Жеткіншекке психологиялық көмек көрсету


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жеткіншекке психологиялық көмек көрсету
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Орындаған: Меңдіғалиева А.
ПХ-315
Семей-2015ж
Жоспар:
- Жеткіншектік кезеңге сипаттама
- Жеткіншектік кезең қиындықтары
- Психологтың жеткіншекпен жүргізетін жұмысы
- Психолог пен ата-ана қарым-қатынасының маңызы
Жеткіншектік кезеңнің өзіндік қиындықтары - қоғамымызда білім беру және тәрбие ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуында жеткіншектік кезең ең қиын, әрі сыналатын және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын кезең болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа мәселелерді шешуі керек. Бала бұл мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологы және педагогтар жеткіншектерді жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д. Байярд, Т. В. Драгунова, А. Е. Личко, Л. С. Выготский, П. М. Якобсон, А. В. Запорожец, И. С. Кон т. б. ғалымдар осы жас кезеңінің психо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.
Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсетудің тиімді жолдарын В. Г. Гильбух, И. В. Дубровина, З. А. Малькова, А. С. Овчинников, М. Р. Битянова, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, Е. И. Рогов, Р. Римский т. б. ғалымдар өз еңбектерінде көрсеткен.
Олар жеткіншек жас кезеңін «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен атап, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі мәселелерін көрсеткен. Бұл мәселелердің барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты екені дәлелденген. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен дәл көмек көрсетуге, әр баланың мәселесінің ерекшеліктерін толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімділік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншектердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншектік кезеңдегі бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда, бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әр түрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де, ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді. Мысалы, сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерінен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады. Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлде қайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздықтан тез шаршайтын болады. Бала жеткіншектік кезеңге өткен кезде оның жүйке жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан ары қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналда жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күштейді. Балалық жастан жүйке жүйесіне де оңайлыққа түспейді. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты дамуы жүйке жүйесінің өзара байланысуымен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бұл кезде бала бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге көптеген жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан баланың психологиясында көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан жеткіншек жасындағылар өздерінің алдына өмір қойып отырған мәселелерді шешуде қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, үлкендер ортасында өз орнын іздейді. Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы ерекше орын оның “өтпелі”, “бетбұрыс”, “қиын”, кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылыған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұнымен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымды, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастық, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын морльдық-этикалық нормалары мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Жеткіншек кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты: бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан жеткіншектің өзінде әртүрлі елеулі субъективтік қиыншылық-тардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тұйықтық) .
Өтпелі кезеңде балалардың сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалардың сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен” сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жеткіншектік шақта өзін-өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасы мен мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналарымен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарымен тең құрдастай қарым-қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді, басқа балалардан ерекшеленуге тырысады. Демек, жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.
Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей, бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым- қатынас орнату керек, бұл біріншіден, ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек. Мінез-құлқында ауытқуы бар балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: «Менің отбасым», «Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын) », «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрін алдынала, терең, жан-жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен, олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарланған болуы керек .
Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі "қиын" жеткіншектерді тәрбиелеу - білгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша, мінез-құлқында ауытқуы бар бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншектер өзін қоршаған әлемге баға береді және оған өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игермеген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол - айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез-келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды, әрі ықпал ету күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын тез қабылдағыш қасиетін артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жеткіншектік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі - жеткіншектердің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншектер үшін үлкендермен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әр түрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да жас өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл-ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады. Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі -өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдар мен қарым-қатынастарды қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнерді атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет - жеткіншектердің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді. Ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка- адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншектердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім - жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншектердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсері мен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әр түрлі саласы мен қызыға айналысу негізінен жеткіншектерге тән.
Жеткіншектер өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектердің досы ол тек бірге ойнайтын жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - жеткіншектердің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншектік кезеңнің орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық сезім қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея, іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді: құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz