Чжэн Хэ саяхаты



Қытай тарихына үңілсек, 5000 жылдан астам уақытты қамтитын кезеңде небір оқиғалар болғанына көз жеткіземіз. Әрбір оқиға, әрбір кезең өз батырын туғызып, есімін тарихта қалдырып жатады. Қытай тарихында мұндай есімдермен тұлғалар өте көп. Кейбіреулері әлемге әйгілі болып, тарих беттерінде қалып жатса, кейбіреулері мүлдем көлеңкеде қалып, кей кезде ғана ауызға алынып жатады.
Мен өз еңбегімнің негізі еткен тұлға-Қытай тарихында өзіндік үлкен орын бар, сіңірген еңбегінің маңызы зор, ортағасырлардағы ұлы географиялық ашуларға өз үлесін қосқан қытайлық теңізші Чжэн Хэ.
Чжэн Хэ есімі Қытай халқына танымал, алайда әлі күнге дейін бұл ұлы теңізші – саяхатшының тарихта әсіресе дүниежүзілік географиялық ашулар, тарихында алатын орны шынайы таналып отырған жоқ. Чжэн Хэ бастаған қытайлық теңізшілердің Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты аймағына жасаған 7 реттік саяхаттары көптеген жылдар бойы құпияға толы болып, толыққанды қажетті дәрежеде зерттелген болатын. Алайда соңғы жылдары Чжэн Хэ есімі қытайлық тарихшылардың ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа елдер тарихшыларының назарын өзіне аударды.
Чжэн Хэ тұлғасына дег.ен қызығушылық әсіресе Британдық газет The Daily Telegraph – тағы мақалаға байланысты күрт өсті. Ол мақалаға сүйенетін болсақ, кезінде іскерй - теңіз флотының штурманы болған, қазіргі әуесқой тарихшы Гейвин Мензис қытайлық саяхаттар тарих ұзақ уақыт зерттеу нәтижесінде мынандай тұжырымдамаға келді – қытайлық саяхатшы Чжэн Хэ Колуб пен Магиланнан әлде қайда бұрын америка континентінде болып, алғашқылардың бірі ретінде жер шарын айналып өткен. Бұл гепотезаны Генвин Мензис алғаш рет өзінің 2003 жылы шыққан “1421 қытайдың әлемді ашқан жылы” атты еңбегінде келтіріледі. Мұндай тұжырымға Генвин Мензес
Пайдаланылған әдебиеттері:

1. Свет Я.М. «За кормою сто тысяч ли» Москва – 1960г.
2. Свет Я.М. «По следам путешественников и мореплавателей Востока» Москва -1955г.
3. Бокщанин А.А. «Китай и страны Южных морей в XIV - XVIв»
Москва 1968г.
4. Renwu zhong guo lishi-xia
Beiging tushuguanchubanshi 2004

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Чжэн Хэ саяхаты

Қытай тарихына үңілсек, 5000 жылдан астам уақытты қамтитын кезеңде
небір оқиғалар болғанына көз жеткіземіз. Әрбір оқиға, әрбір кезең өз
батырын туғызып, есімін тарихта қалдырып жатады. Қытай тарихында мұндай
есімдермен тұлғалар өте көп. Кейбіреулері әлемге әйгілі болып, тарих
беттерінде қалып жатса, кейбіреулері мүлдем көлеңкеде қалып, кей кезде ғана
ауызға алынып жатады.
Мен өз еңбегімнің негізі еткен тұлға-Қытай тарихында өзіндік үлкен орын
бар, сіңірген еңбегінің маңызы зор, ортағасырлардағы ұлы географиялық
ашуларға өз үлесін қосқан қытайлық теңізші Чжэн Хэ.
Чжэн Хэ есімі Қытай халқына танымал, алайда әлі күнге дейін бұл ұлы
теңізші – саяхатшының тарихта әсіресе дүниежүзілік географиялық ашулар,
тарихында алатын орны шынайы таналып отырған жоқ. Чжэн Хэ бастаған қытайлық
теңізшілердің Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты аймағына жасаған 7 реттік
саяхаттары көптеген жылдар бойы құпияға толы болып, толыққанды қажетті
дәрежеде зерттелген болатын. Алайда соңғы жылдары Чжэн Хэ есімі қытайлық
тарихшылардың ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа елдер тарихшыларының
назарын өзіне аударды.
Чжэн Хэ тұлғасына дег.ен қызығушылық әсіресе Британдық газет The Daily
Telegraph – тағы мақалаға байланысты күрт өсті. Ол мақалаға сүйенетін
болсақ, кезінде іскерй - теңіз флотының штурманы болған, қазіргі әуесқой
тарихшы Гейвин Мензис қытайлық саяхаттар тарих ұзақ уақыт зерттеу
нәтижесінде мынандай тұжырымдамаға келді – қытайлық саяхатшы Чжэн Хэ Колуб
пен Магиланнан әлде қайда бұрын америка континентінде болып, алғашқылардың
бірі ретінде жер шарын айналып өткен. Бұл гепотезаны Генвин Мензис алғаш
рет өзінің 2003 жылы шыққан “1421 қытайдың әлемді ашқан жылы” атты
еңбегінде келтіріледі. Мұндай тұжырымға Генвин Мензес сөзіне сенетін
болсақ, ол ұлы қытайлық абмирал Чжэн Хэнің тобы жасаған 1428 жылы картаның
көшірмесі болып табылатын 1763 жылы салынған картаға сүйеніп келеді.
Ол картада таңқаларлықтай дәлелдікпен Солтүстік және Оңтүстік Америка,
Африка, Еуразия, тіпті Антарктида да бейнеленген.
Генвин Мензис пікірі бойынша Флотилия Пекиннен 1421 жылы шығып, Манук
аралдарына жеткенде 2 топқа бөлінеді. Кемелердің жартысы солтүстік-
батыстағы Парсы шығанағына қарай бағыт алса, қалғаны Үнді мұхитын кесіп
өтіп Африка жағалайларына жетеді. Батыс жағалауларын жағалай отырып, Жасыл
(Зеленый) мүйісіндегі аралдарға шейін жетеді. Флотилия ақыр-аяғындағы Кариб
теңізіне жетеді де, тағы да бөлінеді. Жартысы солтүстік- бағытка, солтүстік
Америкаға, ал қалған бөлігі оңтүстік-батыс, Оңтүстік Америка мен
Антарктидаға бағыт алады.
Осыған қоса, тарихи хронологияға сүйенсек, Колум Америкаға келгенде
қытайлықтарды кездестіріп, өзін Қытайға жеттім деп ойлайды.
Сондағы жоғарыда Генвин Мензис келтірген ұзақ қашықтықты жүріп өткен,
Чжэн Хэ есімімен белгілі және халықтың Христофор Колумб Американы ашты, Ал
Кук, Магилан және да Гама бірінші болып жерді айналып өтті дегенге
күмәндарын туғызған тұлға кім? Ол шынымен де Колумб, Магилан есімдерімен
бір қатарда тұра ала ма? Оның саяхаттарының нәтижесі қаншалықты маңызды?
Менің еңбегім дәл осы сұрақтарға жауап тауып, барша мүмкіндікше Чжэн
Хэнің 7 саяхатын баяндап, оның маңыздылығына жету. Чжэн Хэ тұлғасына, Чжэн
Хэ есіміне байланысты құпияларды шешуге бір қадам жақындау.
Чжэн Хэнің өмірге кіруі.
Ұлы қытайлық теңізші жөнінде бізге мәлімі аз. “Мин-ши” кітабындағы 304
бөлімде Чжэн Хэнің ресми өмірбаяны толығымен оның 7 экспедициясы суреттеуге
арналған. Чжэн Хэнің экспедицияға дейінгі өміріне бұл еңбекте аз ғана
мәлімет берілген: Чжэн Хэ, Юньяннан шыққан, барлығы Сань Бао әтек деп
атаған адам Алғашында сарайда Янь ханзадасына қызмет етіп, әскери
жетістіктері үшін қызметі көтеріліп, бірінші әтек атағын алды.
Қытайлық тарихшы Чжан Син-лан30 жыл бұрын Чжэн Хэнің мұсылман
болғандығы туралы жорамалын айтқан. Ол бұл қорытындыға Чжэн Хэнің алғашқы
аты-жөні Ма болғандығына сүйеніп айтқан, себебі дәл осы флотилияны Оңтүстік
Қытай провинциясындағы, әсіресе Юньяндағы мұсылман дінін қабылдағандар
неленген. Бұл тұжырым қарт қытайлық ғылым, Ханьминь академиясының мүшесі
Юань Цзе-кау Юньанда Чжэн Хэ әкесінің моласының басындағы эпитафияда
жазылған тасын тапқаннан кейін дәлелдене түседі. Ол жазбада марқұмның
фамилиясы Ма болғандығы және хажы атағында болғандығы айтылады. Сонымен
қатар жазбада оның генеологиялық қызықты мәліметтері берілген: Чжэн Хэ
атасының аты Бай Янь болған екен, апасы Ма әулетінен шыққан.
Сонымен бізге белгілі мәліметтірге сүйеніп Чжэн Хэ өмірінен мынадай
мағлұматтар алуға болады.
Чжэн Хэ 1371 жылы Юньань провинциясындағы Куньянь аймағында ұсақ
шенеунік отбасында туған. 4 қыз 2 ұл иегіндегі ең кенжесі болған Чжэн Хэ
кішкентайынан үлкен зеректігімен ерекшеленеді. 1382 жылы әкесі қайтыс
болып, от басы күйзеліске ұшырайды. Дәл осы кезеңде Чжэн Хэ өмірінде үлкен
өзгеріс болады, ол құлдыққа сатылып, әтек болады. Кейін Пекиндегі сарайда
Чжу – ди қызметіне кіріп, оның басты әтегі атанып, Ма фамилиясын уженге
ауыстырады, алайда сарайда Сань Бао әтек есімімен мәлім болады.
Императорлық концемерияға есік жабық болғандықтан, ол әскери қызметке
барады. Мұның негізгі себебін Юань Цзе-кау ерте юньандық ескертіштерді
зерттей келе мынандай қорытындыға келіп анықтайды – Чжэн Хэ жас кезінде
оқымаған, жазу-сызуды білмеген адам.
1393 жыл мен 1397 жылдары аралығында солтүстік және батыс
аймақтарындағы “варварларға” қарсы Чжу-ди бастаған 4 реттік жорыққа
қатысқан Чжэн Хэ үлкен әскери жетістіктерге жетіп, болашақ императорға
жақындай түстеді.
1398 жылы император Чжу Юань-чжан қайтыс болып, орнына немересі Хой-ди
келеді.Сарайда аласапыран басталып, Чжу-ди тақ үшін күреске шығады. 1403
жылы ол Хой-ди резиденциясы-Нанкинді алады. Қала алынғанда Хой-ди із-түссіз
жоалып, чжу-ди император аталады.
1399 жылы пен 1403 жылдар аралығындағы тақ күшін шайқастарда Чжэн Хэ
императорға бұрынғысынанда жақындай түседі. 1405 жылы бізге бей мәлім
себептермен Чжэн Хэ оңтүстік және батыс теңіздеріндегі елдерге бағытталған
үлкенфиотинше басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар Чжэн Хэ- нің
келесі кезектегі қалған кешірік бары дәл осы теңіз саяхатымен ұштасып
жатады.
Олай болса, 1405 –1431 жылдар аралығындағы Чжэн Хэ мен оның
флотимиясының жүзіп өткен ізі бойынша, сол кезеңнің оқиғаларын, тарихын
баяндап өтейік

Ұлы жоспар

Мин династиясы билік етуінің бірінші жартысы жоғарғы қарқындағы сыртқы
саясатпен ерекшелінеді. Бұл қытай державасының өзінің әлем цивилизациясының
нақ ортасы ретінде тұрақтануға тырысуынан көрінеді. Дәл осы кезде Қытай
империясының сыртқы саяси доктринасы дамып қалыптасады, яғни қоршаған
әлемнің баршасы Варворлар және олармен тек вассалдық қарым-қатынас болуы
мүмкін.
Мин кезеніндегі Қытайдың саясатындағы ең қызығы – қызығушылық
тудырмайтын аудандарда Қытайдың өз билігін орнатуға тырысу. Мұндай
қажеттілік ХV ғасырдың басында Қытайды Юань династиясы кезінде үзілген
оңтүстік теңіздер елдерімен қарым қатынасты қайта орнатып сол елдерді
игеруге итермелейді. Бұл елдерге Қытайдың ұлылығын көрсете алатын әскери
флотилия жіберу қажеттігі туады. “Мин-ши” тарихи жазбаларындағы
мәліметтерге сүйенетін болсақ, 1403 жылы император Чэн-цзу Батыс мұхитына
жіберілетін қытайлық елшіліктің дайындық жұмыстарын бастауға бұйрық береді.
Юнлэ билігінің 3-ші жылының 3-ші айында (1405 жылдың сәуірі) Чжэн Хэ
батыс теңіздеріне жөнелтілетін флотилияның басшысы болып тағайындалады. 3
айдан кейін Чэн-цзудың жаңа бұйрығы шығады, онда: император Чэн-цзу Хой-
дидің (1403 тақтан тайдырылған император) теңіздің арғы шетіндегі елдерде
тығылу мүмкіндігіне жасқана бастағанда, оны сонда ұстау керек деген
қорытындыға келіп, сонымен қатар сол елдерге Қытайдың күші мен байлығының
қаншалықты зор екендігін көрсету мақсатында Чжэн Хэге батыс теңіз елшілік
қызметпен жөнелтуге бұйрық бергендігі жайлы айтылады.
Чжэн Хэ экспедицияларының алдында кең көлемдегі мақсаттар болды, олар:
географиялық ашуларды жүзеге асыру, шалғайдағы елдерді зерттеп – тану,
саяси қарым-қатынас орнатып, ол мемлекеттерді Қытай империясы әсерінің
аймағына қосу. Бірінші экспедицияны ұйымдастырудың негізгі себебі –
қытайлық билеушілердің Әмір Темірге қарсы соғыста өздеріне жақтас табу
болатын. Тарихқа үңілетін болсақ, дәл сол кезең Орталық Азияда Әмір Темір
мемлекетінің күшейіп, билеушінің көршілес елдерді бағындыру кезеңі болатын.
ХV ғасырдың басында Әмір Темір әскерінің ену қаупінің алдында Қытай
империясы да болды. Алайда жаулаушының жорығы 1405 жылы оның өлімімен
тоқтатылды. Әмір Темір өлімінен кейін жақтас іздеу қажеттілігі болмай,
экспедиция мен империя алдында жаңа ұмтылыс, жаңа мақсат пайда болады. Ол
Орталық империяның Оңтүстік - Шығыс Азия аймағында өз гегемониясын орнатып,
сауда жолдарын кеңейту болатын.

Батыс мұхитының флотилиясы

7 рет саяхат жасап, көптеген мемлекеттерде болған Чжэн Хэ флотилиясы
қалай жабдықталды? Флотилия құрамында кімдер болды? Енді осы саулдарға
жауап іздеп көрейік.
Экспедицияға дайындық Оңтүстігінен Янцзыға құлтын Люцзяхэ өзенінде
жүргізілді. Флотилия құрылысына жан саны 27800 адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдағы 1905-1911 жылдардағы революциялық қозғалыстар
Оқушылардың биоактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютерді пайдалануының әсері
Қытайда Мин империясының құрылуы
ИНЕШАНШУ ЖӘНЕ КҮЙДlРУ
Колумбтың төртінші экспедициясы
Колумбтың екінші экспедициясы
III – X ғасырлардағы Қытай
Эмпирикалық медицина және оның ерекшелігі
3-12 ғасырлардағы Қытай
Ежелгі Қытай тарихы
Пәндер