Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлері


Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
Эпитет қандай да бір сөздің сапасын, белгісін білдіретін көркемдеуіш құрал болғандықтан оны айқындау деп те атайды.
Т. Әбдіков шығармаларында кездесетін эпитеттерді стильдік қызметі, яғни автордың эпитеттерді қолдану мақсатына қарай бірнеше топқа жіктеуге болады.
1) Автордың эпитетті қолданудағы мақсаттарының бірі - табиғат көріністерін, тұрмыстық жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқырман сезіміне әсер етерліктей етіп беру. Мысалы, “ Шаңқай түске қарай көтерілген күн , ыстық аптабымен күйдірмей, қалың ағашқа, жайқалған көк шалғынға, құйқалы топыраққа мол қызуын сіңіріп балқытып келеді ” (3, 18-б) . Сөйлемде көңілге жайдары шуақ төгетін жаз көрінісі сұлу сөздермен нақты берілген. “ Алатаудың қарағай орманды көп жықпылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнар сұйылып, күлгін тарта бастады. Кешкі күннің қиғаш сәулесі тау жоталарын қызғылт-сарғыш ерекше бір нәзік нұрға малған ” (3, 13-б) . Талас жоқ, осы сөйлемдердегі эпитеттің сөйлемге әдемі ажар беріп тұрғаны даусыз. Алғашқы сөйлемде жазушы қарағай орманды жыпқылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнардың табиғат аясындағы керемет үйлесімді суретін берсе, келесі сөйлемде тау жоталарын нәзік нұрға малған күннің қиғаш сәулесін көз алдыңызға елестетесіз. Алатаудың сұлу келбеті әсем суреттелген. “ Жұрттың бәрінің көзі таудан бергі жазық даланың ортасында жалғыз тұрған үлкен, биік, қоңыр төбеге түсті ” (3, 13-б) . Сөйлемдегі үлкен, биік, қоңыр сөздері - күрделі эпитеттер. Олар сөйлемге айрықша өң беріп, өмір суретін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр. “ Жылы үйдің есігіне жуықтай бергенде желкесінен тартып әкеткендей, адам баласының әлі келмейтін ақ дүлей елсіз, панасыз далаға қарай қойларымен қоса ысырып әкетіп барады ” (3, 36-б) . Мұнда эпитет пен теңеу түйдектеліп келіп, шығарма ажарын аша түскен . “ Дүйсеннің әлі келмеді Қара дүлей ақыры оны қойымен қоса жарға қарай ысырып әкетті ” (3, 38-б) . Бұл сөйлемде автор эпитет арқылы табиғаттың қатал мінезін шынайы түрде суреттеген. “Сол ауырғаннан марттың аяғында - далада ойдым-ойдым қара жер көрініп, өзендерде сең бұзылып, мектепке бөгет бойымен айналып баратын кезде бір-ақ тұрдым” (3, 144-б) .
Көктем мезгіліндегі табиғаттың өзгешелігі көрсетілген.
Эпитет - кейіпкердің портретін жасауда таптырмас тәсіл.
2) Эпитеттер кейіпкер портретін беру үшін қолданылған : “ Жанымдағы шоферіме көз тоқтап қарап ем - бетінің аздаған секпілі бар, етжеңді жүзінен сәбилік аңқаулық байқалатын, шип-шикі бала екен ” . (3, 125- б) .
“Жас кезде өмір қайнаған базар секілді. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретін кез. Сондай бір сапырылысқан тұста аз-кем күн аралас-құраластау болғанымыз бар. Түрі де есімде: ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт. Жүйкесі жұқалау ма-әзіл сөзге қызарып кететін. Оған бөтен елдің адамына қарағандай, көңілін аулай сөйлеп, аяңқырып жүретінбіз” (3, 6-бет) . “Ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт сөздері кейіпкердің сыртқы бейнесін бейнелеуде ерекше қызмет атқарған.
“ -Сіз мұнда неғып жүрсіз? - деді ақ халат киген еңгезердей жас жігіт ”(3, 180-б) .
“ Сол ниетпен кереуетте кітап оқып отырған адамға көз тоқтатты. Ер тұлғалы, ірі, сымбатты кісі екен. Маңдай шашы сирей бастапты” (3, 181-б) .
“ Түпкі бөлмеге кіргенде барып дәл төрде - төсек үстінде кіп-кішкентай болып жатқан әкемді көрдім. Адамның жүдеген кезде мұншалықты кішірейіп кететінін бұрын білмеуші едім. Көзі шүңірейіп, жақ еттері шодырайып, адам танымастай болып кетіпті ” (3, 63-б) .
Т. Әбдіков шығармаларында тұрақты эпитеттер көп кездеседі. «Тұрақты эпитет дегеніміз - бір затқа тұрақталып бекіген, мағыналық дербестігін сақтаған, екі не одан да көп сөз тіркесінен тұратын, бірінші компоненті коннотативтік, екінші компоненті денотативтік қызмет атқаратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды тұрақты сөз тіркестері» [4, 44] .
Тұрақты эпитеттердің негізінен бейнелік, көркемдік сапасы әлдеқайда жоғары, эмоциялық бояуы мейлінше қалың, экспрессивті әсері өзгеше, күшті болады. Мысалы, “Серікбай мақтанғанды жек көрмейтін, кілегей қой көздерімен маңындағыларға жымыңдай қарап, қатар отырған молданың шақшасын сұрады”(3, 71-б) . “ Ағайынды екі адам немесе қанды көйлек достар араздасып жатса, ол да өңмендеген өзімшілдіктің кесірі екені даусыз”(3, 40-б) .
Автор кейіпкердің бет-тұлғасын, дене -бітімін суреттегенде эпитеттерді орынды қолданған.
а) Адамның бет пішінін сипаттайтын эпитеттер:
Көз: отты көз, адырақ көз, дөңгелек көз, кілегей қой көз, қара көз, көк көз, қоңыр көз, қуақы көз, күлім көз, мөлдіреген нұрлы көз, нұрлы көз, нұры сөніп бара жатқан көз, нұры өткір қара көз, шүйіріңкі көз, шүңірек шегір көз, шегір көз, тіке көз т. б.
“ Молдабек адырақ көз, қарасұр бетін тыржыңдатып, балаларды күлдіртіп отыратын қуша шал еді” (3, 96-б) .
ә) Адамның дене пішінін, тұлғасын сипаттайтын эпитеттер
Дене: алып дене, әдемі дене, қыбырлаған сұсты дене, сүйегі салбырап босап қалған дене, тершіген ыстық дене, шаршаған дене, босаңсып, ауырлаған дене, зор дене т. б.
Тұлға: бейқам ірі тұлға, ер тұлғалы, ірі, сымбатты, жұмыр тұлға, сұлу тұлға, берік тұлға, сұңғақ бойлы талдырмаш қыз, ұзын бойлы т. б.
Автордың сөз қолданыс ерекшелігінің бірі - адам портретін жасауға қатысатын эпитеттердің ішінде “көз”, “жүз”, “өң”, “ерін”, “дене” сөздерімен тіркесетін сөздерді көп қолдануы.
б) Сұлулықты сипаттайтын эпитеттер: ойнақы ажар, әсем көрік, сұлу әйел, сұлу қыз, нәзік бейне т. б.
3) Эпитеттер кейіпкердің жағымсыз бейнесін беруге жұмсалған:
“
Стол үстінен еденге дейін шашылған күл-қоқыс, сигарет қалдықтары, қағаз қиындысы, мүсін жасайтын қоңыр қошқыл сылақтың үгінділері, сейіліп бітпейтін темеке түтіні мүсіншінің жұмыс десе,
дүниенің бәрін
ұмытатын жансебіл адам
екенін байқатады
” (3, 312-
б
) .
“Өмірде мазақ қылып жүрген зымиян құрбымды аурулардың арасынан табам деген ойдан бірте-бірте қайта бастаған секілді едім”
“ - Мына Сатайдың жаман, боркемік шалдары осы күйді жылап отырып тыңдайды екен, - деді сатайлар тұратын жақты иегімен нұсқап. - Ал мен жыламаймын. Бұл жылайтын күй емес. Жаубөрі бұл күйді жыласын деп шығарған жоқ. Өсиет етіп қалдырып отыр ” (3, 323-б) .
“ Сыртынан қарағанда сөзге сараң, сабырлы көрінетін сирек шашты ақсары кісі нағыз мылжыңның өзі болып шықты - өзін таныстыру үшін алыстан ата-бабаларын таратып, әрқайсысының ерлігін баяндап, бір атасының патшаға барғанын, бір атасының ғұлама ғалым болғанын айтып, жеңімнен ұстап жібермей, әбден зықымды шығарды ” (3, 16-б) .
Жоғарыда берілген мысалдардағы жылы ағынға ; сұлу қызды; ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт; еңгезердей жас жігіт; ер тұлғалы, ірі, сымбатты кісі; жуан қарын; көзі адырайған, қарасұр бет; қуша шал; адырайған тамырларын сырғытып, мұрты жыбырлап, тұғжиып отыратын; жансебіл адам; зымиян құрбым; жаман, боркемік шалдар деген эпитеттер: біріншіден, кейіпкер келбетін, портретін. өзіндік ерекшелігін нақты, дөл суреттеуге қызмет еткен; екіншіден, кейіпкердің ішкі дүниесін аңғартады; үшіншіден, кейіпкердің мінезі мен іс-әрекетінің ерекше сипаттарымен қоса, автордың көзқарасын да аңғартады.
«Эпитетті қолданғанда, жазушылар жай қолдана салмайды. Белгілі мақсатпен қолданады. Жазушының қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетеді».
