Психологиялық экспериментті ұйымдастыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№3

Тақырыбы: Психологиялық экспериментті ұйымдастыру.

Тексерген: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Орындаған: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама - бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным - бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс - біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме - методика -бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы - бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  1. философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
  2. жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;
  3. жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;
  4. нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.

Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері .

1. Зерттеу бағдарламасын талдау:

2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:

Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары : 1. әдіснамалық тарау - ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.

Таңдау тобы - эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.

Эксперименттік психология - психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіс арқылы жүргізілетін зерттеулердің жалпы аталуы. Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды роль атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды:

  1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы;
  2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология) ;
  3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек.

Эксперименттік психологияның қалыптасуына әсер еткен көзқарастар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады.

Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон - империзмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, империзмнің алғашқы жаршысы болды.

Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды.

Джон Локк (1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді. Гартли Д. (1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды.

Гоббстың айтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады.

Джон Миль (1773 - 1838) . Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады.

Ламетри (1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді.

Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жасаған. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған.

Герник кеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген.

Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтано болды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні - акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер.

Вюрцбург мектебінің негізін салушы - О. Кюльпе. Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі - интросрекция. Бұл мектеп - ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес. Ол мектеп психологияға эксперимент арқылы тапсырма түсінігін енгізді.

Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т. б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Эксперименттің екі түрі бар: лабораториялық және табиғи . Лабораториялық экспериментті алғашқы рет В. Вундт, Лейпциг қаласында 1879 жылы жүргізді. Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Дружинин В. Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2005
  2. Зароченцев К. Д., Худяков А. И. . Питер 2004 жыл Эксперименталды психология: емтихан билеттеріне жауап
  3. Рамуль К. А. Введение в методы экспериментальной психологии. Тарту, 2006
  4. Крылов А. А., Маничева С. А. Практикум по общей экпериментальной и прикладной психологии. Питер 2009
  5. Эксперименталды психология Сатиева Ш. С. Семей 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№4

Тақырыбы: Эксперименттік өзгергіштіктер және оларды тексеру тәсілдері.

Тексерген: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Орындаған: Таурбекова И. М

Семей 2015

Зерттеу кезінде міндетті түрде хаттама болу керек. Сыналушы жайлы, қоршаған орта жағдайы, зерттеу жүргізілген мерзім және де осы мәселенің шешілуіне қатысты басқа да мағлұматтар хаттамаға енгізіледі. Әр сынаудан кейін мәліметтер арнайы кесте түрінде жұмыс журналына жазылады. Жұмыс журналының әр нақты сынауға қажетті нұсқаулар, ескертулер жазылып отырады. Мәжіліс хаттағы және жұмыс журналындағы барлық жазылғандар анық жазылуы тиіс, ол авторға ғана емес, кез келген маманға түсінікті болуы керек. Жұмыс журналы автордың жеке күнделігі және жеке меншік те бола алмайды.

Зерттеуді ғылыми тұрғыда анықтау үшін, мәлімет жинау әрекетіндегі жоғары дәрежелі қалыптасқан және алгоритмделген болуы керек.

Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.

Психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге “шикі” баға беріледі. Сондықтан да, ары қарай өңдеуді қажет етеді.

Егер мәліметтер жинауды зерттегенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал өңдеу барысында керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін мағлұматтарды азайтуға тура келеді.

Мәліметтерді өңдеуде келесі есептерді шешу бағытталған:

  1. Басқа материалдың реттілігі, ары қарай белгілеу және зерттелуші объектіні түсіндіру негізінде мәліметтер жиынын бір жүйеге келтіру мүмкіндігі.
  2. Қателерді жою және табу.
  3. Жасырын пайда болғанды тікелей қабылдаудан айқындау
  4. Эмперикалық әрекет кезінде байқалмаған жаңа мағлұматтың табылуы.
  5. Алынған нәтиженің нақты, сенімді, куәландыратынын анықтау

Зерттеу жүргізілгендегі нәтиженің есебіне және кестелеріне алғаш қарағанда көз алдында қандайда бір түсініксіздік пайда болады. Сондықтан да, алғашқы зерттеулердің ең маңыздысы реттілік болып табылады. Мүмкіндігінше “шикі” мәліметтерді сапалық бағаға әкелуге тырысу керек. Мысалы, жоғары деңгейде жүргізілген зерттеу алғашқы өңдеудің өзінде алдын ала арнайы жіктеулерге және әр класта сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес сан болады. Егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, ең алдымен қарапайым, бірақ өте тиімді әрекет жасауымыз керек. Яғни, реттелген сандық қатарға келтіру, алынған сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша жазу. әрине, реттелген қатармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдірек. Ол қандайда бір ақпаратты береді. Мәндердің өзгеру аралығын (максималды немесе минималды), бағалауға, қай мәлімет жиі кездеседі, ал қайсысы сирек кездесетіндігін, медианасын анықтауға болады.

Ендігі бір қадамымыз математикалық статистика негізінде гистограмма құру болып табылады.

  • Гистограмма- бұл жиіліктің (абсолютті немесе шартты) интервал бойынша бөліну диаграммасы. Ордината осі бойынша жиілік мәні, ал абсцисса осі бойынша параметр көрсеткіші. Егер ордината осіне абсолютті емес, шартты жиілікті жазсақ, жалпы гистограмма түрі өзгермейтіні айқын.

Гистограмма құрылғаннан кейін нәтиже өте жақсы көрінетін болады. Гистограмманың ең оңай және жеңіл әрекеті - мода. Мода ең көп мәліметтің түскенін анықтайды. Ал гистограммада ол ең жоғарғы шыңы. Гистограмманың унимодалды және полимодалды түрлері де болады. Унимодалды - ол гистограмманың жалғыз шыңың, ал полимодалды - бірнеше шыңдарымен анықталады.

Гистограмма мәліметтердің ұтымдылығын ғана көрсетпейді, сонымен қатар зерттеу нәтижесіне алғашқы сапалы қорытынды жасауға да мүмкіндік береді.

Егер гистограмма унимодалды, симметриалы, “қысылған”, анық шыңымен көрсетілген болса, онда зерттеудің мағынасы бар деп санауға болады. Ары қарай біз өзіміз арифметикалық орта түрінде, ортаквадраттық ауытқу арқылы қателерді көруімізге болады.

Егер гистограмма “шимайланған”, шың өте нашар көрсетілген болса, онда біз қажет емес, бөгет болатын факторларды жоя алмағанымыз. Қателікте өте үлкен, бұндайда босқа жұмыс атқардық деп те атауымызға болады.

Егер гистограмма асимметриялы, шың солға не оңға қарай бағытталған болса, онда біздің негізгі факторларды елемегеніміз, “системалық” қателердің болғаны.

Егер гистограмма полимодалды болса, онда, факторларға қатысты бірнеше тұрақтылар пайда болады, олардың қайсысы зерттеуге қатысты, ал қайсысы қатысы жоқ екенін анықтауға болмайды.

Сонымен, гистограмма түрлері психологиялық эксперимент нәтижесінде маңызды, қымбат ақпараттар, сапалы қорытындылар бере алады.

Сапалы қорытындыны алу үшін біз сандарға сәйкес келетін интервалдарды аламыз. Аз интервал болса, біз ақпаратты жіберіп алуымыз мүмкін, ал көп интервалда - көп сандық мәліметтер береді.

Негізінен гистограмма алғашқы өңдеу кезінде құрылады. Ал қайта өңдеу бөлімінде сандық әрекеттері

Эксперименттік және бақылау топтары бар тәжірибелер. Осы топтар арасындағы айырмашылықтар берілген зерттеу көлемінде ғана мағыналы болады. Негізінен медициналық және педагогикалық психологияда қолданылады. Эксперименттік әсерге тек эксперименттік топ ұшырайды. Эксперименттік топ та, бақылау тобы да бір популяциядан таңдалады. Мақсаты- бір тәуелсіз айнымалының әрекетін тексеру.

Кешенді жоспарлар бірнеше тәуелсіз айнымалылар әсері үшін- фактор жоспарлар немесе бір тәуелсіз айнымалының түрлі градацияларының біртіндеп әсері үшін- көп деңгейлі эксперименттер құрылады

«Шынайы» эксперименталды зерттеулердің жоспары басқалардан келесі маңызды көріністермен ерекшеленеді:

1. Эквивалентті топ құру стратегияның бірін қолдану, жиі -рандализация ;

2. Эксперименталдық, ең кіші бір бақылау тобы сияқты ;

3. Эксперименталды әсер алған (х1) топпен экспериментлды емес әсер алған (х0) топты экспериметті тестілеп және топтар әрекетін салыстырып аяқтау

Классикалық жоспар нұсқасы 2 тәуелсіз топ үшін жоспар болады.

Психологияда экспериментті жоспарлау 20 ғ. бірінші 10жылдығынан қолданылып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Психологиялық эксперименттің процедурасы
Физика сабақтарында виртуалды эксперименттерді қолдану тәжірибесі
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Психологиялық басқарудың мәні
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Психологияны оқыту әдістерінің типологиясы
Лабораториялық экспериментті ұйымдастыру шарттары
Арнайы химиялық тек химияны оқыту кезінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz