Ауески (жалған құтыру) ауруын емдеуде және алдын алуда қолданылатын биопрепараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ауески ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар

Тексерген:Муратбаев. Д. М

Орындаған: Бахытова Г. Б.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ауески туралы жалпы сипаттама
  2. Емі. Алдын алу

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ауески ауруы (Morbus Aujeszky), жалған құтыру - мал індеті. Мұнымен, көбінесе, сиыр, шошқа, қой-ешкі ауырады. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы - герпес вирусы. Вирус мал қиында, жем-шөп құрамында 40 - 60 күн, ал тышқан өлекселерінде 185 күнге дейін сақталады. Биотермиялық өңдеуден өткен мал қиында вирус 8 - 15 күннің ішінде, формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерінде 5 - 20 минутта өледі. Індет негізінен ауру мал арқылы тарайды, әсіресе, оның маңқасы, зәрі өте қауіпті. Аурудан жазылған мал 2 - 3 жылға дейін вирус таратқыш болып қала береді. Табиғи жағдайда ауру залалданған жем-шөп, су, кеміргіштер арқылы тарайды.

http://zoologu.ru/images/stories/01/image011.jpg http://www.abyfish.ru/sites/default/files/Page/bolezn_aueski.jpg

Ауру алғашқы 5 - 10 күнде білінбейді, кейіннен малда жөтел пайда болып, пысқырады, аузы-мұрнынан маңқа ағады. Тыныс алуы қиындап, жұтқыншағы түйіледі, теңселіп бір орнында айнала бастайды. Денесі тырысады, басы желкесіне қарай тартылып кетеді. Ауру жылқы үркек келеді, қызуы 40С-қа жетіп, үсті қышиды, дірілдеп, кейде шойырылып қалады. Қой мен сиыр бұған қосымша қылғынып, жұтына алмайды, ауру 2 - 3 күнге созылады. Індетті белгілері бойынша қарап және бактериол. зерттеулермен анықтайды. Індетке шалдыққан малды бөлек бағады, мал қорасы залалсыздандырылады.

http://www.naotkorm.ru/images/bolezn-aueski.jpg http://allergiik.ru/wp-content/uploads/2014/12/43.jpg

Ауески ауруы анықталған шаруашылықты (ферма, бригада, аула, аң өсіретін орын) сол аурудан қолайсыз хабарланып карантин қойылады. Бір мезгілде ауруды жою шараларының жоспары бекітіледі.

Карантиннің шарты бойынша тиым салынады:
1) Ауески ауруына бейім жануарларды шаруашылыққа әкелуге және әкетуге, сонымен бірге шаруашылықтың (ферманың) және қоралардың іштерінде қайтадан топтастыруға;
2) шаруашылықтан терілерді, қой терілерін алдын-ала залалсыздандырусыз, сонымен қатар қолайсыз ферманың (бөлімшенің) аумағында дайындалған және сақталған жем, шырынды және көлемді азықтарды (шөп, сабан) шығаруға. Бұл азықтар сол жерде ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады;
3) шаруашылықтарда (фермаларда) жануарларды шағылыстыруға, оларды өлшеуге және асхананың қалдықтарын пайдалануға;
4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;

5) шошқаларды жеммен, шырынды азықтармен (сабаннан басқа), алдын ала қайнатпай азықтандыруға.

Ауески ауруынан қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде (елді мекен немесе жеке аула) :
1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткізеді және оларды іріктеп денелерінің температурасын өлшейді;
2) ауырған және ауруға күдікті жануарларды оқшаулайды және глобулинмен немесе Ауески ауруына қарсы сарысумен қолдану нұсқаушасына сәйкес емдейді. Сонымен қатар симптоматикалық заттарды, екінші инфекцияның дамуын ескерту үшін Қазақстан Республикасында тіркелген антибиотиктерді және басқа дәрілік препараттарды қолданады;
клиникалық сау жануарларды Ауески ауруына қарсы вакцинамен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді;
3) мал қораларын және күту заттарын мұқият тазартып және ауық-ауық залалсыздандырады, әрі қарай карантинді алу алдында қорытынды залалсыздандырады;
4) өндірістік және мал үй-жайларында кеміргіштерді жою бойынша және қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5) қоралардан көң мен төсенішті күнделікті биотермиялық залалсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Көңді немесе сұйық көңді егін алқабына, бақшаға тыңайтқыш үшін алдын-ала залалсыздандырылмай шығаруға тиым салынады;
6) Ауески ауруынан өлген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін жануарлардан алынған шикізаттарды залалсыздандыру нұсқауына сәйкес залалсыздандырудан өткізеді;
7) жануарлардың өлекселерін өртейді немесе пайдаға асырады.

Белсенді түрде иммунизацияға бірнеше эффективті вакциналар қолданылады.

  1. Ірі қаралар мен ұсақ малдарға арналған Ауески ауруына қарсы құрғақ культуралы вирус-вакцина ВГНКИ
  2. Терісі бағалы аңдарға, шошқаларға, қойларға инактивтелген культуралы вирус-вакцина
  3. Шошқаларға Ауески ауруға қарсы құрғақ культуралы вирус-вакцина БУК-628

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Исамбаев М., Сарсенова Ш. Русско-казахский словарь медицинских терминов. - Алма-Ата, «Казахстан», 1982.

2. Сайдулдин Т. С. Орысша - қазақша малдәрігерлігі сөздігі. - Алматы, Қайнар. - 1993.

3. Соколов В. Д., Рабинович М. И., Горшков И. Г., Ноздрин Г. А. и др. Фармакология. - М. : Колос, 2000.

4. Қожанов К. Н. -Фармакология. -Алматы, 2007

5. Айтжанов Б. Д., Өтенов Ә. М., Молдағұлов М. А., Заманбеков Н. А., Қорабаев Е. М., Көбдікова Н. К., Тілепбергенов М. С., Байниязов А. А., Оспанқұлов А. -Фармакология(оқулық ) -Алматы, 2006-ҚазҰаУ, «Агроуниверситет» баспасы, 2006

6. Патология. Пальцев М. А., Пауков В. С. М, Медицина, 2008, 1-том, 512-6., 2- том, 4806.

7. Маянский Д. Н Лекции по клинической патологии. Көмекшіоқуқүралы, «Медицина»,
2007, 4636.

8 . Повзун С. А «Патологическая анатомия в вопросах и ответах». Көмекшіоқуқұралы.
«Медицина», 2007, 1766.

9. Зайратьянц О. В. Патологическая анатомия. Национальное руководство под ред. М. А. Пальцева, Л. В. Коктурского, М, «Медицина», 2008. 1400 б.

10. Қожанов. З. Қ “Малдың патологиялық физиологиясы ”

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауески ауруын емдеуде қолданылатын биопрепараттар
Қарасан ауруын алдын алу мен емдеуде қолданылатын биопрепараттар
Ауески ауруында қолданылатын биопрепараттар: қоздырғышы, ем және алдын алу шаралары
Медицинада қолданылатын бакteriалды препараттар: антисептиктер, биопрепараттар және бактериофагтар
Шошқа тілмесі кезінде қолданылатын биопрепараттар: ем және алдын алу шаралары
Жанақорған ауданында ауески ауруының эпидемиологиясы мен алдын алу шаралары
Ауески ауруы (Morbus Aujeszky): этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын-алу шаралары
Дәрігер-пациент қарым-қатынасының психологиясы және қан қысымы ауруын емдеуде коммуникациялық технологиялар
Ауыл шаруашылығы мен ветеринарияда қолданылатын биопрепараттар: түрлері, қолданылуы және қауіпсіздік талаптары
ТОО Алихан-2018 шаруашылығындағы шошқалардағы Ауески ауруының алдын алу және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz