Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Филология» кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы
МӨЖ
Тақырыбы: №11. Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру. (конспект)
Орындаған: Т. Нұрланқызы
Тексерген : ф. ғ. к., профессор Қ. Шаяхметұлы
Семей - 2015 ж.
Жалпы және салыстырмалы әдебиеттануды теориялық және тарихи поэтика ретінде қарастыру
Көркем әдебиет (әдебиеттану) туралы ғылым көп қырлы. Оның құрамында екі ұшты ұғынылатын ғылыми пәндер ұшырасады. Олардың біріншісі дәнекерші деп аталып, В. В. Прозоровтың пікірі бойынша, «әдебиет ғылымының салаларының негізін түзуші және байланысын қамтамасыз етуші тіректері ретінде танылады». Осы пәндер бір мезетте әрі көмекші, әрі «тірек», іргелілік болып табылып, әдебиеттануға фактографиялық, эмпирикалық сенімділік береді. Әдебиеттанушылық аясындағы ғұмырнама, деректану (оның ішінде мұрағаттану), мәтінтаным (кей жағдайда палеография пәніне иек сүйейді) тап осындай пәндер болып келеді. Өзіне лайық білімі мен тәжірибелік дағдысы бар, өз кәсібінің ұңғыл-шұңғылына дейін меңгерген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қандай да бір әдебиеттанушыны көз алдымызға осы қасиеттерінсіз елестете алмаймыз.
Екінші пәндер «әдебиеттанудың басты салалары» (Ю. В. Манн) деп аталып, «қондырмалық» (В. В. Прозоров) ретінде сипатталады. Бұл ең алдымен тарихи-әдеби фактілер мен олардың арасындағы байланыстарды нақты зерттеу шеңберін, яғни әдебиет туралы ғылымның негізін құраушы әдебиет тарихын ауқымды қамтиды. Бұл - сонымен бірге біздің кітабымыздың өзегі: әдебиет теориясы немесе теориялық әдебиеттану. Аталған пән әдеби өмірдің жалпы заңдылықтарымен, бірінші кезекте - жазушылар шығармашылығымен айналысады.
Әдебиет теориясы әдебиет тарихында жасалғандарды жинақтауға жегіліп, сонымен бір мезгілде оларға нақты әдебиеттанушылық зерттеу жасауға түрткі болатын бағыт ұстанып, оған танымдық басымдылық бағдарын береді. Ол әдебиет тарихына қатысты көмекші пән болып табылады. Сонымен қатар әдебиет теориясы өз алдына дербес және өзіндік бәшерилік мәнділікке ие болып келеді. Оны толық құқылы іргелі ғылыми пәндер санатына қосуға болады. Әдебиет теориясының аясы - көркем әдебиеттің мәнісін жарыққа шығаратын біршама кең ауқымдылыққа ие болып, белгілі бір шамада адамның шынайы болмысын тұтастық ретінде өзінше түсіндіреді. Осы жағынан теориялық әдебиеттану өнер теорияларымен және тарихи үдеріспен, философияның пәндері ретінде эстетикамен, мәдениеттанумен, герменевтикамен, семиотикамен кіндіктес (әрі тұрақты байланыста) болып тұрады.
Әдебиет теориясы өз кезегінде күрделі және түрлі салалар мен бөлімдерге ие болып келеді. Оның орталық буыны - жалпы поэтика болып табылады, бұл буын сондай-ақ теориялық поэтика деп те аталады. Ол - әдеби туынды, оның құрамы, құрылымы, функциясы, сонымен бірге әдебиеттің тегі мен жанрлары туралы ілім. Теориялық әдебиеттану өз бойына жалпы поэтикамен бірге өнер түрі ретіндегі әдебиеттің мәнісі туралы ілім мен оның тарихтағы (әдеби үдеріс теориясы) орны алуы мен қозғалысының заңдылықтарын да сыйғызады.
Әдебиет теориясы пікірталас пен даулы сәттерге толы. Көптеген пікірлер мен тұжырымдамалар өзара алшақтанып тұрады, кейде тіпті бір-біріне мүлдем сәйкеспейді. Ғалымдардың пікірлерінің, ұстанымдарының, көқарастарының әркелкі болуы заңдылық, әдеби шығармашылықты ұғыну көп жағдайда ол пайда болған, бастау алған мәдени-тарихи жағдайға байланысты, сонымен бірге, әлбетте, сан алуан болып келетін әдебиеттанушылардың дүниетанымдық бағдар ұстауынан деп санауға болады. Заманалық поляк ғалымының сөзі бойынша, кез келген теорияны: «аталған дәуірдің көркемдік санасының жағдайы жөнінде куәлік беретін құжат деп қарастыруға тиіспіз». Осы арадан шығарып мынандай қатаң түйіндеу жасауға болады, барша кезеңге арналған біртұтас, әмбебап әдебиет теориясының болуы мүмкін емес: «бұрынғы теориядағы түйіндеулер, өте жаңа теориялық байыптаулардың құрамына енбейді, бұрынғы не терістеледі, не тіптен қаперге алынбайды. Ал одан бірдеңке алына қалса, жаңаша тұрғыдан түрлендіріліп ұғындырылады». Оның үстіне көптеген теориялар аймақтық көркемдік тәжірибеге бағдар ұстанып, белгілі бір әдеби мектептің (бағыттың) бағдарламаға негізделген тәжірибесін танытып, әлдебір шығармашылық жаңашылдықты қорғап, манифестентіп (көрініс бергізіп), өзінің алдындағы айтылғандармен дау-дамайға түсуге қашанда дайын тұрады. Формалдық мектеп өзінің алғашқы дамуы кезінде футуризммен, 30-50 жылдардағы кейбір еңбектері соцреализммен, француз структуализмі (кейбірде структуализм) қазір өте беделді эссеистік делінетін кейігмодернизмнің «жаңа романымен», осындай байланыста болды. Осы тақылеттес әдебиеттану тұжырымдамалары бағыттанушы сипатқа ие болып келеді. Олар әдетте, біртектес болып келіп: әдеби шығармашылықтың тек әлдебір қырына ғана баса назар аударады. Бұл даусыз құндылыққа (белгілі бір әдеби аяны терең қарастыру, жинақтау мен түйіндеулердің айқындығына) себепші болады, кейбірде біржақтылықтың орын алушылығына: догмалық тар байыптамаға, сонымен бірге сөз өнерінің сан алуандығы мен «көп түстілігін» қаперге алмауға бастап алып келетін қатаң кестелеушілікке бейімділікке ұшырайды. Біртекті теориялар (біз жоғарыда ауызға алғандармен бірге) психоталдамалық әдіс Фрейдке сүйенеді, марксистік әлеуметтану, структуализм, өнердің мәнінің мифтіпоэтикалық тұжырымдамасы К. Г. Юнгқа иек артады. Біз санамалаған ғылыми мектептердің әрқайсы өздерінің өзгелерден өзгешеленетін әдістеріне сүйеніп, оның жақтаушылары көбіне өздерінікін бірден бір жемісті де, дұрысты деп ойлайды.
Әдебиет теориясы, біздің көзқарасымызша, бүгінде өте өзекті болып табылатын монистік қатаңдықты керек етпейтін «бағыттаушы» дәстүрге ие. Отандық ғалымда ол А. Н. Веселовскийдің еңбектерімен жарқырай танылды. Ғалым барша догматизмді теріске шығарып, табанды түрде қандай да бір ғылыми әдісті бірден-бір қолдау табушы, әрі дұрысты деп жариялаудан бас тартты. Ол әрқайсының қолдану шегі турасында сөз етті. Тұрмыстық қалыптағы халық әні сюжетінің шығу тегінің байланысына назар аударған өзі тұстас бір ғалымының еңбегіне сипаттама бере келе, Веселовский: «Әдіс жаңа емес, бірақ оның бірден-бір әдіс еместігін есінде тұта отырып, ыңғайын табатын жан ғана қолдануға тиіс, қай кезде тұрмыстық өлшеуіш өз мүмкіндігін жойғанда, басқасының жалына жабыс», -дегенді ауызға алады. Веселовскийдің догмалық емес, айқын теория-әдістемелік ойлауы әлі күнге дейін құнды әрі мәнді болып келіп, кез келген «бірден-бір құтқарушы» тұжырымдамалар мен ғалымдардың ақиқатқа толық үстемдік ету, әдістемелік кестелілік, априоризмдік күпірлігіне қарсы тұрады.
Осындай ешкімге ештеңені таңбайтын, өте сақ ауандағы Веселовскийдің жұмыстары, біздің ойымызша, теориялық әдебиеттану үшін қолдануда тиімді. Ғалым қатаң декларация мен қызба тезистерді көкке көтеруді жаны сүймеді. Оның жинақтаушы ойының басты берілуі - жормалдап сөз қозғау мен сауал түріндегі ой толғау болып табылады. Мысалы: «Халық наным-сенімдерінің ұқсастығы нәсілдік өзгешелік пен тарихи байланыс болмаған жерде, адам жүзеге асыратын психологиялық процестің табиғатымен түсіндіру мүмкін емес?». Немесе мына бір пікірі: «Сыртқы нышан-белгі мен мазмұн сипатталуға арналған (туынды. - В. Х. ) арасында . . . заңды (яғни, заңдылықты. В. Х. ) байланыс бар ма?».
А. Н. Веселовскийдің «бағыттаудан тысқары» еңбектеріне тән қасиет ХХ ғ. ірі ғалымдары В. М. Жирмунский, А. П. Скафтымов, М. М. Бахтин, Д. С. Лихачевтардың да жұмыстарына да ортақ болып келеді. Бұл әдебиеттанушылар өткен дәуір мен өз заманының әр текті әдеби-теориялық тәжірибесін белсенділікпен синтездеді. Осындай теориялық бағдарлар ұстанушылықты жуықтау мәнінде дәстүршілдік немесе мәдениеттанушылық деп атауға болды. Олар бір-бірінің бетін тырнаудан гөрі бір-біріне сүйеу болды. Оқырманға ұсынылып отырған кітап теориялық әдебиеттанудағы осы дәстүрге мұрагерлік ете отыра, сонымен бір мезгілде «бағыттаушы ұстанымдардың» іс-тәжірибесін де қаперге алып, талқыға салады.
Отандық әдебиеттану ғылымы бүгіндері зорлықпен бүйірден қыспақтайтын маркстік әлеуметтану мен әдеби дамудың жоғары сатысы деп саналатын саналатын социалистік реализмнің тұжырымдамасынан, жоғарыдан бұйырылатын әдістемелік әкімшіліктен азат болды. Қазірде өзіңді бірбеткей құрылымдағы не таза форманың, не бейнесі буылдыр құрылымдылықтың, не кейігфрейдистік "пан-сексуализмнің" марапасына, не болмаса, мифтіпоэтика мен юнгтің архетиптік абсолюттендіруінің ырқына, ақыр соңында, әдебиеттің мәліметі мен жетістігі (кейігмодернизмнің рухындағы) барлығының тасталқанын шығарушы ирониялық ойындардың тұтқынына еш ерік беруге болмайды. Автор былай деп есептейді, қазіргі таңдағы әдебиет теориясы біршама ашықтықта болып, түрлі сипаттағы тұжрымдамаларға құшағын ашады да, кез келген бағыттаушы догматизмге сыни көзбен қарайды. Ең маңыздысы әдебиет теориясы өз бойына түрлі ғылыми мектептердің ең табиғи, ең құнды қасиеттерін сіңіруге тиіс.
1. Манн Ю. В. Литературоведение//Литературный энциклопедический словарь. /Под ред. В. М. Кожевникова и П. А. Николаева. М., 1987.
2. Прозоров В. В. О составляющих современного литературоведения//Филология. Саратов, 1996. С, 28.
3. Фарыно Е. Введение в литературоведение. В 3 ч. Катовице, 1978. Ч. 1. С. 29.
4. Веселовский А. Н. Сравнительная мифология и ее метод// Веселовскч1й А. Н. Собр. соч. М. ; Л., 1938. Т. 16. С. 86.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Филология» кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы
МӨЖ
Тақырыбы: №12. Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин) . (конспект)
Орындаған: Т. Нұрланқызы
Тексерген : ф. ғ. к., профессор Қ. Шаяхметұлы
Семей - 2015 ж.
Орыс морфологиялық мектебі: формалистер (Якобсон, Шкловский, Эйхенбаум, Тынянов, Пропп), структуралистер (Лотман, Щеглов, Смирнов, Жолковский, Левин) .
Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылыс қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланысында қандай заңдылықтары бар? деген тәріздес сұрақтарға тұжырымды жауап болмады.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, И. А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф. де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді.
Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада) . Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм мектептерін бі-ріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:
1. ) структурализм мектептердің барлығы да тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті - тілдің құрылымын, структурасын зерттеу дейді. Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан;
2) жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын нтеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді;
3) үш мектептің үнідеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелуінілік және олардың бір-бірімен байланысты тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті - тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау - тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оның бірден бір объектісі деп біледі;
4) структурализм мектептерінің барлығы да Ф. де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды;
5) структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән береді. Синхрондық зерттеу - тіл жүйесінің ішкі механизмін аңдуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (Прагалықтардан басқалары) .
Бұл аталған меселелерде де көзқарастары бір арнаға тоғысқанымен, әр мектептің ерекше шұғылданған, өзінше шешкен жеке проблемалары да болды.
Прага мектебі . Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882-1945) . Үйірме құрамында Б. Гавранек, Б. Трика , В. Скаличка, орыс эмигранттары С. Карцевский, Р. Якобсон, Н. Трубецкой, т. б. болған.
Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері» деген жинақ шығарып тұрады. Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі» деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланады.
Бұлар тіл білімінің негізгі объектісі - тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты . Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек. Тіл дегеніміз - функционалды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қодданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан - фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу жөн, олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап бұл мектепті Прагалық функцияналды лингвистика деп те атайды.
Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психикалық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін - коммуникативтік, білдірушілік айту, қаратпалылық қызметтерін туғызды. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер және сөйлеу актісіндегі тілдік таңбалардың құрылымы сай келеді дейді.
Прага мектебі тілдік элементтердің ара қатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің /элементтердің/ өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым-қатынас пен сол қарым-қатынасқа түсетін материал мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек депті.
Прага структуралистері тіл - дүниетанудың құралы, ол мәдениетпен, көркем өнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен-өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс емес, сондай-ақ тіл жүйесін бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синхрондық қана жүйе деу де қате, жүйе де үнемі өзгеріп отырады дейді. Мұның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкенін көрсетеді.
Прагалықтар өздеріне дейінгі, әсіресе жас грамматикалық бағыттың табыстарына ұқыпты қарады, өздерін оның мұрагеріміз деп есептеді. Бұлар өз зерттеулері арқылы XX ғасыр тіл біліміне елеулі үлес қосты. Прага мектебі беделді лингвистикалық бағыт ретінде елуінші жылдарға дейін өмір сүрді. Оның ықпалы қазіргі Чехия, Словакия және басқа да біраз елдер тіл білімінде күні бүгінге дейін елеулі.
Копенгаген структуралық мектебі . Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдар аралық объектілеріне жуымайтан зерттеушілер екендітерін байқатқысы келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz