Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-математика факультеті
Информатика кафедрасы
СӨЖ №1
Тақырыбы 1. Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз 1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не? 2. Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз. 3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.
Орындаған: Сакиева М. М
Тексерген: Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
Педогогика пәні және оның негізгі ұғымдары
1. Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз
Педогогика қандай пән?
Педогогика оқулықтарында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен энциклопедиялық сөздіктердегі педогогика ғылымына берілген анықтамаларда авторлар арасында бірыңғай көзқарастардың жоқ екенін байқаймыз.
-педогогика - жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым;
-педогогика - адам тәрбиесі туралы ғылым;
-педогогика- тәрбие туралы ғылым.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбие белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т. б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.
Педогогика - тәрбиенің мәнін, қоғамдағы қызметін, мазмұны мен ерекшеліктерін, оның жеке тұлғаға ықпалын анықтайды, түсіндіреді, дамытады. Сондықтан, педогогика- тәрбие туралы ғылым. Оны қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтардың әлеуметтік өмірге, еңбекке дайындау және оларға қоғамдық - тарихи тәжірибе беру процесі негізінде қарастырған жөн.
Көрнекті ағартушы -педогог Мағжан Жұмабав «Педогогика» атты іргелі ғылыми еңбегінде: «Педогогика қандай пән? . . . Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Педогогика деген сөз немес атауға келсек мұнда да кең көлемді пікірлер айтылған. «Педогогика курсының лекциялары» атты оқулық құралында: « Педогогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, дәлме-дәл айтқанда, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ «Педогогика» рмині гректің екі сөзінен: «пайс-балалар жане «эгейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан» - десе, Н. В. Савиннің «Педогогика» оқулығында «Педогогика» деген сөз грек тілінен аударғанда «Бала бағу» дегенді білдіреді.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф. Бэконның, Я. Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И. Песталоцци, И. Гербард, А. Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді. 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:
- жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
- сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
- мектеп педагогикасы,
- сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
- жеке пән әдістері,
- Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
- мектептану,
- отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
- басқару педагогикасы,
- ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
- әскери педагогика,
- жоғары мектеп педагогикасы,
- кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан зор кеңейе түсуде. Осыған орай, педогогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педогогиканың ғылыми таным саласы- тәрбие. Педогогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды. Сондықтан педогогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы, ғылым . Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету.
1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Тәрбиенің мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінен-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал рақым туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты-заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді танып білу, аса құлықтылықты жетілдіру.
Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері
Тұлға туралы ұғым, «индивид», «тұлға», «даралық». «Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарна сипаттама. Тұлғаның дамуы туралы тұжырымдамалар. Тұлға дамуна әсер ететін факторлар. Тұлға дамуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың алатын орны. Тұлға дамуцның қозғаушы күштері.
Тұлғаның әлеуметтік негізі. Тұлға қалыптасу және даму теориясы. Жеке адамның даму процесі, оның заңдылықтары және қозғаушы күштері, іс-әрекет пен қарым-қатынастың жеке адамды дамытудағы ролі. Тәрбие жеке адамды дамыту мен қалыптастырудаң шешуші факторы. Тұқым қуалаушылық пен ортаның жеке адамды дамытудағы және қалыптасуындағы ролі.
Санадағы, әрекеттегі, дүниеге көзқарастағы сапалық өзгерістер, жеке адам дамуының көрсеткіштері. Жеке адамды қалыптастыру түсінігі. Тәрбие, білім беру - жеке адамды дамыту мен қалыптастырудың шешуші факторы. Оқытушының белсенді тұлға ретінде дамуының ролі білім алуда.
Тұлға дамуының қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар . Ол іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарда, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттіліктен туындайды.
Ішкі қарама-қайшылық - жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық;
Сыртқы қарама-қайшылық - қоршаған ортаның талап-тілектері мен заңдарына, тәртібіне, қағидаларына жеке тұлғаның іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылық;
Жалпы қарама-қайшылық - жеке тұлғаның ойы, талап-тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.
2. Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз.
Т
Ә
Р
Б
И
Е
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға.
педагогикалық мағынада -
бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара ықпал қызмет ету процесі.
- қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақты оны меңгеруі.
- Жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.
3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Негізгі категориялары
- Тәрбие- тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оның өмір сүруі мен дамуының ажырамас бөлігіне айналды және қоғам өмір сүріп тұрғанда ол да өмір сүретін болады. Сондықтан да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория. Көптеген философтар қоғам өмірін басқарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамның өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дєлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
- Адамдар бойында ізгі-құндылық қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы -оќыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптасыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай өзін-өзі білімдендіру дағдыларын орнықтыруға бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-ќимыл жасау процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды құрайды.
- Білім беру- тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оќып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XIX ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
- Ұлттық педагогика, халық педагогикасы - Халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесін зерттеп, ғылыми жүйеге келтіретін педагогика ғылымының саласы. Адамның белгілі бір этносқа тән қасиеті сәби кезінен қалыптасады. Бала өмірінде отбасы тәрбиесі басты рөл атқарады. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, бір-біріне көзқарасы, ойлау жүйесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы - ұлттың анықтаушы, бөлінбес бөлшегі. Ұлттық мінезқұлықтың отбасы қалыптасуында ұлттық тәлім-тәрбие (этнопедагогика) шешуші рөл атқарады. Халық педагогикасының негізіне ұлттық рухани, мәдени мұралар (ою-өрнек, қол өнері, ән-күй, өлең-жыр, т. б. ), салт-дәстүрлер, әлеуметтік мінез-құлық нормалары кіреді. Ауыз әдебиетінің үлгілері, оның ішінде мақал-мәтел, өлең-толғау, термелер, жұмбақтар - ақыл-ойды жетілдірудің, батырлар жыры, ән-күй, терме-тақпақ - эстетикалық және ерлік рухта тәрбиелеудің, ертегілер мен аңыздар - адамгершілік мінез-құлықтар мен қарым-қатынасты қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланылады. Ұлттық педагогика түрлерінен халықтық идеялар көрініс табады, оның мазмұнын айқындайды. Сөйтіп, жастардың бойына ізгілік, қайырымдылық, достық, батырлық, адалдық, шыншылдық, бауырмалдық, т. б. қасиеттерді сіңіреді.
- Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзінің оң қасиеттерін жетілдіру және теріс қасиеттерін жою жөніндегі саналы және мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу басты шарты - өзі туралы шын білімнің, дұрыс өзін-өзі бағалаудың, өзін-өзі түсінудің, анық ұғынатын мақсаттардың, мұраттардың, тұлғалық мән мағыналардың болуы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz