Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау



Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2,ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:
I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;
II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;
III—сирек кездесетін түрлер;
IV—толық зерттелмеген түрлер;
V— қалпына келтірілген түрлер.
Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.
Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік унивеситеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау.

Орындаған: Карипхан.Ж.Е
Тексерген: Жылқыбаева.С.Д

Семей 2015ж

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жануарлар дүниесін қорғау

Омырқасыздар
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың -- 2,ұлулардың -- 6, шаянтектестердің -- 1, өрмекіштектестердің -- 2, жәндіктердің -- 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:
I -- жойылып кету қаупі төнген түрлер;
II -- саны күрт азайып бара жатқан түрлер;
III -- сирек кездесетін түрлер;
IV -- толық зерттелмеген түрлер;
V -- қалпына келтірілген түрлер.
Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.
Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;
4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
5) жануарлар түрлерін, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.

Жануарлар дүниесiн қорғау
Жануарлар дүниесiн қорғау:
1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру;
9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесін, әсіресе балық пен теңіз жануарларын қорғау мемлекет Заңдарына, халықаралық шарттар мен конвенцияларға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық шарттарда аулау тәртібі, теңіздерді ластаудан сақтау жолдары, балықты және теңіз жануарларын аулау мөлшері (квотасы), уақыты, ау торының кеңдігі, тағы басқа да шаралар көрсетіледі.
Мемлекетаралық 150-ден астам шарттар мен конвенцияларға қол қойылды. 1946 жылы келісілген халықаралық конвенция кит аулау жөнінде арнаулы комиссия құрылып, ауланатын киттердің түрі, аулауға рұқсат етілген теңіз алқаптары, аулау уақыты мен мөлшері (квотасы) бекітілді.
1974 жылы Балтық теңізі жағасындағы 7 мемлекет жануарларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойылды.
Жапония мен Ресей - корольдік шаянды, АҚШ, Канада. Жапония мен Ресей - Тынық мұхиттың Солтүстік жағасындағы котиктерді қорғау туралы шарт жасасты.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы қазан айында Қазақстан республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңын қабылдады.
Онда Қазақстанның жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік деп жарияланып, республика халқының игілігінде болатыны көрсетілген.
Заң жабайы жануарларды пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық арақатынасты реттеуді көздеп, олардың ұстауға, қамауға, табиғи бірлестігін бұзуға жол бермей, ұтымды пайдаланып, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді.
Кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, жеке азаматтар жануарлар дүниесі мен олардың өмір сүретін ортасына зияндарын тигізбес үшін мыналарды қамтамасыз етулері керек:
-- жануарлардың бралық түрлерін табиғи бостандығынан (ұстамай, камамай) айырмау ;
-- жануарлардың өмір сүретін ортасын, өсіп-өну жағдайын, жүретін жолдарын қалыптасқан қалпында сақтау;
-- жануарлардың табиғи топтастығын бұзбай сақтау;
-- жануарлардың өсіп-өнуі, оларды ұтымды пайдалану мәселелерін ғылыми негізде жүргізу;
-- адамдардың денсаулығына, халық шаруашылығы мүддесіне зиян келмеуін көздеп жануарлардың санын реттеу.
Заңда жануарларды мынадай қажетке пайдалану көзделген:
-- аң аулау;
-- балық ұстау;
-- ауланбайтын аңдар мен балықтарды ұстау;
-- жануарлар дүниесін ғылыми зерттеулерге, мәдениет пен тәрбие, оқыту - үйрету қажеттеріне пайдалану;
-- жануарларды олардан өнім алу үшін пайдалану;
-- жануарлардың пайдалы қасиеттерін (топырақты қопыстыру, табиғи ортаны тазарту, өсімдіктерді тозаңдату үшін т.б) пайдалану.
Жануарлар дүниесін қорғау үшін мынадай шаралар алынады:
-- жануарларды қорғау, ұтымды пайдалану, өсіру, өндіру ережелері мен нормаларын бекіту;
-- жануарлар дүниесін пайдалануға тыйым салу немесе кештеулерді белгілеу;
-- өндірістік жұмыстар жүргізгенде жануарлардың өсуіне, қырылуына жол бермеу;
-- қорықтар, баска да ерекше қозғалатын территориялар ашу;
-- сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген жануарларды қолдан өсіріп көбейту;
-- жануарларды зоологиялық парктерде, бұрыштарда, музейлерде көрсету үшін ұстауды азайту;
-- адамдарды жануарлар дүниесіне аяныш,адамгершілік көз қарасқа тәрбиелеу;
-- жануарлар дүниесін қорғау мәселелерін үнемі ақпарат құралдары арқылы насихаттап отыру.
Жаңа елді - мекен, кәсіпорын, басқа да құрылыстар салғанда жануарлар өмір сүруіне қажетті жерлеріне қол тигізбей, сол қалпында сақтау қажет.
Темір, тас жолдар, құбырлар салғанда, электр тоғы жүретін сымдар тартқанда, канал, су қоймаларын қазып, бөгеттер жасағанда жануарлардың дағдалы жүретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар дүниесін қорғау
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Жануарлар құқығы
Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту
Пәндер