Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру

Тексерген: Курманбекова Г. А

Орындаған: Закариянов М. С.

Семей 2015 жыл

Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақыылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады - салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары мемлекеттік бюджеткетүспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.

Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік - 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.

Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар.

2003 жылдан бастап көптеген қорлардың табыстылық деңгейі инфляция деңгейінен төмен болды. Егерде шет елде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылық инфляция деңгейінен ілгерлеу болса, ал Қазақстанда кейбір жинақтық зейнетақы қорларында теріс айырмашылық 5 % құрайды. Мұндай табыстылық деңгейінде зейнетақы қорлары өзінің салымшыларына инвестициялық табысты қамтамасыз ете алмайды.

Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі төмендеді. Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес. Актуалды әдіспен есептелген ерікті зейнетақы жарналарында, тарифтерде негізделіп құрылатын жинақтық зейнетақы қорлары - болашақтың міндеті болып саналады. Зейнетақылық қамтамасыз етудің реформасы ешқандай жағдайда зейнеткерлердің материалдық қорғану деңгейін тежелемеуі қажет.

Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету реформасының сегіз жылдық тәжірибесі көрсеткендей, мемелекттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістер болу қажет. Зейнетақылық қамтамасыз етуде , құрылымдау, зейнетақыны сақтандыру, зейнетақылық үрдістерді еңгізу, қорлардың міндеттерін актуалды бағалау, табыс алу үшін активтерді инвестициялау бойынша қажетті шараларды іске асырмайынша, зейнетақы реформасының қандай да болмасын нәтижелері тұрақсыз, уақытша сипатқа ие болады. Сондықтан халыққа жеткілікті зейнетақыны қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді ұсыну қажеттілігі туындап отыр, яғни қазақстандық зейнетақылық қамтамасыз етуді модернизациялау қажет / 3, 30 б. /.

Жүйенің негізгі көрсеткіштерінің динамикалық өсуі зейнетақы жинақтарын басқару тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ол елдің экономикалық даму деңгейімен, мемлекет бюджетінің дефицитін төмендеуімен, мемлекеттік қарыз көлемі мен теңге ревальвациясын және сыртқы экономикалық факторлармен байланысты.

Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.

Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады / 4, 2-3 б. /.

Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық дамуына жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет. Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекеттіынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді.

Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдаушараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты.

Экономикалық тетік арқылы еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.

Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау сақтандыру компанияларының қаржы - шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау - сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.

Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.

Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.

Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.

Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.

Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.

Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай- ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т. б. айтуға болады.

Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп - ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады.

Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.

Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді.

Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады.

Сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін дамыту проблемалары екі бағытта қарастырылған. Бірінші жағынан, экономиканың инвестициялық және сақтандыру секторындағы мемлекеттің реттеуші рөлін нығайту бойынша шаралар. Екінші жағынан, сақтандыру ұйымдарының қаржылық менеджментін жетілдіру сақтандыруды инвестициялау тиімділігін дамытудың маңызды рөлін арттырады және сақтандырушылардың маркетингтік саясатын жаңғырту бағытында ұзақ мерзімді сақтық зейнетақы аннуитеттері сияқты, сақтандыру практикасына жаңа ұзақмерзімді сақтандыру қызметінің түрлерін әзірлеу және енгізу.

Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі - сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады. Сақтандыру қызметінің мақсаты үлкен әлеуметтік мәнге ие қызметтер көрсету, ал инвестициялық қызметтің мақсаты табыс табу болғандығына қарамастан, олар өзара етене байланыста. Бір жағынан, инвестициялық қызметтің қаржыландыру көзі сақтандыру резервтері болып табылса, екінші жағынан инвестициялық қызметтен түскен табыс сақтандыру операцияларын (сондай-ақ, шығындарды) қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Осы жерде, сақтандыру қызметінің маңызды бағыты инвестициялық портфельді басқару болып табылады.

Инвестициялық портфель деп - сақтандыру активтерінің инвестициялануы жүзеге асатын қаржылық құралдар жиынтығын атауға болады. Сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелі ҚР ҚҚА-нің пруденциалдық нормативтеріне сәйкес келетін, халықаралық рейтинг агенттіктерінің (Standard&Poors, Moodys Investors Service, Fitch) жоғары дәрежесіне ие бағалы қағаздардан құралады.

Портфель - бұл жалпы мақсатқа жетудегі инвестициялық инструменттер

жиынтығы. Инвестициялық портфель ретінде жеке және заңды тұлғалардың

иелігіндегі бағалы қағаздар жиынтығы түсінеді.

Кез келген портфель өздігінен белгілі бір акциялар жиынтығынан, әр түрлі тәуекелден қорғалған және қамтамасыз етілген облигациялардан, сондай-ақ табысы тұрақты кепілдендірілген (яғни, негізгі қарыз сомасы бойынша немесе ағымдағы пайыздарды төлемеу бойынша тәуекел қаупі) бағалы қағаздардан тұрады.

Портфель - корпоративтік облигациялар, әр түрлі қамтамасыз ету мен тәуекел дәрежесіне байланысты облигациялар, сондай-ақ тұрақты табыспен кепілдендірілген, яғни негізгі сома және ағымдық түсімдер бойынша ең аз тәуекел қаупі бар қағаздар жиынтығы. Портфельдік инвестициялау қор рыногының әр түрлі секторларында инвестициялық қызметті жоспарлауға, бағалауға және қорытынды нәтижелерді бақылауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, түрі, қызмет ету мерзімі және өтімділігі әр түрлі бағалы қағаздарға жүргізілетін және біртұтас ретінде басқарылатын салымдары бағалы қағаздар потфелін қалыптастырады. Қор рыногының қалыптасқан практикасында инвестициялық портфель ретінде жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздардың басқарудың біртұтас объектісі ретінде көрініс табатын белгілі бір жиынтығы түсіндіріледі

Портфельдің өтеу мерзімдері бойынша құрылымы - жоспар бойынша өтеу мерзімі болашақта болатын бағалы қағаздардың жиынтығы. Негізгі төрт құрылым бар - қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, балансталған және «гантелтектес». Қысқа мерзімді портфельде өтеу мерзімі жақын арада болатын бағалы қағаздар ғана болады.

Сақтандыру компанияларының активтерін инвестициялық басқару тиімділігі тек қана жұмысқа қабілетті модельдердің іске асуымен мүмкін болады. Портфельдік инвестициялау инвесторларға бірнеше қосымша басымдықтар беретін активтерді әртараптандыруды көздейді Біріншіден, ұлттық рыноктағы мөлшермен салыстырғанда әлуетті мүмкін болатын инвестициялық инструменттердің саны ұлғаяды. Екіншіден, портфельдің әртараптандырылуы, есебінен «тәуекел-табыс» ара қатынасының тиімдірек болуына мүмкіндік береді, бұл бір елден көбірек эмитенттердің бағалы қағаздар портфеліне қосылу мүмкіндігін туғызады және бұл тек бір ғана елдің эмитенттерінің бағалы қағаздарын инвестициялаудан гөрі тиімдірек. Сондықтан да, инвестициялау кезінде портфельге қосу үшін әлуетті активтер спектрін кеңейту, берілген тәуекел үшін жоғарырақ табыстылыққа немесе берілген табыстылық үшін төменірек тәуекелге әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
Аманат жинақтаушы зейнетақы қорлары
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Нарықтың сұраныс пен ұсыныс
Сақтандыру компанияларының саны
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры нарығының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz