Бұқаралық коммуникация және оның саяси ықпалы. Коммуникация түсінігі



Ғалымдардың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске
ықпалдын зерттеу П. Лазарсфельдтен басталады деп санайды. 1940-жылдары телевизия мен радионың сайлаушылардың электралдық көңіл-күйіне ықпалын зерттеген болатын. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға ықпалын зерттеудің әдістерін зерттеу 1920 жылдардан бастау алады. Саясаттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын зерттеудің қазіргі кезеңі бірыңғай моделдің жоқтығымен сипатталады. Ал БАҚ- тың саяси санаға ықпал ету механизмін түсіндіру мақсатында түрлі теориялардың дүниеге келгені мәлім. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жж. пайда болды. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаушыларға ықпал етуі не ықпал етпеу мәселесі қарастырылмайды. Әрине, БАҚ-тың ықпалы болатындығы рас. Өйткені ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер де, оны тұтынушылар да) түрлі қарым- қатынасқа түсе отырып, бір-біріне ықпал етпеуі мүмкін емес. Қатардағы сайлаушылардың саясат, депутаттыққа үміткер мен партия туралы түсінігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан алатындығы ақиқат. Мәселе БАҚ-тың қоғамдық-саяси процестерге ықпал ету дәрежесі мен әдістерін айқындауда болып отыр. Б. Коэн 1963 жылы бұқаралық коммуникацияның осынау әсерін «күн тәртібін бекіту» аталатын классикалық ұғымды негіздеді. Бұл аталған әдіс қазіргі заманғы зерттеулердің нысанына айналды. Оның мәні «баспасөз адамдарды белгілі деңгейде ойлауға мәжбүрлей алмайды, өз оқырмандарына не жайлы ойлау керектігін көрсете алмайды» дегенге саяды. Күн тәртібін бекіту - қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын күн тақырыбы жайлы ойлануы тиіс деп саналатын когнитивтік процесті сипаттайттын метафора. 1970 жж. неміс социологы Э. Ноэль-Нойман қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысты «үнсіздік спиралі» концепциясын ұсынған болатын. Бұл концепция бұқаралық коммуникация, тұлғааралық коммуникация арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ индивид пікірін өзгелермен салыстыруды қарастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске айтарлықтай ықпал ету теориясын қолдаушылар қатарында Дж. Зеллер коммуникациялық саладағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәні азаматтардың қондырғыларының күшейтуге емес, қалыптасуы мен ұзақмерзімді ықпал етуінде деп мәлімдейді. Дж. Зеллер бұқаралық ақпарат құралдарының дербес және қоғамдық санаға, саяси қондырғылар мен сайлаушылардың мінез-құлқына ықпалы туралы қорытындылар жасайды. С. Ленарттың концепциясы БАҚ-тың қоғамға ықпалын өзгеше әдіспен сараптауымен ерекшеленді. С. Ленарттың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық ағындарға үстемдік жүргізе алмайды, тұлғааралық коммуникациямен бірге әрекет етеді.

Бұқаралық коммуникация және оның саяси ықпалы. Коммуникация түсінігі.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының саяси процеске
ықпалдын зерттеу П. Лазарсфельдтен басталады деп санайды. 1940-жылдары
телевизия мен радионың сайлаушылардың электралдық көңіл-күйіне ықпалын
зерттеген болатын. Дегенмен бұқаралық ақпарат құралдарының аудиторияға
ықпалын зерттеудің әдістерін зерттеу 1920 жылдардан бастау алады.
Саясаттағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын зерттеудің қазіргі кезеңі
бірыңғай моделдің жоқтығымен сипатталады. Ал БАҚ- тың саяси санаға ықпал
ету механизмін түсіндіру мақсатында түрлі теориялардың дүниеге келгені
мәлім. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жж. пайда болды. Қазіргі уақытта
бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаушыларға ықпал етуі не ықпал етпеу
мәселесі қарастырылмайды. Әрине, БАҚ-тың ықпалы болатындығы рас. Өйткені
ақпараттық кеңістіктің субъектілері (ақпаратты өндірушілер де, оны
тұтынушылар да) түрлі қарым- қатынасқа түсе отырып, бір-біріне ықпал етпеуі
мүмкін емес. Қатардағы сайлаушылардың саясат, депутаттыққа үміткер мен
партия туралы түсінігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан
алатындығы ақиқат. Мәселе БАҚ-тың қоғамдық-саяси процестерге ықпал ету
дәрежесі мен әдістерін айқындауда болып отыр. Б. Коэн 1963 жылы бұқаралық
коммуникацияның осынау әсерін күн тәртібін бекіту аталатын классикалық
ұғымды негіздеді. Бұл аталған әдіс қазіргі заманғы зерттеулердің нысанына
айналды. Оның мәні баспасөз адамдарды белгілі деңгейде ойлауға мәжбүрлей
алмайды, өз оқырмандарына не жайлы ойлау керектігін көрсете алмайды
дегенге саяды. Күн тәртібін бекіту - қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланатын күн тақырыбы жайлы ойлануы тиіс деп саналатын когнитивтік
процесті сипаттайттын метафора. 1970 жж. неміс социологы Э. Ноэль-Нойман
қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысты үнсіздік спиралі концепциясын
ұсынған болатын. Бұл концепция бұқаралық коммуникация, тұлғааралық
коммуникация арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ индивид пікірін
өзгелермен салыстыруды қарастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси
процеске айтарлықтай ықпал ету теориясын қолдаушылар қатарында Дж. Зеллер
коммуникациялық саладағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәні азаматтардың
қондырғыларының күшейтуге емес, қалыптасуы мен ұзақмерзімді ықпал етуінде
деп мәлімдейді. Дж. Зеллер бұқаралық ақпарат құралдарының дербес және
қоғамдық санаға, саяси қондырғылар мен сайлаушылардың мінез-құлқына ықпалы
туралы қорытындылар жасайды. С. Ленарттың концепциясы БАҚ-тың қоғамға
ықпалын өзгеше әдіспен сараптауымен ерекшеленді. С. Ленарттың пайымдауынша,
бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық ағындарға үстемдік жүргізе алмайды,
тұлғааралық коммуникациямен бірге әрекет етеді. Сондықтан зерттеушілердің
көпшілігі оқшаулап қарастыратын масс-медианың ықпалын бөліп-жарып
қарастыруға болмайды. С. Ленарт саяси ақпараттық ағынды бұқаралық ақпарат
құралдары материалдарынан алынған ақпараттар көмегімен өзінің объектісіне
тікелей не тұлғааралық байланыс арқылы жанама түрде жететін процесс ретінде
қарастырады. С. Ленарттың зерттеу нәтижелерінде мынадай қорытындыларды
атауға болады: - кандидат пен партиялар туралы негізгі ақпарат дерекөзі
бұқаралық ақпарат құралдары саналады; - тұлғаарлық қарым-қатынастар БАҚ-тың
қатысуымен қалыптасқан сайлаушылардың талаптарын күшейтуі мүмкін; -
тұлғаарлық қарым-қатынас бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына қарама-
қарсы сайлаушылардың талаптарына әсер етуі мүмкін; - тұлғааралық қарым-
қатынас кандидат жайлы жаңа ақпараттың дереккөзі бола алады. С. Ленарттың
зерттеу нәтижелерінің құндылығы өзіндік тұлғааралық коммуникацияның мәні
жайлы тезистің дәлелденуінде. Ол күн тәртібін бекіту концепциясы
қарастыратын бұқаралық ақпарат құралдары ұсынатын тақырыптардың аясында
жүзеге аса бермейді. Тұлғааралық қарым-қатынас балама ақпарат дереккөзі
бола отырып, БАҚ-тағы хабарламаларға өзіндік түсінік бере алады. Автордың
пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтардың саяси шешіміне
ықпалы бүгінде жоққа шығарылмайтындығы мәлім. БАҚ-тың ықпалы кандидаттардың
идеяларын насихаттайтын саяси жарнама көмегімен партиялардың сайлау
платформасын бағалау арқылы саяси науқан барысы жайлы ақпараттандыру арқылы
жүзеге асады. Америкалық зерттеушілер М. Харроп пен У. Миллердің пікірі
бойынша, БАҚ-тың азаматтарға ықпал етуші агент ретінде мынадай төрт себебін
қарастыру керек: 1. Бұқаралық ақпарат құралдары партиялық ерекшеліктер аса
танымал болмаған жағдайда маңызды. Бүгінде 1960-жылдарға қарағанда
демократиясы дамыған көптеген елдерде партиялық ерекшелік әлсіреуде. 2.
Саясаттағы беймәлім тақырыптар мен жаңалықтарды жариялағанда бқаралық
ақпарат құралдарының маңыздылығы арта түседі. 3. Бұқаралық ақпарат
құралдары аудиториясы ауқымды болған жағдайда және ақпаратты таратудың
қаншалықты құралдарын көбірек пайдаланса маңызды болмақ. Аудио және
видеоқұралдардың бірлесуі, яғни функцияларының шоғырлануы БАҚ-тың
ақпараттық-коммуникативтік құрал ретіндегі рөлін арттыра түспек. 4.
Азаматтар саясат жайлы сирек талқылаған жағдайда бұқаралық ақпарат
құралдары ең қажетті маңызды арна саналмақ. Телевизия мұндайда пікірталас
тақырыбын ұсынып қоймастан, сонымен қатар диалогқа түсу тараптарын
алмастыра алады. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді тағы бір ережемен
толықтыруға болады. Яғни саясаткердің дәрежесі жоғары болған сайын,
азаматтардың жеке тәжірибесі негізінде оған деген қарым-қатынастың
қалыптасу мүмкіндігі аязая бермек. Мәселен, президент сайлауы жағдайында
елдің бұқаралық ақпарат құралдары электорат пен қоғамдық пікір
жетекшілерінің басым бөлігінің бірден бір коммуникациялық арнасы саналады.
Қоғамдық пікір жетекшілері түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған
ақпаратты түсіндіре алады. Жоғарыда аталған концепциялардың барлығына ортақ
белгі бар: барлығы да жоғары дәрежелі, азаматтар құндылықтарының жүйесінің
тұрақты қоғамында пайдаланылу үшін жасалады. Бүгінде ақпараттық-саяси
нарықта мемлекет бірқатар проблемаларға кезігуде. Коммерциялық БАҚ-тың
қызметінен байқалатыны, үлкен бизнестің ықпалы әлеуметтік және саяси
мақсаттағы мүддесімен тоғысатыны жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, қоғамдық
маңызды проблемаларды жариялау табыс әкелуіне кедергі келтірсе, онда
қаржылық бақылау, жарнама берушілер мен меншік иелерінің жасырын не ашық
ықпалы маңыздылығы әлсіретеді. Мұнан басқа, коммерциялық ірі-ірі медиа-
алыптар ақпараттық кеңістікте өздерінің билігін жүргізуге ұмтылуда. Осы
санаттағы БАҚ қызметі экономикалық тәуелсіздік проблемасын туындатады.
Тәжірибеден байқалғандай, тек капитал ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Әлеуметтік медиа маркетинг және бұқаралық ақпарат құралдары
Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Қазіргі заманғы кітап жарнамасы
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
Пәндер