Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі



Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмір қышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәуле жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.
Аймақтық экологиялық мәселелер
Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.
Жергілікті экологиялық мәселелер
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.
Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.
Халықтың көші-қоны, - адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:
1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;
3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
1.Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008
2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі,ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, әсер етудің жаңа түрлері. 2. Тұрақты өндіріс пен тұтыну. Өндіріс пен тұтынуды экологияландыру. Ресурсты сақтаушы және азқалдықты технологиялар. Экологиялық таза өнім. Экоинновациялар. 3.Адам экологиясы. Ағзаның кіріс-шығыстық моделі.

Тексерген: Нуржуманова Жанат Мекешовна
Орындаған: Шарипханова Забира ПД- 517

Семей 2015
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі,ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, әсер етудің жаңа түрлері.
Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі:
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Ғаламдық экологиялық мәселелер -- мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмір қышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәуле жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.
Аймақтық экологиялық мәселелер
Аймақтық экологиялық мәселелер -- жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.
Жергілікті экологиялық мәселелер
Жергілікті экологиялық мәселелер -- белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.
Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.
Халықтың көші-қоны, - адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:
1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;
3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бұл мәселелердің шешімін табу мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының бірі, яғни эқономикалық әлуетті толық пайдалану. Көші-қон - халықтың табиғи қозғалысына және құрылымына әсер етеді. Мигранттардың көбісі жастар, әсіресе әйел адамдар. Сондықтан көшіп келушілер көп аймақтарда туған балалардың саны артады, сыртқа кетушілер көп аймақтарда керісінше болады. Көшіп келушілер көбейсе, әйел адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар кебейеді. Туу деңгейі төмен аудандардан халықтың кешуі карт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды.
Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - отан) (көшіп кеткендердің елге қайта оралуы) жатады. Көшіп келгендер мен көшіп кеткендердің арақатынасы халықтың механикалық өсімін анықтайды. Оны көші-қон сальдосы (итал. caldo - қалдық) деп атайды. Оң белгілі сальдо - халықтың өсімін көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо - халықтың азаюын көрсетеді. Адамдардың қоныс аударуының ең көп таралғаны экономикалық-әлеуметтік себептер, яғни олардың өмір сүру деңгейі жоғары жерлерді іздеуі, окуға бару, отбасылардың туысқандарына барып косылуы, т.б. Ірі көші-қон барысы саяси себептерге, атап айтқанда соғыс, мемлекеттік шекара өзгерісіне байланысты. Мысалы, мемлекеттің құлауы немесе бірігуі нәтижесінде ауқымды репатриацияның пайда болуын жатқызуға болады.

Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал -- маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға корейлер, поляктар, немістер, шешендер, ингуштар, балқарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен Сыртқы көші-қонның бірдей деңгейдегі 3 ағымы бар.
Біріншісі - ұлғаюшы ағым. Шетелден қандастардың көшіп келуі (репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан. Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп келушілердің 910 бөлігі Өзбекстаннан, Ресейден, Қытайдан және Моңғолиядан келуде. Олар барлық аймақтарға
бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.
Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 910 бөлігі Ресейде орналасуда.
Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе
артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 13 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.

Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:
1) ауыл халқының қалаға көшуі;
2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.
Қаладан - ауылға, ауылдан - ауылға ағымдарының мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.
Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:
1) репатрианттар - қандастар;
2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;
3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру.
Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан Нұрлы көш бағдарламасында қарастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.

Тұрақты өндіріс пен тұтыну. Өндіріс пен тұтынуды экологияландыру. Ресурсты сақтаушы және азқалдықты технологиялар. Экологиялық таза өнім. Экоинновациялар.
Тұтыну ұдайы өндіріс циклінің ақырғы кезеңі болып табылады. Тұтынылатын игіліктердің арналу мақсатына қарай өндірістік тұтыну - өндіріс үдерісінде ресурстарды, яғни өнімді (тауарларды, бұйымдарды) дайындау барысында өндіріс құрал-жабдығын пайдалану. Мұнда өнім: шикізат, отын, энергия, машина, жабдық, т.б. өндіріс үдерісіне қайтадан пайдаланылады. Алайда өндіріс құрал-жабдығын өндіру жалаң мақсат болып табылмайды, ақырғы тұтыну заттарын ұдайы өндіру үшін құрал қызметін атқарады. Өндірістік тұтыну өніміне сұраныс тек тұтыну. тауарларына деген сұраныс көбейгенде ғана артады; бейөндірістік тұтыну - қоғамдық және жеке бастың тұтынуын қамтитын бейөндірістік саладағы тұтыну, яғни халықтың тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін түрлі игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануы. Жеке бастың тұтынуына тамақ өнімдерін, киім-кешек, аяқ киім, мата, мәдени-тұрмыстық заттар, отын, электр энергиясын, тұрғын үй, т.б. сатып алуға жұмсалатын шығынмен бағаланатын материалдық игіліктерді тұтыну, сондай-ақ ақылы және ақысыз көрсетілетін қызметтерді коммуналдық, тұрмыстық қызметтерді, әлеуметтік қызмет көрсету салаларының қызметтерін тұтыну жатады; қоғамдық тұтыну - бейөндірістік саладағы мекемелер мен ұйымдар (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, басқару, т.б.) тұтынатын материалдық игіліктер мен қызметтерді қамтиды. Тұтыну ұдайы өндіріс үдерісінің ақырғы кезеңі ғана емес, сонымен бірге оны жаңарту үшін жаңа алғышарт та болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбек уәждемесі, белсенділігі, экон. мінез-құлқы кімнің, нені және қанша тұтынғанына байланысты. Қоғамдық игіліктерді тұтынудың көлемі, сапасы мен деңгейі ел экономикасының жалпы жағдайына және бюджеттің кіріс бөлігінің толығу дәрежесіне қарай айқындалады. Тұтыну өндірістің дамуына зор ықпал жасайды. Ол қоғамдағы әлеуметтік-экономика ілгерілеудің қуатты факторы да, кері кетуінің себебі де болуы мүмкін. Тұтыну адам капиталының қорлануын айқындайды, нарықтық экономиканың серпінін және өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін тиімді сұранысты қалыптастырады. Қазіргі заманғы тұтыну жалпы эконмикалық өрлеу үрдісіне де, ондағы шаруашылықты жүргізу үлгілері эволюциясының алғы шарттарының пісіп-жетілуіне де, оның қоғамдағы өндіріс пен тұтынудың өзгермелі жағдайына ұдайы бейімделіп отыруына да қуатты жеделдетуші ықпал етеді деген пайымдауға сүйенеді. Бүкіл халықтың тұтынуы көлемінің ұлғаюы отандық өндірістің тұрақты өрлеуіне байланысты.
Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс
Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық
Өндірістік қуаттылық - уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс
Өндірістік процесс (іс- амал) - осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.
Өндіріс қорлары
Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.
Өндірісті қайта құру
Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау
Азқалдықты технология (Технология малоотходная) -- дайындаманың өлшемін және түрін дайын тетіктің өлшемі мен түріне өте жақындатуды қамтамасыз ететін металдың калдығын жұка етіп) процесс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан: Ұлттық энцклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998

Адам экологиясы. Ағзаның кіріс-шығыстық моделі.
Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар казады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.
Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес. Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойланған жөн. Өйткені зиян екі жақты болып отыр. Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер азып тозады. Оған түрлі тыңайтқыштар беру аркылы қалпына келтіріп отыру керек.
Жер беті әсіресе пайдалы қазбалар өндіруге байланысты үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өндіріс алаңында басы сүйір төбелер көптеп кездеседі. Олар -- шахтадан көмір, темір, т. б. кен кабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері, яғни террикондар (латынша терра -- жер, кон -- конус). Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.
Бос жыныстарға көмір ұнтағы араласып жататындықтан террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды. Кейінгі жылдары өркениетті елдерде бүл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды. Ондағы бос тау жыныстары көмірі таусылған ескі шахталарға қайта апарып төгіледі. Бірқатары түрған жерінде тегістеліп, террасаларға айналдырылады. Ондай жердің бетіне құнарлы топырақ төгіліп, ағаш, бұта және шөп егіледі. Сөйтіп террикондардың біразы шахтёр посёлкесіне көрік беретін жасыл желекке айналады.
Ашьщ карьерлерден өндірілетін пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатты аршығанда шыққан жыныстары олардың төңірегінде тау-тау болып үйіліп жатады. Мұндай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит, Соколов-Сарыбай темір кен орындарында, Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында, т. б. жерлерде кездеседі.
Қазақстанда 77 ауыл шаруашылығы кәсіпорны экологиялық таза өнім шығарады. Бұл туралы Бүгінгі таңда Қазақстанда таза өнеркәсіппен 77 компания айналысады. Оларды екі топқа бөлуге болады: сыртқы нарық және ішкі нарық, - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, таза өнім дегеніміз - ауыл шаруашылығы мен азық өнімін синтетикалық қоспасыз өндірілген тауар. Сондай-ақ, компаниялар сыртқы нарыққа бағытталса, олар ішкі сертификацияны жүзеге асырып, мемлекеттік стандартқа байланысты жұмыс істейді және Экологиялық таза өнім стандартына сай келеді. Алайда, отандық тұтынушылардың барлығы ЭКО қазақстандық белгісін біле бермейді.
Өз кезегінде, компаниялар өнімдерін ішкі нарыққа шығаруға қызығушылық танытса, халықаралық стандарттарға сай, яғни ЕК регламенттері мен АҚШ-тың органикалық стандарттарына сәйкес келетін өнім шығарады.
Бүгінде ауыл шаруашылығымен айналысушыларға қаржы ұсынатын түрлі бағдарламалар жұмыс істеуде. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шаруашылығы саласын экономиканың негізгі тірегі ретінде өркендету бойынша берген тапсырмаларына сәйкес іске асуда.
Өткен жылы еліміздегі кредиттік серіктестіктер арқылы үш мыңнан астам тауар өндіруші қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынған шара кешікпей өз жемісін бермек. 151 серіктестік барлығы 19 млрд. теңгеден астам сома қарыз ұсынған.
Салыстыра кетсек, 2012 жылдың тиісті мерзімінде 140 серіктестік барлығы 16 млрд. теңгенің қаржысын берген. 2013 жылы Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты жаңа серіктестік құрылды. Еске сала кетсек, кредиттік серіктестіктерді несиелеу жүйесі арқылы қарыз жылдық мөлшерлемесі 7% деңгейінде 9 жыл мерзімге беріледі.
Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я -- 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. Қазақстан: Ұлттық энцклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген Қоршаған орта түсінігі. Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі,ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, әсер етудің жаңа түрлері
Жалпы экологияға кіріспе
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Әлемдік экологиялық проблемалар туралы
Экологиялық мәселелер жайлы
Экология ғылымы жайлы
Қазақстанның экологиялық проблемалары жайлы
Әлемдік экологиялық проблемалар
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Экологиялық проблемалардың салдары
Пәндер