Химиялық және радиациялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Орындаған: Хусаинова С. О
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л. С.
Семей 2015
Жоспар
- Кіріспе
- Химиялық және радиациялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
- Химиялық және радиациялық барлау мен бақылаудың аспаптары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауада, жергілікті жерде, техникада және басқа да объектілерде улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен анықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар (УЗ) реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұңба түзіледі.
Химиялық барлау - әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады.
Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА) . Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анқтауға арналған (121 - сурет) . Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелермен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған . Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекіліеді.
Химиялық және радиациялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Барлау АҚ күштерінің табысты әрекеттерін қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады. Ол үздіксіз және белсенді жүргізіледі, оның мәліметтері нақты болуы керек.
Арнаулы барлауды радиациялық, химиялық, өрт сөндіру, инженерлік, медициналық және эпидемиологиялық барлау топтары жүргізеді.
Химиялық және радиациялық барлау - жергілікті жер, әуе кеңістігі, акватория мен әскери объектілердің радиоактивті және химиялық залалдану көлемі мен дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін барлау; әскери барлаудың бір түрі. Әскерлердің(күштердің) ұрыстық қимылдарының барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны Р. х. б. бөлімдері (топтары), ұшақ (тікұшақ) экипаждары дозиметриялық аспаптар мен химиялық барлау аспаптарын қолданып, әскерлердің (күштердің) барлық тектерінің, барлаушы бөлімшелерінің және бақылаушыларының қатысуыменжүргізеді. Р. х. б-дың ең күрделі міндеттерін әскерлердің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаубөлімшелері орындайды. Р. х. б-ды жүргізу үшін әскерлердің қимыл өңіріндегі ең маңызды аймақтар менбағыттарды (маршруттарды) қамтитын бақылау және барлау ауданы тағайындалады. Әуе кеңістігін Р. х. б-дыұшақтардың (тікұшақтардың) арнайы дайындалған экипаждары жүргізеді. Р. х. б. Мәліметтерін жинау менөңдеуді штаб ұйымдастырады.
Барлаудың негізгі міндеттері:
- жаппай және жай зақымданудың, табиғи апаттың, апаттар мен опаттардың пайда болу зардаптарына шалдыққан аудандарды, қалалар мен объектілерді анықтау;
- бүліну, өрт шығу сипатын және жаппай зақымдану ошақтары мен оған жақын аудандардағы залалдану дәрежесін анықтау;
- жылжу маршрутын, халық шаруашылығы объектілерінің жағдайын, қорғаныш құрылыстары мен зақымдану ошақтарындағы зақымданушыларға дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін анықтау;
- ауаның, судың, топырақтың мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің радиоактивті улағыш және бактериялық заттармен зақымдалуына лабораториялық бақылау мен тексеру жүргізу.
Барлау құрамалары өз міндеттерін бақылау және аспаптар көмегімен объектілерді тікелей байқау арқылы орындайды.
Химиялық және радиациялық барлау мен бақылаудың аспаптары.
ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы. Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі объектілердің зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін табуға, сондай-ақ сәлелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады. Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген - олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдыратуды көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері - анодқа, екіншілері - катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионизацияланған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқындығын анықтау керек.
Сәулеленуді дозиметриялық бақылау үшін ИД-1 мөлшерінің жалпы әскери өлшеуіші, ИД-11мөлшерінің дербес өлшеуіші, ДП-22толымынан алынған өлшеуіштер мен ДП-70МП мөлшерінің дербес химиялық өлшеуіштері пайдаланылады.
ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас гамма нейтронды сәулеленумен жұтылған гамма мөлшерін өлшеуге арналған. ИД-1дозасын өлшеуіш толымы: 1-ИД-1 дозасын өлшеуіш,
2-заряд құрылғысына арналған ұя,
3-құты,
4-окуляр,
5-ұстағыш,
6-қорғауыш,
7-ЗД 6-ның зарядты құрылғысы,
8-зарядты-контактілі ұя,
9-зарядты құрылғысының тұтқасы,
10-бұру айнасы.
Аспап толымына 10 ИД-1 мөлшері өлшеуіштер мен ЗД-6 зарядты құрылғысы кіреді. ИД-1 мөлшері өлшеуіші 100рад/секундке дейінгі мөлшер қуаты кезінде 20-дан 500 радиусқа дейінгі диапазондағы аралас гамма нейтронды сәулеленудің жұтылған мөлшерін өлшейді. Өлшенетін мөлшер есебі өлшеуіштің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі.
ИД-1дозасын өлшеуіш толымымен жұмыс істеу тәртібі :
- ЗД-6 тұтқасын ұстап тұрып, ИД-1 айналдыра, тұтқадағы үш қырлы зат көмегімен бітеуішті бұрап алу керек;
- ЗД-6 тұтқасын «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек;
- ИД-1-ді ЗД-6-ның зарядті-контактілі ұясына кигізіп, окулярмен бақылай отырып, айна бұрылуы арқылы шкаланың максимальді жарықтандырылуына жету қажет;
- өлшеуішті басып, окулярмен бақылай отырып ИД-1шкаласында жіп бейнесі «0» белгісіне қойылғанша тұтқаны «Заряд» тілі бағытымен бұрау керек;
- өлшеуішті ұядан шығарып, оны жарыққа бағыттай отырып жіп орнын тексеру керек; тік жағдайда жіп бейнесі «0» белгіде болуы керек;
- ИД-1 бітеуішін бұрау керек.
Басқа өлшеуіштер тұтқаның бір шеткі жағдайынан келесіге дейін 10 - 15 толық зарядталмаған немесе 3 - 4 толық зарядталған өлшеуіштерді тұтқаны бастапқы жағдайына қайтармай заряд беру арқылы «Заряд» тілі бағытымен тұтқаны бұра отырып зарядталады. Заряд алғаннан кейін ИД-1 -дің соңғы өлшеуішін алып, тұтқаны «Түсіру» тілі бағытымен тірелгенше бұрау керек. ИД-1 ионизациялайтын сәулелену әрекеті аймағында жұмыс істеу уақытында киім қалтасында болады. ИД-1 көрсеткіштерін есептеу кезінде, гамма-нейтрон сәулелену мөлшерін шкаладағы жіп бейнесі арқылы анықтайды. ИД-1 көрсеткішіне жіп бүгілу әсерін болдырмау үшін, есепті жіп бейнесінің тік жағдайы кезінде жүргізу қажет.
ДП - 22В мөлшері өлшеуішінің толымы. ДП - 22В мөлшері өлшеуішінің толымы гамма сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған. ДП - 22В мөлшері өлшеуішінің толымы тура көрсететін елу ДКП - 50А мөлшері өшеуішінен және ЗД-5 зарядтау қондырғысынан тұрады. Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған. Аспапты жұмысқа дайындау: қорек көзін және мөлшер зарядын токқа қосу. Қорек көзін токқа қосу кезінде:
- потонциометр тұтқасын тірелгенше солға қарай бұру керек;
- қорек бөлігіне 1, 6-ПМЦ-У-8 (145У) екі элементін орналастырып, оларды таңбаға сәйкес токқа қосу керек;
- қорек бөлігін қақпақпен жауып, бұранда арқылы бекіту керек.
ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі: 1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz