Абайдың өмірі мен шығармашылығы, шығармашылық өмірбаяны, Абай өлеңдеріндегі ғылым тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағлымы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨОЖ

Тақырыбы: №1 Абайдың өмірі мен шығармашылығы. №2 Абайдың шығармашылық өмірбаяны. №3 Абай өлеңдеріндегі ғылым тақырыбы. №4Абайдың эстетикалық тағлымы. №5 Абайдың сатиралық лирикасы.

Орындаған:Қамбарова А.

Тобы: Қ-217А

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.

Семей, 2015жыл

№1 Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы (10. 8. 1845-1904) қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы - Арғын ішіндегі Тобықты. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы руларының ішіндегі бойының, биінің, беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғасырдың орта тұсындағы бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Абай Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының шешендік, әзіл - ажуамен атағы шыққан манигар тобының қызы екен. Ұлжаннан Тәкежан (Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген төрт ұл туады. Абайдың «Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ» деуі сондықтан. Абайдың шын аты - Ибрахим; кейінен шешесі еркелетіп «Абай» деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан; намаз, ораза, зекетсияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардын молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған. Сондай қожамолдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның ішіндегі Абайды Ғабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3 - 4 жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде «мүтәкәллимин» аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүниетану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның өкім болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға еліктеп қысқыша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ бола алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған, тек дінмен шұғылданып, мекеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел басқару істеріне келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп, Абайды 13 жасында оқудан шығарып, қасына алады.
Жастайынан ел басқару іске араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертегішілері, тақпақшылары, күлдіргішілері, әнші - күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Өздері ұтымды, билік шешімдері тұжырымды болады. Ел ішінде осындай өнерімен танылған Абай 70 жылдардың бас кезінде Тобықты руындағы Қоңыр көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады. Абай елді меңгеріп алған кезде, Құнанбай біртіндеп кеп ел сөзінен шыққан. Сонымен 72 жасында қажыға барып, қажыдан қайтып келген соң 8-9 жылдан кейін қайтыс болады. Абай әкесі Құнанбайдың 41 жасында туған. Ақынның өз шешесі - Ұлжан. Ұлжан сабырлы мінезді кісі болған. Абай - балалық шағын сөз қылғанда өз шешесіне қатты ырза болып, Айғызға іші ренжіңкірейді екен. Анау күндестікті көп сыртқа шығарып, білдірмесе де, Айғыз сол жағынан белгі бергіш болса керек. Бұнысы - өзгемен бірге көп қатынды семьяның зәрін татып өскендігін де сездіреді. Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы әбден болған. Анда-санда әлдеқалай айтып қалған сөздері қалжың болып, ел есінде ұмытылмай сақталып қалған. Ұлжан да өлерінде қалжың айтқан. Тонтай өлерінде маңайына жиылып келіп отырған қожа-молдаларға қарап: "жазыла, жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас" деп айтты деген сөз, екінің бірі білетін мәтел сөз сияқты болып кеткен. Құнанбай жанның бәріне суық болған қалпында, өзінің балаларына да қатты, зілді болған. Сол қаталдық, зілін, ауыр өмір бұйрығын жас шағында еріксіз орындап, Абай да әке мінезінің ауыртпалығын көп көреді, басынан көп кешеді. Ал Ұлжан мінезді адам болғандықтан орайы келгенде, өзінің бала, бауыр, қайын сияқтыларына мысқыл әзілді айта береді екен. Қалжыңмен жауаптасуды Абайға бала күнінен өзі де еккен сияқты. Осының бір мысалы: Абайды сүндетке 8-9-ға ілініп, ересек болып қалғанда отырғызса керек. Сонда Абай қашып жылап "құдай, бүйткенше қыз қып жаратпаған екенсің!" депті. Ұлжан соған: "Балам-ау, қыз болсаң бала таппас па ең, содан қиын боп па", - дейді. Абай: "Ә, онысы тағы бар ма еді!" - деп қуанады екен.

Абайдың жас күнінен бізге жеткен өлеңдері жоққа тән. Тіпті азғана. Сондықтан бұл туралы ақынның өмірбаянының ішінде ұзақ сөйлеуге орын аздау. Бірен-саран пікір болса ақындық жәйін тексерген мақалада айтылады. Абайдың нағыз ақындық белгісін беріп, өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң басталады. Ол кездегі Абай арабшыламақ, парсышыламақты теріс нәрсе деп түсінген. Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы "Приходский школге" түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ, мұндағы оқуы ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Үш жылмен мұсылманша оқуы доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл сезімі ашыла бастаған, өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады. Екі-үш жылдай қырдан гөрі тәуірірек үлгі беретін қал ада болғанда, ақын болатын баланың алған жалғыз ғана нәрлі азығы: Шығыс ақындарын тану, солардың сөздерін ынтасы ауып сүйіп, көксеу болады. Осындай дүние есігін енді ғана ашқалы жаңа ғана саңылау көріп келе жатқан уақытта, Абай, аздаған біліммен үлкен кісінің өміріне кіріседі. Оқу, білім, кітап тәрбиесі сияқты нәрселер осы қалғаннан көп уақытқа шейін бұйырмаған ас сияқты болып, Абайдан алыста қалады. 13 жасқа толғанда әкесі Құнанбай ел билеу жұмысына өзіне серік қылмақ болып, жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. Баласын оқудан ерте шығарып алуына себеп болған нәрсе: ел жұмысында өзіне серік болатын іні-баланың Абайдан қолайлысы болмағандығы. Бала болса да сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал, қатты сыншы болған Құнанбай, Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген деуге болды. Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананы айқындай бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне, барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы, пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. «Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап», дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын», - деп түйіндейді. «Қырық екінші сөзде» Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады. Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен дейді. Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып, тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі ашылатынын айтты. «Орысша оқу керек, тек хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, білімін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін дүниенің тілін біледі, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік даулығысына кіреді… Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - дейді Абай «Жиырма бесінші сөзінде».

№2 Абайдың шығармашылық өмірбаяны.

Абайды тану - жалпы қазақ әдебиетін тану тәрізді әлі жас ғылым. Оның жетіскен шама-шарқымен қатар, әлі олқылығы, кемшілігі де көп. Бірақ бұл үрдіс өсіп келе жатқан және қазақ әдебиетінің өзге тарауларын тануымыздан көрі өнімдірек өскелеңдеп келе жатқан ғылым тарауы екенін де жұртшылық біледі. Екі сала мәселе бар: біреуі - Абайдың өзінің мұрасы (даулы, таласты мәселелермен қоса) жайында; екіншісі - сол Абай мұрасы туралы істелген еңбектер жайында. Абайдың өз мұрасы тұтас алғанда, бұрынғы мен бүгінгі пікір айтушылардың бәрінің тегіс келісетін басы ашық бір мәселесі бар. Ол: Абайдың қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі, тарихындағы үлкен орнын қадірлеп, бағалауда. Өз мұрасы турасында, Абай жайында жолдас Сталиннің Пушкин туралы айтқан ғылымдық қорытынды пікірлерін қолданамыз. Абай да, Пушкин сияқты, өз еңбектерінде танытқан қазақ тілінің структурасы, грамматикалық құрылысы және негізгі сөздік қор (фонд) жөнінде бізге қазақтың бүгінгі сөйлеп жүрген әдебиеттік тілінің қалпынан көп айырмасы жоқ із қалдырады. Яғни жеке сөздігінен бұл күнде айтылмай қалып қойған, ескірген мысалдар болса да, Абай халықтың тілін өз тұсындағы үстем тап санашылдары қолданған, діншіл кертартпа топтар жаргонға айналдырып бара жатқан тілден тазартуға тырысады. Горькийдің Пушкин турасында айтқандай, қазақтың халық тілі әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай пайдалану дұрыс болатынын көрсетті. Пушкиннен соңғы орыстың тілі - әдебиеттенген халықтың тілі болғандай, Абайдан соңғы қазақтың тілі де - әдебиеттенген халықтың тілі бола бастады. Бірақ бұған қарап біз Абайды толы мағынасында Пушкинмен тең, сонымен бастас орында тұр деп айта алмаймыз. Пушкин әдебиеттің бар жанрында жазды. Абай аз жазды және азғана "қара сөзін" айтпасақ, негізінде әдебиеттік бір ғана жанрда жазды. Оның үстіне, Абай тұсындағы қазақ қауымы Пушкин тұсындағы орыс қауымының мәдениетінен төмен күйде еді. Қазақ ортасына жазу-сызу өнері де жаңа ғана кіріп келе жатқан шақ болатын. Сондықтан Абайдың біздің мәдениет тарихымызға көп еңбек сіңіргенін тани отыра, оны Пушкинмен шендес, теңдес деп ешкім таласпайды. Енді Абайдан қалған мұраның даулы - даусыз, күдікті - күдіксіз жайларына оралайық. Жақында, "Лениншіл жас газеттің 7-санында филология ғылымының кандидаты жолдас С. Нұрышевтің "Абай ақындығының алғашқы кезеңі туралы" деген мақаласы басылды. Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А. Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы 1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады» [13, 6-б. ] , - деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын баса көрсету бар. М. Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ. Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай, Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырылды [14] . Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен Қ. Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды. Қ. Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қ. Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері» [15] деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай мұрагерлері» [16] атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М. Әуезов болып, әсіресе, Абайдың өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да мейілінше қамтуға тырысты. Өткен ғасырдың 40-80 жылдар аралығында Абай ортасы, айналасына қатысты мәселелер негізінен ақынның дәстүрін жалғастырушы шәкірттері жайына болып, бұл тақырып төңірегінде Ә. Жиреншин [17], Б. Кенжебаев [18], Қ. Жұмалиев [19], А. Нұрқатов [20], М. Бөжеев [21], Ш. Сәтбаева [22] сынды ғалымдар пікір білдіріп, ғылыми еңбектерінде сөз етті. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде негізінен сол кездегі сыннан аман қалған Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия, сондай-ақ, Ә. Тәңірбергенұлы, Т. Жомартбайұлы, Б. Айтқожаұлы сынды ақындардың кеңестік көзқарастар қалыбына сыятын шығармаларын ғана зерттеуге мүмкіндік алды. Осы арада ескеретін бір мәселе, саяси қысымға қарамастан, тиым салынған тақырыптарға қалам сілтеп, өткір ой айтқан, ғылыми пікір түзген зерттеушілерге бүгінгі таңда ерекше құрметпен қараған абзал. Абайдың ақын шәкірттеріне араша түсіп, жанкешті қадамдарға барған М. Әуезов пен Қ. Мұхамедханұлы ғана емес-тін. Абай шәкірттерінің ішінде «социалистік» қоғамға ерекше үрей әкелген Шәкәрім есіміне қатысты бірер деректі алға тартсақ, С. Сейфуллин, Б. Кенжебаев, М. Базарбаев, Ы. Дүйсенбаев, С. Қирабаев сынды әр кезеңдегі ұлтжанды ғалымдардың батыл қадамдарына назар аударған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Абайтануға кіріспе
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Әуезов және Абай
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz