Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы



«Кемеңгерлер мен көлеңкелер» пьесасында характерлар тартысы- жұмбақ әрекеттер арқылы ашылады. Мұхтар, Сәбит, Ғабит - өмiрде болған тұлғалы бейнелер болғандықтан, кез-келген драмашы бара бермейтiн тақырыпты Сәкен Жүнiсов көркемдiк шеберлiгiмен көтерiп, жоғары алып шыққанына көз жеткiздiк. Пьесада тартыс пен характер - алдарына қойған, бiр кездерi пендешiлiкке барысқан, абырой атақтары үшiн күресi арқылы ашылады.
Сонымен қатар С.Жүнiсов кейiпкерiн шығарма барысында бiр-екi жерде ғана сирек көрсетiп те характерларын бере алады. ”Қызым, саған айтамындағы” қарапайым әкелi-балалы Жәкуда мен Шарипа монологтары - өз байламдарын айта алатын адал жандар екенiнен хабар бередi. Сол iшкi ой-толғақтары-олардың мiнездерiн ашады.
«Жаралы гүлдер» пьесасы 1941–1945 жылдар аралығындағы соғыс кезiндегi тұрмыстың ауыртпашылығын тартқан жасөспiрiмдердiң қилы тұрмысынан сол уақыттың жалпы тынысын, тiршiлiгiн беретiн драмалық туынды болып шыққан.
«Абылай хан» киносценарийi - қазақтың айбынды ханы туралы алғашқы туынды бола тұра кейбiр кемшiлiк тұстарына қарамастан, ұлттық кинодраматургия жанрынан алатын орны бар туынды. С. Жүнiсов сценарийдi режиссер қызметiне ыңғайлап, оқиғасын Абылай хан төңiрегiне жинақтап, композициясы, көркемдiк шарттары кино жанры табиғатына толық жауап бере алатын шығарма тудырған. Жанр-француз тілінен аударғанда- түр ал латын тілінен аударғанда-тек деген мағынаны білдіреді. Жанр- өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшеліктеріне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды.Мысалы: музыкадағы «ән», «күй», «романс», «симфония», т.б бейнелеу өнеріне тән «натюрморт», «пейзаж», «портрет», т.б әдебиетте «айтыс», «роман», «жыр» жанрларын атауға болады. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ Жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінеше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқараста біртекті емес. Драматургия, трагедия, комедия, драма сияқты тарихи қалыптасқан ірі үш түрі бар. Драматургиялық жанрлар іштей түрлерге бөлінеді. Мысалы: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, трагедия, мелодрама, трагикомедия, мюзикль, моралите т.б түрлері бар.
Думан Рамазанның «Кенесары- Күнімжан», «Абылай ханның арманы» , «Керей-Жәнібек» тарихи драмалары республикамыздың барлық театрларында сахналанып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген еді. Сонымен бірге Түркия астанасы Анкара мен Стамбұлда «Кенесары-Күнімжан» драмасы қойылған болатын.
1. Жарков А.Д. и др. Культурно-досуговая деятельность: теория, практика и методика научных исследовании: Учебное пособие:МГИК,1994.-112с
2. Жарков А.Д. Организация культурно-просветительной работы.- М.:Просвещение,1989.- 239с
3. Қабдолов З. Сөз өнері: Оқулық. – Алматы:Санат, 2002. – 360 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы.

Орындаған: Байғазина Ә.Ж. Қ-213
Тексерген : Құрмамбаева Қ.С.

Семей қаласы, 2015 жыл.

Кемеңгерлер мен көлеңкелер пьесасында характерлар тартысы- жұмбақ
әрекеттер арқылы ашылады. Мұхтар, Сәбит, Ғабит - өмiрде болған тұлғалы
бейнелер болғандықтан, кез-келген драмашы бара бермейтiн тақырыпты Сәкен
Жүнiсов көркемдiк шеберлiгiмен көтерiп, жоғары алып шыққанына көз
жеткiздiк. Пьесада тартыс пен характер - алдарына қойған, бiр кездерi
пендешiлiкке барысқан, абырой атақтары үшiн күресi арқылы ашылады.
Сонымен қатар С.Жүнiсов кейiпкерiн шығарма барысында бiр-екi жерде ғана
сирек көрсетiп те характерларын бере алады. ”Қызым, саған айтамындағы”
қарапайым әкелi-балалы Жәкуда мен Шарипа монологтары - өз байламдарын айта
алатын адал жандар екенiнен хабар бередi. Сол iшкi ой-толғақтары-олардың
мiнездерiн ашады.
Жаралы гүлдер пьесасы 1941–1945 жылдар аралығындағы соғыс кезiндегi
тұрмыстың ауыртпашылығын тартқан жасөспiрiмдердiң қилы тұрмысынан сол
уақыттың жалпы тынысын, тiршiлiгiн беретiн драмалық туынды болып шыққан.
Абылай хан киносценарийi - қазақтың айбынды ханы туралы алғашқы
туынды бола тұра кейбiр кемшiлiк тұстарына қарамастан, ұлттық
кинодраматургия жанрынан алатын орны бар туынды. С. Жүнiсов сценарийдi
режиссер қызметiне ыңғайлап, оқиғасын Абылай хан төңiрегiне жинақтап,
композициясы, көркемдiк шарттары кино жанры табиғатына толық жауап бере
алатын шығарма тудырған.  Жанр-француз тілінен аударғанда- түр ал  латын
тілінен аударғанда-тек деген мағынаны білдіреді. Жанр-  өнердің барлық
түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.Жанрлық жіктелім әрбір
өнер түрінің ерекшеліктеріне байланысты өзіндік жанрлық жүйе
құрайды.Мысалы: музыкадағы ән, күй, романс, симфония, т.б бейнелеу
өнеріне тән натюрморт, пейзаж, портрет, т.б әдебиетте айтыс,
роман, жыр жанрларын атауға болады. Солай бола тұрғанмен барлық өнер
түрі үшін ортақ Жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде
өзінеше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни  жанрға анықтама беру заңдылығы
көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқараста
біртекті емес. Драматургия, трагедия, комедия, драма сияқты тарихи
қалыптасқан ірі үш түрі бар. Драматургиялық жанрлар іштей түрлерге
бөлінеді. Мысалы: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс,
трагедия,  мелодрама, трагикомедия,  мюзикль, моралите т.б түрлері бар.
Думан Рамазанның Кенесары- Күнімжан, Абылай ханның арманы , Керей-
Жәнібек тарихи драмалары республикамыздың барлық театрларында сахналанып,
көрерменнің көзайымына айналып үлгерген еді. Сонымен бірге Түркия астанасы
Анкара  мен Стамбұлда Кенесары-Күнімжан драмасы қойылған болатын.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау да  Думан Рамазанның  Абылай
ханның арманы драмасын тамашалаумен басталған еді.  
Комедия - қоғамдағы келеңсiз, адам өмiрiндегi кереғар, жағымсыз
әрекеттердi көрсету, сынау үшiн және келешек ұрпақты осы қылықтардан сабақ
ала отырып сақтау үшiн күлкiлi, әрi адамзатқа салмақ салар жанр.

Комедия - бiрнеше тәсiлмен дамитыны белгiлi. Комедиялық шығарманың әр
элементi күлкi тудыратындай болуы шарт. Нағыз комедия кейiпкерлерiнiң
барлық табиғатына күлесiз.
Ғұлама А.Байтұрсынұлы: Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады;
қисыны қызық болса, күлдіргі тартыс деп аталады [76, 448],-десе,
В.Сахновский-Панкеев: ”Комедия–бақытты жанр. Комедияны барлығы да ұнатады.
Оның шын серігі-күлкі!” [77, 224],- деп, Н.Н.Киселев: “Комедия – это не
просто пьеса, содержащая элементы смешного, это драматическое пройзведение,
в котором комическое выступает доминирующим эстетическим качеством, когда и
содержание конфликта, и способ его воплощения, и образы главных героеев
комичны [78, 9]. Комедияның жалпы табиғатына байланысты әлем, батыс және
орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерi бар [79].
Ал, қазақ ұлттық драматургиясында комедия алғашқы кезеңде М.Әуезовтың,
Б.Майлиннiң Ж.Шаниннiң күлкi жанрына арналған шығармаларында көрiнiс болды.
Cовет заманында қазақ комедиясы шектеулi қалыпта дами түстi. 
Қазақ комедиясын арнайы қарастырған С.Ордалиевтiң “Сөз зергерi” [1970],
“Қазақ драматургиясының очеркi” [1964], Р.Рүстембекованың “Бейiмбет
Майлиннiң драматургиясы” [1969], “Қазақ совет комедиясы” [1970],
Р.Нұрғалидің Айдын [1985], Драма өнері [2001], Ж.Әбілевтің Қазақ
комедиясы [2000] атты монографиялары дүниеге келдi. Ә.Тәжiбаев докторлық
диссертациясында” [80] қазақ комедиясының алғашқы нұсқаларын, ауыз
әдебиетiмен байланысын атап өтсе, Р.Нұрғалиев докторлық диссертациясында
[81] комедия жанрына арнайы тоқталып, сараптап: сатиралық комедия және
лирикалық комедия деп ұлттық ерекшелiк ыңғайына лайықтап, қорытындыға
келсе, Ж.Әбiлов кандидаттық диссертациясында комедиядағы ұлттық ой-сана мен
мәңгүрттiк проблемасын, ал докторлық диссертациясында [82] қазақ комедия
жанрында комедияның халықтық, фольклорлық жағына баса назар аударған.
Комедия жанрының шарттарына жауап бере алатын алғашқы қазақ
комедиографтары: Б.Майлин, Ж.Шаниндер ертеректе ел арасына тараған әзiлге,
қулық, күлкiге бөленген әңгiмелердiң желiсiн алып, өңдеп, жандандырып,
тамаша сахналық туындылар тудыра бiлдi. Авторлары ауыл арасында жүрiп,
кейiпкерлерi де елмен қоян-қолтық араласа отырып, өз шығармаларын қойғанда,
бұндай өнердi дала, қыр қазағы көре қоймағандықтан, әрi өздерi таңның
атысы, күннiң батысы сауықшыл қазақ ауылдары жаппай тамашалап, әрі демеп
отырған.
Шетелдiң ғылыми еңбектерiнде комедия жанрының бiрнеше атауы айтылып,
қарастырылады. Орыс әдебиеттанушы ғалымдарының өзiнде комедия жанрының сан
түрлерi бар. Мысалы; С.Наровчатов шартты түрде:“сатирические, лирические,
иронические, сентиментальные, романтические” [83, 248],- деп бөледi. 

Р.Нұрғалиев: ”Шығармада комедиялық мазмұн, комедиялық характерлер, типтер,
персонаждар, комедиялық тартыстар, комедиялық жағдайлар, комедиялық
көркемдiк құралдар түгел сай келгенде, туынды нағыз комедия болмақ: Көп
жағдайда комедиялық сюжет шындық пен қиял, мақсат пен iс, сөз бен әрекет
арасындағы алшақтықтан туатын неше түрлi ситуациялардан жасалады. Ал, бүкiл
оқиғаның қозғаушы күшi – комедиялық мiнез иесiнiң iс-әрекетi, оның қолдан
келмес шаруаға ұмтылуы, яки күнi өткен, ендi қажетсiз, құнсыз мақсатты
қууы, болмаса өз бойында жоқ, табиғатына жараспас қылықтармен көрiнуi” [84,
185],-дейдi ғалым. Табиғатымызға, шығарма құрылысына сәйкес комедия
жанрының екi түрiн атайды: 1) сатиралық комедия және 2) лирикалық комедия. 
Жанрдың тууын, қалыптасуын, нығаюы туралы Р.Рүстембекова: “Б.Майлин
драмалық шығармаларында өзiне берiлген жалғыз құрал - диалог арқылы
комизмдi бере бiлгендiгiн аңғарамыз. Ол комизм жазушының юморға
шеберлiгiнен туып жатады” [85, 117], -дейдi. 
Б. Майлин–күлкiнiң шеберi. Б.Майлин комедиялары бiр актiлi және көп
актiлi болып екiге бөлiнедi. Комедия – Б.Майлин шығармашылығының басым
бөлiгi. Себебi, автор ғасыр басындағы тұрмысы төмен, қараңғылығы басым
қазақ ауылдарындағы, елдiң жаппай сауаттану кезiндегi күлкiлi элементтердiң
негiзiнде болашақ шығармасына өмiрлiк басты желi ете алған. Әсiресе, қулығы
басым молдасымақтардың айласы немесе “сауаттылықты жою” кезiндегi мұғалiм
алдына әйелдерiн бергiсi келмейтiн ауылдың аңқау еркектерiнiң қылықтары,
бозбала мен бойжеткендер арасындағы күлкiлi эпизодтар т.б. iс-әрекеттерден
тамаша сахналық туынды шығара бiлген. Бiр ескерерлiк Б.Майлиннiң алдында
қазақ драматургиясы тарихында үлгi аларлық дәл сондай деген сахналық
өнердiң болмағанына қарамай, туа бiткен талантына сүйенiп,классикалық
дүниелердi мұраға қалдырды.
Октябрь революциясына дейiн өз алдына кiтап болып басылған К.Тоғысовтың
“Надандық құрбаны” (1915) атты пьесалар жинағынан басқа кiтап болмады.
“Комедия - күлкiге не сынға құрылатыны белгiлi. Сталин дәуiрiнде
комедия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ драматургиясының жанрлары
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Комедия. Драмадағы тарихи тұлға
Драмалық шығармалар оқыту
Драма мен театр байланысы
Пәндер