ИТБАЛЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Phocidae)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
ИТБАЛЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ (Phocidae)
Орындаған: Қалиасқарова Т
Тексерген:Тугамбаева С
Теніз қабыланы (Hydrurga leptonyx) денесі сүйір, суда үлкен жылдамдықтың дамуына себепкер болады. Басы ерекше жымырайған, бауырымен жорғалаушылар сияқты көрінеді. Алдыңғы жүзу қанаты күшті ұзарған, суда жылжуы оның күшті үйлесімді соққы көмегімен іске асады. Аталығының дене ұзындығы 3 м. жуық, салмағы 270 кг. жуық, аналығы - одан ірі, ұзындығы 4 м. дейін, салмағы 400 кг. жетеді. Денесінің жоғарғы бөлімінің реңі қоңыр-сұр, төменгісі - күмісті-ақ. Басында, бүйірлерінде сұр дақтар көрінеді. Олар жалғыздықта тіршілік етеді. Кейде, тек жастары ғана кішкене топтарға бірігеді. Қараша, ақпан айлары аралығында тек суда жұптасуы жүреді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 26 жылға жуық.
Уэдделла итбалығы (Leptonycnotes) Антарктида жағалауында тіршілік етеді. Бұл жануар денесінің ұзындығы 3 м. жетеді, салмағы 400 кг. құрады. Аталықтары көлемі жағынан аналықтарына жол береді. Олар 40 см. қысқа, салмағы 30 кг. аз. Терісінің реңі көбінесе сұрғылт-қоңырша болып келеді. Олардың ішінде тіпті қара түстілері, кейбір жерлері күмісті-сұр реңділер де кездеседі. Май қабатының қалыңдығы 10 см. аз болмайды. Бұл салқындудан сенімді қорғаныш - өйткені ол тәулік бойы аязда болады. Түлеу желтоқсан-ақпан айларында өтеді. Олар қыркүйек-қазан айларында көбейеді. Ұрғашылары тікелей мұзда туады. Аналығы бір ғана ұрпақ әкеледі.
Теңіз пілі (Mirounga) әлемдегі ескекаяқтылар өкілдерінің ең ірісі. Аталықтарының ұзындығы 6 м., салмағы 3-5 т жетеді. «Піл» аталуына өте үлкен көлемі, жуан денесі және танауындағы тері қабы, оның абыржу кезінде немесе некелік ұрысы кезеңінде ірі шарға өсуі себеп болған. Дене құрылымы өте үлкен, жуан, дене формасы біліктей, мойын буылтығы байқалмайды және қалың әжімдермен көикерілген, төсі үлкен. 2 түрі бар. Оңтүстік теңіз пілдері, ең ірі ескекаяқтылар. Оның дене ұзындығы Аталықтарының бетінің ұшында пілдің тұмсығы тәрізді 40 см-дей тері қапшығы бар. Олар ашуланып қозғанда қапшықтары 80 см дейін ұлғаяды. Жаңа туған итбалықтың ұзындығы 70- 80 см, түгі қара, 2 айдан соң сұрғылт-күміс түске ауысады; ересектерінің түсі ашық-қоңыр, қоңыр. Ареалы, жердің оңтүстік бөлігінің субантарктикалық және қоңыр-салқын сулары. Маусымдық миграциялау қасиеттері байқалады. Полигамдар. Жиекте құрлықта көбейеді. Аталықтың үйірінде 20 дейін ұрғашылар болады. Қорегі, басаяқты ұлулар мен балықтар. Негізгі мекендері Георгий аралының онтүстігімен, Макуории, Кергелен. 700 мыңдай бас бар. Аулауға тиым салынған. Солтүстік теңіз пілі оңтүстік түріне өте ұксас. Ол Мексика мен оңтүстік Калифорния жағалауларында таралған. Саны 20 мындай. Қорғауга алынған.
Монах итбалық (Monachus) - мына белгілер тән: бас сүйегі бет сүйегі доғасынан кең және біраз танау бөлімі кеңейген. Артқы қанаттарының біраз терең орталық оюы және кең шеткі қалақтары бар. Тырнақтары өте аз. Алдыңғы қалақтарының бірінші саусағы өте ұзын, басқалары бесіншісіне дейін біртіндеп кішірейе береді, тырнақтары жақсы дамыған, кең. Түк жамылғысы төмен, қатты және тегіс, денесіне тығыз жанасады. Мұртшалары тегіс, көлденеңінде сопақша. Арқасының реңі қоңыр-сұрдан қара-қоңырға дейін, құрсағында өте ақшыл болады. Өте жақсы дамыған әсіресе бұлшықеттері. Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.
Солтүстік теңіз мысығы (Callorninus ursinus) барынша көп денесінің ұзындығы 2, 2 м. жетеді, ал салмағы 320 кг. дейін. Тұлғасы созылыңқы, мойыны біршама қысқа, басы кішірек, ал аяқтары жалпыйған, қалақтарға айналған. Нағыз итбалықтарға қарағанда олар онша толық емес, құрлықта барлық 4 аяғына сүйеніп, жылжиды. Көздері үлкен, қоңыр, сұйықтық жауып кеткендей, алыстан көрмейді. Олардың естуі мен иіс сезуі жақсы дамыған. Дельфиндердей жаңғырық қармауға қабілетті. Үлбірі қысқа болғанымен, өте қалың, жоғары бағаланады. Реңі жиірек қоңыр, кейде тіпті қара. Көбеюі жазғытұры өтеді. Тек солтүстік түрлерінде ғана көктем мамыр-маусым айларында, ал оңтүстіктегілер-қарашада басталады.
Сивуч (Eumetopias jubatus) денесінің ұзындығы 260 см. жетеді, дене салмағы 350 кг. тең. Түк жамылғысының реңі жынысына, жасына және жыл мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Денесінің жоғарғы жағының реңі қара-қоңыр немесе қызғылтым, бүйірлері бағытында біртіндеп қоңырға ауысады, құрсағы бір тонды, қоңыр-сарғылт. Негізінде Тынық мұхит жағалауын қоныстанады.
Жас кезінде түсі қара қоңыр болады. Ал, үстінгі жағы керсінше қоңырдан қараға сұрға ауысып отырады.
Жолақ итбалық (Histriophoca fasciata) денесінің ұзындығы 155-165 см., салмағы шамамен 55 кг. жуық. Аталықтары аналықтарынан ірі болады. Денесі сымбатты, ұзынша келеді. Мойыны едеуір ұзын, мойынды ұстап қалуы жақсы байқалады. Мұртшаларының беті толқын тәрізді. Аталықта жақсы дамыған кеңірдекпен қосылған жұп ауа қабы болады. Ересек түрлері реңінің негізгі фоны қоңыр (аталықта қара, аналықта қоңырша), онда айқын 4 кең (5, 5-тен 15 см. дейін) ақ жолақтар байқалады. Оның біреуі мойынды қоршаса, екіншісі тұлғаны артқа қанаты негізінде орап алады, ал үшінші мен төртіншісі, симметриялы орналасқан, дене бойы ұзарған, алдыңғы қанаттар негізін қоршайды. Бұл жолақтар арасында құрылған қоңыр дақтар итбалық бүйірлерінде құстың жыйырылған қанатын еске салады, сондықтан ол «қанатты» атауына ие болды. Татар бұғазын, Охотск, Беринг, Чукот теңіздерін мекендейді. Олардың қоректенуінде аса елеулі мәнділік шаянтәрізді, ұлу және балықтарға беріледі. Жұптасу шілде-тамызда өтеді, ал наурыз-сәуірде аналықтар ұрпақтарын туады.
Аталықтарының жыныстық жетілуі жақсы дамыған. Жолақты итбалықтар балықтармен, рактармен, малюскалармен қоректенеді. Дернәсілдерін маусым тамыз айларында шашып, наурыз сәуір айларында балалрын туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz