Жылқы тұқымдары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Жылқы тұқымдары

Орындаған: Нұрдәуітов Р. Қ

Тексерген: Габдуллин П. Р

Семей 2015

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Жылқы тұқымдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Жылқы тұқымдары

Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/ahalteke_3.jpg

Ахалтеке тұқымы. Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың өз алдына сүйікті жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ, б. ғ. д. III-IY ғасырларда пайда болған.

Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді. 1935 жыдары түрікмен салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.

Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ, кез келген ауа райына төтеп береді. Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.

Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді. Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" - "араб жылқыларының буданы" дейді.

Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан. Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/araskii%20kon_1.jpg

Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.

Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/agilshin%20tukimi_1.jpg

"Таза қанды" салт атты тұқымы . Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.

Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда пайда болған. Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады: Германияда - тракенен, мекленбург, ганновер, Венгрияда - фуриозо, нордстрад, нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.

Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады. Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде еркеліктері шектен шығады екен. КСРО- ның, Қазақстанның, Грузияның, Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/don%20tukimi_1.jpg

Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады. Казак шаруалары Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.

Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да төзімділік көрсете алады. Тамақтану жағынан қолайсыздық алып келмейді.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/budenovkaya%20poroda.jpg

Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.

Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, омыраулы, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ. 1946 жылы Сальск-Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/ukraiskaya%20poroda.jpg

Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина, Александрвск зауыттары осы тұқымды ойлап тапты.
Бұл жылқылардың бойлары, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/kazahskaya%20poroda.jpg

Қазақ тұқымы. Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.

Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/kustanaiskaya%20poroda.jpg

Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының дон, орлов, т. б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.

Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т. б. с. с.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/altai.jpg

Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда ерекше көзге түседі. Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Башқұр жылқы тұқымы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы
Дон жылқы тұқымы
Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы
Бие сүтінің құрамы
Жылқы малдарының гигиенасы
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Совет ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz