Орман шикізатынан халық шаруашылығына тигізер пайдасы


Жоспар
Кіріспе . . . 2
І-тарау Орман шикізатынан халық шаруашылығына тигізер пайдасы . . . 5
ІІ-тарау Елімізде халық шаруашылыққа жарамды ағаш түрлерікездесетін аймақ . . . 7
2. 1 Орман шаруашылығын пайдалануда кездесетін түрлі мәселелер және шешімдері . . . 10
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Орман ресурстарының халық шаруашылығына тигізер пайдасы өте зор. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Орман шикізатын халық шаруашылығында пайдаланудың келесідей түрлері бар: 1м3 ағаштан 1000 метр мата алуға болады. 1 тонна құрғақ ағаш үгітіндісінен 680 кг кристалдық глюкоза немесе 140 литр спирт алынады.
Қазақстан Республика ауданы 2717, 3 мың кв км2 алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Оның 70% ШҚО-да орналасқан. Қазіргі уақытта еліміздің флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің, шөптердің 2598 түрі бар. Республика ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7, 9% қарағай, 5, 7% самырсын, 2, 3% балқарағай, 1, 8%шырша, 52, 2% сексеуіл, 8, 7% қайың, 3, 4% көк терек, 1, 3% теректің барлық түрлері, 12, 2% бұталы ағаштар, 2, 3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т. б.
Тек Қазақстан территориясында ғаламшардың басқа жерлерінде кездеспейтін ағаштардың және бұталар 115 түрі, М: астрагань (35 түрі), джузгунь (28 түрі), қырғыз қайыңы, түркістан және шренк раушан гүлі, вилова алмасы және т. б. Егін егу үшін ашық алқап дайындау мақсатында орманды аяусыз кесу, тіпті оны өртеу сияқты зор зиян келтіруден адамдар оның зардабын да тартты. Табиғи жамылғысынан айырылған жер жалаңаштанып, тез арада топырақ эрозиясы басталды, жел эрозиясы күшейді. Мәселен, бәрмәзге белгілі Ливия шөлі орналасқан аймақ бір кезде карфагеннің жасыл желекті, гүлді алқабы болған. Орманды аяусыз кесуден жасыл алқаптың бейнесі-шөл бейнесіне айналды. Бұл сияқты мысалдар көптеп кездеседі, ол жасыл байлық - орманға шаруашылық көзбен қараудың, оны қорғаудың қажеттігін білдіреді. Өйткені, жасыл байлықтың пайдаланылуы оның кесілуі әлдеқайда оңай, ал қалпына келтірілуі, керісінше, өте қиын және ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Оның үстіне жер бетіндегі ормандардың пайдаланылу қарқыны мен оның қалпына келтірілуі бірін - бірі теңестіре алмайды. Жүргізілген есептеулерге қарағанда 1947-1952 жылдардың арасында ғана планетамызда 25 млн. га орман кесілсе, оның орнына осы мерзімде 2, 65 млн. га ғана ағаш отырғызылған екен. Бұл мысалдар жасыл байлықты пайдалану мен оның байлық қорын қалпына келтірудеқарқынды жұмыстар жүргізу қажеттігін көрсетуде. Тек соңғы 300 жылда ғана жер бетіндегі ормандардың ауданы үш есе дерлік кемігендігі анықталып отыр. Ормандар плнетамыздың 27 процентін алып жатыр. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығына жол беруге болмайтындығы белгілі. Өйткені орман - планета ландшафтының құрам бөлігінің бірі, ол-табиғи боиценоз, ол-басты байлықтың бірі, оман-жер атмосферасында оттегін өндіруші жасыл лаборатория, ол-климатты реттеуші фактордың бірі, т. т.
Орман жер бетіндегі тіршіліктің мәңгілік күзетінде тұрып қана қоймастан, оны қоршаған табиғи ортаға да әсер етеді. Өзен, бұлақ суының молдығы орман алып жатқан ауданға да байланысты, ылғалды өз бойына көп жинақтай отырып, орман табиғатта су көздерін сақтаудағы зор рөліне мынадай көңіл аударарлық мысал келтіруге болады. Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі бұдан 60 жыл бұрынғыға қарағанда суды тәулігіне жеті есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жайт анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басында көп кесілген. Ал қазіргі кезде тау беткейі ормандары бұл төңіректе біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су мөлшері де көбейе түсті.
І Елімізде халық шаруашылыққа жарамды ағаш түрлерікездесетін аймақ
Еліміздің орман шаруашылығының иелігінде ағаш қоры 292, 42 млн м3 құрайды. Оның ішінде пісіп жетілген 141, 94 млн м3 немесе 48, 5% құрайды. орман сексеуілдер мен бұталардың есептеген аумағы 3, 35%, ал оларсыз 1, 2%. Қ. Р. орман бөлінуі солтүстік обл. Қайыңды, теректі, солтүстік батыс қарағайлы орман; Ертіс жағалауының бойы. Алтай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шань етегіндегі таулы ормандар, Сексеуілді ормандар Тугайные, Аңғарлы, Республиканың негізгі орман қоры солтүстік шығыста, оңтүстік - шығыста, Алтай, Тянь-шань тауында шоғырланған.
1. «Семей орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 662, 167 га, орналасқан жері: ШҚО-ың Бесқарағай, Жарма, Бородулиха, Үржар, Аягөз, Тарбағатай ауданы, Семей қаласы.
2. «Ертіс орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 277, 961 га, орналасқан жері: Павлодар облысының Аққу, Шарбақты ауданы.
3. «Ырғыз торғай», 2007 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 763549 га, орналасқан жері: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.
Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептер
Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептерді 3 топтық факторға бөлуге болады:
1. Абиотикалық, 2. Биотикалық, 3. Антропогендік 1. Абиотикалық факторға климаттық және топырақ факторлар жатады. Олар экосистеманың бірнеше потологиялық құбылыстарын тудыру мүмкін. Жел - жел опырықты тутырады, қатты дауыл ағаштарды құлатады, қар - қар дауыл тудырып ағашты сындырады, құрғақ және жоғары темпиратура өртті тудырады, ол ағаш жәндіктер қантап, алқап жаппай қурап кетуі мүмкін. Топырақтың түрлі өзгерістері, батпақтану, грунттық судың лезде төменделуі орман экосистеманың қалыпты жағдайын бұзады.
2. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктер жапырақтың деформациясына әкеледі. Діңгек зиянкестері әлсіреген ағаштың және барлық алқаптың тіршілік жоюын жылдамдатады. Қабыққа орналасқан олар сүректі, шелқабықты зақымдайды және ағаш тіршілігінде терең өзгертулер туады. Орман экосистемасын паразитті саңырауқұлақтар көп зиян келтіреді. Тамыр зиянкестері алқапты құртып, өсімділікті төмендетеді.
3. Антропогендік факторлар орманда көптеген потологиялық құбылыстар туғызады. Техниканың және халықтың өсуі, урбанизация - осының барлығы табиғат кешендерінде, оның ішінде орман экосистемасында жаңа кездейсоқ әрекеттерді туғызады.
Орман экосистемасына өндірістік қалдықтар, рекреациялық жүктеме, ағаш дайындаудың жаңа технологиялары, таудағы топырақ эрозиясы, ағаш кесетін шаралар зор әсерін тигізеді.
Орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды ұдайы өндіру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралармен қатар, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. Оның басты міндеті - сирек өндіру. Ол көптеген орман шаруашылықтарын және басқа да орман шаруашылығы мекемелерін біріктіреді. Бұл мекемелердің табысты іс-әрекет етуі орман шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық деңгейімен анықталады.
Қазақстанның ормандары ел экономикасын дамытуда, қоршаған ортаны қорғауда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан орман байлығын ұтымды пайдалану, сақтау және көбейту мемлекеттің негізгі орман саясаты, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының басымды міндеті болып табылады.
Басқару - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Орман шаруашылығын басқару ғылымының мазмұны 1-суретте келтірілген. Орман шаруашылығын басқарудың мақсаты халық шаруашылығының және халықтың ағаш және орманның басқа да өнімдіріне қажеттілігін қамтамасыз ету, орман ресурстарын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әралуандығын сақтау негізінде ормандардың пайдалы табиғи функцияларын сақтау және күшейту.
Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу. Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді
Ағаш сүрегі біздің күнделікті тұтынуымызға пайдаланылып келе жатқан қағаз, жасанды жібек, нитроклетчатка, оқ-дәрі, целлулоид, фото-кинопленка, нитролактар, бояулар, жасанды тері, пластмасса, этил және метил спирті, ағаш сүрегі сіркесі, сірке қышқылы, жүзім қанты, жасанды каучук, т. б алуан түрлі заттарды беруде. Орман құрлыс материалы, бал және канифоль саңырауқұлақ және автомобиль шинасы, жеміс-жидек, фанера, әсем мебель, глюкоза, дәрі-дәрмектік шикізат, техникалық майлар т. с. с халық шаруашылығы мен тұрмысқа керек заттар. Тұрмыста және халық шаруашылығы мен өнеркәсіпте ағаш сүрегінен көп пайдаланатын материал жоқ. Өңделуі жеңіл, өзі әсем де берік, бұл шикізат қазіргі кезде өмірден берік орын алып отыр. Тіпті ғылымның сан алуан жетістіктеріне ие болып отырған, осы заманғы адамдар үшін бүгінде көмір, газ, мұнай сияқты отын көздері мен ағаш сүрегі өзінің бәсекелестігін еш жойған жоқ. Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді. Орман шаруашылығын жүргізу: орманды пайдалану және ұдайы өндіру саласында отандық және шетел тәжірибелері көрсеткендей, мемлекеттік емес (жеке) ұйымдарға жалға беру, мердігерлік құқықтарында берілуі мүмкін. Мұндай ұйымның құқықтары мен міндеттері шартпен анықталады, ал билік-бағыну қатынастары көлденең шарттық қатынастарымен алмастырылады
Орман қорын пайдалану, күзету, сақтау және орман ресурстарын ұдайы өндіру саласындағы мемлекеттік басқару деп жеке адамдардың, ұйымдардың қоршаған табиғи ортаны сақтаумен тығыз байланыста жүретін мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылатын орман қорын пайдалану, сақтау, күзетумен және ормандарды ұдайы өндірумен байланысты қызметіне мемлекеттік институттардың мақсатты бағытталған әсерін түсінеміз. Мемлекеттік орман басқаруды жүйе ретінде зерттеу қызметі ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған оның құрылымдық элементтерін біртұтас жүйеге біріктіретін мақсатты анықтап, жүйені ресурстық қамтамасыз етуді жорамалдайды.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, бетік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткіөгіштігінің жақсы болуына және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.
Орман күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді. Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс, регоза пайдаланылады.
1. 2 Орман шаруашылығын пайдалануда кездесетін түрлі мәселелер және шешімдері.
Анторпогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зин\янды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрінде, өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асыт мүшелеріне минералдар меғн қосылыстардан токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді.
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуыда баяу немесе бірден болуы мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақта ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі - ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады.
7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты.
8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz