Жылу алмасу.қызба



Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Қызба жайлы жалпы түсінік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Ағзалар метаболизм үдерісінде жылу өндіреді. Жылықанды жануарларда (сүтқоректілер және құстар) ағзадаметаболизм жоғары жылдамдықта жүреді. Сондықтан дене температурасының жоғары болуына мүмкіндік туады. Зат және энергия алмасу жылдамдығы жасушаның тынысалуында пайдаланылатын оттегі концентрациясының артуымен қамтамасыз етіледі. Құстарда және сүтқоректілерде жасушаларды оттегімен тез қамтамасыз ететін бейімділіктер пайда болды. Олар: өкпенің тынысалу бетінің ұлғаюы, эритроциттер мөлшерінің көп болуы, ұсақ қылтамырларға қанның түсуін камтамасыз ететін жоғары кан қысымы.

Ағзаның жылу реттелуіне жүйке жүйесі де қатысады. Ағза салқын тартқан кезде ми терінің қантарату тамырларының тарылуына дабыл береді. Бұдан дене бетіндегі қан ағымы төмендейді, сондықтан қоршаған ортаға жылудың бөлініп шығуы азаяды. Дене температурасы қалыптан артқан кезде жылу беруді ұлғайтатын әр түрлі физиологиялық тетіктер іске қосылады. Бұл денеден тердің көп бөлінуінен іске асады. Өйткені суды буландыруға көп мөлшерде жылу жұмсалады. Жазғы ыстықта адам денесінен ылғал көп буланады, сондықтан дене температурасының тұрақтылығы сақталады. Өзге жағдайларда терідегі қан ағымының мөлшері артады; соның нәтижесінде жылу шығару арқылы жылу беру шамасы ұлғаяды.
Көптеген сүтқоректілер және құстар денесін үстіртін жиі тынысалу арқылы салқындатады. Мысалы, итте тер бөліп шығаратын без болмағандықтан, ауа райы ыстық болғанда сілемейлі тынысалу жолы мен тілінің үстіңгі бетінде күшті булану жүреді.
Жануарлар денесі жылу реттеу бейімділігі бойынша екі топқа бөлінеді. Гомойотермді (жылықанды) жануарлар қоршаған орта температурасы өзгерген кезде дене температурасын біршама тұрақты сақтайды. Оған құстар мен сүтқоректілер жатады. Пойкилотермді (салқынқанды) жануарлар дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар. Омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар салқынқанды жануарлар болып есептеледі.
Дене температурасының реттелу жолы бойынша тірі ағзалар (жануарлар) эктотермді және эндотермді жануарлар болып бөлінеді. Тіршілік әрекеті сыртқы жылу көздеріне тәуелді салқынқанды жануарлар эктотермді (сыртқабықтық) ағзаларға жатады. Эктотермді (гр. ektos - сыртқы, сырт жағында) жануарлар дене жылуы тұрақтылығын негізінен алғанда сыртқы ортаға бөлінетін жылу мөлшерін реттеу арқылы мінез-қылық бейімділігі жәрдемімен сақтайды. Мысалы, жорғалаушылардың көпшілігі күнге жылынуды ұнатады, ал кейбір балықтар түрі суық суда мекендейді. Сыртқабықтық (эктодермді) жануарлар дене температурасын физиологиялық және жүріс-тұрыстық тетіктермен реттейді. Мәселен, адам, ит және көптеген жануарлар ауа райы ыстық болған кезде көлеңкеде болуды ұнатады. Қоректік заттарда қарқынды тотықтыру есебінен құс денесінің температурасы 41°С-қа дейін жетеді.
Денесінде жоғары температура заттар алмасу нәтижесінде іштегі жылудың сақталуы арқылы түзілетін жануарлар эндотермді (гр. endon - ішкі жағында, ішінде) ағзалар болып саналады. Сүтқоректілер және құстар, денесінің сыртқы беті арқылы жылуды көп жоғалтады. Өйткені олардың температурасы қоршаған орта температурасынан жоғары болады. Әсіресе ұсақ эндотермді жануарлардың жылу беруі қарқынды өтеді. Шала-жансарлық кезенде дене температурасының төмендеуінен жылу бөлу кемиді. Мәселен, кіп-кішкене құс колибриге қажетті мөлшерде жылу өндіру үшін күнделікті көп мөлшерде азықтанады. Оны қорытуына тура келеді. Сонымен бірге қоректенуаралығындағы үзіліс бірнеше сағаттан аспауы қажет. Олай болмаған жағдайда ол аштықтан өліп қалады. Мәселен, көптеген құрлық омыртқасыздары, қосмекенділер, жорғалаушылар және кейбір ұсақ сүтқоректілер жылу беру шамасын азайту үшін дене температурасын шала-жансар күйдегі кезеңде (анабиоз) өткізіп, төмендете алады. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына сәйкес келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех томах)//Москва: «Академия». - 2006.- 525 с.
2. Ефремов А.В., Самсонова Е.Н., Начаров Ю.В. Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие.– М., 2008.– 160 с.
3. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. Патологическая физиология.-М.:«МЕДпресс- информ», 2006.-635 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Жылу алмасу.Қызба

Орындаған:Темешов Д.А
Тексерген:Нуркенова М.К

Семей 2015 ж.

Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Қызба жайлы жалпы түсінік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ағзалар метаболизм үдерісінде жылу өндіреді. Жылықанды жануарларда (сүтқоректілер және құстар) ағзадаметаболизм жоғары жылдамдықта жүреді. Сондықтан дене температурасының жоғары болуына мүмкіндік туады. Зат және энергия алмасу жылдамдығы жасушаның тынысалуында пайдаланылатын оттегі концентрациясының артуымен қамтамасыз етіледі. Құстарда және сүтқоректілерде жасушаларды оттегімен тез қамтамасыз ететін бейімділіктер пайда болды. Олар: өкпенің тынысалу бетінің ұлғаюы, эритроциттер мөлшерінің көп болуы, ұсақ қылтамырларға қанның түсуін камтамасыз ететін жоғары кан қысымы.

Ағзаның жылу реттелуіне жүйке жүйесі де қатысады. Ағза салқын тартқан кезде ми терінің қантарату тамырларының тарылуына дабыл береді. Бұдан дене бетіндегі қан ағымы төмендейді, сондықтан қоршаған ортаға жылудың бөлініп шығуы азаяды. Дене температурасы қалыптан артқан кезде жылу беруді ұлғайтатын әр түрлі физиологиялық тетіктер іске қосылады. Бұл денеден тердің көп бөлінуінен іске асады. Өйткені суды буландыруға көп мөлшерде жылу жұмсалады. Жазғы ыстықта адам денесінен ылғал көп буланады, сондықтан дене температурасының тұрақтылығы сақталады. Өзге жағдайларда терідегі қан ағымының мөлшері артады; соның нәтижесінде жылу шығару арқылы жылу беру шамасы ұлғаяды.
Көптеген сүтқоректілер және құстар денесін үстіртін жиі тынысалу арқылы салқындатады. Мысалы, итте тер бөліп шығаратын без болмағандықтан, ауа райы ыстық болғанда сілемейлі тынысалу жолы мен тілінің үстіңгі бетінде күшті булану жүреді.
Жануарлар денесі жылу реттеу бейімділігі бойынша екі топқа бөлінеді. Гомойотермді (жылықанды) жануарлар қоршаған орта температурасы өзгерген кезде дене температурасын біршама тұрақты сақтайды. Оған құстар мен сүтқоректілер жатады. Пойкилотермді (салқынқанды) жануарлар дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар. Омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар салқынқанды жануарлар болып есептеледі.
Дене температурасының реттелу жолы бойынша тірі ағзалар (жануарлар) эктотермді және эндотермді жануарлар болып бөлінеді. Тіршілік әрекеті сыртқы жылу көздеріне тәуелді салқынқанды жануарлар эктотермді (сыртқабықтық) ағзаларға жатады. Эктотермді (гр. ektos - сыртқы, сырт жағында) жануарлар дене жылуы тұрақтылығын негізінен алғанда сыртқы ортаға бөлінетін жылу мөлшерін реттеу арқылы мінез-қылық бейімділігі жәрдемімен сақтайды. Мысалы, жорғалаушылардың көпшілігі күнге жылынуды ұнатады, ал кейбір балықтар түрі суық суда мекендейді. Сыртқабықтық (эктодермді) жануарлар дене температурасын физиологиялық және жүріс-тұрыстық тетіктермен реттейді. Мәселен, адам, ит және көптеген жануарлар ауа райы ыстық болған кезде көлеңкеде болуды ұнатады. Қоректік заттарда қарқынды тотықтыру есебінен құс денесінің температурасы 41°С-қа дейін жетеді.
Денесінде жоғары температура заттар алмасу нәтижесінде іштегі жылудың сақталуы арқылы түзілетін жануарлар эндотермді (гр. endon - ішкі жағында, ішінде) ағзалар болып саналады. Сүтқоректілер және құстар, денесінің сыртқы беті арқылы жылуды көп жоғалтады. Өйткені олардың температурасы қоршаған орта температурасынан жоғары болады. Әсіресе ұсақ эндотермді жануарлардың жылу беруі қарқынды өтеді. Шала-жансарлық кезенде дене температурасының төмендеуінен жылу бөлу кемиді. Мәселен, кіп-кішкене құс колибриге қажетті мөлшерде жылу өндіру үшін күнделікті көп мөлшерде азықтанады. Оны қорытуына тура келеді. Сонымен бірге қоректенуаралығындағы үзіліс бірнеше сағаттан аспауы қажет. Олай болмаған жағдайда ол аштықтан өліп қалады. Мәселен, көптеген құрлық омыртқасыздары, қосмекенділер, жорғалаушылар және кейбір ұсақ сүтқоректілер жылу беру шамасын азайту үшін дене температурасын шала-жансар күйдегі кезеңде (анабиоз) өткізіп, төмендете алады. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына сәйкес келеді.

Қызба Қызба,қалтырау, лихорадка -- дененің кейбір ауруларға қарсы қорғаныш реакциясы. Мұндайда температура көтеріледі, ол организмнің қорғаныштық қуатын арттырады. Қызыну жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырғанда (улану, аллергия, т.б.) пирогендердің микробтар және олардың улары, жат белоктар, олардың ішінде сыворотка (сарысу) мен вакциналар; кейбір химиялық заттар әрекеттеріне жауап ретінде пайда болады. Қызбаның аса күшеюі әр түрлі органдар мен жүйелер қызметінің бұзылуына әкеліп соғады, жүйке жүйесі (бас ауыру, бас айналу, есеңгіреу), жүрек-қантамыр және тыныс жүйелері қызметі (жүрек соғуы мен тыныс алу жиілейді), зат алмасу бұзылады, кіші дәрет дұрыс жүрмейді.[[][1]]
Температураның көтерілуі, әдетте пирогендердің "дозасына" байланысты, бірақ дененің температурасы 40,5 -- 41°С-дан аспайды. Әдетте нәрестелер мен егде адамдардың, сондай-ақ, қарттардың ыстығы аздап қана көтеріледі. Қызба 3 сатыда өтеді:
1. температура көтеріледі (науқастың денесі қалтырайды);
2. "тұрақтану" (науқастың денесі қызарады, қызады);
3. төмен түсу (температура біртіндеп немесе күрт түседі).
Қызбаның клиникасы әр ауруда әр түрлі болуы мүмкін, ол айнымалы температура деп аталатын түрлі формада бейнеленеді және оның диагностикалық маңызы бар (мысалы, безгекпен ауырғанда температура күрт көтеріледі де, белгілі бір уақыт аралығында күрт түседі; сепсис болғанда температура 39 -- 41°С-қа дейін көтеріліп, тәулік бойына түспейді; ал өкпеге суық тиіп, қабынғанда температурара 39 -- 40°С-қа дейін көтеріледі де белгілі бір уақытқа дейін осы деңгейде тұрады). Дененің көтерілген температурасын жасанды жолмен түсіру кейде өте қауіпті. Сондықтан дәрігердің кеңесінсіз ыстықты басатын дәрі-дәрмекті науқас өз бетінше қабылдамауы керек.

Қызба деп әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық қүбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеіоз -- ыстық, ... ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықта-рының әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу механизмдері бұзылмай сақталып, жогары деңгейге көтеріледі.
Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық жөне бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, мгійда саңырауқүлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылу реттеу жүйесі
Қызба сатылары
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба немесе лихорадка жайлы ақпарат
Қызба
Қызба және оның сатылары
Физикалық жылу реттелу патологиясы
Қызба ауруы
Қызба немесе лихорадка
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Пәндер