Жазушы қолданысындағы эпитеттер тек кейіпкер портретін сомдаумен шектелмей, кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі сезімін ашуға да үлес қосады.
4) Автор эпитетті кейіпкерлерін мінездеуде де орынды пайдалана алған. Мысалы, “ Үлкен жалпақ бетті болғанмен өңі жұқа , лезде қуарып, не қан тепсініп шыға келеді” (3, 15) . “Бұл сөйлеп шыққаннан кейін бір жылмаңдаған саржалақ жігіт ұстай алды” (3, 16) . Келтірілген мысалдардың алғашқысында эпитеттер арқылы “үлкен жалпақ бетті”, “өңі жұқа” ішіндегісі лезде сыртына шығатын, жаны таза, ақкөңіл образ сомдалса, екінші сөйлемде ұшқалақ адамның бейнесі сомдалған.
Жазушы шығармаларындағы кейіпкер мінезін ашу үшін қолданылған эпитеттер төмендегіше болып келеді: мейірімді шырай; ойлы пішін; сенімді пішін; шімірікпейтін арсыз кескін; байсалды қалып; жарқын мінез; жұмсақ өң, жымысқы қу; қалтыраған сараң; тиянақсыз қу; тік мінез т. б.
5) Эпитеттер арқылы тұрмыс-тіршілікті суреттеген. “Бұрын колхоздың кеңсесі болған ұзынша кірпіш үйдің есігін қамыс албармен қоршап қойыпты. Қай жерде екені белгісіз, дәл аяқ асты маңынан бақпа үйректің қарқылдаған үні шығады” (3, 63-б) .
Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін ол нәрсенің өзгешелік белгілерін
көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды
теңеу
деп атайды.
Теңеудің өзіне тән ерекшелігі - белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру
арқылы көзге елестету.
Мысалы:
Дауылпаз
Нажағайдай жарқылдайды.
Оқтай зымырап, бұлтқа енеді.
(Горький)
Осы келтірген үзінділердегі
нажағайдай,
оқтай
деген теңеу арқылы бізге белгісіз дауылпаздың қимылын көзімізге
елестетеміз. Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше етістікке жалғанған
-тай (-тей), -дай (-дей), -ша, (-ше)
және
-дайын (-дейін)
жұрнақтары
арқылы жасалады.
Әр таптың жазушысы, эпитет сықылды, теңеуді де өзінің дүниетануына, таптық
тілегіне сәйкес етіп, оқушыға өзінің әсерін тигізу мақсатымен қолданады.
Сәбит «Ақ аюында»:
Теңіз беті қорыққандай етті қалш-қалш.
Жағада жер сілкінте ойнады марш.
Чапаевтай зор дауыс - гудок,
Қиқу салды келіп,
кемеге
деп:
«Шагом
марш!» -
дейді.
Сәбиттің бұл жерде гудоктың даусын Чапаевтың даусына теңегендегі мақсаты -
пролетариат революциясының жолында құрбан болған қайтпас ер, пролетариат батыры
Чапаевтың атын көпшілікке тарату. Көпшілік оның ісімен таныссын деген мақсат.
Сол үшін теңеп отыр.
Дәуірдің өзгеруі, әр таптың саяси, шаруашылық тілектеріне байланысты
теңеулер де өзгеріп отырады. Бір дәуірде не бір әлеуметтік жағдайда көпшіліктің
көңілін аударған теңеулер, не күшін жоғалтып, не ұсталудан тіпті шығып қалады
да, оның орнына жаңа теңеулер кіреді.
Бұрынғы
бес биенің сабасындай,
байлардай
деп келетін теңеулер бүгінде қолданудан шығып қалды. Бұлар
қолданыла қалса, ұнамсыз, жаман мағынада ғана қолданылады.
Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір затты екінші затқа
теңегенде, болымсыз мағына шығарады, мысалы: Ол онша әдемі жігіт емес. Дегенмен
бір көруге сиықсыз адам сықылды да емес. Денесі томардай жуан да емес. Тал
шыбықтай жіңішке де емес т. б.
Жалпы теңеу, оның ішінде болымсыз теңеу өлеңде де, қара сөзде де кездесе
береді. Есте болатын бір нәрсе - жазушының жалпы тіл, оның ішінде эпитет,
теңеулері де, оның шыққан ортасымен байланысты болады. Өндірісте, ауылда өскен
жазушының тілі, эпитет, теңеулері де көбіне сол ортадан алынады. Сондықтан тіл,
образ қолданыстарына қарап, қандай ортадан шыққан ақын, жазушы екендігін білуге
де болады. Мысалы:
Топта бір нұрың балқиды
Сарыатанның айындай . . .
Еркелейсің, жан сәулем,
Қысырдың қызыл тайындай.
(Халық өлеңі)
Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері - публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірақ осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады.
Сөз бақпаган момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz