Центрифугалар



І Кіріспе
Центрифуга туралы жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Центрифуга құбылысының физикалық негіздері
2. Центрифуганың құрылысы
3. Центрифугада кездесетін ақаулықтардың алдын алу жолдары
4. Центрифугаларды есептеуде қолданылатын формулалар
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Центрифуга (центр және fuga — жүгіру, жүгіріс), әртекті жүйені (мысалы, суспензияны) центрден тепкіш күшті пайдалану арқылы жіктеуге арналған қондырғы. Центрифуганың негізгі бөлігі ротор болып саналады. Ол роторда тесіктер болады да, оған сұйығы бар пробиркалар орналастырылады. Центрифуганың жұмысын түсіну үшін көрсетілген пробирканы алайық. Осы пробирканы ОО1 осімен айналдырғанда центрден тепкіш күштің әсерінен пробирка горизонталь орналасады. Бұрыштық жылдамдығы 60000 айн/мин тең болатын роторларда үдеу 104—105 g-re дейін жетеді. Осы центрге тартқыш күштің әсерінен пробиркадағы тығыздығы әр түрлі суспензиялар компоненттерге жіктеледі. Басқаша айтқанда, центрге тартқыш күштің әсерінен тығыздығы көбірек бөлшектер пробирканың түбіне жиналады да, тығыздығы азырақ бөлшектер үстіңгі жағында орналасады.
Центрифигурлеу деп сұйықтық үшін тұтас немесе өткізгіш қалқаларды қолданып, ортадан тепкіш күштер өрісінде біртексіз жүйелерді (эмульсия және суспензия) бөлу процесі түсініледі. Центрифигурлеу процестері центрифуга деп аталатын машиналарда жүргізіледі.
Центрифуга тұтас немесе перфорацияланған бүйір қабырғалары бар қарапайым түрдегі тік цилиндр ротор болып келеді. Ротор электрқозғалтқышпен айналысқа келтірілетін тік білікке бекітіледі және алынбалы қақпақпен жабылатын осьтес цилиндр қозғалмайтын қаптамаға орналастырылады; перфорацияланған қабырғалары бар ротордың ішкі бетінде сүзгіш мата немесе жұқа металл тор орналасқан.
Ортадан тепкіш күштер әсерінен суспензия тұнбаларға және фугат деп аталатын сұйық фазаға бөлінеді. Тұнба роторда қалады, ал сұйық фаза одан шығарылады.
Тұтас қабырғалы тұндыру центрифугаларында тұндыру принципі бойынша суспензияны және эмульсияны бөлу жүреді, бұл кезде ауыр күші ортадан тепкіш күштермен алмастырылады.
Өткізгіш қабырғалы сүзгілеу центрифугасында сүзгілеу принципі бойынша суспензияны бөлу жүзеге асырылады, бұл кезде қысымдар айырмасының орнына ортадан тепкіш күштер қолданылады.
Тұндыру центрифугасында бөлінетін суспензия немесе эмульсия ортадан тепкіш күштермен ротор қабырғасына лақтырылады, тығыздығы жоғары сұйық және қатты фаза ротор қабырғасына жақын орналасады, ал тығыздығы төмен басқа фаза оның осіне жақын орналасады; тұнбалар (немесе тығыздығы жоғары фаза) ротор қабырғаларында қабат түзеді, ал фугат ротордың жоғарғы шеті арқылы ағызылады.
Қалыпты центрифугалар қатты фаза концентрациясы өте төмен суспензиялардан басқа әртүрлі суспензияларды бөлу үшін, сонымен қатар даналы материалдардан ылғалды кетіру үшін қолданылады. Көлемді центрифугалар эмульсияларды және ұсақ дисперсті суспензияларды бөлуге арналған.
1. Интернет желісі: kz.wikipedia.org/wiki/Центрифуга
i. tolkslovar.ru/
2. Тілегенов Ш. «Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары»-А., 1999
3. Сурков В.Д. и др. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М.: Легкая и пищевая промышленность, 1983. – 428 с

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
"Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары" кафедрасы

CӨЖ
Пәні: ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ 2
Тақырыбы: Центрифугалар

Жетекшісі: Касенов А.Л.
Студент: Бекболатов Қ.Б.
Тобы:ТО-207

2015ж

Жоспар

І Кіріспе
Центрифуга туралы жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Центрифуга құбылысының физикалық негіздері
2. Центрифуганың құрылысы
3. Центрифугада кездесетін ақаулықтардың алдын алу жолдары
4. Центрифугаларды есептеуде қолданылатын формулалар
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Центрифуга (центр және fuga -- жүгіру, жүгіріс), әртекті жүйені (мысалы, суспензияны) центрден тепкіш күшті пайдалану арқылы жіктеуге арналған қондырғы. Центрифуганың негізгі бөлігі ротор болып саналады. Ол роторда тесіктер болады да, оған сұйығы бар пробиркалар орналастырылады. Центрифуганың жұмысын түсіну үшін көрсетілген пробирканы алайық. Осы пробирканы ОО1 осімен айналдырғанда центрден тепкіш күштің әсерінен пробирка горизонталь орналасады. Бұрыштық жылдамдығы 60000 айнмин тең болатын роторларда үдеу 104 -- 105 g-re дейін жетеді. Осы центрге тартқыш күштің әсерінен пробиркадағы тығыздығы әр түрлі суспензиялар компоненттерге жіктеледі. Басқаша айтқанда, центрге тартқыш күштің әсерінен тығыздығы көбірек бөлшектер пробирканың түбіне жиналады да, тығыздығы азырақ бөлшектер үстіңгі жағында орналасады.
Центрифигурлеу деп сұйықтық үшін тұтас немесе өткізгіш қалқаларды қолданып, ортадан тепкіш күштер өрісінде біртексіз жүйелерді (эмульсия және суспензия) бөлу процесі түсініледі. Центрифигурлеу процестері центрифуга деп аталатын машиналарда жүргізіледі.
Центрифуга тұтас немесе перфорацияланған бүйір қабырғалары бар қарапайым түрдегі тік цилиндр ротор болып келеді. Ротор электрқозғалтқышпен айналысқа келтірілетін тік білікке бекітіледі және алынбалы қақпақпен жабылатын осьтес цилиндр қозғалмайтын қаптамаға орналастырылады; перфорацияланған қабырғалары бар ротордың ішкі бетінде сүзгіш мата немесе жұқа металл тор орналасқан.
Ортадан тепкіш күштер әсерінен суспензия тұнбаларға және фугат деп аталатын сұйық фазаға бөлінеді. Тұнба роторда қалады, ал сұйық фаза одан шығарылады.
Тұтас қабырғалы тұндыру центрифугаларында тұндыру принципі бойынша суспензияны және эмульсияны бөлу жүреді, бұл кезде ауыр күші ортадан тепкіш күштермен алмастырылады.
Өткізгіш қабырғалы сүзгілеу центрифугасында сүзгілеу принципі бойынша суспензияны бөлу жүзеге асырылады, бұл кезде қысымдар айырмасының орнына ортадан тепкіш күштер қолданылады.
Тұндыру центрифугасында бөлінетін суспензия немесе эмульсия ортадан тепкіш күштермен ротор қабырғасына лақтырылады, тығыздығы жоғары сұйық және қатты фаза ротор қабырғасына жақын орналасады, ал тығыздығы төмен басқа фаза оның осіне жақын орналасады; тұнбалар (немесе тығыздығы жоғары фаза) ротор қабырғаларында қабат түзеді, ал фугат ротордың жоғарғы шеті арқылы ағызылады.
Қалыпты центрифугалар қатты фаза концентрациясы өте төмен суспензиялардан басқа әртүрлі суспензияларды бөлу үшін, сонымен қатар даналы материалдардан ылғалды кетіру үшін қолданылады. Көлемді центрифугалар эмульсияларды және ұсақ дисперсті суспензияларды бөлуге арналған.
Қалыпты центрифугалар тұндыру және сүзгілеу центрифугалары болып келеді. Көлемді центрифугалар тұндыру типті аппараттар болып табылады және ұсақ дисперсті суспензияларды бөлуге арналған түтікті көлемді центрифугалар және эмульсияларды бөлуге арналған сұйықтық сепараторлары болып бөлінеді.
Сүзгілеу центрифугасында бөлінетін суспензия да ротор қабырғасына лақтырылады және фазалар бөлінеді; бұл кезде сұйық фаза сүзгіш қалқа арқылы қаптамаға өтеді және одан шығарылады, ал қатты фаза тұнба түрінде осы қалқаның ішкі жағында ұсталады, сосын ротордан шығарылады.
Осылай центрифигурлеудің жалпы заңдылықтары тұндыру және сүзгілеу заңдылықтарына ұқсас болып келеді. Бірақ тұндыру және сүзгілеу центрифугаларындағы процестер тұндырғыштар мен сүзгіштердегі процестерге қарағанда күрделірек. Бұл центрифугаларда ауырлық күші мен қысым айырмасы орнына үлкен мәндерге дейін жететін ортадан тепкіш күш әсер ететінімен, ал сұйықтық пен тұнбаның жазық қабаттарының орнына процестің геометриялық факторлардан тәуелділікті қиындататын цилиндр шеткі беттермен қабаттар түзілетіндігімен түсіндіріледі.
Тұндыру центрифугаларында эмульсияларды бөлу әдетте сепарация деп, ал осы процесс жүргізілетін құрылғылар сепараторлар деп аталады. Мұндай процестің мысалы ретінде сүттен қаймақты бөлуді айтуға болады.
Тұндыру центрифугаларында суспензияны бөлу кезінде ортадан тепкіш жарықтандыру және ортадан тепкіш тұндыру процестері бөлінеді. Бірінші жағдайда сұйықтықтан онда аз мөлшерде болатын қатты қоспалар жойылады, мысалы, лактарды және майлағыш майларды жарықтандыру кезінде. Екінші жағдайда көп мөлшерде қатты фазадан тұратын суспензия бөлінеді, мысалы, көмірдің судағы суспензиясы.
Сүзгілеу центрифугаларында суспензияларды бөлу ортадан тепкіш сүзгілеу деп аталады. Мұндай процестің мысалы болып нитрозофенолдан күңгірт ерітінді бөлу табылады. Сүзгіштерде суспензияны бөлу процестеріне ұқсас сүзгілеу центрифугаларында тұнбалар түзумен сүзгілеу, шаю және ылғалды азайту мақсатында оны сығу операциялары біртіндеп орындалуы мүмкін.
Центрифугалау процестері периодты түрде немесе үздіксіз жүруі мүмкін.
Центрифугалау заңдылықтарының күрделілігіне және практикада қолданылатын центрифугалар конструкцияларының әртүрлілігіне байланысты оны есептеудің нақты тәсілдерінің және процестерінің теориясын жасау қиынға соғады. Центрифугалау процесін есептеу үшін сенімдірек мәліметтерді конструкциялық жағынан есептелетін центрифугаға жақын келетін үлкен емес центрифугада сәйкес суспензияны немесе эмульсияны бөлу бойынша тәжірибелер жүргізу арқылы алуға болады.

Центрифугалар құрылысы

Центрифугаларды бөлу факторының мәні бойынша екі топқа бөлуге болады: қалыпты центрифугалар (Кр3500) және көлемді центрифугалар (Кр3500).
Центрифугалар типінің маңызды белгісі болып тұнбаларды олардан алу тәсілі табылады. Тұнбаларды түсіру қолмен, ілгері-кейінді қозғалатын поршеньдер мен шнектер, пышақтар немесе қырғыштар көмегімен, сонымен қатар ауырлық күші және ортадан тепкіш күш әсерімен жүргізіледі.
Айналу осінің орналасуы бойынша тік, көлбеу және көлденең центрифугалар болып бөлінеді. Тік центрифуга роторының білігінің тірегі төменде болады немесе жоғарыдан ілініп тұрады.
Центрифуганың негізгі бөлігі -- ротор. Ол қаңқадан 8 және кақпақтан 5 құрастырылған (129-сурет). Бұлардың герметикалық жабылуы резина сақинамен қамтамасыз етіледі. Ротор осьте 6 ай-налады. Май осьтегі бұрғыланып жасалған тесік арқылы роторға келеді, ол одан түтікшемен 9 әкетіледі.
Құрастырылып жинақталған ротор дәл төңкерілген, қаңқа мен кақпақтың өзара дұрыс орналасуы сызықшалармен белгіленген. Құрастырып жинақтағанда осы белгілерді басшылыққа алу керек.
Екі форсункадан 3 роторға айналыс беретін май ағыны шығады. Май қайтарғыш 4 пен тор 7 ротордың қабырғасындағы тұнбалардың май ағынымен шайылып кетуінен қорғайды.
Насос май жинауышымен картердің түбінен май сорып, оны түтіктер мен ротордағы бұрғыланып жасалған тесікке айдамалайды. Осы майдың роторда (форсункалар арқылы) айналдыруға жұмсалатын шағын бөлігі картердің түбіне ағады. Келетін майдың көпшіліқ бөлігі тазартылып, түтік 9 бойымен ауыстырып-қосқышқа жіберіледі.
Центрифуга корпусында стрелка, ал ауыстырып қоскышта -- Л (жазда пайдалану) және 3 (кыста пайдалану) әріптері бар. Егер стрелка Л әрпімен дәлдестіріп қойылса, онда май радиаторға, одан двигательдің бас магистраліне жіберіледі. 3 әрпін стрелкамен дәл-дестіргенде радиатор жұмысын тоқтатып, май бірден двигательдің магистралына ағады.
Жылдың суық мезгілінде двигательді жүргізгенде өткізу клапаны іске қосылады -- ол майды сүзгіге соқтырмай-ақ бас магистральға өткізіп жібереді. Өткізу клапаны 3 -- 4,5 кгксм2 (300-450 кПа) қысымға реттелген.
Ағызу клапаны артық майды картердің түбіне ағызып жіберу арқылы бас магистральда қалыпты қысым жасайды. Ол 2,5-3,5 кгксм2 (250 -- 350 кПа) қысымға реттелген.

Толық ағынды центрифугада май ротордың айналуынан туатын центрден тепкіш күштердің әсерімен тазартылады, ал ротордың тез айналуы үлкен қысыммен ағып шығатын екі май ағынының реакциясы нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ротормен бірге оған құйылған лас май да айналады. Майға араласқан механикалық қоспалардың тығыздығы майдың тығыздығынан жоғары. Сондықтан центрден тепкіш күш әсерінен қоспалар ротордың қабырғаларына жинақталып, тығыз тұнбаға айналады, оны тазартқыштың роторынан ауық-ауық алып тастап отырады. Ротордың орталық бөлігінде тазартылған май жинақталады.
Детальдар мен механизмдерді майлау. Май бас магистральдан каналдар бойынша иінді біліктің түпкі подшипниктерінің астарла-рына ағып барады. Бұдан ол каналдар бойынша иінді біліктің қуысына құйылады ол жерде тазартылады. Тазартылған май ша- тундық подшипниктерге барады. Май таратқыш біліктің подшипниктеріне блок-картердің көлденең бөлгіш қабырғаларындағы каналдармен барады.
Май таратқыш біліктің мойнындағы канал және басқа бірқатар каналдар арқылы клапандар күйентелерінін, осьтеріне барады. Май ағыны бұл жерде толықсып отырады. Осьтерде күйентелерді, штангаларды және клапандарды майлайтын май шығатын тесіктер бар. Осы майдың бір бөлігі итергіштерді майлайды және тесік арқылы таратқыш біліктід жұдырықшаларына ағып барады.
Май каналмен аралық шестерняның саусағына апарылады. Май осы шестерняның саңылауынан шығып таратқыш шестерняны майлайды. Бұл шестерня таратқыш біліктің алдыңғы подшип-нигінен келетін және май насосыньщ жетектеуіш шестерня шашы-рататын маймен майланады.
Поршеньдер, поршеньдік сақиналар, гильзалар, саусақтар және шатундар жоғарғы бастары түпкі және шатундық подшипниктерден шығатын маймен майланады әрі двигатель жұмыс істеген кезде оған картерден май шашырайды. Май поршеньдік саусаққа шатунның жоғары басы мен поршеньнің бобышкасындағы тесіктер арқылы барады.
Май отын насосының бекіту фланеціне шестернялар картердегі түтікше мен канал арқылы беріледі.
Генератордың, стартердің, іліністің және су насосының под-шипниктері бөлек майланады.
Техникалық қызмет көрсету. Әдетте двигатель картеріндегі май 240 сағат жұмыстан соң ауыстырылады, мүнымен бір мезгілде сүзгі мен сапун жуылады. Егер двигатель жуық арада жөнделген немесе поршеньдік сақиналар тозған болса, майды жиі-жиі алмастырады.
Жұмыс істеуге пайдаланылған май двигатель тоқтаған соң ағы-зылып жіберіледі. Жаңа май құярда таза ыдыс және торлы май құйғыш (воронка) пайдалану керек.
Картердегі майдың деңгейін күнде тексереді және қажет бол-ғанда май өлшеуіштің жоғарғы белгісіне дейін май құяды. Май деңгейін двигатель тоқтап тұрған кезде немесе оның тоқталуынан 20 минут өткен соң тексереді. Егер майдың деңгейі белгіден төмен болса, онда двигательді жұмыс істетуге тыйым салынады.
960 сағат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Центрифугалауға арналған аппаратуралар
Сүзгіш центрифугалар
Тұндыру центрифугаларының қолданылуы
Мезгілді әрекетті тұндырғыш центрифугасын есептеу
Процестер мен аппараттар курсының пәні
Газдарды сығу және алмастыру (Компрессорлы машиналар)
Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Изопикникті центрифугалау
Ақаба суларды тазартудың технологиялық схемалары
Пәндер