау және тарих
Конструкциялау технологиясы - әдебиетті оқытудың өнімді жолы
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Ақтамберді жырау
Алаштың жолы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Пәндер