Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Апаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1. Ақпарат
2. Есептеуіш техника тарихы
3. Ақпаратты өлшеу
4. Ақпарат технологиясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Ақпарат” термині латынның «INFORMATION» - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін. Ақпараттың бағалылығы – оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б. Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Апаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы.

Тобы:ВС-503
Орындаған: Джақыпбекова Айжан
Тексерген: Кайсанов С.Б.

Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1. Ақпарат
2. Есептеуіш техника тарихы
3. Ақпаратты өлшеу
4. Ақпарат технологиясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Ақпарат
Ақпарат" термині латынның INFORMATION - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін. Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б. Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.
1 байт = 8 бит
1000 байт; 1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 миллион байт; 1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт
1 миллиард байт. 1 Гбайт (гигабайт)= 1024 Мбайт
Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар. Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: битс, байтс, килобайтс және т.б. Мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайтс-ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байтс, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байтс-ке тең.
Информатика пәні мен оның мәселелері. Дискретизация түсінігі. Суреттерді формализациялау. Компьютерлік графика түсінігі Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым. Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал - компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу - бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.Негізгі мәліметтер құрамы мыналардан тұрады:
Мәтіндік ақпарат - оқулықтағы мәлімет, дәптердегі шығарма, ауа райы, радио арқылы таратылған мәлімет және т.б.;
Сандық ақпарат - көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынының есебі және т.б.;
Графикалық ақпарат - суреттер, схемалар, сызулар, фотосуреттер және т.б.;
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат - дыбыс, музыка;
Бейнеақпарат - түрлі-түсті графика, дыбыс, көркем фильмдер, екі өлшемді, үш өлшемді қозғалмалы объектілер.
Информатика пәніннің негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.

Есептеуіш техника тарихы
Есептеуіш техника -- есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).
Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеді. Адамзат қарапайым есептеу құралдарын қолдануды мыңдаған жылдар бұрын бастады. Есептеудің ең көп тараған түрі - айырбас саудасында қолданылатын тауарлардың санын анықтау болатын. Ең қарапайым шешім ретінде айырбасталатын тауардың салмақ эквивалентін пайдалануды айтуға болады, себебі бұл жағдайда, тауардың құрамындағы заттардың санын есептеу қажет болмайтын. Бұл мақсаттарда қарапайым балансирлік шеккілер қолданылатын, олар массаны анықтауға арналған алғашқы құрылғы болды.
Эквиваленттілік принципі "абак" деп аталатын құралда да пайдаланылды. Заттарды санау үшін, бұл құралдағы сүйектерді қозғау қажет болатын.
Тісті сақиналарды ойлап табуға байланысты, есептеулерді орындауға арналған құрылғылар күрделене түсті. XX ғасырдың басында табылған антикитерлік механизм (б.з.д. І ғасырда батып кеткен антикалық кемеден табылған) ғаламшарлардың қозғалысының үлгісін көрсете алатын еді. Болжам бойынша, бұл құралды діни мақсаттарда күнтізбелік есептеулер жүргізу, күн және ай тұтылуын болжау, егін егу және жинау уақыттарын анықтау үшін қолданған. Есептеулер жүргізу үшін 30-дан астам қола сақиналар және бірнеше циферблаттар қолданылды. Ай фазаларын есептеу үшін, диффернциалдық тасымал пайдаланылды (ғалымдар бұл тәсілді ХVI ғасырда ойлап табылған деген болатын). Антика мәдениеті құлдыраған соң, бұндай құралдар жойылып кетті. Күрделілігі осы шамалас механизмдерді құру үшін, адамзатқа бір жарым мыңжыл қажет болды.
1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" - төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер пайдаланды.
Бұдан соң Блез Паскаль ("Паскалина", 1642 ж.) және Готфрид Вильгельм Лейбниц өз машиналарын жасап шығарды. 1820 жылы Charles Xavier Thomas төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторларды (Томас арифмометрі деп аталатын құрал Лейбниц жұмыстарына негізделген) жасап, саудаға шығарды. Ондық сандарды есептеуге арналған механикалық калькуляторлар 1970-жылдарға дейін қолданылды. Сонымен қатар, Лейбниц қазіргі заманғы компьютерлердің негізі болып табылатын екілік санақ жүйесін де сипаттады. Бірақ, 1940-жылдарға дейінгі шыққан машиналардың басым бөлігі (Чарльз Бэббидждің машинасы және ЭНИАК) ондық жүйені қолданған болатын. Сандарды көбейту және бөлу амалдарын осы сандардың логарифмдерін қосу және азайту арқылы орындауға болады (Джон Непер). Нақты сандарды сызғыштағы ұзындық интервалдары көмегімен көрсетуге болады, бұл жаңалық логарифмдік сызғыштарды ойлап табуға негіз болды, бұл құрал көмегімен көбейту және бөлу амалдарын оңай орындауға болатын еді. Логарифмдік сызғыштар қалта калькуляторлары пайда болғанға дейін қолданылды. Айға адам жіберген "Аполлон" бағдарламасының инженерлері өз есептеулерінде логарифмдік сызғыштарды пайдаланған болатын. 1801 жылы Жозеф Мари Жаккар перфокарталар арқылы өрнек салып, жұмыс жасайтын тігін станогын ойлап тапты. Перфокарталарды ауыстыру арқылы, матаға түсірілетін өрнекті өзгертуге болатын еді. Бұл құрал бағдарламалау тарихында маңызды орын алды.
1838 жылы Чарльз Бэббидж жасап бастаған аналитикалық машинаның бағдарламалау принциптері Жаккардың перфокарталарына байланысты болатын.
1890 жылы АҚШ Халық Санағы, он жыл бойы жүргізілген халық санағының нәтижесін өңдеу үшін, Герман Холлерит ойлап тапқан сұрыптау тәсілдерімен қатар, перфокарталарды пайдаланды. Холлерит компаниясы IBM корпорациясының ядросына айналды. Бұл корпорация перфокарталар технологиясын мәліметтерді өңдеудің қуатты құралына айналдырып, оларды жазуға арналған құрылғыларды көптеп шығарды. 1950 жылы IBM технологиясы өнеркәсіпте және үкіметте кең тарады. Карталардың көпшілігінде жазылған "бұруға, мыжыруға және жыртуға болмайды" деген ескерту соғыстан кейінгі көпшіліктің есінде болатын. Көптеген компьютерлерде перфокарталар 1970-жылдардың соңдарына дейін қолданылды. Мысалы, дүние жүзіндегі көптеген университеттердің инженерлік және ғылыми мамандықтарында оқитын студенттер бағдарламалар жазу үшін перфокарталар қолданды. "Әмбебап компьютердің" негізгі ерекшелігі - бағдарламалау мүмкіндігі, яғни компьютер жұмысын өзгерту үшін тек оған енгізілетін бұйрықтар тізбегін өзгерту ғана қажет.
1835 жылы Чарльз Бэббидж өзінің аналитикалық машинасын жарыққа шығарды. Бұл машина - жалпы мақсаттағы компьютер болып саналады, енгізілетін мәліметтер және бағдарламалар үшін перфокарталар қолданылды, ал энергия көзі ретінде бу қозғалтқышы пайдаланылды. Математикалық амалдар үшін тісті сақиналар қолданылды.
Бастапқыда, Бэббидждің идеясы бойынша, жоғары дәлдікпен логарифмдік кестелерді басып шығаратын машина құру қажет болатын. Содан соң ғана, перфокарталарды қолдану арқылы, бұл идея "аналитикалық машинаға" дейін дамытылды.
Жоспарлар анықталып, жобаны жүзеге асыру мүмкін екендігіне көз жеткізілгенімен, машинаны құру кезінде белгілі бір қиындықтар болды. Бэббидж өзінің идеяларымен келіспеген әрбір адаммен дискуссияға түсіп отыратын. Машинаның барлық бөліктері қолмен жасалу керек болды. Мыңдаған детальдардан тұратын машина үшін, әрбір детальда кеткен қатенің құны қымбат болатын, сондықтан, детальдарды жасау кезінде аса жоғары дәлдік қажет болды. Нәтижесінде, жобаның авторы мен детальдарды жасайтын маман арасындағы келіспеушілікке, және мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты, жоба аяқталмай қалды.
Атақты ақын лорд Байронның қызы Ада Лавлейс 1843 жылы итальян математигі және инженері Луиджи Федерико Менабреаның 1842 жылы жазылған "Notions sur la machine analytique de Charles Babbage" ("Elements of Charles Babbage's Analytical Machine") еңбегін ағылшыншаға аударып, өз түсініктемелерімен толтырды. Ада Лавлейстің аты Бэббидждің атымен қатар аталады. "Айырмалық машинаның" 2-нұсқасының қалпына келтірілген нұсқасы 1991 жылдан бері Лондондық ғылым мұражайында сақталуда. Бұл машина Бэббидж көрсеткен жоба бойынша жұмыс жасайды, сондықтан Бэббидждің теориясы дұрыс болғандығына көз жеткіземіз. Қажетті бөліктерді құру үшін, мұражай сол уақыттағы деталь жасаушы маманның мүмкіндігімен шектелген машинаны қолданды. Кейбіреулердің айтуы бойынша, сол уақыттағы технология қажетті дәлдіктегі детальдарды құруға мүмкіндік бермеген, бірақ бұл болжам расталмады. Сондықтан Бэббидждің машина жасау кезіндегі сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі ретінде саяси және қаржылық қиындықтар аталады. Бэббидждің ізі бойынша, оның жұмыстары туралы білмесе де, дублиндік бухгалтер Перси Ладгейт жұмыс жасады. Ол 1909 жылы өзі жасап шығарған бағдарламаланатын механикалық компьютерді жасап шығарды.
Ақпаратты өлшеу
Күнделікті тұрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бұл бір нәрселер жөнінде хабарлау және мағлуматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер үшін ақпарат бола ма? Мысалдар келтірейік: 1-мысал. Сенің досың: "Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы" десе, бұл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек. 2-мысал. "Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым". Бұл "Каузалды схема" ұғымының анықтамасы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпрат емес, өйткені біз әлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз. Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т.с.с. ) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша әрбір хабар ақпарат болып табылады. Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мәлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Мысалы, ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге әсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мұңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлуматтардың жалпы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады. Ең күрделі мәселе ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музыкалық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көлемін бағалау өте қиын. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Техникада мамандарға хабар жіберу жүйесі арқылы ақпараттың қанша мөлшері өтетінін, алдыңғы ақпарат жадта қанша орын алып тұрғанын, келесі ақпаратқа қанша орын керек юолатынын анықтап отыру керек. Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Технкада сақталатын, өнделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналды. Бұл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады. Демек, хбардың ақпаратты көлемі деп - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы ақпарат
Ақпаратттық технология
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпартаттық технологиялар және технтка. Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат, оны өрнектеу жолдары
Пәндер