Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мониторинг - бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі (баяндама)
Орындаған:Ерланқызы М.
Тексерген: Серикова Н. У.
Семей 2015
Мониторинг дегенiмiз не латын тiлiнен аударғанда (напоминающий, еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Жалпы мониторинг:
- Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.
- Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
- Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторингтiң атқаратын қызметi
1. Әрекет барысына түзетулер енгiзу.
2. Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.
3. Аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.
4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.
Мониторингтiң түрлерi:
- Педагогикалық;
- әлеуметтанымдық;
- психологиялық;
- медициналық;
- экономикалық;
- демографиялық.
Мониторинг - ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг қызметi:
- Мақсат.
- Ұйымдастыру.
- Ақпарат өңдеу.
- Шешiм қабылдау.
- Болжам жасау.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi - мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар :
- Ақпараттың толықтылығы.
- Нақтылығы.
- Объективтiлiгi.
- Үздiксiздiгi.
- Уақытында орындалуы.
- Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.
- Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1) ақпараттың мазмұны. 2) ақпараттың сапасы. 3) ақпаратты басқаруда пайдалану.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.
Г. А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл - диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:
-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.
-Педагогикалық менеджмент.
-Педагогикалық диагностика.
-Педагогикалық тестiлер.
-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер.
-Шығармашылық қабiлет.
Мониторингтiң негiзгi объектiсi - бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.
Мониторинг дегеніміз - «Мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі мен сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан бақылау, бағалау деген ұғымды білдіреді.
Мониторинг - бағалау жүйесі
Тапсырма көлемі тексеруге арналған уақыт және оқушылар санына байланысты оқыту үрдістерінде тексеру мен бағалауды былайша бөлді:
- Ағымдық;
- Кезеңдік;
- Қорытынды.
Ағымдық бақылау - тексеру күнделікті сабақ үстінде жүргізіледі.
Кезеңдік бақылау - бұл тақырып өткеннен кейін өткен бақылау .
Қорытынды бақылау - бұл тоқсан аяғында немесе жылдың соңында өткізіледі.
Әр қашан мониторинг және бағалауды өткізуді жоспарлағанымызда біз өзімізге негізгі үш сұраққа жауап беруіміз керек.
• Бағалауды кім үшін жүргіземіз?
Біз бағалауды жоба командасы үшін жүргіземіз бе? Ұйымның басқармасы немесе қамқорылық кеңесі үшін бе? Донорлар үшін бе? Немесе бұл бағалау жобадан пайда көрушілер - көмек алушылар үшін керек пе? Олардың барлығы біздің жұмысымызға негізгі қызығушылық танытқан топтар (стейкхолдерлер) .
• Біз нені мониторинг немесе бағалау жасаймыз?
Стейкхолдерлер өздерінің қызығушылықтары мен басымдықтарына қарай бағалаудың түрлі нәтижелеріне мүдделі. Жоба нәтижелерін бағалау кезінде жетістік критерилері әртүрлі стейкхолдерлерде әртүрлі көрініс табуы мүмкін. Мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының мақсатына жетуді басымдыққа алуы мүмкін. Ал шағын ауылдың әйелдері жоба нәтижесінде өздерінің күнделікті өмірлері жақсарса, оны сәтті болды деп айта алады.
• Біз мониторинг және бағалауды қалайжүргіземіз?
Біздің қандай ресурстарымыз бар: уақыт, қаржылай және адами?
Бірнеше күн ішінде, ешқандай қосымша ресурстарсыз өткізілу керек бағалау әдісі бірнеше айда үлкен бюджеті бар және кәсіби бағалаушылар командасы бар бағалаудан айырмашылығы болады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz